57
«коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің
«іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне
қызмет кӛрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық
банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет кӛрсететін несиелік
мекемелердің тобын білдіреді.
Коммерциялық банктер - банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар кез келген
мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің негізгі қызметі -
кәсіпкерлерге, халыққа жан-жақты несие-қаржылық қызмет кӛрсету.
Коммерциялық банктер жеке және заңды тұлғалар үшін бүкіл операциялық
қызметтерді орындайтын ақша нарығының жұмыс жасаушы әмбебап буыны ретінде
қатысады.
Бүгінгі коммерциялық банктер ӛз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан ӛнімдер мен
қызмет кӛрсетуге әзір. Мұндай кең кӛлемді операциялар коммерциялық банктерге ӛз
клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда ӛзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін
тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір опеациялардан түсетін пайда есебінен
жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие
жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар ӛзгермелі
ақша – несие нарығының жағдайына кӛндігетін қабілетінің барлығын кӛрсете алады.
Соңғы кездері екінші деңгейлі банктер мен басқа несие мекемелерінің арасындағы
бәсеке күшейе түсуде. Бәсекелестік банктердің жаңа операциялар түрлерін іздестіруге,
клиенттерге ұсынылатын қызмет түрлерін ӛсіруге және қызмет кӛрсету нарығындағы ӛз
орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды меңгеріп, елдің жалпы
экономикадағы ролін арттыруда.
Қазіргі коммерциялық банктер активті және пассивті операцияларын орындайды. Бұл
екі түрлі операция бір бірліктің екі қарама-қарсы жақтары секілді кӛрінеді, себебі,
пассивтік операциясыз активті операцияның болуы мүмкін емес, ал активті операциясыз
пассивтік операцияның мәні де жоқ. Алайда, жүзеге асырылатын банктік
операцияларының барлығы, күмәнсіз, бір мақсатты кӛздейді – табыстың ӛсуі және
шығынның кемуі.
Қазақстан Республикасының 31.08.1995ж. № 2444 «Қазақстан Республикасындағы
банктер және банктік қызмет туралы» Заңының 30 бабы бойынша қызмет кӛрсету – бұл
«банктік операцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ бап бойынша кӛрсетілген басқа да
банктік операциялар». Бұл заңда, сонымен қатар, банктік операцияларды жекелеген
түрлерін ұйымдастырудың ерекшеліктері кӛрініс тапқан.
Аталған заңға сәйкес коммерциялық банктер келесі операцияларды орындауға
құқылы:
• заңды және жеке тұлғалардың ақылы негізде депозиттерін қабылдау, банктік
шоттарын ашу және жүргізу;
• банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
• заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
• кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау,
айырбастау, ұстау, сорттау, қаптау және сақтау;
• банкнота мен монеталарды және бағалы қағаздарды инкассациялау және жӛнелту;
• аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударымен
байланысты тапсырмаларын орындау;
• есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және ӛзге
борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
58
• қарыздық операциялар: ақы тӛлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен
ақшалай формада несиелер беру;
• заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің
тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу
операциялары операцияларын жүргізу;
• клирингтік операциялар: тӛлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар
бойынша ӛзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза
позициясын анықтау;
• ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді
кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
• коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг);
• заңда кӛрсетілген тәртіппен ӛз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді,
аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және ӛзге де міндеттемелерді);
• тӛлем карточкаларын шығару;
• тӛлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да
операцияларды жүргізу;
• ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және
ӛзге де міндетемелерді беру;
• инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе оларды иемденушілердің
тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге
асыра алады. Олар: брокерлік, дилерлік, кастодиандық. Бұл банктік операциялар бойынша
қызметтерді кӛрсету,клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет
ету.
Осыған орай, банктік заңдарына сәйкес, банк – уақытша бос ақша қаражаттарын
жинақтауға, клиенттердің тапсырысы бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізуге
құқылы несие ұйымы.
Екінші деңгейлі банктер заңнаманың барлық құқықтық жағынан қамтылған кең
кӛлемде операциялар түрлерін ұсынады. Коммерциялық банктің операцияларын 3 топқа
бӛліп қарастырамыз:
- қызмет кӛрсету арқылы клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын тарту;
- қызмет кӛрсетулерсіз клиенттердің ақша қаражаттарын тарту;
- басқа кӛздерден ақша қаражаттарын тарту.
Пассивті операциялар (тартылған қаражаттар)
Коммерциялық банктердің құқықтық статусы. «Қазақстан Республикасындағы
банктер және банктік қызмет туралы» 1995 ж. 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының
Заңы. Банктердің негізгі атқаратын қызметтері. Банк қызметін ұйымдастыру принциптері.
Банк қызметін құру, қайта ұйымдастыру және оны тоқтату тәртібі. Банктік лицензия
түсінігі.
Ӛзіндік бақылау сҧрақтары:
5. Коммерциялық банктердің құқықтық статусы. «Қазақстан Республикасындағы
банктер және банктік қызмет туралы» 1995 ж. 31 тамыздағы Қазақстан
Республикасының Заңы.
6. Банктердің негізгі атқаратын қызметтері.
7. Банк қызметін ұйымдастыру принциптері.
8. Банк қызметін құру, қайта ұйымдастыру және оны тоқтату тәртібі.
9. Банктік лицензия түсінігі.
Ҧсынылған әдебиеттер тізімінен: 1,3,10,15