39
1. Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учёта –
Алматы: Центр аудит – Казахстан
2. Кеулімжаев Қ.К , Радостовец В.К. , Төлегенов Е.Т. , Продан Л.Г., «Ауыл шаруашылық
кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы, Қайнар
3. Тайгашинова К.Т., Молдашбаева Л.П., “Организация учета животноводческой продукции в
фермерских хозяйствах” Алматы , 2009 г
4. Тайгашинова К.Т. , Лапбаева С.Ш., Бердимурат Н «Вопросы организации кластера в
фермерском хозяйстве», Алматы,2008 г.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ержанова С.Ж., Нурумов А.А, Чернова Н.М.: Бухгалтерский учет в крестьянских
хозяйствах» Алматы
2. МСФО-41 «Сельское хозяйство»
3. НСФО №1 Бюллетень бухгалтера, 2008г.
4. Международные стандарты финансовой отчетности (Общий обзор и разъяснения).
Составители Сейдахметова Ф. и др. - Алматы :ТОО «Издательство LEM», 2009 г.
5. Тайгашинова К.Т. , Тлеукабылова К.Б. “Значение производственной бухгалтерии в
условиях формирования рынка”, Алматы , 2009 г
6. Ержанова С.Ж ., Нурумов А.А., Чернова Н.М., “Бухгалтерский учет в крестьянских
хозяйствах”
7. Пизенгольц П.И. и др. “Бухгалтерский учет в сельскохозяйственном производстве”
Учебник М: – М. 2007г.
Дәріс тақырыбы:
5. ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ШЫҒЫНДАРЫ ЕСЕБІ МЕН ӨНІМНІҢ
ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ
Дәріс мақсаты:
Өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды салаларының бірі
болып табылады. Ол тұрғындарды қажеттілігін, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етіп, мал
шаруашылығын азықпен қамтамасыз ете отырып, оның дамуына бірден бір негіз болып
саналады.
Дәріс сұрақтары:
1.Өсімдік шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің әдістемелік негізі мен міндеттері
2.Өсімдік шаруашылығы шығындар есебінің объектілері мен баптары
3.Өсімдік шаруашылығындағы аяқталмаған өндіріс пен бөлінетін және басқа да шығындар
есебі
4.Өсімдік шаруашылығында алғашқы, талдамалық және жиынтық есепті ұйымдастыру
5.Өсімдік шаруашылығының басқа да салаларындағы шығындар есебі
6.Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын калькуляциялау
1. Өсімдік шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің әдістемелік
негізі мен міндеттері
Өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды салаларының бірі
болып табылады. Ол тұрғындарды қажеттілігін, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етіп, мал
шаруашылығын азықпен қамтамасыз ете отырып, оның дамуына бірден бір негіз болып
саналады.
Қазіргі күні Қазақстан Республикасының өкіметі ел экономикасын дамытуда ауыл
шаруашылығы саласы, соның ішінде өсімдік шаруашылығын халықаралық тәжірибелерге
неіздей отырып, дамытуды, жандандыруды көздеп отыр.
Сондықтан, агроөнеркәсіп кешені мен ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын
дамытуға байланысты қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен міндеттердің ойдағыдай
40
шешілуіне осы саладағы дұрыс ұйымдастырылған шығындар есебі мен өнімнің өзіндік
құнын калькуляциялау маңызды орын алатыны анық.
Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекше сипатқа ие өндіріс
саласы болып табылады. Өсімдік шаруашылығындағы қаражаттардың айналымдылығына
өндірістің мерзімділік сипаты ерекше әсер етеді, соның ішінде өндіріске жұмсалынған
шығындар кезеңі мен өнім шығымы кезеңі арасындағы айырмашылықтар. Өсімдік
шаруашылығында өндірістік шығындар ұзақ мерзім бойы жұмсалады және жұмсалынған
шығындар мөлшері бірқалыпты болмайды. Міне осы ерекшеліктердің барлығы осы салада
шығындар есебін ұйымдастыруда ескерілуге тиісті.
Өсімдік шаруашылығында өндірістік процесс бірнеше есепті мерзім бойы
жүргізілуіне және өнім өндірісіне шығындар екі есепті жылда жұмсалуына байланысты
өндіріске жұмсалынған шығындарды әрбір жылға бөліп, бухгалтерлік есепте дұрыс
көрсетудің қажеттілігі туындайды. Сондықтан өсімдік шаруашылығына жұмсалынған
шығындар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бухгалтерлік есебінде: есепті жылдың
егісіне және болашақ жылдың егісіне жұмсалынған шығындар болып екі топқа бөлінеді.
Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығындағы шығындар өнімнің нақты түрін
дайындау бағытында арнайы өндірістік цехтар мен бөлімшелерде де жұмсалынады және бұл
шығындар бухгалтерлік есепте бөлек көрсетілуге тиісті. Сондықтан өсімдік
шаруашылығында шығындардың талдамалық есебін шығындардың жұмсалу орындарына
байланысты өндіріс түрлері, өндірілетін және өңделетін дақыл түрлері бойынша
ұйымдастыру қажет.
Өсімдік шаруашылығындағы өндіріс – бір реттік процес болып саналмайды.
Өндірістік процесс жылдың әртүрлі мезгілінде орындалатын әртүрлі жұмыс түрлерінен
тұрады. Өсімдік шаруашылығындағы өндірістік технологиялық процесс мынадай кешенді
жұмыстардың жиынтығынан тұрады: егін егуге жерді, егіс алқабын дайындау, тұқым
отырғызу, отырғызылған тұқымды бағып-күту, егін жинау. Осы аталған жұмыс кешендері өз
алдына күрделі жұмыстардан тұрады. Мысалы: егін егуге жерді дайындау – жерді жырту,
топырақты ұнтақтау (майдалау), тыңайтқыш себеу сияқты ауқымды жұмыстардан құрылады.
Осыған байланысты жұмсалынған шығындар бухгалтерлік есепте орындалған жұмыстардың
түрлері бойынша бөлінуі қажет.
Өсімдік шаруашылығы өндірісінде жұмыстың нақты түрін орындау үшін әртүрлі
шығындар жұмсалады: мұнай өнімдері, тұқым, тыңайтқыштар, өндірістік техникалардың
амортизациясы, өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы және т.б. Бұл шығындардың
барлығы бухгалтерлік есепте бөлек жинақталуы тиіс. Соған орай, өсімдік шаруашылығында
өндірістік шығындар есебі шығын баптары бойынша ұйымдастырылуы қажет. (Ауыл
шаруашылығында шығындардың баптарына қарай жіктемесі осы оқу құралының 1.3
бөлімшесінде толық көрсетілген.)
Сонымен, өсімдік шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп төмендегі міндеттердің
шешілуін қамтамасыз етуі қажет:
- негізгі өндіріс, өнім түрлері мен топтары бойыйнша шығындарды дұрыс және
эономикалық негізде бөлу қажет;
- негізгі және үстеме шығындар туралы қажетті мәліметтерді дер кезінде жинақтау;
- егіннен түскен ауыл шаруашылығы өнімін дер кезінде және толық есепке алу;
- өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару үшін қажетті мәліметтерді экономикалық
негізде жүйелеп, қорытындылау қажет;
- болашақ жылда алынатын ауыл шаруашылығы өнімдеріне тиісті шығындарды
ажырата отырып, (күздік бидайға, көпжылдық шөптерге, шабындықты көтеруге байланысты
шығындарды) аралас өндіріс жылдарына тиісті шығындарды дұрыс бөлу;
- ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын тиімді басқару және жедел бақылау
мақсатында әрбір құрылымдық бөлімшелер бойынша шығындар жөнінде қажетті
мәліметтерді беру.
Достарыңызбен бөлісу: |