Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет24/43
Дата24.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#5617
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43

55 
 
 
Шаруашылықта  пайдаланылған  толық  піскен  собықтардағы  дән  саны  сабықтағы 
жүгерінің нақты массасы мен сатылған собықтағы жүгері дән шығымының орташа пайызын 
анықтап береді. Есептелген мәліметтерді негізге ала отырып, сатылған жүгері дәнінің есепке 
алынған салмағын, шаруашылықта пайдаланылған, дәнеге айналдырылып есептелген жүгері 
салмағын  және  шаруашылықта  қалдырылған,  дәнге  айналыдырылып  есептелген  жүгері 
салмағын  қосу  жолымен  толық  піскен  жүгерінің  жалпы  көлемі  құрғақ  дән  есебімен 
анықталады.  Дәннің  анықталған  жалпы  көлемі  өнімділікті  анықтауға  негіз  болаы  және  ол 
бухгалтерлік есеп тіркемелерінде көрсетіледі. 
 
Тұқымдық  жүгерінің  собықтарын  қабығымен  қоса  сатқанда  немесе  сақтағанда  оның 
нақты  салмағына  қабығының  салмағы  қосылмайды,  ал  қабықтың  салмағы  зертханалық 
талдау  жолымен  анықталады.  Жүгері  өнімінің  өзіндік  құны  дәнді  дақылдар  өнімдерінің 
өзіндік құндары сияқты есептеп шығарылады.  
 
Дәндік  жүгеріге  бөлінген  алқаптың  бір  бөлігі  толық  піскен  дән  алу  мақсатында 
пайдаланылған  жағдайда  және  керісінше,  яғни  көк  балаусаға  арналған  жүгері  егісінің  бір 
бөлігінен  іс  жүзінде  толық  піскен  дәне  жиналған  болса,  нақты  пайдаланылған  алаң  негізге 
алына отырылып, тиісті есептеулер жүргізіледі. 
 
Техникалық  дақылдар  бойынша  өнімнің  өзіндік  құнын  калькуляциялау.  Бұл 
дақылдар бойынша өнімнің өзіндік құны – сақталған франк-орнымен; сабанның өзіндік құны 
– франк-шөмелемен немесе басқа да сақталатын орнымен анықталады. 
 
Мақта өнімінің өзіндік құны. Мақтаның негізгі өнімі – шитті мақта, жанама сабақтар 
қауашақ  жармалары  және  басқалары  әділ  құны  бойынша  бағаланады.  Шитті  мақтаның 
жалпы салмағын анықтау үшін жиналған мақта салмағына құрғақ тазалаудан алынған шитті 
мақта  салмағы  қосылады.  Егер  құрғақ  мақта  қабылдау  кезінде  сатылса,  ондағы  мақтаның 
салмағы коэффициенттердің көмегімен анықталады. 1 центнер шитті мақтаның өзіндік құны 
–  жалпы  шығын  сомасынан  жанама  өнімнің  құны  шегеріліп,  қалған  шығын  сомасы  есепке 
алынған шитті мақтаның салмағына бөлу арқылы анықталады.  
 
Күнбағыс өнімінің өзіндік құны. Негізгі өнім – өңдегеннен кейінгі салмағы бойынша 
есептеп шығарылатын  тұқымы, жанама өнім – сабағы, себеті, кебегі. Күнбағыстан алынған 
жанама өнім шаруашылықта сабан сияқты бағаланады. 1 центнер күнбағыс өнімінің өзіндік 
құны  есептелген  жалпы  шығын  сомасынан  жанама  өнімдердің  құндарын  шегере  отырып, 
қалған  шығын  сомасын  негізгі  күнбағыс  өнімінің  жалпы  салмағына  бөлу  арқылы 
анықталады. 
 
Зығыр өнімінің өзіндік құны. Негізгі өнімдері – сабан және тұқымы болып табылады. 
Бұл өнімдер арасында шығындар келесідей коэффициенттерді пайдалан отырып бөлінеді: 1 ц 
тұқым  бойынша  –  1,0;  1  ц  сабан  бойынша  –  0,25.  Сабанның  өзіндік  құны  нақты  салмағы 
бойынша франк-шөмелемен, тұқымның өзіндік құны франк-қоймамен анықталады. Сабанды 
өңдеу  жөніндегі  шығындар  есебі  8110  «Негізгі  өндіріс»  шотына  ашылған  аралық  шотта 
жүргізіледі. 
 
Картоптың, 
көкөністің, 
бақша 
дақылдарының 
өзіндік 
құндарын 
калькуляциялау.  1  центнер  картоптың  өзіндік  құны  жалпы  шығындар  сомасынан 
жапырақтың  құнын  шегеріп  тастағандағы  қалған  шығын  мөлшерін  түйнектердің  барлық 
салмағына бөлу жолымен анықталады. 
 
Жабық  топыраққа  егілген  өнімнің  өзіндік  құны.  Жабық  топыраққа  егілген  көкөніс 
өнімдерінің  өзіндік  құны  есеп  беріліп  отырған  жылдың  өніміне  жатқызылатын  шығындар 
сомасынан тұқымға және отырғызылатын материалға тікелей жұмсалған шығындар бөлініп 
алынады да, тікелей тиісті дақылдарға таратылады. Басқа шығындардың барлығы дақылдар 
арасында  мынадай  тәртіппен:  қысқы  және  көктемгі  жылыжайларда,  пленкамен  жабылған 
немесе  жабылмай  жылытылған  топырақта  –  белгілі  бір  дақыл  өсірілген  шаршы  метр-күн 
санына  пропорционалды  бөлу  жолымен  анықталады.  Шаршы  метр-күн  саны  саны  тиісті 
дақыл егілген алқапты (шаршы метр есебімен) оның өсіп-өну кезеңіндегі күн санына көбейту 
арқылы  анықталады,  ал  бужайларда  –  дақылдардың  бужайларда  болған  терезе-күн  санына 


56 
 
пропорционалды  бөлу  жолымен  анықталады.  Терезе  күн  саны  дақыл  егілген  терезе  санын 
оның өсіп-өну кезеңіндегі күн санына көбейту арқылы анықталады. 
 
Тозаңдандыру  бағытында  өсірілген  ара  ұяларын  ұстау  жөніндегі  шығындардың  
жалпы сомасынан балдың мүмкін сатылу құнын шегеріп тастағандағы қалған шығын сомасы 
көкөніс өндіру шығындарына қосылады. 
 
Әрбір  дақыл  бойынша  өнімнің  бір  өлшемінің  өзіндік  құны  дақыл  түрлері  бойынша 
сабақ-жапырақтың  құнын  шегере  отырып,  қалған  шығын  сомасын  тиісті  дақыл  көлеміне 
бөлу арқылы анықталады. 
Өсімдік шаруашылығында көкөністер стандартты, стандартқа сай емес, сонымен бірге 
пайдаланылатын қалдықтар болып бөлінеді. Көкөністерді өсіру шығындарының сомасы мен 
қалдықтар  құны  арасындағы  айырма  стандартты  және  стандартсыз  көкөністердің  өзіндік 
құны болып табылады және бұл шығын сомасы көкөністердің осы топтары арасында мүмкін 
сатылу  бағаларына  пропорционалды  бөлу  жолымен  таратылады.  Стандартсыз  көкөністер, 
сондай-ақ мал азығына арналған тамыр-жемістердің құны олардың сапасын тексере отырып, 
көк  балаусаның  орташа  өзіндік  құны  бойынша  бағаланады.  Стандартсыз  өнімнің  өзіндік 
құны  мен  осы  бағалау  арасындағы  айырмашылық  сатуға  арналған  стандартты  және 
стандартсыз өнімдердің өзіндік құнын жоғарылатады. 
Бужайларда өсірілген көкөністердің өзіндік құндары да сол сияқты анықталады. 
Жыл  бойы  пайдаланылатын  жылыжайларда  жыл  соңында  аяқталмаған  өндіріс 
қалдығы  болуы  мүмкін,  оның  көлемі  түгендеу  жүргізу  арқылы  анықталады.  Мұның  өзі 
аяқталмаған өндіріске жататын көкөніс дақылдарының нақты барын және шаршы метр-күн 
санын анықтауға мүмкіндік береді, оның өзіндік құнын анықтау үшін оған қатысты шаршы 
метр-күн саны есептеп шығарылады. Алынған сомаға аяқталмаған өндіріске жататын тұқым 
мен отырғызылатын материалдардың құны қосылады. 
Азық-түлікке  арналған  бақша  дақылдарының  өзіндік  құны.  Азық-түлікке  арналған 
бақша дақылдарының жекелеген түрлерінің өзіндік құнын 1 центнер жемісінің өзіндік құны 
сабақтары  мен  жапырақтарының  құндарын  шегере  отырып,  оыс  дақылдарды  өсіру  және 
жинауға жұмсалынған барлық шығын сомасын өнім салмағына бөлу арқылы анықтайды.  
Бақша дақылдарына жататын 1 центнер көкөніс дақылдарының өзіндік құнын оларды 
өсіруге,  жинауға,  кептіру  мен  іріктеуге  жұмсалған  жалпы  шығындар  сомасынан  жанама 
өнімнің  (сабақ-жапырақтың,  қалдықтардың)  құндарын  шегере  отырып,  қалған  шығын 
сомасын  алынған  өнім  салмағына  бөлу  арқылы  анықтайды.  Сабақ  мен  жапырақтарға  және 
баса  да  жанама  өнімдерге  жұмсалынған  шығындар  сабан  шығындары  сияқты  есепке 
алынады. 
Жем-шөптік дақылдар өнімінің өзіндік құнын калькуляциялау. Пішеннің өзіндік 
құны  –  франк-шөмеле  немесе  басқа  да  сақтау  орны;  сүрлемге  салынатын  көкбалауса  – 
сүрлем  салу  франк  орны;  тамыр  түйнектілер  мен  бақша  дақылдары  –  сақталатын  франк-
орын; сүрлем – көк балаусаның құны мен сүрлем салу шығындарын қоса алғандағы франк-
сүрлем  құрылысы;  көк  жем-шөп  –  тұтынылатын  франк-орын;  шөп  тұқымы  –  франк-қойма 
арқылы есептеп шығарылады. 
Жем-шөпке  арналған  тамыр  түйнектілердің,  қант  қызылшасының  және  жем-шөпке 
арналған  бақша  дақылдарының  өзіндік  құны  мынадай  тәртіппен  есептелінеді:  Әрбір  дақыл 
түрін  немесе  тобын  өсіруге  жұмсалынған  шығындар  тамыр  түйнектілердің  немесе 
жемістердің  жалпы  өніміне  бөліненді.  Сүрлем  салуға  пайдаланылған  немесе  жас  күйіндегі 
сабақтар  мен  жапырақтардың  және  басқа  да  өнімнің  өзіндік  құны  сабанның  өзіндік  құны 
сияқты анықталады. 
Егілген біржылдық және көпжылдық өнімнің өзіндік құны балайша анықталады. Егер 
егілген біржылдық шөптер өнімінің бір түрін алу үшін пайдаланылатын болса, оның өзіндік 
құны  дақыл  бойынша  есептелген  барлық  шығындар  сомасы  алынған  өнім  салмағына  бөлу 
арқылы  анықталады.  Егер  біржылдық  шөптерден  әр  алуан  өнім  түрлері  алынатын  болса, 
шығындар  коэффициенттер  қолдана  отырып,  олардың  әрбір  түріне  бөліненді.  Өнімнің  әр 
алауан түрлерін алатын шөптер мен алқаптардың пайдаланылу мерзіміне қарамастан, егілген 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау