Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»


Өсімдік шаруашылығындағы шығындар есебінің объектілері мен баптары



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет17/43
Дата24.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#5617
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43

41 
 
2. Өсімдік шаруашылығындағы шығындар есебінің объектілері мен баптары 
Өсімдік  шаруашылығындағы  шығындар  есебі  8110/1  «Өсімдік  шаруашылығы» 
шотында жүргізіледі. 
Шоттың  дебеті  бойынша  өндіріске  жұмсалынған  шығындар,  ал  кредитінде  алынған 
өнім  есепке  алынады.  Жыл  бойы  бұл  шоттың  дебеті  және  кредиті  бойынша  жазулар  өсу 
сомаларымен көрсетіледі де, жылдың соңында шот бойынша қалдық анықталып, ол жылдық 
баланстағы өсімдік шаруашылығындағы аяқталмаған өндірістің құнын білдіреді. 
Өсімдік шаруашылығында шығындар есебінің объектілері болып мыналар саналады: 
1. 
Ауыл шаруашылығы дақылдары (немесе дақыл топтары). 
2. 
Ауыл шаруашылығы жұмыстары. 
3. 
Бөлінуге жататын шығындар. 
4. 
Басқа да объектілер. 
Егер  өсімдік  шаруашылығындағы  шығындарды  есепті  жылдағы  өсірілетін 
дақылдардың  қандай  да  бір  түріне  тікелей  апаруға  болатын  болса,  онда  мұндай  шығындар 
бірінші топтағы шығын объектілері бойынша есепке алынады. 
Екінші топтағы шығын объектілері бойынша есепті жылдағы өсірілетін дақылдардың 
қандай да бір түрлеріне тікелей апаруға болмайтын, болашақ жылдың егісі үшін орындалған 
ауыл шаруашылығы жұмыстарына жұмсалынған шығындар есепке алынады. 
Үшінші  топтағы  шығын  объектілері  бойынша  бірнеше  есеп  объектілеріне  қатысты 
(ағымдағы  жөндеу,  жер  жырту,  кептіру  жұмыстары  бойынша  шығындар)  және  бөлінуге 
жататын шығындар есепке алынады. 
Төртінші  топтағы  шығын  объектілері  бойынша  азық  өндірісі  және  басқа  да  өсімдік 
шаруашылығы жұмыстарына байланысты шығындар есебі жүргізіледі. 
Жоғарыда  айтылған  шығын  объектілерінің  топтары  бойынша  шығын  объектілерінің 
төмендегідей нақты жіктемелерін көрсетуге болады. 
Бірінші  топ.
 
Дәнді  және  дәнді-бұршақты  дақылдар:  күздік  дәнді  дақылдар  (бидай, 
қара бидай, арпа); күздік бидай (қатты, жұмсақ, күшті және басқалары); дәндік жүгері, басқа 
да  жаздық  масақты  дәнді  дақылдар  (арпа,  сұлы,  қара  бидай,  қос  дәнекті  бидай  және 
басқалары);  жарма  дақылдары  (тары,  күріш,  қарақұмық,  қонақ  жүгері,  қонақ  тары);  дәнді-
бұршақты  дақылдар  (ас  бұршақ,  үрме  бұршақ,  жемдік  бұршақ,  жасымық,  сиыр  жоңышқа 
және басқалары). 
Техникалық дақылдар: майлы дақылдар (күнбағыс, бұйразығыр, қыша, майкене, соя, 
және  басқалар);  жіп  дақылдары  (мақта,  талшықты  зығыр,  қарасора,  кенеп,  кендір  және 
басқалары);  қант  қызылшасы  (фабрикалық  қант  қызылшасы,  аналық  қант  қызылгасы,  қант 
қызылшасының тұқымдық көшеттері); жабайы темекі. 
Эфирлі-майлы дақылдар (кориандр, анис, зире, басқалары). 
Тамыртүйнекті  дақылдар:  катоп,  ашық  топырақта  егілетін  көкөніс  дақылдары 
(капуста  және  басқалар);  жабық  топырақта  егілетін  көкөніс  дақылдары  (сабағы  алынатын 
жауа, қияр, басқалары). 
Тамыртүйнекті  және  бақша  дақылдары:  жемдік  сәбіз,  тарна  және  басқалары,  жемдік 
бақша дақылдары (қарбыз, асқабақ, қабақ және басқалары). 
Жемге арналған тамыртүйнекті және бақшалық дақылдар мен тұқымдар. 
Питомниктер  мен  егілетін  көшерттер  (жеміс  дақылдары  мен  көпжылдық  өсімдіктер, 
жеміс дақыдарының питомниктері және басқалары).
 
Мамандандырылмаған шаруашылықтарда көкөніс шаруашылығы қосалқы сала болып 
саналатын  болса,  онда  шығындар  есебі  көкөніс  топтары  не  болмаса  жалпы  бақша 
шаруашылығы бойынша жүргізіледі. 
Жоғарыда  айтылған  бірінші  топтағы  шығын  есебінің  объектілері  өсірілетін  жер 
ерекшеліктеріне  байланысты  жыртылған  жерлер,  шартты  жыртылған  жерлер,  кептірілген 
және суарылатын жерлер топтары бойынша бөлінеді. 
Екінші  топ.  Жоғарыда  айтып  өткендей,  есепті  жылдағы  өсірілетін  дақылдардың 
қандай да бір түрлеріне тікелей апаруға болмайтын, болашақ жылдың егісі үшін орындалған 


42 
 
ауыл  шаруашылығы  жұмыстарына  жұмсалынған  шығындар  есепке  алынады.  Яғни, 
шығындар болашақ мерзімнің егісі үшін жұмсалады және ол аяқталмаған өндірісті білдіреді. 
Бұл  топқа  шығындар  есебінің  объектілері  ретінде  мынадай  жұмыс  түрлерін  жатқызуға 
болады:  әрбір  күздік  дақыл  түрлері  бойынша  жерді  өңдеу,  күздік  жеміс  дақылдарын 
отырғызу,  жер  жырту,  органикалық  және  минералдық  тыңайтқыштарды  тасымалдау,  қар 
тоқтату, көпжылдық көшеттерді отырғызу, жаңа жерлерді игеру, жерді жаңарту, құнарлығын 
арттыру,  шөп  шабу,  беткі  егіс  алқаптарын  жақсарту,  бужайлар    мен  жылыжайлардағы
 
 
жұмыстар және т.б. жұмыс түрлері. 
Бұл  топ  бойынша  талдамалық  шоттарда  есепке  алынған  шығындар  аяқталмаған 
өндіріс  ретінде  келесі  есепті  жылға  көшіріледі.  Келесі  есепті  жылы  олар  бірінші  топтағы 
шығын объектілерінің арасында бөлініп, есепке алуға жатқызылады. 
Үшінші  топ.  Бірнеше  есеп  объектілеріне  қатысты,  бірінші  және  екінші  топтағы 
шығын  объектілеріне  бірден  таратуға  мүмкін  болмайтын  арнайы  шығын  түрлері.  Оларды 
бөлінетін  шығындар  деп  атайды.  Жыл  бойы  бұл  шығындар  арнайы  талдамалық  шоттарда 
жинақталып,  жыл  соңында  тиісті  объектілер  арасында  таратылады.  Бұл  шығын 
объектілерінің  екінші  топтағы  шығын  объектілерінен  айырмашылығы  олар  есепті  жылда 
толықтай таратылып, аяқталмаған өндіріс ретінде келесі жылдың шығндарына апарылмайды. 
Бұл топтағы шығын объектілеріне келесідей бөлінетін шығын түрлері жатқызылады: 
негізгі  құралдар  мен  материалдық  емес  активтердің  амортизациясы,  өсімдік 
шаруашылығындағы  негізгі  құралдарды  ағымдағы  жөндеу  шығындары,  бөлінуге 
жатқызылатын  жер  жытру  шығындары,  бөлінуге  жатқызылатын  жер  кептіру  шығындары, 
жер алқыптарын күтіп-ұстау шығындары. 
Осы аталған шығын объектілері бойынша арнайы талдамалық шоттар ашылады және 
шығындар  арнайы  баптар  жіктемелері  бойынша  есепке  алынады.  Жыл  соңында  бұл 
талдамалық  шоттардығы  шығындар  бірінші  және  екінші  топтағы  шығын  объектілеріне 
таратылып,  шоттар  жабылады.  Сондай-ақ,  бұл  топтағы  шығындардың  сипаттарына  қарай 
әртүрлі бөлу әдістері қолданылады. 
Төртінші  топ.  Өсімдік  шаруашылығындағы  кейбір  шығын  түрлері  азық 
дайындаумен,  өнімді  жинағаннан  кейін  оны  өңдеумен,  шөп  жинау  және  оны  үюмен 
байланысты  болады.  Бұл  шығындар  арнайы  талдамалық  шоттарда  жинақталады:  ірі  мал 
азығын  дайындау,  шөп  дайындау,  шөп  ұнтағын  дайындау,  егістіктен  жиналғаннан  кейін 
өнімді  өңдеу  және  т.б.  Бұл  шығындарды  арнайы  талдамалық  шоттарға  жинақтау  арқылы 
қосымша немесе жанама өнімдердің, мал азығының өзіндік құнын нақты анықтауға болады. 
Әрбір талдамалық шотта шығындар белгілі бір баптар бойынша есепке алынады және жыл 
соңында тиісті өнімнің өзіндік құны анықталады не болмаса бұл шығындар бірінші топтағы 
шығын объектілеріне таратылады. 
Өсімдік  шаруашылығында  шығындар  есебі  төмендегідей  шығын  баптары  негізінде 
жүргізіледі: 
«Материалдық  шығындар».  Бұл  шығын  жіктемесіне  өсімдік  шаруашылығына 
жұмсалынған төмендегідей шикізаттар мен материалдар шығыны жатады: 
1) Тұқым және отырғызылатын материалдар. Әрбір дақыл түрі бойынша отырғызуға 
жұмсалынған  тұқым  және  отырғызылатын  материалдар.  Ұйымның  өзінде  дайындалған 
тұқым  –  нақты  өзіндік  құны  бойынша;  есепті  жылы  сатып  алынған  тұқым  –  сатып  алуға 
байланысты  шығындарды  қоса  отырып  әділ  құны  бойынша;  өткен  жылдан  қалған  тұқым  – 
баланстық  құны  өндіріске  жіберіледі.  Тұқымның  өзіндік  құнына  сонымен  қатар  оларды 
отырғызуға дайындау, яғни кептіру, тазалау, іріктеуге байланысты шығындар қосылады. Ал 
отырғызылатын  тұқымды  тиеу,  оны  егіс  алқаптарына  жеткізу,  тасымалдау  шығындары 
тұқымның  өзіндік  құнына  енбейді.  Бұл  шығындар  (тасымалдауға  байланысты 
жүргізушілерге  еңбек  ақы,  тасымалдау  көліктерінің  амортизациясы,  жанар-жағар  май  және 
т.б.  шығындар)  болашақ  мерзімде  алынатын  тиісті  дақылдардың  өзіндік  құндарына 
таратылады. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау