31
Амортизациялық құн – негізгі құралдардың жойылу құнын шегеріп тастағандағы
қаржылық есеп беруде бастапқы құнның орнына көрсетілетін активтердің бастапқы құнын
немесе басқа да бағаларын көрсетеді.
Ағымдағы құн – осы уақытты активтерді сатып алуға жұмсалатын ақша
қаржаттарының немесе олардың баламаларының сомасы.
2. Негізгі құралдардың қозғалысы
бойынша құжат айналымы
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына негізгі құралдар салынған құрылыс
объектілерін кірістеу, машиналар мен көлік құралдарын және басқа да ауыл шаруашылығы
техникаларын сатып алу, өндірістік және шаруашылық мүліктер мен бұйымдарды ұйымның
өзі дайындауы арқылы, жас төлдерді негізгі табынға ауыстыру, көп жылдық көшеттерді
негізгі құралдар қатарына енгізу немесе басқа кәсіпорындардан сатып алу арқылы
жүргізіледі.
Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша Қазақстан Республикасының заңдылықтары
немесе мемлекеттік өкімет органдары бекіткен келесідей алғашқы есеп құжаттар есеп
тәжірибесінде қолданылады:
- «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі» (НҚ-1);
- «Ж
өнделген, қалпына келтірілген, жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру
актісі» (НҚ-2);
- «Негізгі құралдарды шығару актісі» (НҚ-3);
- «Автокөлік құралдарын шығару актісі» (НҚ-4);
- «Негізгі құралдар есебінің мүліктік карточкасы» (НҚ-5);
- «Негізгі құралдар есебі бойынша мүліктік карточкалардың тізімі»
(НҚ6);
- «Негізгі құралдар қозғалысы есебінің карточкасы» (НҚ-7);
- «Жалдағы (ұзақ мерзімді жалдағы) негізгі құралдар есебінің карточкасы» (НҚ-8);
- «Материалдық-жауапты тұлға бойынша негізгі құралдардың мүліктік тізімі»
(НҚ9).
3. Негізгі құралдардың талдамалық және
жиынтық есебі
Қаржылық есептемелерін ҚЕХС-на сәйкес ұйымдастыратын кәсіпорындар негізгі
құралдар есебін 2410 «Негізгі құралдар» шотында жүргізеді. Өнім және жұмыс малдарының
есебін 2520 «Малдар» шотына ашылған 2520/1 «Өнім малдары»; 2520/2 «Жұмыс малдары»
активтік шотында, ал көпжылғы көшеттердің бухгалтерлік есебін 2510 «Өсімдіктер» шотына
ашылған 2510/1 «Өнім беретін көпжылдық көшеттер»; 2510/2 «Егіс алқаптарын қорғайтын
көпжылдық көшеттер» және басқа да көшеттердің түрлеріне байланысты ашылатын аралық
шоттарда жүргізуге болады.
Бұл бөлімнің шоттары ұйымның меншікті пайдалануындағы шаруашылық жүргізу
немесе жедел басқаруындағы, ұзақ мерзімді жалдағы, негізгі құралдардың, өнім және жұмыс
малдары мен көпжылдық көшеттердің нақты бары, қозғалысы жөніндегі мәліметтерді
жинақтауға арналған.
Негізгі құралдарға тиісті шоттардың дебеті негізгі құралдардың бастапқы құндарымен
түсу кезінде төмендегі шоттармен корреспонденция-ланады:
- 2930 «Аяқталмаған құрылыс» - ұйымның шаруашылық әдісімен салынған негізгі
құралдарды пайдалануға берілуі;
- 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты», 1010 «Кассадағы ақша
қаражаты» арқылы негізгі құраладрды сатып алу;
- 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»,
3390 «Өзге де қысқа мерзімді кредиторлық берешектер» - төлем арқылы заңды және жеке
тұлғалардан негізгі
құралдарды сатып алу кезінде;
32
- 5110 «Төленбеген капитал» - негізгі құралдар объектісін құрылытайшылардың
жарғылық қорға салған салымдары;
- 6230 «Мемлекеттік субсидиялардан алынған кірістер» немесе 6280 «Өзге де
кірістер» - басқа да заңды және жеке тұлғалардан негізгі құралдарды төлемсіз алу арқылы
кірістегенде;
- 4150 «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешектер» - негізгі құралдарды ұзақ
мерзімді жалға алу кезінде кірістегенде.
Бухгалтерлік есепте есептен шығарылған негізгі құралдардың құны 2410 «Негізгі
құралдар» бөлімінің сәйкесті шоттарының кредитінен мына шоттардың дебетіне
шығарылады:
- 2420 «Негізгі құралдардың тозуы» және 7410 «Негізгі емес қызметтерден шығыстар»
- сату кезінде, физикалық және моральдық тозудың нәтижесінде негізгі құралдардың істен
шығуы, сонымен қатар басқа заңды және жеке тұлғаларға төлемсіз беру кезінде. Осымен
біруақытта негізгі құралдарды сату кезінде алынған кіріске 6210 «Негізгі емес қызметтерден
кірістер» бөлімінің сәйкесті шоттарының кредиті және 1210 «Сатып алушылар
мен тапсырыс
берушілердің берешегі», 1060 «Банктің арнайы шоттарындағы ақша қаражаттары», 1030
«Ағымдағы банктік шоттағы нақты ақша», 1010 «Кассадағы нақты ақша» шоттарының дебеті
бойынша
бухгалтерлік жазу беріледі;
- 2420 «Негізгі құралдардың тозу» және 7410 «Негізгі емес қызметтерден кірістер» -
негізгі құралдар объектісін басқа ұйымдардың жарғылық қорына салым ретінде бергенде.
Осымен біруақытта 6210 «Негізгі емес қызметтерден кірістер» бөлімінің сәйкесті
шоттарының кредиті және 2200 «Инвестициялар» бөлімінің сәйкесті шоттарының дебеті
бойынша бухгалтерлік жазу беріледі.
- 2420 «Негізгі құралдардың тозуы» және 7410 «Негізгі емес қызметтерден кірістер» -
ұзақ мерзімді қаржылық жалға беру кезінде. Осымен біруақытта біруақытта 6210 «Негізгі
емес қызметтерден кірістер» бөлімінің сәйкесті шоттарының кредиті және 2160 «Басқа да
дебиторлық берешек» бөлімі шоттарының дебеті бойынша бухгалтерлік жазу беріледі.
- 2420 «Негізгі құралдардың тозуы» және 7510 «Төтенше жағдайлардан және
тоқтатылған операциялардан кірістер (зияндар)» - төтенше жағдайлардан және тоқтатылған
операциялардың нәтижесінде негізгі құралдардың шығуы.
Негізгі құралдардың істен шығуына байланысты пайда болған кірістер немесе зияндар
сату құны мен баланстық құн, сондай-ақ сату және активтердің басқадай істен шығуына
байланысты шығындар асрасында айырма арқылы анықталады.
Негізгі құралдарды істен шығару кезінде олардың қызмет ету ұзақтығында бөлінбеген
кіріске апарылмаған қайта бағалаудың жалпы сомасы 5320 «Негізгі құралдарды қайта
бағалаудан қосымша төленбеген капитал» шотының дебетінен 5510 «Есепті жылдың
бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)» шотының кредитіне шығарылады.
4. Негізгі құралдардың тозуы
мен амортизациясының есебі
Ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын негізгі құралдар ұзақ мерзім өндіріс
процесіне қатыса отырып, біртіндеп тозуға ұшырайды. Тозу бұл – негізгі құралдардың
физикалық және моральдық сипаты жағынан жойылуы.
Физикалық тозу – незгі құралдарды пайдалану кезінде және сыртқы яакторлардың
әсерінен пайда болады.
Моральдық тозу – ғылым мен техниканың жаңа талаптарына активтердің сәйкес
келмеу процесі.
Негізгі құралдардың амортизациясы
– негізгі құралдардың біртіндеп тозу
сомаларының дайындалған өнімнің (орындалған жұмыстардың) құндарына немесе кезең
шығындарына апарылу процесі. Амортизация жер учаскілеріне, өнім малдарына, кітапхана
қорларына есептелінбейді. Активтерге амортизация олар пайдалануға жарамды кезінен
бастап
шыққан дейін, актив ұзақ уақыт бойы қызметте болмаса да есептелінеді.