Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет19/43
Дата24.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#5617
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43

45 
 
отырғызу,  ауыр  және  орта  минералдық  топырақты  жерлерді  жырту,  топырақты  34-45  см 
тереңдікке дейін жырту, егістік жерді артық сулардан тазарту, топыраққа әк және гипс себу, 
шым-тезекті  өндіру,  тасымалдау,  пайдалану,  жерді  тастардан,  түбіртектерден,  бұтадан 
тазарту  сияқты  жұмыстар  жатады.  Бұл  шығындар  жұмыс  түрлеріне  байланысты  арнайы 
шоттар арқылы аяқталмаған өндіріс құрамында есепке алынады және мелиорациядан өткен 
жерді  пайдалануға  берген  кезден  бастап  5-7  жыл  бойы  тең  үлеспен  дақыл  түріне  бөлініп 
отыруға тиісті. 
 
Бөлінетін шығындар есебі. Жоғарыда айтып өткендей бөлінетін шығындарға арнайы 
талдамалық  шоттарда  есепке  алынатын:  өсімдік  шаруашылығындағы  бөлінуге  жататын 
негізгі  құралдардың  амортизациясы,  өсімдік  шаруашылығындағы  бөлінуге  жататын  негізгі 
құралдарды  жөндеу  шығындары,  бөлінуге  жататын  жерді  суару,  бөлінуге  жататын  жерді 
кептіру,  бөлінуге  жататын  егіс  алқаптарын  қорғау  жұмыстары  жатады.  Осы  аталған 
шығындардың есебін және олардың бөліну тәртіптерін жекелеп қарастырайық. 
 
Өсімдік  шаруашылығында  пайдаланылатын  және  бөлуге  жатқызылатын  негізгі 
құралдардың  амортизациясы  «Негізгі  құралдардың  амортизациясы»  талдамалық  шотында 
бөлек  есепке  алынады.  Бұл  шотта  өсімдік  шаруашылығы  өндірісінде  пайдаланылатын  егін 
және  шөп  жинайтын  комбайндар  мен  басқа  да  ауыл  шаруашылығы  техникаларының, 
ғимараттар  мен  құрылыс  жайлардың,  беріліс  құралдарының  ай  сайынғы  есептелінген 
амортизация сомалары жыл бойы жинақталып отырылады. 
 
Бұл талдамалық шоттар бойынша есептелінген амортизация есебі негізгі құралдардың 
топтары  бойынша  жүргізіледі,  соған  сәйкесті  негізгі  құралдардың  әрбір  түрі  бойынша 
есептелінген амортизацияға бөлек талдамалық шоттар ашылады.  
 
Жылдың  немесе  басқа  да  бекітілген  мерзімнің  соңында  есептелінген  амортизация 
сомалары  дақылдардың  және  жұмыстың  түрлері  бойынша  шығындар  есебінің  шоттарына 
бөлінеді.  Соған  орай  негізгі  құралдарға  есептелінген  амортизацияны  бөлудің  екі  әдіс 
қолданылады: бірінші әдіс – тікелей қосу әдісі. Бұл әдіс негізгі құралдар тек бір ғана шығын 
объектісінде  жұмыс  істеген  жағдайда  қолданылады.  Екінші  әдісі  –  амортизация  сомасын 
бірнеше  есеп  объектілеріне  орындалған  жұмыс  көлеміне,  егіс  алқабының  аумағына  немесе 
амортизацияны  бөлудің  басқа  да  бөлу  көрсеткіштеріне  пропорционалды  бөлу  жолымен 
таратылады.  Мысалы:  астық  және  шөп  жинайтын  комбайндарға  есептіліген  амортизация 
сомасын - жиналған егіс көлеміне, астық сақтайтын қоймалар мен астықты тазалайтын және 
кептіретін  машиналарға  есептілінген  аморитизация  сомасын  –  жалпы  жиналған  астық 
салмағына, тыңайтқыштарды сақтау орындары мен оларды себу машиналарына есептілінген 
амортизация  сомасын  –  себілген  тыңайтқыштардың  көліміне  пропорционалды  бөлуге 
болады.  Өсімдік  шаруашылығында,  соның  ішінде  мамандандырылған  шаруашылықтарда 
картоп, қант қызылшысы және бақша дақылдарының кейбір түрлерін өсіру, жинауға тікелей 
қатысатын комбайндар мен машиналарға есептелінген амортизация сомасын әрбір дақылдың 
түріне тікелей апаруға болады. 
 
Өсімдік  шаруашылығында  пайдаланылатын  негізгі  құралдарға  есептелінген 
амортизация  сомасын  тиісті  шығын  объектілеріне  бөліп,  таратудың  негіздемесі  болып 
«Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге амортизацияны есептеу ведомостісі» 
саналады.  Бұл  ведомостіде  әрбір  негізгі  құралдың  түрі  бойынша  тиісті  талдамалық 
шоттармен амортизация сомасы және амортизацияны бөлудің базасы көрсетіледі. 
 
Өсімдік  шаруашылығындағы  негізгі  құралдарды  жөндеуге  байланысты  бөлінуге 
жататын  шығындар  кешенді  шығын  болып  саналады  және  оның  құрамында  негізгі 
құралдарды  жөндеу  жұмыстарын  орындайтын  жұмысшылардың  еңбек  ақылары  мен  еңбек 
ақыдан  аударымдары,  жөндеуге  қажетті  қосалқы  бөлшектер  мен  материалдардың  құндары, 
жөндеу  мен  техникалық  қзымет  көрсету  цехтары  мен  шеберханаларын  күтіп-ұстау 
шығындары,  жөндеуге  пайдаланылатын  мұнай  (майлау,  сырлау  материалдарының) 
өнімдерінің  құндары  жатады.  Бұл  шығындар  алдын  ала  8310  «Көмекші  өндіріс»  шотында 
жинақталып,  есепті  мерзімнің  соңында  өсімдік  шаруашылығы  шығындарына  және 
аяқталмаған  өндіріс  құнына  тиісті  бөлу  базаларына  пропорциналды  жолмен  бөлініп, 


46 
 
таратылады.  Мысалы:  тар  өрісті  мамандандырылған  шаруашылықтарда  пайдаланылатын 
негізгі  құралдарды  күтіп  ұстау  және  жөндеу  шығындары  –  тиісті  дақылдардың  өзіндік 
құндарына  тікелей;  тракторларды  күтіп  ұстау  және  жөндеу  шығындары  –  әрбір  дақыл 
түрлері  бойынша  орындаған  жұмыс  көлеміне  пропоционалды;  топырақ  өңдейтін 
машиналарды күтіп ұстау және жөндеу шығындары – әрбір дақыл түрлері бойынша өңделген 
жер көлеміне пропорционалды; тұқым отырғызатын машиналарды (сеялкаларды) күтіп ұстау 
және  жөндеу  шығындары  –  егіс  көлеміне  пропорционалды;  дақылдарды  жинауға 
пайдаланылатын  комбайндар  мен  машиналарды  күтіп  ұстау  және  жөндеу  шығындары  – 
жинаған  жер  көлеміне  пропоционалды;  топыраққа  тыңайтқыш  себетін  техникаларды  күтіп 
ұстау  және  жөндеу  шығындары  –  дақылдар  бойынша  себілген  тыңайтқыштардың  нақты 
салмағына пропоционалды; астық, көкөніс қоймаларын күтіп ұстау және жөндеу шығындары 
–  тиісті  дақылдар  алып  жатырған  сақтау  орындарының  көлеміне  пропорционалды  түрде 
бөлуге болады. 
 
Жерді  суландыруға  байланысты  бөлінуге  тиісті  шығындар  бұл  –  суармалы  жерде 
өсірілетін дақылдарға тікелей жатқызуға болмайтын суландыру бойынша шығындар болып 
саналады.  Бұл  шығын  құрамында  жерді  суарумен  (қолмен  немесе  механикаландырылған 
жолмен суару) айналысатын жұмысшылардың еңбек ақылары мен еңбек ақыдан аударымдар, 
суаратын  құрылғылардың  жұмыстары  үшін  жанар-жағар  май,  суаратын  құрылғылардың 
амортизациясы,  оларды  күтіп-ұстау,  жөндеуге  қажетті  қосалқы  бөлшектер  мен  басқа  да 
материалдардың  құндары  көрсетіледі.  Бұл  шығындар  есепті  жыл  бойы  алдын  ала  8410 
«Үстеме  шығындар»  шотына  ашылған  арнайы  талдамалық  шотта  жинақталып,  жылдың 
соңында  өсірілген  дақыл  немесе  орындалған  жұмыс  түрлері  арасында  суарылған  жер 
көлеміне  пропорционалды  түрде  бөлінеді.  Алдыменен  бір  гектар  суарылатын  жерге  тиісті 
шығындар  сомасы  анықталады  да  (шығындарды  жалпы  суарылған  жер  көлеміне  бөлу 
арқылы),  содан  соң  бір  гектар  суарылатын  жерге  тиісті  шығындар  сомасын  әрбір  шығын 
объектісі  бойынша  суарылған  жер  көлеміне  көбейтіледі.  Осындай  тәртіппен  әрбір  дақыл 
түріне  тиісті  суаруға  байланысты  бөлінетін  шығындар  анықталады.  Шығындарды  бөлу 
олардың баптар жіктемесі бойынша жүргізіледі. 
 
Жерді  суландыруға  байланысты  дақыл  түріне  немесе  орындалған  жұмыс  түріне 
тікелей  апарылатын  шығындар  дақылдың  өзіндік  құнына  не  болмаса  шығын  объектісіне 
тиісті талдамалық шоттар арқылы тікелей қосылады.  
 
Жерді  құрғатуға  байланысты  бөлінуге  тиісті  шығындар  –  құрғатылатын  жерлерде 
өсірілетін  дақылдардың  әрбір  түріне  тікелей  жатқызуға  болмайтын  шығындар  болып 
саналады.  Бұл  шығын  түрлеріне  жерді  құрғатуға  байланысты  құрылғыларды  күтіп-ұстау, 
жөндеу  жұмыстарын  жүргізетін  жұмысшылардың  еңбек  ақылары  мен  еңбек  ақыдан 
аударымдары,  жерді  құрғатуға  байланысты  құрылғылардың  амортизациясы  мен  оларды 
жөндеуге, күтіп-ұстауға қажетті қосалқы бөлшектер мен басқа да материалдардың құндары, 
көмекші  өндірістің  құндары  және  т.б.  шығындар  жатады.  Бұл  шығындар  есепті  жыл  бойы 
алдын  ала  8410  «Үстеме  шығындар»  шотына  ашылған  арнайы  талдамалық  шотта 
жинақталып, жылдың соңында өсірілген дақыл немесе орындалған жұмыс түрлері арасында 
құрғатылған  жер  көлеміне  пропорционалды  түрде  бөлінеді.  Шығындарды  бөлу  олардың 
баптар жіктемесі бойынша жүргізіледі. 
 
Өсімдік  шаруашылығында  жерді  (егіс  алқаптарын)  құрғатуға  байланысты  дақыл 
түріне  немесе  шығын  объектісіне  тікелей  апарылатын  шығындар  дақылдың  өзіндік  құнына 
не болмаса шығын объектісіне тиісті талдамалық шоттар арқылы тікелей қосылады. 
 
Егіс  алқаптарын  қорғау  жұмыстары  бойынша  шығындар  –  дақыл  түрлеріне  тікелей 
жатқызуға  болмайтын  егіс  алдындағы  жұмыстар,  яғни  қар  тоқтату,  көғ  тасу, 
тыңайтқыштарды  жеткізу  және  басқа  да  бөлінуге  жатқызылатын  егісті  қорғау  шығындары 
болып  саналады.  Бұл  жұмыстар  бойынша  шығындардың  есебі  егін  шаруашылығында 
қолданылатын  шығын  баптарының  жіктемесі  бойынша  жүргізіледі.  Бұл  шығындар  есепті 
жыл бойы алдын ала 8410 «Үстеме шығындар» шотына ашылған арнайы талдамалық шотта 
жинақталып,  жұмыстар  аяқталғаннан  кейін  немесе  жыл  соңында  шығындар  тиісті  дақыл 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау