Педагогика факультеті Психологиялық – педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы Мәнжазба Тақырыбы


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті



жүктеу 152,16 Kb.
бет14/20
Дата16.01.2022
өлшемі152,16 Kb.
#32926
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
ДШ деф102 СӨЖ2

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Педагогика факультеті

Психологиялық – педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы
Мәнжазба

Дене тәрбиесі құралдар арқылы қәсіпкой ауралардың және жарақаттанудың алдын алу жолдары.



Тексерген: Кулембаева А.Г.

Тобы: МДОжТ-202

Ақтөбе - 2020 жыл

Әлемде жолда қаза табатын адамдардың жартысы «жол тәртібін сақтамаушылар», оның ішінде жаяу жүргіншілер, велосипедшілер мен мотоцикл жүргізушілері болып табылады. Болжам бойынша жол тәртібін бұзудан жол-көлік оқиғасының саны өсіп, 2030 жылға қарай өлім-жітім себебінің маңызы бойынша жетінші орынды алатын болады Тұрмыстық жарақаттану жағдайлары мектеп жасына дейінгі балалар арасында жиі кездеседі. Қауіпті жағдайларды болдырмас үшін, сыртқы және ішкі өрттен сақтануға арналған баспалдақтар бала бойынан биік ағаш шарбақтармен қоршалуы тиіс. Ал, балабақшадағы баспалдақ қанаттары үлкендердің бойынан төмен дайындалғаны дұрыс.Топ бөлмелерінің есіктері әйнек болмауы керек, өйткені балалар қозғалыс кезінде әйнекті оңай сындырып, жарақат алуы мүмкін. Немесе, олар сынбайтын қалың әйнектен жасалауы керек. Жылыту батареяларын ағаш тіректермен қоршаған дұрыс. Кей жағадайларда балалар шкафтың, ілінетін сөрелердің, вазаның, шыны ыдыстың т.б. нәрселердің құлауы салдарынан жарақат алуы мүмкін. Жиһаздар құламайтындай мықты бекітілуі және оның үстінде тұрған заттар дұрыс орналастырулары тиіс. Аквариум, құстары бар торлар, ілулі кашподағы гүлдер, оларды баптап күтуге лайықты болу үшін, бала бойының деңгейінде орналасуы тиіс.Тамақтану кезінде балаларды үстел басына дұрыс отырғызбау, олардың ыстық тамақтан күйіп қалуына әкеледі. Сондай-ақ тәрбиеші мен ата-аналар баланы пышақ пне шанышқаны дұрыс қолдана білуге үйретуі тиіс. Кезекші балаларға ыстық тамақ тасуға қатаң тиым салынады. Топқа ыстық тамақ әкелетін тәрбиешінің көмекшісі өте сақ болуы тиіс. Бала үнемі тәрбиешінің қатаң қарауында болуы керек. Ауылдық жерлерде топқа ыстық су әкелінетін жағдайларда қауіпсіздік қатаң сақталуы тиіс [30, 31].Балалар арам шөптермен уланып қалмас үшін, ойын алаңдарында улы жемістер өсетін бұталарды, арам шөпті жұлып отыру керек.Еңбек сабақтарында балалар кесетін, өткір, сүйір заттарды қолданбаулары тиіс. Балалардың ұсақ заттарды (ілгек, шеге және т.б.) ауыздарына салмауын қадағалау керек. Еңбек сабағына қажетті ине, қайшыны арнайы металл қорапшада ұстау керек. Ойын алаңдарында үлкен адамдарға арналған құралдарды балаларға пайдалануға болмайды. Жапырақ өртеу сияқты қауіпті жұмыстарға балалард араластыруға болмайды, өйткені бұл балалар денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.Спорттық жарақаттану көбінесе балабақшадағы ересек топтарда кездеседі. Бұндай жарақаттарға спорттық құралдардың тиісті деңгейде бекітілмеуі, сырғанақ еден, қауіпсіздік ережелерін сақтамау, шанамен сырғанау кезінде жолда бөгде заттардың болуы, бассейнде шомылу кезінде оның тереңдігін білмеу, күн астында ұзақ болу кезінде күн тиюден қорғайтын бас киімнің болмауы және т.б. жағдайлар себеп болады. Қолданылатын спорт құралдарының сапасы, тазалығы, санитариялық жағдайы да назардан тыс қалмауы керек [32, Жазатайым оқиға міндетті түрде травматологиялық орынға немесе «жедел жәрдемге» жүгінумен аяқталады. Тек жеңіл соғып алу кезінде ғана дәрігердің көмегіңсіз амалдауға болады: ауырған жерге суық салыңыз, ол ісік пен ауырғанды азайтады, және көгерген жерді сорып алу үшін жақпа май немесе гель жағыңыз. Ауырған жерді жылытуға болмайды, әсері тікелей қарама-қарсы болады. Практикалық әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіби қызметі үшін денсаулық сақтаудағы профилактика мәселелерінде әлеуметтік қорғау мекемелерінің рөлінің маңыздылығын мойындау да үлкен мәнге ие. Психо- әлеуметтік технологиялар мен әлеуметтік-терапевтік әдістерді қолдана білетін әлеуметтік жұмыскерлер клиентпен жұмыс жасау кезінде оған өз денсаулығын есепке ала тұрып, өмірлік жоспарларын айқындауға көмектеседі Қоғамдық профилактика әлеуметтік және гигиеналық сипаттағы іс-шаралар кешені. Олар мемлекет, аймақ, қала, аудан, тіпті әрбір ұйым шеңберінде мемлекеттік деңгейде жоспарланып, өткізіледі. Негізінен, бұл шаралар қоғамдық денсаулықты қамтамасыз етудің жоғары деңгейіне; ауруды туғызушы себептерді жоюға; еңбек, демалыс, материалдық қамтамасыздандыру, тұрмыстық, халықтық тұтынуға қажетті тауарлар мен қызметтерді кеңейтуге, сонымен қатар, денсаулық сақтау, мәдениет пен білім, дене шынықтыру салаларын дамытуға жағдай жасауға бағытталады Қоғамдық профилактика іс-шараларының тиімділігі көбіне, азаматтардың өз денсаулықтарын қорғауға деген саналы көзқарасына, тұрғындардың қоғамдық профилактикалық шараларға қатысуына, әрбір азаматтың өз денсаулығын қорғауға жасалынып жатқан қызметтерді қаншалықты пайдаланып жатқанына байланысты.Қоғамдағы жіктелу үрдістерінің күшеюі отбасының маңызды қызметтерін қозғап (репродуктивті, тәрбиелік, экономикалық, сауықтыру), нәтижесінде халықтың денсаулығының бұзылуына алып келуде. Ең қауіптісі – отбасының сауықтыру қызметін жоғалтып алуы мүмкін. Халықтың төмен табысы отбасының барлық бюджетінің адамдардың тамаққа және киімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруына жұмсалып, денсаулықты қолдауға, сақтауға мүмкіндік қалдырмайды. Дене жаттығулары сабақтарындағы дидактикалық материалдардың баяу және қолжетімді болуы дене қасиеттері мен қабілеттерін дамыту үшін балалардың ойын әрекеттері, қозғалыс икемдерін игеру алғышарттарын жасайды. Оқытудың әлеуметтік-бейімдік бағытының принциптері тұлғаның әлеуметтік бейімделмеуінің алдын-алуды қарастарды. Білім алушылардың қарапайым гигиеналық, коммуникативтік, тұрмыстық дағдылардан бастап күрделі әлеуметтік дағдылар, көзқарас пен сенімдерден аяқталатын өмірлік дағдылар, мінез-құлықтың әлеуметтік өмірлік нормаларын игеруі үшін қажетті арнайы жұмыстар қарастырылады. Білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие балаларды оқыту мен тәрбиелеудің әрекеттік тәсілдерінің принципі психологияда қалыптасқан «жетекші қызмет» түсінігіне сүйенеді. Дифференциалды және жекелей тәсілдер принципі. Ұжымдық оқу процесі жағдайындағы дифференциалды тәсіл білім алушылардың бір категориядағы бұзылыстар бойынша вариативті типологиялық ерекшеліктеріне негізделген. Педагог сыныпта сипаттамалары бойынша біртекті топтардың болуына байланысты түзеу-білім беру процестерін ұйымдастырады. Білім алушыларды топтарға бөлу тез және шартты түрде болады. Жекелей тәсіл дифференциалды тәсілдің нақтылануы болып табылады. Педагог білім алушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастырады және бұл процесті басқарады. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу-танымдық қызметі қиындық тудыран жағдайда педагог оқу тапсырмаларын сәтті орындауды қамтамасыз ету үшін білім алушының жетілмеген оқу қызметін өзіне алады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың дене тәрбиесімен айналысу әрекетінің ерекшелігі – шамадан тыс қозғалыс белсенділігі, белсенді эмоционалды күш, сабақ пен қоршаған ортаға қатысты негативті қатынаста болуы. Бейімделген дене шынықтыру» пәнінің шеңберіндегі оқыту нәтижесін бағалау мақсатты тұжырымдауға негізделген критериалды бағалауды қолданумен 4 жүзеге асады. Мақсатты тұжырымдауға сәйкес бағдарламаның әрбір бөлімі үшін бақылаудиагностикалық тапсырмалар жасалады. Бақылау-диагностикалық тапсырмаларды орындау нәтижелері білім алушы жетістігінің карталарына тіркеліп, оқытудағы жекелей тәсілдерді жүзеге асырудың негізі болып табылады. Қорытынды бақылау жылдың, тоқсанның аяғында жүргізіледі. Педагогпен оқу жылы ағымындағы білім алушының қозғалыс дағдыларының даму қарқыны талданады. Ағымдық және қорытынды аттестациялардың формасын мұғалім білім алушының жекелей ерекшеліктері, оқу материалы және онымен қолданылатын білім беру технологиясының мазмұны анықтайды. Бейімделген дене шынықтыру сабақтарын өткізу спорттық залы «швед тосқауылымен» жарақтандырылады.


жүктеу 152,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау