2 тапсырма. Толқын ұзындығын және тербеліс периодын анықтау.
Орындау тәртібі.
Сызғышты табақшаға қойып, құмның бір түйіршігін суға тастаңдар. Екі көрші жалдарының арасы- толқын ұзындығы болып табылады, сызғышпен өлшеңдер.
Егер оны орындай алмасаңдар, онда толқын табақшаның қарама-қарсы шетіне жеткенге дейін толқында қанша n жал пайда болатыны санаңдар. Бұл қашықтық болады.
Нәтижелерді кестеге жазып, тәжірибені екі рет қайталаңдар.
Толқын ұзындығын мына формуламен анықтаңдар:
Эксперименттің 1 және 2-тапсырмалар нәтижелерін пайдаланып, толқындағы тербеліс периодын мына формуламен анықтаңдар:
Эксперимент нәтижесінде алынған мәндер толқынды толық сипаттайды ма?
21-зертханалық жұмыс
Электромагниттік индукция құбылысын зерттеу
Жұмыстың мақсаты: 1) электромагнитті дайындау әдісімен танысу;
2) электромагниттік индукцияның ЭҚК-ін
анықтау әдісімен танысу.
Құралдар мен жабдықтар:миллиамперметр, ток көзі (4 В-тық батарейка,), 15-20 см-лік екі бірдей темір шеге, диаметрі 0,5-1 мм және ұзындығы 1 м, сырты қорғаныш қабатпен қапталған екі бірдей мыс өткізгіш, доға тәрізді немесе жолақты магнит, қосқыш, жалғастырғыш сым өткізгіштер, магниттік бағыттауыш (немесе компас), штангенциркуль.
1-тапсырма. Электромагнитті дайындау
Электромагнит бұл темір өзекшелі тогы бар катушка.Катушка арқылы ток өтсе, онда ингдукцияланған магнит өрісі пайда болады. Тогы бар катушканың магниттік қасиеті темір өзекшенің көмегімен күшейеді. (8-сыныптың физика курсын естеріңе түсіріңдер).
Электромагнит жасау үшін сендерге қандай жабдықтар (мыс өткізгіш пен темір шеге) керек?
Орындау тәртібі:
Мыс өткізгіштің шетінен 20-30 см қалдырып, оның ортасынан төмен жерден шегеге қысып, екінші шетінен де 20-30 см қалғанға дейін шегеге тығыз сақиналар түрінде орындаңдар.
Екі электромагниттің орам саны бірдей болатындай етіп, екінші электромагнитті дәл солай дайындаңдар.
Ток көзінен, миллиамперметрден және дайындалған электромагниттің біреуінен электр тізбегін құраңдар.
Магниттік бағыттауыш көмегімен магниттеріңнің полюстерін анықтаңдар. Миллиамперметрдің бағыттауышының ауытқу бағытын белгілеп, токтың сол бағытын оң деп алыңдар.
Ұмытып қалмас үшін +І деп жазыңдар.
Екі электрмагнит бірдей болғандықтан, екіншісін ток көзіне миллиамперметр арқылы дәл сондай полярлықпен қоссақ, ол да дәл сондай электрмагнит болады.
2-тапсырма. Электромагниттік индукцияның ЭҚК-ін анықтау
Электрмагниттік индукция – бұл айнымалы магнит өрісі бар өткізгіштегі электр тогының пайда болу құбылысы.
Есепті теориялық жолмен шығарып көрейік: индукцияның ЭҚК-ін анықтау үшін катушкадағы ток күшінің максимал мәні мен катушкадағы кедергіні білу керек.
8-сынып курсынан мынаны білесіңдер:
(1)
ал,
(2)
Мұндағы - мыстың меншікті кедергісі = және s - мыс өткізгіштің көлденең қимасының ұзындығы мен ауданы.
Достарыңызбен бөлісу: |