61
4 бӛлім. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары,
қҧрылымы мен қҧралдары
4.1. тақырып. Бағалы қағаздар нарығы
1. Бағалы қағаздар жалған капиталдың бір формасы ретінде және олардың түрлері:
акциялар, облигациялар, мемлекеттік қазыналық міндеттемелері, жинақ сертификаттары.
2. Бағалы қағаздарды шығару және олардың айналысын тіркеу тәртібі.
Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына
қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға
болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан
ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық
пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар
нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез келген елдің қаржы
нарығының құрамдық бӛлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар
нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.
Бұл нарық түрлерінің жіктелінуі бағалы қағаз түрлерінің жіктелінуіне ұқсайды және
былайша ажыратылады:
- халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;
- ұлттық және аймақтық (аумақтық) нарықтар;
- нақты бағалы қағаз түрлерінің нарықтары (акция,
облигация және т.б.);
- мемлекеттік және корпоративтік (мемлекеттік емес)
бағалы қағаздар нарығы;
- алғашқы және туынды бағалы қағаздар нарығы.
Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бӛлуге болады:
жалпы нарықтық және ӛзіндік ерекшелігі бар функция. Функцияның бірінші тобына
мыналарды жатқызуға болады:
- коммерциялық - осы нарықтағы операциялардан
пайда табу функциясы;
- мақсатты - нарықтық бағаны қалыптастыратын
процесті, олардың ұдайы қозғалысын және т.б.
қамтамасыз етеді.
- ақпараттық - яғни, нарық ӛз қатысушыларына сауда
нысандары мен оның қатысушылары туралы
нарықтық ақпараттарды жеткізеді;
- реттеуші - ондағы нарық сауда және оған қатысудың
ережесін, қатысушылардың арасындағы дау-таласты
шешудің тәртібін жасайтын болса, артықшылықтарды,
бақылау органын немесе басқару органын және т.б.
белгілейді.
Ӛзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды
жатқызуға болады:
- қайта бӛліну;
- баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын функция. Қайта бӛліну функциясы
қосалқы үш функцияға бӛлінеді:
- нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын
қайта бӛлу;
- ең алдымен халықтың жинақтарын ӛнімсіз формадан
ӛнімді формаға ауыстыру;
- инфляциялық емес негізде, яғни айналысқа қосымша
ақша қаражаттарын шығармай, мемлекеттік бюджет
62
тапшылығын қаржыландыру.
Ал баға және қаржы тәуекелдерін сақтандырушы функцияға немесе хеджирлеуге
келетін болсақ, ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік және опциондық келісімшарттар
пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастады.
Бағалы қағаздар нарығындағы сауда тәсілдерінің ұстанымы тұрғысынан мыналарды
бӛліп кӛрсету қажет:
- алғашқы және қайталамалы;
- ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
- биржалық және биржадан тыс;
- дәстүрлі және компьютерлендірілген;
- кассалық және мерзімді нарықтар.
Бағалы қағаздар нарығы сауда-саттық және ӛсімқорлық операциялардың іс-
тәжірибесімен байланысты пайда болды. Олар алғашқы бағалы қағаздар - вексельдер мен
коносаменттердің пайда болуына себепкер болды. Ал олар одан әрі мемлекеттің
эмиссиялық қызметі мен акционерлік қоғамдардың пайда болуымен байланысты дамыды.
Капиталдың бағалы қағаздарға кең ауқымды инвестициялануы XIX ғасырдың ортасында
басталды. Бұл уақыт аралағында бағалы қағаздардың нарығы айтарлықтай дамыған
болатын. Оның қатысушы топтары да анықталып үлгерді. Оның алғашқы қатысушылары -
банк иелері мен жеке трейдерлер ретінде алға шыққан жеке тұлғалар, содан кейінгісі
заңды тұлғалар. Бүгінгі таңда бір мезгілде эмитент және трейдер болып табылатын бағалы
қағаздар нарығының қатысушыларын бірнеше негізгі топқа бӛлуге болады.
1. Жоғары имиджі бар мемлекет, муниципалиттер, аса ірі ұлттық және халықаралық
компаниялар. Олардың бағалы қағаздарды шығаруы және оны жүзеге асыруы кӛп
қиындық тудырмайды: оларды әрдайым үлкен мӛлшерде қабылдай беруге болады. Бұл
мемлекеттік және муниципалдық бағалы қағаздар жоғары табысты әрдайым қамтамасыз
ете бермейді, алайда олардың сенімділік деңгейі жоғары. Сол себепті де халықтың кейбір
бӛлігі (зейнеткерлер, жалғыз бастылар, асыраушысынан айырылған немесе қамқоршысы
жоқ отбасылар және т.б.) қатерге бастарын тікпей-ақ, ӛз қаражаттарын осындай қағаздарға
салуды жӛн кӛреді.
2. Қаржылық институттар бағалы қағаздармен опера-цияларды жүзеге асырады
(коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтаңдыру қоғамдары, зейнетақы қорлары
және т.б.). Олардың кӛбісі әр түрлі инвесторлардың (заңды және жеке тұлғалардың)
қаражатын біріктіреді және олардың қаражатын табыс түсіретін бағалы қағаздарға
салудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Олар акцияның бақылау пакеттерін иеленуге
ұмтылады немесе тәуекелдіктен қашып, ӛз капиталдарын экономиканың әр түрлі
салаларына орналастырады.
3. Жеке инвесторлар - жеке тұлғалар, оның ішінде венчурлік бизнестегі шағын
кәсіпорындардың иелері.
Бағалы қағаздар нарығындағы кез келген қызметтің міндетті шартына заңды тұлғалар
үшін мемлекеттік лицензияны алуы жатса, жеке тұлғалар үшін - ҚР Қаржы нарығы мен
қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жӛніндегі агенттіктің біліктілік куәлігі
қажет.
2004 жылы Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті
50-ден аса компания жүзеге асырды. Олардың 38-і бұл құқыққа 1996 жылдың басында ие
бодды. Кәсіби қатысушылардың құрамына екінші деңгейлі 23 акционерлік банк кіреді.
Бағалы қағаздар жалған капиталдың бір формасы ретінде және олардың түрлері:
акциялар, облигациялар, мемлекеттік қазыналық міндеттемелері, жинақ сертификаттары.
Бағалы қағаздарды шығару және олардың айналысын тіркеу тәртібі.
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы. «Бағалы қағаздар нарығы
туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдесіндегі Заңы.