43
2) Жанар-жағар май. Әрбір дақыл түрі бойынша немесе аяқталмаған өндірісте жұмыс
орындаған машиналар мен комбайндарға жұмсалынған мұнай өнімдері есепке алынады.
Жанар-жағар май шығыны сандық және ақшалай өлшемде есепке алынады. Өндірістегі
техникаларға жанар-жағар май оларды шаруашылыққа дейін жеткізу шығындарын қоса
отырып, сатып алу құны немесе орташа өлшем бағасымен жіберледі.
3) Тыңайтқыштар. Әрбір дақыл түрі немесе топтары бойынша жұмсалынған
минералдық және органикалық тыңатйқыштар есебі жүргізіледі. Әрбір минералдық
тыңайтқыш түрі бойынша (спуерфосфат, амиак қышқылы, нитрофоска және т.б.) физикалық
салмағын және олардың 100 %-ға есептелінген сіңімді заттық өлшемін көрсеткен жөн.
Минералдық тыңайтқыштардың физикалық салмағын 100%-дық сіңімді заттық өлшемге
айналдыру үшін әрбір минералдық тыңайтқыштың физикалық салмағын оның құрамындағы
пайыздық көрсеткішке көбейтіп, 100 %-ға көбейтеді. Минералдық тыңайтқыштардың құны
сатып алу бағасы мен оларды орталық қоймаға дейін тасымалдау шығындарынан тұрады.
Бұл шығын құнына минералдық тыңайтқыштарды қолдануға және
себуге дайындау және егіс
алқабына жеткізу шығындары қосылмайды.
4) Басқа да материалдар. Өндіріске тікелей қажетті электр энергиясы, су және жылу
шығындары, егер шаруашылықтың өзінде өндіріліп пайдаланылатын болса, онда оны өндіру
мен жеткізуге жұмсалған барлық шығындардың негізінде есепке алынады да, ал басқа
жақтан сатып алынатын болса, онда олардың сатып алу бағалары мен жеткізу
шығындарының мөлшерінде есепке алынады.
«Еңбек
ақы
шығындары».
Бұл
шығын
жіктемесі
бойынша
өсімдік
шаруашылығындағы жұмысшылардың барлық негізгі және қосымша еңбек түрлерінің есебі
қарастырылады.
Бұл шығын бабы бойынша өсімдік шаруашылығында әрбір дақыл өндірісіне немесе
аяқталмаған өндіріске қатысы бар өндірістік жұмысшылардың, яғни егін егуге жерді
дайындаушы тракторшылардың, тұқымды отырғызуға дайындау, отырғызу, оны бағып-күту,
жинау, соңғы дайын өнім алуға байланысты жұмысшылардың еңбек ақы шығындары есепке
алынады.
Еңбек ақы құрамына өсімдік шаруашылығында орындалған жұмыс үшін кесімді баға
бойынша және орындалған уақыт үшін тарифтік бағамен есептелінген еңбек ақы
шығындары, сонымен қатар өнімнің, орындалған жұмыстардың жоғары сапалылығы үшін,
жұмыстарды уақытынан бұрын орындағаны үшін, сондай-ақ машинистер мен
тракторшылардың үлгілі жұмыстары үшін қосымша үстеме ақылар қосылады.
«Еңбек ақыдан аударымдар». Бұл шығын бабында ҚР Салық Кодексіне сәйкес еңбек
ақы қорынан есептелінетін әлеуметтік салық пен міндетті әлеуметтік аударымдар
(әлеуметтік
сақтандыру, әлеуметтік салық) бойынша көрсетіледі.
«Үстеме шығыстар». Бұл
шығын бабы бойынша жоғарыда айтылған шығындардан
басқа өсімдік шаруашылығындағы өнім өндірісіне жалпы кешенді қатысы бар және белгілі
бір бөлу базалары негізінде дақыл түрлеріне бөлінетін төмендегідей шығын түрлері
көрсетіледі.
1) Негізгі құралдардың амортизациясы. Бұл шығын түрі бойынша өсімдік
шаруашылығындағы әрбір дақыл өндірісіне немесе аяқталмаған өндіріске қатысты негізгі
құралдардың тозуына байланысты есептіліген амортизациялық аударымдар көрсетіледі.
2) Негізгі құралдарды жөндеу шығындары. Бұл шығын түрі бойынша өсімдік
шаруашылығындағы әрбір дақыл өндірісіне немесе аяқталмаған өндіріске қатысты негізгі
құралдарды (өсімдік шаруашылығы техникасын, жылжайларды, бужайларды) жөндеуге
жұмсалынған шығын сомасы есепке алынады.
3) Басқа да үстеме шығындар. Бұл шығын түрі бойынша әрбір дақыл түрінің өндірісі
немесе аяқталмаған өндірістегі жұмысшыларды техникалық қауіпсіздендіру, оларға
тұрмыстық қызмет көрсету, жұмысшылардың көп жылғы еңбегі үшін сыйақылар, кадрларды
дайындау және қайта дайындау шығындары, жұмысшыларды жұмысқа шақыру мен оларды
44
жұмыс орындарына тасымалдау шығындары, күзет қызметтері және негізгі шығындар
құрамында көрсетілмейтін басқа да материалдардың құндары есепке алынады.
4) «Сақтандыру шығындары». Бұл шығын түрі бойынша егінді табиғи апаттардан
сақтандыруға байланысты шығындар есепке алынады.
3. Өсімдік шаруашылығындағы аяқталмаған өндіріс пен бөлінетін шығындар
есебі
Аяқталмаған өндірістегі шығындар есебі. Өсімдік шаруашылығы өндірісінің
айрықша ерекшелігі сол, мұнда көптеген дақылдарды өсіру процесі бір күнтізбелік жылмен
аяқталмайтындығында. Сондықтан өсімдік шаруашылығындағы шығындарды есепте
ағымдағы жылдың егіні үшін өткен жылдың шығындары, ағымдағы жылдың егіні үшін осы
жылдың шығындары және болашақ жылдың егіні үшін осы жылдың шығындары деп бөлуге
болады. Тәжірибеде алғашқы аталған екі топтағы шығындар күнтізбелік жылдың басында
қосылады, яғни өткен жылдың шығындары ағымдағы жылдың өнім өндірісі бойынша
талдамалық шоттарға көшіріледі. Соның нәтижесінде есепте ағымдағы жылдың және
болашақ жылдың егіні үшін шығындар бөлек көрсетіледі.
Болашақ жылдың егіні үшін шығындар жұмыс түрлері бойынша арнайы талдамалық
шоттарда бөлек жинақталады, себебі өндіріс процесі кезінде бұл шығындардың қандай өнім
түріне қатысты екені анық болмайды.
Аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар бірінші жылы ағымдағы жылдың егіні
бойынша жұмсалынған шығын баптары сияқты есепте көрсетіледі.
Ағымдағы жылдың егініне қатысты аяқталмаған өндіріс шығындары төмендегідей
тәртіп бойынша есептен шығарылады:
Күздік дақылдарды отырғызу бойынша барлық шығындар ағымдағы жылдың күздік
дақылдардың талдамалық шоттарына көшіріледі. Ал болашақ жылдың дәнді дақылдарына
қатысты шығындар тиісті дақыл түрлеріне болашақ жылдың көктемінде әрбір дақыл түрі
бойынша нақты егіс алқабының көлемі анықталғаннан кейін егістің көлеміне
пропорционалды түрде
бөліне отырып, таратылады.
Аяқталмаған өндіріс шығындарын бөлу – бухгалтерлік есептің маңызды сатысы
болып табылады, сондықтан әрбір шаруашылықта оған аса маңызды көңіл бөлінуі қажет.
Аяқталмаған өндіріс шығындарын бөлу алдында қыста өлген егіс көлемін анықтап алу
қажет. Содан соң әрбір жұмыс түрі бойынша аяқталмаған өндіріс қалдығын апаратын есеп
объектісі анықталуға тиісті. Аяқталмаған өндіріс шығындарын бөлу мақсатында шығын
баптары бойынша аяқталмаған өндірістегі бөлінетін шығындардың құнын көрсететін шығын
есебінің әрбір объектісіне байланысты арнайы есептеу әдістемесі қолданылады. Әрбір
жұмыс түрі бойынша 1 гектар егіске шығын сомасы анықталады. Содан соң әрбір дақыл
түріне қатысты егіс алқабының көлемін қолдана отырып, шығындар бөлінуге жатқызылады.
Осындай жолмен жер жырту, буландыру, қар тоқтату, органикалық және минералдық
тыңайтқыштарды себу, есеп беріліп отырған жылдың көктеміндегі көпжылдық шөп егістері,
өткен жылдағы көпжылдық шөп егістері, ағымдағы жылдың күзіне қаралай пар жырту,
келесі жылдың жаздық дақылдары егілетін пар, шабындықтарды шылғынға айналдыру, жаңа
жерлерді игеру, мәдени жайылымдар, мәдени шабындықтар, топыраққа әк себу жұмыстары
бойынша шығындар дақыл түрлері арасында таратылады.
Аяқталмаған өндірістің көлемі арнаулы комиссия жүргізетін түгендеудің нәтижесінде
анықталады, комиссия күздік егістердің көлемін және келесі жылдың өнім үшін жұмыстар
жүргізілген алқапты нақты күйінде қарап шығып, өлшеуге міндетті. Ағымдағы жылы
егілген, әлі өнім шықпаған алқапты, атқарылған егіс жұмыстарының сапасын, егістердің
жәй-күйін және басқа да жұмыстардың сапасын анықтап алады. Оның нәтижесі аяқталмаған
өндірісті түгендеу тізімдемесіне түсіріледі, сөйтіп шығындардың дайын өнім мен
аяқталмаған өндіріс арасында дұрыс бөлінуі қамтамасыз етіледі.
Егіс алқаптарын, табиғи жайылымдарды алғашқы мелиорациялау бойынша шығындар
арнайы талдамалық шоттарда есепке алынады. Оған топыраққа органикалық және
минералдық тыңайтқыштарды жіберу, табиғи жайылымды жерлерге көпжылдық шөптерді