Педагогика факультеті Психологиялық – педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы Мәнжазба Тақырыбы


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті



жүктеу 152,16 Kb.
бет16/20
Дата16.01.2022
өлшемі152,16 Kb.
#32926
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
ДШ деф102 СӨЖ2

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Педагогика факультеті

Психологиялық – педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы
Мәнжазба

Әлеуметтік проблемаларды шешу барысындағы дене мәдениетінің әсері



Тексерген: Кулембаева А.Г.

Тобы: МДОжТ-202

Ақтөбе - 2020 жыл
Дене тәрбиесі жүйесі – өзара қарым – қатынастағы жеке дене тәрбиесі жүйесі және әртүрлі қоғамдық топ өкілдерінің ерекшеліктеріне қарай сипатталады (балалар дене тәрбиесі жүйесі, мектеп оқушылары дене тәрбиесі жүйесі т.б.) Балалар дене тәрбиесі жүйесі – әртүрлі жастағы топтардың денсаулығына жан – жақты бағытта қызмет жасайтын қоғамдық ұйым. Дене тәрбиесінің әр жуйесі дене тәрбиесіне тиянақты – тарихи түрін бейнелейтіндіктен қойылған мақсаттқа жету үшін осы немесе басқа ұйымдардан құралады. Жүйе айқын салалар құрылымымен олардың қызметі басқа да жүйелерінің қарым – қатынас ерекшеліктерімен айқындалады. Жүйенің ең басты қызметі — адамдардың дене мәдениетін жоғары сатыға көтеру үшін барлық осыған тікелей қатысты құрылады. Дене тәрбиесі жүйесінің басты талаптары: 1) дене тәрбиесі негізі мен әдісі сауықтыру жағдайында тек заңды негізге сүйену керек; 2) дене жүктемелері оқушылардың мүмкіншіліктеріне байланысты берілуі керек; 3) дәрігерлік педагогикалық бақылау мұғалімнің кез – келген оқу – тәрбие жұмысында болуы міндетті; 4) санитарлық – гигиеналық қалыпты, күнді, ауа мен суды пайдалану – барлығы әрбір дене жаттығулары кезінде қолданылуы кажет. «Дене шынықтыру» және спорт ұғымдарымен қатар «дене тәрбиесі» деген ұғым бар. «Дене шынықтыру» жүйке – бұлшықет аппаратының көмегімен адамның денесіне әсер ету дегенді білдіреді. «Тәрбие» сөзі сол дене шынықтыру арқылы кәсіби тұлғаны қалыптастыра отырып, адамның әлеуметтік және интеллектуалдық дамуына әсер етуге болатынын көрсетеді.
«Дене шынықтыру» және спорт ұғымдарымен қатар «дене тәрбиесі» деген ұғым бар. «Дене шынықтыру» жүйке – бұлшықет аппаратының көмегімен адамның денесіне әсер ету дегенді білдіреді. «Тәрбие» сөзі сол дене шынықтыру арқылы кәсіби тұлғаны қалыптастыра отырып, адамның әлеуметтік және интеллектуалдық дамуына әсер етуге болатынын көрсетеді.

Дене мәдениеті – адамдардың дене қуатын жетілдіруге қолданылатын мемлекеттің, қоғамның материалдық және рухани байлығын құрайтын, халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы . Материалдық байлықтар - спорт сарайлары, стадиондар, бассеиндер, спорт залдары, түрлі спорттық ғимараттар, құрал жабдықтар. Рухани байлықтар - дене тәрбиесі мен спорт саласындағы арнаулы білім, ғылыми зерттеулер, озық тәжірибелер, әдістемелер, идеялар.


Дене мәдениетінің бағыттары; негізгі дене мәдениеті, спорт, сауықтыру, қолданбалы дене мәдениеті және жеке басылық дене мәдениеті.
Негізгі дене мәдениетінің міндеттері - біріншіден адамдардың өмірге керек қимылының шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруы, дене қуаты қасиеттерінің деңгейін дамытуы, екіншіден осы жинақтаған қасиеттерді (базаны, негізді) адамдардың қалап алған мамандықтарына (кәсіптік, спорттық т,б.) қолдануы. Негізгі дене мәдениеті жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында, оқу - тәрбие мекемелерінде дене тәрбиесі сабақтары, әртүрлі жаттықтыру түрлерінде жүргізіледі.
Спорт дегеніміз - әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Ол адамның психикасының, дене қуатының жетілуін қамтамасыз етеді. Спорттық әрекеттің негізгі мақсаты, спорттың бір түрінен биік жетістіктерге жету, сол арқылы адамның қабілетін, жақсы қасиеттерін дамыту.
Қолданбалы дене мәдениеті кәсіптік және әскери деп екіге бөлінеді. Ол өмірге, келешек мамандыққа өте қажет кешенді қимыл - әрекеттерді игеру, дене тәрбиесі арқылы өз мамандықтарын (әскери де, азаматтық та) жақсы меңгеру, терең түсінуге бағытталады.
Сауықтыру дене мәдениеті – емдік және денсаулық нығайту дене мәдениеті деп бөлінеді. Емдік дене мәдениетінің мақсаты адам ағзасы мүшелерінің ауырып, уақытша жоғалтып алған қызметтік мүмкіншіліктерін дене жаттығулары арқылы қалпына келтіру. Денсаулық нығайту дене мәдениеті – денсаулықты нығайтуға, жаттығушылар ағзасының жұмыс істеу қабылетін арттыруға қызмет етеді. Сабақ арасында, жұмыста (сергіту сәттері, өндірістік гимнастика, дене жаттығулары) күнделікті тұрмыста (таңертеңгі бой жазу, өз бетімен жаттықтыру сабақтары, серуендеу, саяхат, жорық т.б.) қолданылады.
Дене тәрбиесі – дене мәдениетінің әрекетті бір саласы, тәрбиенің түрі. Оның ерекшеліктері қозғалысқа үйрету, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу, дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялық білім беру.
Дене қуаты дайындығы дегеніміз – әртүрлі әрекеттердің \ әскери, спорт, өнеркәсіп\ талабына сай дамытылған дене қуаты қасиеттерінің, қимыл дағдысының нәтижесі. Ол жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы деп бөлінеді. Жалпы дене қуаты дайындығы –жалпы әртүрлі әрекет түрлеріне бағытталған дене тәрбиесі үрдісі. Арнайы дене қуаты дайындығы дегеніміз – арнайы бір спорт немесе кәсіп түріне қарай бағытталған дене тәрбиесі үрдісі.
Дене қуатының дамуы дегеніміз – адам ағзасының табиғи және мақсатты жолмен өсуі. Табиғи жолмен өскенде баланың морфофункционалдық көрсеткіштері: бойы, салмағы, дене мүшесі көлемі өзінің табиғи өсу жолымен өзгереді. Мақсатты жолмен өсуі әртүрлі арнаулы құрастырылған жаттығулар көмегімен өседі, өзгереді.
Дене қуатының рекреациясы – жаттығулар жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен халықтың көңілін көтереді, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді.
Дене қуатының реабилитациясы – адам организмінің жарақат алып ауырған функцияларын жаттығулар, массаж, монша буы, су процедурлары арқылы емдеу, қалпына келтіру.
Дене қуатын жетілдіру – адамның дене қуаты қасиетін үйлесімді дамыту және жан-жақты дайындығын жоғары деңгейге жеткізу.
Дене қуаты білімі – адамды қимыл ептілігі мен дағдысына үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.
Шынықтыру – дене шынықтыру, адам денесін су, ауа, күн процедуралары арқылы, дене жаттығуларын орындау арқылы шынықтыру
Дене тәрбиесi екі бағытта түсіндіріледі: қозғалыс іс-әрекетіне үйрету және физикалық (қозғалыс) қасиеттерiн дамыту, бұл жұмыстардың арқасында адамға өмір сүру процесінде қажет болатын қозғалыс дағдылары қалыптасады. Дене тәрбиесi жүйесiнің мақсаты – адамның дамуына, оның әлеуметтік маңызы бар қызметтерді орындап, қоғамдағы жаңа құрылымдарға белсенді қатысуына әсер ету. Бұл мақсаттар келесі топтар арқылы жүзеге асады:

■ сауықтыру;

■ білім беру;

■ тәрбиелеу.

Сауықтыру тобына келесі міндеттер кіреді: адам организмінің морфофункционалды көрсеткіштерін жоғарылату (жүйенің құрылымына да, жүйесіне де қатысы бар); физикалық қасиеттердiң жас ерекшеліктеріне сай дамуын қамтамасыз ету; организмнің сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерiне төзімділігін күшейту. Білім беру тобына келесі міндеттер кіреді: салауатты өмір салты, қозғалыс белсенділігі, валеология саласында арнайы білім беру жүйесін қалыптастыру; өмір сүру процесінде қолдану үшін қозғалыс дағдылары мен машықтарын қалыптастыру; дене жаттығуларын жеке және топпен жасау кезіндегі гигиеналық білім жүйесі мен дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелеу тобына келесі міндеттер кіреді: әлеуметтiк, адамгершiлiк, зияткерлiк, ерiктiк қасиеттерді, таным белсендiлiгiн қалыптастыру, қозғалыс қызметі негізінде этикалық және эстетикалық қасиеттерді тәрбиелеу. Тәрбие процесі дене тәрбиесi оқытушысының, тренердің тұлғасына, оның моральді – этикалық қасиеттеріне бағынышты болады, себебі тренерсіз жеке немесе топпен жасалған дене жаттығуларының тәрбиелік маңызы болмайды. Қозғалыс, музыка, жақсы қарым – қатынастар – бұлар дене тәрбиесі процесінде тұлғаны тәрбиелеуде қарапайым да қолжетімді факторлар. Мiндеттердi сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу деп бөліп қарастыру шартты түрде ғана жүзеге асады, алайда дене тәрбиесінің жалпы процесінде олар бір – бірімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Дене тәрбиесiнiң құралдары:

■ дене шынықтыру жаттығулары;

■ гигиеналық факторлар;

■ табиғаттың сауықтыру күштері. Дене шынықтыру жаттығулары ең басты құрал болып табылады, жаттығуларсыз адамның физикалық потенциалына әсер ету мүмкiн емес. Қорыта келгенде, дене шынықтыру жаттығулары – бұл мақсатты түрде адамға әсер ету үшін пайдаланылатын қозғалыс. Дене тәрбиесiне дене шынықтыру жаттығуларының әртүрлі түрлерін таңдап, кешенді қолдана білу тән. Гигиеналық факторлар – бұл адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсер ететiн факторлардың жиынтығы. Оларға келесілер жатады: еңбек және демалыс тәртібі, дұрыс тамақтану, жеке гигиена, дене шынықтыру жаттығулары және жарыстардың өтетін жерлердің гигиеналық жағдайы.




жүктеу 152,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау