Р.Ә.БАЙЖОЛОВА
ЕҢБЕК НАРЫҒЫ МЕН БІЛІМДІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
НАРЫҒЫНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТІН РЕТТЕУ
Еңбек нарығы мен білім беру қызметтерін кӛрсету нарығының
әрқайсысы әлеуметтік кеңістіктің ерекше сегменттері болып табылады.
Еңбек нарығы жұмыс күшін бӛлу мен қайта бӛлу механизмі болса, білім беру
қызметтерін кӛрсету нарығы сұраныс пен ұсыныс, жұмыс күшінің резерві,
бәсеке, инфрақұрылым сияқты элементтерді қамтитын жұмыс күшін бӛлу
мен қайта бӛлу механизмі болып табылады. Ӛз кезегінде білім беру
қызметтері нарығы білім беру қызметін ӛндіру, бӛлу және тұтыну
үдерістерінде ӛзара әрекет ететін қоғамдық қатынастардың, институттардың
жүйесін береді.
Екі нарық ӛз мүдделері мен мақсаттарын жүзеге асырушы қарсы
агенттердің әрқайсысының бір-біріне жекелеген және жиынтық әсер етуінің
стихиялы немесе ұйымдастырылған үдеріс элементтері түрінде үнемі ӛзара
әрекет жағдайында болады. Бұл үдеріс екі нарықтағы жағдайдың, сонымен
қатар, олардың құрылып дамып отырған әлеуметтік-мәдени ортасының
әсерімен жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта осы нарықтардың жағдайы олардың ӛзара әрекетіне
әсерін тигізетін ерекшеліктермен анықталады. Осы ерекшеліктердің
қатарына екі нарықтың да құрылымының аяқталмағандығы жатады.
Нарықтық қатынастар саналы түрде әкімшілікті реттеумен шектеледі.
Әкімшіліктің араласуымен бірге бұл қатынастар «кӛлеңкелі» механизмдерді
қолданумен де байланысты. Олар ӛз мәні бойынша ашық түрде кӛрініс
таппайтын және корпоративтік байланыстар мен жемқорлыққа негізделетін,
еңбек және білім беру қызметтері нарықтарындағы үдерістерді реттеудің
институционалдықтан тыс нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып
табылады. Бұл мәселе жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде қаттырақ
білінеді.
Осы нарықтардың құрылуының аяқталмағандығы (толықсыздығы)
салдарынан олардың арасындағы ӛзара әрекет үдерісі ӛзін-ӛзі реттейтін және
ӛзін-ӛзі бағыттаушы (автопоэзистік) жүйе, яғни ішкі және сыртқы
ӛзгерістерге жауап ретінде ӛзін-ӛзі бағыттай және әрі қарай ӛзі құрыла
алатын жүйені бере алмайды.
Екі нарық та іштей құрылымдастырылған жеке құрылымдар болып
табылады. Олардың шеңберінде ӛз стратегияларын жасайтын салыстырмалы
түрде тәуелсіз акторлар (қатысушылар) әрекет етеді. Бұл жерде еңбек нарығы
мен білімдік қызметтерді кӛрсететін нарықтарының жеке және
институттандырылған қатысушыларын анықтап алу қажет. Біріншісі
нарықтық қызметті жиі тұтынушы ретінде болатын жеке тұлғалар болып
табылады. Екіншісі – кәсіпорындр, ұйымдар және мекемелер. Екі қатысушы
топтың да іс- әрекеті ортақ белгілерімен де, ӛз ерекшеліктерімен де
сипатталады. Екеуіне ортақ болып табылатын белгі акторлардың іс–әрекеті
біріңғай алгоритм бойынша құрылады. Ал олардың ерекшеліктері ӛз
мақсаттарын жүзеге асыруда қолданатын технологиялардың ерекшелігінен
кӛрінеді.
Еңбек нарығы мен білімдік қызмет кӛрсету нарығының ӛзара
әрекетінің үдерісі бәсеке мен нарықтық қатынастарға қатысушылардың іс–
әрекеттік стратегияларының келісілуінің диалектикасын білдіреді. Бұл
стратегиялар қажеттіліктерін қанағаттандыруға, еңбектік қамту мен білім
беру аяларындағы құндылықтары мен ӛмірлік мәндерін жүзеге асыруға
бағытталған жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтар мен ұйымдардың
ӛмірлік қызметінің тұрақты тәсілдері мен әдістері ретінде кӛрінеді. Олар
субъектілердің лауазымдық дивансификациясымен сипатталады, атап
айтқанда: ұзақ мерзімді сипаты болады; кӛптеген факторлар әсерін тигізетін
сұраныс пен ұсыныс нысанында жүзеге асырылады. Бұл нарықтардың ӛзара
әрекетін реттеу нарықтық қатынастарға қатысушылардың стратегияларын
келістіруді қамтамасыз ететін тенхнология болып табылады. Осының
нәтижесінде жұмыс күшіне сұраныс қанағаттандырылады, адам тұлғасының
дамуы
үшін
жағдай
жасалынады
және
мемлекеттің
жиынтық
(демографиялық, экономикалық, зияткерлік ж.б.) әлеуеті жинақталады. Бұл
жағдайда еңбек нарығы мен білімдік қызмет кӛрсету нарықтарының ӛзара
әрекетінің негізін адам капиталы теориясы береді.
Қазақстанда еңбек нарығы мен білім беру жүйесінің ӛзара әрекетінің
бірнеше үлгісі ауысты.
1.
Кеңес үкіметі үлгісі. Мұнда халық шаруашылығы үшін
дайындалатын кадрлар кӛлемін мемлекеттік жоспарлау мемлекеттік деңгейде
салалық қағидаты бойынша іске асырылды және білім алу тек бюджет
қражаты есебінен ғана қаржыландырылды.
2.
Ӛтпелі кезең үлгісі. Еңбек нарығындағы жағдай негізінен
тұрғындарды жұмысқа орналастыру қызметі арқылы реттелді. Ал кадрларды
дайындау жүйесі қаржының жетіспеушілігі жағдайында тұрғындардың
тӛлемқабілеттілігіне бағытталды, оқытудың ақылы нысандары дамыды.
3.
Кадрларға қажеттілікті Қазақстан субъектілері деңгейінде
болжау арқылы реттеу үлгісі. Мұнда кадрларға қажеттілікті мамандықтар
шеңберінде болжау орын алады. Қажетті мамандықтар бюджет арқылы
қамтамасыз етіледі.
Сонымен
қатар,
Қазақстан
нарығының
қазіргі
кезде
балансталмағандығын да айта кеткен жӛн: елде жұмыссыздықтың болуымен
бірге бос орындар (ваканциялар) сақталған (ай сайын 20-15 мың орын). Ең
алдымен білікті кадрлар жетіспейді. Бұл жерде әңгіме дәрігерлер, мұғалімдер,
инженерлер, менеджерлер жӛнінде болып отыр. Токарь, фрезировщиктер,
саймандармен жұмыс істейтіндер, механиктер тапшылықты [1].
Елдің барлық аймақтарында бос жұмыс орындары бар. Бұл жұмыс
күшінің сапасы мен кәсіби-біліктілік құрылымының жұмыс берушінің
қажеттіліктері мен еңбек ресурстарының еңбек жинақылығының тӛмен
деңгейімен байланысты болып табылады.
Қазақстан инновациялық экономика жағдайында тиімді еңбек ете
алатын жоғары білікті жұмыс кадрларына әлі ұзақ уақыт бойына мұқтаж
болмақ.
Ең алдымен білікті кадрлар жетіспейді. Бұл жерде әңгіме дәрігерлер,
мұғалімдер, инженерлер, менеджерлер жӛнінде болып отыр.
Үлкен тапшылыққа ие болып отырған мамандықтар бұрын кәсіби-
техникалық училищелер дайындаған мамандықтар болып табылады.
Еңбек ресурстарының орын алған тапшылығы шетелдік мамандарды
шақыруға негіз болып отыр. Бірақ бұл қойылған мәселенің толық шешімі
бола алмайды. Әлемдік тәжірибе еңбек ресурстарының тапшылығын шешу
адам капиталын дамытумен және лайықты еңбекке қажетті жағдайлар
жасаумен байланысты екендігін дәлелдейді.
Шетелден шақырылған азаматтардың басым үлесін аймақтардың
ішінде Атырау облысы (республика бойынша олардың санының 29%
астамы) мен Астана қаласы (25,8%), Алматы (21%), Алматы облысы (10,3%)
алады.
Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері
бойынша жұмыс жасаушы шетелдік азаматтардың ішінде жоғары және
орташа кәсіби білімі барлар шамамен 23,5 пайыз. Бұл категория Атырау
облысында (38,2%), Алматы қаласында (16,3%) басым. Білікті жұмысшылар
51,3 пайызды құрады. Олардың кӛбірек үлесі Алматы (29,9%) және Алматы
(28,5%) қалаларына, Атырау облысына (25,5%) келеді. Барлық облыстардың
ішінен шетелден жұмыскерлер тарту бойынша Атырау облысы алда келеді.
Бұл мұнай-газ саласына қажетті күрделі технологиялар мен
жабдықтарды білетін мамандардың қажеттілігімен байланысты.
Бүгінде республикада 866 техникалық және мамандандырылған оқу
орындары (324 мамандандырылған лицей, 542 колледж) қызмет атқарады.
Жалпы оқитындардың саны 610,4 мың адамды, оның ішінде
мемлекеттік тапсырыс бойынша - 194,4 мың адам, техникалық және
технологиялық мамандықтар бойынша - 352,1 мың адамды құрайды.
Мамандандырылған лицейлер мен колледждерде дайындау 149
мамандық пен 217 біліктілік бойынша білікті мамандар дайындалады [2].
Жүргізілген талдау әлі де болса жұмыс күшіне сұраныстың
мамандарды дайындау деңгейімен сәйкес келмейтіндігін кӛрсетті.
Батыс
технологиясы
бойынша
тәжірибесі
бар
жұмысшы-
құрылысшыларға, тау, тау-күрделі жұмыстарын орындайтын, металл ӛңдеу,
машина ӛнеркәсібі үшін жоғары білікті жұмысшыларға қажеттілік байқалуда.
Инженерлік-техникалық,
экономика
мен
жоспарлау
бойынша
менеджерлерге, қаржы менеджерлеріне, компьютерлік технологиялар
бойынша жұмыскерелерге сұраныс жоғары.
Осыған байланысты қазіргі орын алған жұмыс күшіне деген ұсыныс
күтулі сұранысты қанағаттандыра алмайды десе де болады.
Кадрларды қайта дайындау бойынша дағдарыстан шығуға қатысты
мәселелер қойылғанымен, елге қазіргі уақытта тартылып отырған шетелдік
инвестицияларды тартудағы басым бағыттылық ретінде ӛңдеу ӛнеркәсібі
алынғанымен, жаңа техника мен технологияларды енгізу, үкімет қабылдаған
жобаларды жүзеге асыру, сонымен қатар дағдарыс ӛткеннен кейінгі
жоспарланып отырған экономиканың жаңартылған құрылымы соған сәйкес
келетін жаңа мамандықтар иелерін, жоғары біліктілікті мамандарды қажет
етеді.
Елдегі кәсіпорындар әлі де негізінен мемлекеттік оқу орындарында
дайындалған мамандарды пайдаланады. Ал коммерциялық негіздегі
мамандық білім беру торабының басым бӛлігі негізінен экономистер,
бухгалтерлер, юристерді дайындаумен ғана белгілі деңгейде дамып келеді.
Адам капиталына дер кезінде және жеткілікті деңгейде салынатын
инвестициясыз жаңа құрылымды экономика қажетті салалары үшін
кадрлардың жеткіліксіздігінен зардап шегуі мүмкін.
Сондай-ақ, жаңа техника мен технологияға негізделген экономикалық
ӛсу білім мен ғылымның дамуымен тығыз байланысты екендігі мәлім. Ал
біздің елдегі бұл салаға жұмсалатын қаржы жеткілікті деңгейде емес екендігі
де белгілі.
Экономика мен аймақтардың ғылыми және педагогикалық кадрлар
дайындауға деген қажеттілігі жоғары болып табылады және бүгінгі күні тек
29% ғана қанағаттандырылады. Әсіресе кадрлар тапшылықты мамандықтар
бойынша (биотехнология, пайдалы қазбаларды алу, машина құрылысы,
автоматизациялау және басқару, математика, физика және энергетика)
жеткіліксіз.
Қазақстанның географиялық және демографиялық ерекшеліктері, оның
ауқымының кеңдігі, тұрғындардың тығыздылығының тӛмендігі, ауылдық
жерлердің урбанизацияланған орталықтардан қашықтығы – осының барлығы
сапалы білім берудің инфрақұрылымы дамыған белгілі нүктелерде ғана
шоғырлануына алып келуде. Мысалы, ауылдық жерлердің қашықта
орналасуына байланысты білім мекемелері аз қамтылған және олардың
кадрмен қамтамасыз етілуі әлі шешілмеген мәселе болып табылады. Осы
жағдайдан шығудың бір жолы - қашықтықтан оқыту мен білім берудің басқа
да инновациялық нысандарын ендіру. Бұл кадрлар тапшылығы, логистика
және білім беру ұйымының оны басқару орталықтарымен байланысының
әлсіздігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Қазақстан экономикасы техникалық және қызмет кӛрсету еңбегіне
қатысты білікті мамандар санын ұлғайтуды қажет етеді. Бүгінгі күні 848
техникалық және кәсіптік ұйымдарда 605 мыңнан астам адам [3, 107 б.].
158 мамандық пен 216 кәсіптік білім және орта білім алудан кейінгі оқу
орындарында оқытылуда (ТиКО 318 кәсіптік лицейлер мен 530 колледж).
Аталған ұйымдар жыл сайын 45 мың маман дайындайды. Соған қарамастан,
еңбек нарығының осы мамандарға қажеттілігінің 30–40%-ы ғана
қанағаттандырылады [4].
Техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі оқу жүйесіндегі білім
берудің сапасын кӛтеруге тежеу болып тұрған кедергі оқу-әдістемелік
қамтамыз етудің тӛмен деңгейі, қазіргі талаптарға сай келетін оқу
әдебиеттерінің, әсіресе, арнайы пәндерден мемлекеттік тілдегі оқулықтардың
жекіліксіздігі, кәсіби білім беруді ғылыми-әдістемелік құралдармен
қамтамасыз ететін мекемелердің болмауы, материалдық-техникалық базаның
ескіруі, оқытудың жаңа технологиясының толық дегейде қолданылмауы.
Қазақстандағы еңбек ресурстарының сапасын едәуір арттырудың
қажеттілігі тӛмендегідей екі басты фактордың орын алуымен байланысты:
1) дамудың инновациялық жолына ӛтудің объективті міндеттілігі,
инновациялық жоғары техноогиялық ӛнеркәсіпте ӛндіретін ӛнімдері
бойынша нарықтық экономикасы дамыған басқа елдердің ӛндірушілерімен
жетістікті бәсекеге түсуге қабілетті күшті секторды құру;
2) еңбек ӛнімділігінің жеделдетілген ӛсуіне қол жеткізу стратегиясы.
Инновациялық экономикада адамның орны біршама ӛзгереді. Адам
ӛндірісті дамыту мен оның тиімділігін арттырудың маңызды ресурсына
айналады.
Білім жүйесіндегі және жоғары білікті мамандармен қамтамасыз
етудегі маңызды буын жоғарғы оқу орындары болып табылады.
Осы мәселеге қатысты шешуін талап ететін мәселелердің бірі ретінде
жоғары оқу орындарының қазіргі экономиканың ӛзгерістерін толық есепке
алмайтындығын да айта кеткен жӛн.
Осы мәселеге қатысты жоғары оқу орындары жіберген ойықтарды
«Болашақ» бағдарламасымен оқуға барған біздің жастарға білім беретін
батыс елдерінің білім беру жүйесі толықтыруда. Қазақстан жыл сайын
«Болашақ» бағдарламасы бойынша 3 мыңға жуық адамды әлемнің ең беделді
университеттеріне оқуға жіберуде. Шет елдерде арнайы бағдарламалармен
оқитын студенттердің саны ӛсуде. 170 жоғары оқу орнында 760 мың студент
немесе халықтың 5,08% оқиды.
Экономиканы мамандармен қазіргі қамтамасыз етушілік инженерлік-
техникалық
мамандықтар
бойынша
мамандардың
жеткіліксіздігін,
гуманитарлық бағыттағы мамандарының артықшылығын кӛрсетеді. Оның
үстіне, оқу бітірушілердің едәуір бӛлігі ӛз мамандықтары бойынша жұмыс
істегісі келмеуі де бұл жағдайды қиындатады.
Жұмыспен қамтылғандардың құрылымында ғалымдар, инженерлер,
менеджер кадрлары мен қазіргі білім иелері барған сайын кӛбірек орынды
иеленуде.
Мұндай жағдайда тұрғындардың білімінің маңыздылығы артады.
Қазіргі кезде Қазақстанда да жоғары білім алуға ұмтылушылық бар.
Соңғы жылдары республикада инженерлік білім беру жоғары
қарқынмен жүруде. Бұл аталған мамандыққа кӛпшілік ұмтылысының орын
алғандығын кӛрсетеді. Мемлекет тарапынан техникалық мамандықтарға
бӛлінетін гранттардың жедел ӛскендігін байқауға болады.
Дегенмен, зерттеу барысына сәйкес, білім беру жүйесі мен еңбек
нарығы арасында қажетті деңгейдегі сәйкестіліктің жоқтығын мойындаған
жӛн.
Еңбек және білімдік қызмет кӛрсету нарығының ӛзара әрекетін тиімді
реттеуге тежеу болып тұрған басты кедергі ақпараттың тапшылығы,
реттеудің ұйымдастырылған механизмінің болмауы және акторлардың
корпоративтілігінің болмауы болып табылады.
Осы екі нарықтың ӛзара әрекетіне қатысушыларының әрқайсысының
ӛз іс-әрекет стратегиясы бар. Ӛздерінің «нарықтық сегменті» шеңберінде
бола тұра, басқа нарықтың субъектілеріне әсер ететін азаматтар мен
әлеуметтік институттар ғана ӛзара әрекеттің қатысушылары бола алады.
Белсенді қатысушыларға кәсіби білім алушылар, ӛз біліктілігін
арттырушылар немесе қайта дайындықтан ӛтіп жатқандар жатады. Бұларға
стратегиялардың кӛптүрлілігі тән болғандықтан, олардың арасындағы
баланстылыққа жету қиындайды. Ӛзара әрекет ету барлық қатысушылардың
іс-әрекетінде жеке және корпоративті кӛзқарастардың орын алуымен де
қиындайды.
Студенттердің құндылық-мақсаттық нысаналары, ӛмірлік жетістіктер
жӛніндегі кӛзқарастары әртүрлі. Жүргізілген талдау олардың отбасылық
бақыт, кәсіптік жағынан ӛзін кӛрсете білуі, байлық, қызметі жағынан
жоғарылау,
еркіндікті
алдыңғы
қатарға
қоятындығын
кӛрсетті.
Студенттердің кӛбісі, тұтас алғанда, қоғамға қызмет еткісі келмейді, олардың
басым кӛпшілігі «ӛзіне» қызмет етуге бағыт алған. Жетістікке жету құралын
таңдағанда жеке байланыстарын (таныстық арқылы) пайдалануды кӛздейді.
Олар болашақтағы қызмет аясына жоғарылатылған талаптар қояды.
Студенттердің бірқатары еңбек және білімдік қызмет кӛрсететін нарықтарда
стратегияларын
жүзеге
асырудың
институционалдық
нысандарына
сенімсіздікпен қарайды.
Сұрау жүргізілген 150 студенттің (қазақ топтарының) 40 пайызынан
астамы ғана жетістікке жетуін алған білімімен байланыстырады, ал 50
пайыздан
астамы
жетістікке
жетуін
байланыс
және
ақшамен
байланыстырады. Олардың осы мамандығын таңдауына не себеп болғандығы
туралы сұрақ қойылғанда, 25 пайыздан жоғарысы ата-анасының, туған-
туыстарының ықпалының, 55 пайызы ӛз қалауының негіз болғандығын, ал
қалғандары кӛпшілік барып жатқандықтан және физика, химия, математика
сияқты пәндерден ӛте алатындығына сенімсіз болғандықтан, гуманитарлық
бағыттағы мамандықты таңдағандығын айтты. Бұл елде жемқорлықтың
барлығын, жергілікті халықтың менталитетінің әсерінің күштілігін (туған-
туыстардың ықпалының күштілігін) және мектеп деңгейінде жоғарыда
айтылған пәндерді оқытудың сапасыздығын кӛрсетеді.
Қазіргі кезде Қазақстанның білім мекемелерінің стратегиясы олардың
статусына байланысты іріктелінген. Оқу орындары диагностика жасаумен
және оны дамытумен тұрақты түрде айналыспайды. Білім беру мекемелері
оқу бітірушілерді жұмысқа орналастыру бойынша кешенді шаралар
жүргізетіндігіне қарамастан, бұл үдеріс жүйелік сипатта емес және кӛбіне
формалды түрде жүзеге асырылады.
Жұмыс берушілер еңбек нарығы мен білімдік қызмет кӛрсету
нарығының ӛзара біріккен әрекетіне қатысуға құлқы жоқ, олар ӛздерін одан
алшақ ұстайды және корпоративтілігі жоғары деңгейде. Салыстырмалы түрде
алғанда, жұмыс берушілердің басым бӛлігі мамандарды жұмысқа
орналастыру мәселесін оқу орындарының, мемлекеттік құрылымдар мен
түлектердің ӛздерінің шешкенін қалайды.
Қазақстан Республикасының әлемдік стандартқа сәйкес білім
жүйесінде жүргізілген реформа нәтижесінде ақылы білім беру аясы ұлғайды.
Білім алуға ақы тӛлейтіндердің басым кӛпшілігі жоғары білікті білім беретін
мекемелер қызметіне ден қойғанда, еңбек нарығындағы ұсыныс кӛлемін
есепке алмайды. Бұл үлкендердің санасында жоғары білім тұлғаның
қоғамдағы тұрақты әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етуі жӛніндегі
қалыптасып қалған пікірмен де байланысты. Ал қазіргі кезеңдегі еңбек
нарығы құрылымының тұрақты және ӛзгермелі детерминанттармен, яғни
тұрақты сұранысы бар және сұраныстың ӛзгеруімен байланысты пайда
болатын мамандықтармен анықталатындығын естен шығармаған жӛн.
Тұрақты детерминанттар ӛмірлік қажеті бар маңызды эконмикалық
салаларды дамуымен анықталатындықтан, ал ӛзгермелі детерминанттар
сұраныстың ӛзгеруімен байланысты болғандықтан олардың еңбек нарығына
әсерін, қызмет ету механизміндегі ерекшеліктерді қарастырудың ерекше
маңызы бар. Тұрақты және ӛзгермелі детерминанттардың ӛз ерекшеліктері
болғандықтан, олардың еңбек нарығына әсері де басқаша болады.
Еңбек нарығы тұрақты детерминанттар бойынша жай ӛзгереді.
Ӛзгермелі детерминанттар негізінен қызметтер әртүрлеріне деген
сұраныстың ӛзгеруімен байланысты жаңа қажеттіліктердің пайда болуымен
қатысты. Олардың қызмет ету механизмі де ӛзгеше болады: алдымен кейбір
мамандық ӛкілдеріне деген жоғары қажеттілік сұранысты туғызады. Бұл
ұсыныстың жылдам ӛсуіне алып келеді. Ал еңбек нарығы барлық уақытта
сұранысқа кешігіп жауап беретіндіктен, ұсыныс пайда болған сұранысты
қанағаттандырады, бірақ нарықтың толығуымен байланысты сұраныс күрт
түседі, ал ұсыныс қызу үстінде бұрынғыша ӛсе береді де еңбекнарығының
белгілі секторын толығу шегінен асырып жібереді. Сӛйтіп, бұл тепе-теңдік
тез бұзылады. Бұл детерминанттардың еңбек нарығына әсері зор және олар
еңбек нарығының маңызды құрамы болып табылады. Ӛзгермелі
детерминанттардың әсерінің нәтижесінде үлкен тапсырыс пакеттері
құрылады, жұмыс берушілердің, әлеуетті жұмыскерлердің, кадрлар
дайындайтын ұйымдардың жинақылығы мен бағыттылығының ӛзгеру
деңгейіне жаңа талаптар қойылады. Сондықтан еңбек нарығының да басқа
салалардан бӛлініп қызмет атқармайтындығын және оның білім беру
мекемелеріне ӛз әсерін тигізетіндігін естен шығармау керек. Егер олар
ӛздерінің ұйымдық, жетекші және басқару ресурстарын ең қысқа уақыт
мерзмі ішінде жинақтап үлгірмесе, қайта құрыла алатындай болмаса, онда
енжар қозғалу нәтижесінде бәсекеге қабілетсіз болуы салдарынан білім беру
қызметі нарығынан ығыстырылып шығарылады.
Сонымен, жоғарыда кӛрсетілгендей, тұрақты және ӛзгермелі
детерминанттардың ерекшеліктерін қарастыра келе:
1) тұрақты сұранысы бар мамандықтар бойынша еңбек нарығындағы
ӛзгерісті күні бұрын білуге болатындықтан, жұмыс берушілердің, кадрлар
дайындайтын қызметкерлер мен ұйымдардың жинақылығы мен мамандар
дайындау бағытына қатты талап қоймайтындығын;
2) сұранысы ӛзгермелі мамандықтардың әсерінен жеткілікті деңгейде
үлкен сұранымдар пакеттер қалыптасады да жұмыс берушілердің, кадрдар
дайындайтын қызметкерлер мен ұйымдардың жинақылығы мен бағытын
жылдам ӛзгертуіне қатты талап қоятындығын кӛруге болады.
Ендеше, еңбек нарығы басқа салалармен қатар білім беру мекемелеріне
де тікелей әсерін тигізеді. Сондықтан еңбек нарығы мен білім беру жүйесінің
қызметін үйлестіру қажет.
Сонымен, қазіргі уақытта тӛмендегідей жағдай орын алған:
- білімі жоғары мамандарға деген сұраныстың жоғарылауы;
- жоғары маманды жұмысшыларға сұраныс пен ұсыныс арасындағы
сәйкессіздіктің орын алуы;
- жоғары білікті жұмысшылардың қартаюы және кадрлық құрамының
қысқаруы;
-
біліктілік-мамандық құрылым сұранысы мен ұсынысының
сәйкессіздігі;
-
еңбек және білімдік қызмет кӛрсету нарығының ӛзара әрекетін
тиімді реттеуге тежеу болып тұрған басты кедергі ақпараттың тапшылығы;
-
реттеудің ұйымдастырылған механизмінің болмауы және
акторлардың корпоративтілігінің болмауы;
- техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі оқу жүйесіндегі білім
берудің сапасын кӛтеруге тежеу болып тұрған кедергі оқу-әдістемелік
қамтамыз етудің тӛмен деңгейі, қазіргі талаптарға сай келетін оқу
әдебиеттерінің, әсіресе, арнайы пәндерден мемлекеттік тілдегі оқулықтардың
жекіліксіздігі, кәсіби білім беруді ғылыми-әдістемелік құралдармен
қамтамасыз ететін мекемелердің болмауы, материалдық-техникалық базаның
ескіруі, оқытудың жаңа технологиясының толық деңгейде қолданылмауы;
- техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі оқу жүйесіндегі білім
берудің сапасын кӛтеруге тежеу болып тұрған басты факторлары:
қаржыландыру кӛлемінің жеткіліксіздігі мен осы мамандадарды дайындауға
мемлекеттік тапсырысты жоспарлау механизмінің жетілмегендігі болып
табылады.
Қазақстан ұлттық нарығының қалыптасуы мен дамуын зерттеудің
нәтижесі қазіргі Қазақстан Республикасының еңбек нарығына тән ӛзіндік
ерекшеліктері мен шешуді қажет ететін ӛзекті мәселелерін анықтауға
мүмкіндік берді. Қазіргі еңбек нарығындағы ерекшеліктер:
- жастар арасындағы жұмыссыздықтың басымдығы;
- ауылдық тұрғындардың жұмыссыздығы;
- еңбекке қабілетті тұрғындарға түсетін жүктеменің салмақтылығы ж.б.
- жұмыс күшінің сұраныстан артықтығы;
- тӛмен бәсекелік қабілеттіліктің орын алуы;
- жұмыспен қамтылудың толық еместігі;
- жұмыссыздықтың орын алуымен қатар бірқатар мамандардың
жетіспеуі салдарынан бос орындардың сақталуы.
- 35-тен асқан әйел адамдар, жастар мен зейнеткер жасындағы
адамдарды жұмыспен қамту мәселесінің орын алуы;
- білім беру қызметі нарығының мамандандырылған жұмыс күшіне
сұраныс ӛзгерісіне жылдам сезімталдық кӛрсетуге дайын еместігі;
- жұмыспен қамтылудың тиімсіздігі;
- тұрғындардың еңбектік жинақылығының тӛмендігі [5, 103 б.].
-
жасырын жұмыссыздықтың ауқымын бағалау әдістемесінің
кӛрсеткіштері тек ресми жұмыссыздар бойынша алынатын болғандықтан,
оның нақты кӛлемін анықтаудың мүмкін еместігі;
-
қоғамдық жұмыстар мен оқыту, қайта дайындау, жастар
тәжірибесі одан ӛткендерге одан әрі қарай жұмысқа орналасып кетуіне кепіл
болмайтындығы (қысқарту орын алған жағдайда, солардың бірінші кезекте
қысқартуға ұшырауының ықтималдығы);
-
жұмысқа қабылдау бойынша жыныс және жас мӛлшері бойынша
кемсітушіліктің орын алуының жалғасуы;
-
оқыту мен қоғамдық жұмысқа тарту бойынша жүргізіліп отырған
шаралар жұмыссыздардың одан әрі қарай жұмысқа орналасуына кепілдік
бермейтіндігі;
-
мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету жатады.
Олай болса, шешуді қажет ететін ӛзекті мәселелер қатарына
тӛмендегілерді жатқызуға болады:
- білімдік қызмет кӛрсету нарығындағы қазіргі талаптарға cәйкес
сұранысты еңбек нарығы ғана қалыптастыра алады. Сондықтан білім беру
жүйесінде жүзеге асқан реформаның нәтижелілігін еңбек нарығының
қажеттіліктеріне сәйкестілігімен ӛлшеудің қажеттілігі;
-
еңбек нарығында ұсынылатын жұмыс күшінің сапасын,
жұмыскерлердің
біліктілігін
арттыру
негізінде
олардың
бәсекеге
қабілеттілігін күшейту;
-
елге жоғары білікті мамандардың келуін ынталандырумен қатар,
елден білікті мамандардың кетіп қалмауын болдырмау үшін, оларға оңтайлы
жағдайлар жасау және оның орындалуын бақылау;
-
білім беру нарығы мен еңбек нарығы арасындағы ӛзара іс-
әрекетті сәйкестендіру;
-
қабылданған негізгі жобалар мен бағдарламаларға сәйкес
жаңадан жасалынатын жұмыс орындары мен жетілген технологияларды
игере алатындай жоғары білікті мамандарды дайындау;
-
ғылым сыйымдылықты салаларға қажетті маман дайындауға
кӛңіл бӛлу;
- үздіксіз оқыту жүйесін қалыптастыру.
Осы айтылғандармен қатар назардан тыс қалдыруға болмайтын тағы да
бірқатар мәселелер бар:
1.
Білімдік қызмет кӛрсету нарығындағы қазіргі талаптарға cәйкес
сұранысты еңбек нарығы ғана қалыптастыра алады. Сондықтан білім беру
жүйесінде жүзеге асқан реформаның нәтижелілігін еңбек нарығының
қажеттіліктеріне сәйкестілігімен ӛлшеу қажет.
2.
Дамыған Батыс елдеріндегі орта тап деп аталатын топтың негізін
ӛз еңбегімен ӛмір сүретін және үздіксіз қайта оқып, біліктілігін арттыра алуға
қабілетті жоғары білікті мамандар құрайды. Осындай деңгейге жету үшін,
біздің кӛзқарасымыз бойынша, ұлттық экономиканың ӛзіне тән
ерекшеліктерін есепке алатындай, жұмыскерге нарық сұранысына сәйкес
қайта оқу мен ӛз білімін жоғарылатуына мүмкіндік беретіндей үздіксіз оқыту
немесе білім беру жүйесін қалыптастыру керек.
3. Техникалық прогресс, әсіресе ақпараттық және коммуникациялық
технологиялардың, және ӛз кезегінде оның жұмыспен қамтылуға әсері -
жаһанданған ӛндіріс жүйесінің тарауының ең маңызды факторы.
Технологиялық даму елдің экономикасының тиімді қызмет атқаруы
үшін қажет. Технология және жұмыспен қамтылудың кейбір шешуі қиын
мәселелеріне қарамастан, жаңа технология жаңа нарықтар мен
инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, анағұрлым жоғары
экономикалық ӛсу мен жұмыспен қамтылуға алып келе алады.
Жаңа техника мен технологияларды игеру үшін жұмысшылардың
дайындығы жеткілікті деңгейде болуы керек. Ӛнеркәсіптегі салыстырмалы
түрде алғанда, мамандық деңгейінің тӛмендігі жаппай жаңа техника мен
технологияларды енгізуге ӛтуді қиындатады.
Қазір экономикалық ӛсудің жаңа инновациялық тұрпаты қалыптасып
келе жатыр. Оның басты сипаттамасының бірі қазіргі бар ӛндіріс құрал-
жабдықтарын күрделендіру және жетілдіруден гӛрі адам факторы рӛлі мен
маңыздылығын, оның жаңалықтылығы мен жаңа енгілізімдерді пайдалануға
бағытталған «ойлап тапқыштық» қасиетін арттыру болып табылады.
Сондықтан ғылыми зерттеулер мен жасалымдарды жеткілікті деңгейде
инвестициямен қамтамасыз ету кадрларды дайындаумен қатар тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Глазьев С. Основа обеспечения экономической безопасности
страны //Русский предприниматель. -2002, январь. -С. 34.
2. Сұңғат Әліпбай. Жұмыссыздық негізі неде? //Егемен Қазақстан. -
2009, наурыз-6.
3. Куантаева К. Развитие обрзования Республики Казахстан на
современном этапе // Материалы Международной научной конференции,
посвященной 75-летию академика НАН РК Кошанова Аманжола
Кошановича. –Алматы: КазНПУ им. Абая, 2009. –848 с.
4.
Долгосрочная Программа развития образования до 2020 года. –
Астана, 2010.
5. Шулембаева Р. Статус, деньги и рынок труда // Казахстанская
правда. -2008. - № 290.
Достарыңызбен бөлісу: |