Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет13/43
Дата24.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#5617
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43

33 
 
 
Амортизацияны есептеу кезінде ұйым төмендегі әдістерді қолдана алады: 
 
а) бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі; 
 
б)  құнды  орындалған  жұмыстардың  көлеміне  пропорционалды  шығару  әдісі 
(өндірістік әдіс); 
 
в) жеделдетілген әдіс: 
 
- азайып отыратын қалдық әдісі; 
 
- кумулятивтік әдіс. 
 
 
5. Негізгі құралдарды жөндеу есебі 
 
 
Негізгі  құралдарды  ағымдағы  жөндеу  –  негізгі  құралдарды  жұмыс  қалпында  сақтап 
тұру  үшін  жүзеге  асырылады  және  майлау,  сырлау  сияқты  жұмыстарға,  сондай-ақ  қосалқы 
бөлшектерге,  көмекші  материалдар  мен  жұмыс  күшіне  шығындардан  тұрады.  Мұндай 
шығындар  мерзімдік  сипатқа  ие  және  деңгейі  ондай  жоғары  емес.  Олардың  есебі  үшін  екі 
әдісті қолдануға болады: 
 
  пайда  болу  мүмкіндігіне  қарай  есеп  әдісі  –  техникалық  қызмет  көрсету  мен 
ағымдағы жөндеуге нақты шығындар пайда болу мүмкіндігіне қарай көрсетіледі; 
 
  резерв  жасақтау  әдісі  –  белгілі  бір  уақыт  аралығында  техникалық  қызмет  көрсету 
мен  ағымдағы  жөндеу  үшін  шығындарды  бағалауға  негізделген.  Бұл  жұмыстардың 
маусымды сипатында шығындар анағұрлым жоғары болған жағдайда өте ыңғайлы. Мұндай 
жағдайда жөндеу жұмыстарының құны бір жылға жалпы бағаланып, тең үлеспен әрбір айға 
немесе өндіріс көлемінің қарқынына (динамикасына) байланысты бөлінеді. Таңдап алынған 
қарқынға  байланысты  жеке  шотта  негізгі  құралдарды  болашақ  мерзімде  жөндеу  үшін 
шығындар  резерві  жасақталып,  кезең  шығыстары  немесе  өндіріс  шығындары  шоттарымен 
корреспонден-цияланады. Жөндеу жүзеге асырылған кезде, жөндеуге байланысты шығындар 
жасақталған резерв есебінен шығарылады (жабылады). 
 
Негізгі  құралдарды  ағымдағы  жөндеуге  байланысты  шығындар  ұйымның 
шығындарына  тікелей  шығарылады.  Соған  орай  негізгі  құралдардың  пайдаланылу  орнына 
байланысты  7210  «Жалпы  және  әкімшілік  шығыстар»  шоты,  8  бөлім  «Өндірістік  есеп 
шоттары» бөлімінің тиісті шоттары дебеттеліп және ақша қаражаттары, материалдар, еңбек 
ақы  бойынша  есеп  айырысу,  жабқтаушылар  және  мердігерлермен,  еншілес  және  тәуелді 
ұйымдармен есеп айырысу 3300 шоттың тиісті шоттары кредиттеледі. 
 
Егер  ұйым  болашақ  мерзімде  негізгі  құралдарды  жөндеу  үшін  резерв  жасақтауға 
шешім  қабылдаса,  онда  жасақталған  резерв  7210  «Жалпы  және  әкімшілік  шығыстар»,  7110 
«Сату бойынша шығыстар», 8 бөлім «Өндірістік есеп шоттары» бөлімінің тиісті шоттарының 
дебеті  және  3440  «Басқа  да  қысқа  мерзімді  бағалау  міндеттемелері»  шоттарының  кредиті 
бойынша  көрсетіледі.  3440  «Басқа  да  қысқа  мерзімді  бағалау  міндеттемелері»  шотының 
дебеті  жөндеуге  жұмсалған  нақты  шығындар,  яғни  ақша  қаражаттары,  тауарлық-
материалдық  құндылықтар,  еңбек  ақы  бойынша  есеп  айырысу,  еңбек  ақыдан  аударымдар, 
8310  «Көмекші  өндіріс»,  3310  «Жабдықтаушылар  және  мерідігерлерге  қысқа  мерзімді 
кредиторлық берешектер» және т.б. шоттарымен корреспонденцияланады. Жылдың соңында 
3440 «Басқа да қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» шотында қалдық қалмауы тиіс. 
 
Жөндеу барысында негізгі құралдардың кейбір бөліктері олардың өнімділігін немесе 
қызмет ету мерзімін ұзартады. 
 
 
 
 
Бақылау сұрақтары: 
 
1.  Негізгі  құралдардың  қызмет  ету  мерзімі  және  нормативтік  қызмет  ету  мерзімі  дегеніміз 
не? Қандай мерзімге сәйкес амортизация есептеледі? 
2. Күрделі мүліктік объекті дегеніміз не? 


34 
 
3.  Негізгі  құралдарды  мойындау  (тану)  дегеніміз  не  және  мойындаудың  шарттары  қандай 
болады? 
4. Негізгі құралдарды бағалаудың түрлері және олардың сипаттамасы. 
5. Негізгі құралдардың «физикалық» және «моральдық» тозулары дегенміз не? 
6. Негізгі құралдардың қандай түрлеріне амортизация есептелінбейді? 
7.  Толық  амортизацияланған,  бірақ  өндірісте  әлі  пайдаланылатын  негізгі  құралдарға 
амортизация есептеліне ме? 
8.  Негізгі  құралдарды  қайта  бағалаудың  мақсаты  не  және  қайта  бағалауды  өткізу  жиелігі 
қандай? 
9.  16  «Негізгі  құралдар»  -  ҚЕХС  негізгі  құралдарды  қайта  бағалау  кезінде  жинақталған 
амортизацияны түзетудің қандай әдістерін ұсынады? 
10. Амортизацияны есептеудің әдістеріне сипаттама беріңіздер. 
 
Негізгі  әдебиеттер: 
     1. Радостовец В.В., Шмидт О.И. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учёта – 
Алматы: Центр аудит – Казахстан 
2.  Кеулімжаев Қ.К , Радостовец В.К. , Төлегенов Е.Т. , Продан Л.Г., «Ауыл шаруашылық 
кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп»,  Алматы, Қайнар 
3.  Тайгашинова  К.Т.,  Молдашбаева  Л.П.,  “Организация  учета  животноводческой 
продукции в фермерских хозяйствах” Алматы , 2009 г 
4.  Тайгашинова  К.Т.  ,  Лапбаева  С.Ш.,  Бердимурат  Н    «Вопросы  организации  кластера  в 
фермерском хозяйстве», Алматы,2008 г. 
Қосымша әдебиеттер: 
1.Ержанова    С.Ж.,  Нурумов  А.А,  Чернова  Н.М.:  Бухгалтерский  учет  в  крестьянских 
хозяйствах» Алматы 
2. МСФО-41 «Сельское хозяйство» 
3. НСФО №1 Бюллетень бухгалтера, 2008г. 
4.  Международные  стандарты  финансовой  отчетности  (Общий  обзор  и  разъяснения). 
Составители Сейдахметова Ф. и др. - Алматы :ТОО «Издательство LEM», 2009 г. 
5.    Тайгашинова  К.Т.  ,  Тлеукабылова  К.Б.  “Значение  производственной  бухгалтерии  в 
условиях формирования рынка”, Алматы , 2009 г 
6.  Ержанова  С.Ж  .,  Нурумов  А.А.,  Чернова  Н.М.,  “Бухгалтерский  учет  в  крестьянских 
хозяйствах” 
7.  Пизенгольц  П.И.  и  др.  “Бухгалтерский  учет  в  сельскохозяйственном  производстве” 
Учебник М: – М. 2007г. 
 
Дәріс тақырыбы: 
4. БИОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІ 
 
Дәріс мақсаты: 
 
Қаржылық  есептіліктің  1-ші  Ұлттық  стандарты  және  Қаржылық  есептіліктің  41-ші 
«Ауыл  шаруашылығы»  халықаралық  стандартына  сәйкес  билогиялық  активтер  дегеніміз 
ұйымның меншігіндегі малдар мен өсімдіктер  
Дәріс сұрақтары: 
1.Өсімдегі және бордақылаудағы малдарды бағалау ерекшеліктері 
2.Өсімдегі және бордақылаудағы малдардың қозғалысын құжаттау 
3.Өсімдегі және бордақылаудағы малдардың бухгалтерлік есебі 
 
1. Өсімдегі және бордақылаудағы малдарды бағалау ерекшеліктері 
 
Қаржылық  есептіліктің  1-ші  Ұлттық  стандарты  және  Қаржылық  есептіліктің  41-ші 
«Ауыл  шаруашылығы»  халықаралық  стандартына  сәйкес  билогиялық  активтер  дегеніміз 
ұйымның меншігіндегі малдар мен өсімдіктер. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау