Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Педагогика факультеті
Психологиялық – педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы
Мәнжазба
Салуатты өмір салтының ұйымдастыру процессі
Тексерген: Кулембаева А.Г.
Тобы: МДОжТ-202
Ақтөбе - 2020 жыл
Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын.
Мазмұны
1 Денсаулық сақтау шаралары
1.1 Қимыл белсенділігі
1.2 Организмді шынықтыру
1.3 Дұрыс толыққанды тамақтану
1.4 Жарақаттың алдын алу
1.5 Жұқпалы аурулардың алдын алу
1.6 Зиянды әдеттерден алшақ болу
1.7 Күйзеліс (стресс) пен кикілжіңді болдырмау
1.8 Экологияның денсаулыққа әсері
2 Тағы қараңыз
3 Дереккөздер
Денсаулық сақтау шаралары
Қимыл белсенділігі
Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организмде өзгерістер дамиды.
Организмді шынықтыру
Организмді шынықтыру
Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы , шынығуға бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Салауатты өмір салты – жан-жақты, кешенді ұғым. Алайда оның аясындағы түсініктің барлығы сайып келгенде, адам өмірінің басты құндылығы адам денсаулығын жақсарту мен нығайту мәселесіне байланысты болып келеді. Елбасымыз «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған» [1],-деген. «Қазақстан-2030» стратегиясында салауатты өмір салтын ұстануға байланысты төмендегі іс-шаралар маңызды деп көрсетілген: нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес, темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту, тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту
Ғаламтор бетінен оқыған мына бір мәлімет мені қатты ойландырды: «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының дерегі бойынша, халық денсаулығының 49-53 пайызы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20% пайызы қоршаған ортаға (аймақтың экологиялық және климаттық-географиялық ерекшеліктеріне), 18-22% пайызы тұқым қуалау себептеріне, біздің денсаулығымыздың тек 8-10% пайызы ғана денсаулық сақтау ұйымына тәуелді»[3]. Бұл мәліметті оқи отырып, он екі мүшесі бүтін, алпыс екі тамыры сау болып дүниеге келген адамның әрі қарайғы денінің сау болуының 50 пайызы өз қолында екенін өзім қатарлас өсіп келет жатқан қатарластарыма да айтуды жөн көрдім.
Жалпы не туралы сөз қозғасаң да, ең алдымен оның анықтамасын айта кеткен әбден дұрыс. Мысалы салауатты деген сөз ақылды, байыпты, парасатты, ойлы деген ұғымды білдіреді екен. Ал өмір салты дегеніміз әр адамның қалай тіршілік ететіні, қалай тамақтанып, қалай демалатындығы, яғни тіршілік ету көрінісі деуге болады. Кез келген адам өзінің белгілі бір қалыптасқан өмір салтымен тіршілік етеді. Адамның өмір сүру салты тіпті қанға, оның ата-тегіне байланысты болуы мүмкін. Дәл осы себептерге орай, салауатты өмір сүру салтыүш категорияға бөлінеді екен:
1. Салауатты өмір сүру деңгейі;
2. Салауатты өмір сүрудің сапасы;
3. Салауатты өмір сүрудің стилі.
Салауатты өмір сүру деңгейі – экономикалық категория. Бұл адамның материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуімен түсіндіріледі. Ал салауатты өмір сүру сапасы - әлеуметтік категория – ата-анасының жұмыс орындары (оқу орындар, мектептер),өскен ортасы т.б. байланысты.
Салауатты өмір сүру стилі – әлеуметтік-психологиялық категория. Бұл адамның жалпы өмірде, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстай білуіне, әр түрлі қасиеттерімен көріне білуіне, сондай-ақ өзін тікелей жетілдіре білуіне байланысты.
Бұл үш категорияның алғашқы екеуі, яғни салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы адам әлеуетіне байланысты. Өйткені оқушы оларды, яғни ата-ананы, әлеуметтік-материалдық жағдайды таңдап ала алмайды. Сондықтан да адам денсаулығының жақсы болуы немесе нашарлауы, оның жалпы салауаттылық деңгейі үшінші атап көрсетілген салауатты өмір сүру стиліне байланысты. Салауатты өмір сүру стилі дағдыға және Біздің әрқайсымыздың бейімділігімізге байланысты екен. Ендеше салауатты өмір салтын ұстануды 99 пайызға игерілуге болатын құбылыс деп батыл айта аламыз.
Салауаттанудың зерттеу пәні — адам. Зерттеуге организмнің анатомиялық, физиологиялық негіздері, бейімделу тетіктері, корғану тосқауылдары, организмнің сыртқы ортаға бейімделуі туралы білімдері енеді. Салауаттану адамның термодинамикалық, денелік, химиялық, антропологиялық, экологиялық құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі, этикалық және эстетикалық ұстанымдарын жеткізуші жеке тұлға ретінде қарастырылады. Тек осындай кешенді тәсіл оның негізгі қасиеті — денсаулығын сипаттауға мүмкіндік береді.
Тіршілік дегеніміз тек адамның ғана емес, кез келген тірі организмнің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі болғандықтан, салауаттану тіршілік етуге қажетті ортаның әсерін барлык кұрауыштарымен оқып-үйрену міндетін қояды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-53%-ы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20%-ы қоршаған ортаға (аймақтың экологиялық және климаттық-географиялық ерекшеліктеріне), 18-22%-ы тұқым қуалау себептеріне, біздің ден-саулығымыздың тек 8-10%-ы ғана денсаулық сақтау ұйымына тәуелді.
Денсаулық қатерінің негізгі факторлары — қозғалыс күшінің кему саддарынан қимылдың кемуі (гиподинамия), дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің (шылым шегу, алкоголь пайдалану, уланқорлық, нашақорлық, т.б.) кең таралуы. Салауаттану ғылымы қандай амалдардың жәрдемімен денсаулықты сақтап, нығайтуға болатынын егжей-тегжейлі түсіндіреді. Салауатты өмір салтын қалып-тастырудың негізгі бағытгары мыналар:
— жеке және қоғамдық гигиена;
— дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;
— организмді жаратылыс-табиғи факторлармен — су, ауа, күн жарығымен және т.б. шыңдау;
— күн тәртібін тиімді пайдалану;
— дұрыс және уақтылы тамақтану;
— жұкпа аурулардың алдын алу;
— тән ауруларынан сақтандыру;
— жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтандыру;
— зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды) сақтандыру;
— жыныс гигиенасы;
— психопрофилактика және психогигиена;
— кикілжің және денсаулық;
— экология және денсаулық.
Салауаттанудың негізгі мақсаты — әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты -балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |