Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Педагогика факультеті
Психологиялық – педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы
Мәнжазба
Тақырыбы: Жеңіл атлетиканың білім берушілік, тәрбиелік, сауықтыру және қолданбалы маңызы.
Тексерген: Кулембаева А.Г.
Тобы: МДОжТ-202
Ақтөбе - 2020 жыл
Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетика адамдардың жаппай айналысатын кқпшілікке танымал спорттың бір түрі болып табылады. Жеңіл атлетика спортының әртүрлі түрлерімен әуесқой және кәсіби мамандар көптеп айналысады. Спорттың осы түрінің танымалдығын былай түсіндеруге болады, яғни бұл спорт түрі өзінің ұйымдастырылуы үшін аса қымбат тұратын спорттық құрал-жабдықтарды, арнайы құрылысты талап етпейді. Осы жағдайда жеңіл атлетика денсаулықты жақсарту мақсатында көп қолданылатындығы ретінде қарастырылады. Адамдардың жеңіл атлетикамен айналысуы салауатты өмір салтын қалыптастырады, бос уақытын белсенді өткізуге, адамның жалпы дене мәдениетін дамытып, қоршаған орта және табиғатпен байланысуына әрекет етеді. Сонымен бірге «Жеңіл атлетика» жалпы білім беретін мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында дене тәрбиесінің міндетті оқу бөлімі болып табылады. Ал мамандану ретінде дене тәрбиесі жоғары оқу орындарында оқиды. Осы аспектіде жеңіл атлетикада қозғалмалы әрекеттерді орындаудан арнайы әдіс-тәсілдермен сипатталатын, ал сонымен қатар ерекше құрал-жабдықтарды қажет ететін жарыстардың әртүрлі түрлерін кірістіреді. Жеңіл атлетикада Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына кіретін спорттың тҥрлерін де қамтиды. Сонымен бірге Олимпиадалық болып табылмайтын жеңіл атлетика түрлері де бар, бірақ олар бойынша әртүрлі жарыстардың түрлері өткізіледі.
Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы Қазақстанда жеңіл атлетика үйірмесі 1916 жылы Шығыс Қазақстандағы Семей қаласында құрылып, жұмысын бастаған еді. Бірақ, ол Азамат соғысы жылдарында тарап кетіп, тек 1930 жылы ғана қайта қолға алынды. Совет өкіметі өзінің алғашқы күндерінен бастап-ақ жастар арасында дене тәрбиесінің өсуіне ат салыса бастады. Мұндай игілікті жаңадан өрістеу ісі оңайға түскен жоқ. Кейбір деректердің айтуына қарағанда, Қазақстанда Совет өкіметінің алғашқы күндерінен бастап-ақ ұлт спортынан үйірмелердің жұмыс істегенін байқау қиын емес. Қазіргі елордамыз Астана қаласында жеңіл атлетиканың дамуы 1947-1948 жж. соғыстан кейін жылдары басталды. Осы жылдары «Динамо», «Локомотив», «Искра», «Пищевик», «Спартак» және т.б. жаңадан әртҥрлі спорттық қоғамдарда жеңіл атлетика спорты пайда бола бастады. Әрине, қалада ол жылдары жақсы стадион жүгіру жолымен, көрермендік тамашалау орындарымен болмады, бірақ 1950 жылы Қ. Мұнайтпасов атындағы стадионда жүгіру жолы, жеңіл атлетикалық секторлар, диск лақтыратын, ядро итеретін, ұзындыққа және биіктікке секіретін шұңқырлар орнатылды. Целиноградта жеңіл атлетикадан арнайы мектеп ашылады, стадионда жүгіріс жолын салып және «Автомобилистте» спорт зал ашылды және жеңіл атлетик манежімен бірге салынды. 2009 жылы стадионға яғни «Достық Спорткомбинатына» жеңіл атлетика спортын дамытуға берілді. Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс Бүкілқазақстандық І-інші спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРОның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943 жылы). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпиада ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Жеңіл атлетика спорты жаттығуларын әртүрлі параметрлері бойынша жіктеуге болады. Жеңіл атлетика жаттығулары: тобы, жыныстық және жастық белгілері бойынша ерекшеленеді. Жеңіл атлетика негізін 5 түрлі жаттығулар құрайды: спорттық жүру, жүгіру, секіру, лақтыру және көпсайыс. Жыныстық және жастық белгілері бойынша жіктеледі: ер адамдар мен әйел адамдар, әртүрлі жастағы ұлдар мен қыздар. Әйелдерде жеңіл атлетика бойынша алаңдарда, тасжолдар қиылысқан елді-мекендерде жҥргізілетін спорттың 50 түрі және спорт залда жүргізілетін спорттың 14 түрі, ал ер адамдарда осыған сәйкес спорттың 56 және 15 тҥрі есептеледі. Спорттың келесі түрлерінің жіктелуі жаттығулар мен жарыстарды ӛткізу орындары, соның ішінді стадиондарда, спорттық алаңдарда, тас жолдарда, қиылысқан елді-мекендерде, спорттық манеждер мен спорттық залдарда өткізілуі бойынша топтастырылады. Құрылымы бойынша жеңіл атлетика жаттығулары: циклдік, ациклдік және аралас болып бөлінеді. Ал қандайда бір дене сапасы тұрғысынан жылдамдық, кҥштік, төзімділік, ептілік, жылдамдықкүштік, арнайы төзімділік қасиеттерін дамытады.
Жеңіл атлетика халықтың дене тәрбиесі жүйесінің басты құралы болып табылады. Жүру мен жүгіру адам қимылының фундаментальді негізі болып табылады, ал лақтырулар мен секірулер әр қашанда танымал болған. Жеңіл атлетикалық жаттығулар көптеген спорт түрлері бойынша дене шынықтыру дайындығы сапасы мен функционалдық дайындықтарын дамыту үшін жаттығулар ретінде кең қолданылады. Жеңіл атлетика жаттығуларын кеңінен қолдану адамның дене қасиеттерін, қимыл-қозғалыстарын дамытып жетілуіне, күш-қайратының молаюына ықпал етеді. Жаттығулардың тиімділігі дұрыс оқытуға байланысты болады. Дене тәрбиесі жүйесінің ұйымдық негіздері мемлееттік, өзін-өзі туындаған қоғамдық және басқару органдарының біртұтас байланыстылығынан құралады. Бұл байланыс-дене тәрбиесі жүйесінң біріңғай мақсаты және оның міндеттеріне, қағидаларына, идеологиялық, әдістемелік және бағдармалық мөлшерлік негіздеріне, сонымен қатар, дене шынықтыру ісінің дамуын жүргізетін, бағыттап және бақылап отыратын еліміздегі қоғамдық,мемлекеттік мекемелердің іс жүзіндегі біріккен іс-қимылына сүйенеді. Дене тәрбиесі поцесінде қоғам талабына сай қозғалыс дағдыларын, арнаулы білімді табиғи күштер мен гигиэналық факторларды, алдын-ала дайындалған жаттығулар кешендерін дене қабілетін арттыру үшін пайдаланса, онда педагогикалық жүйенің бар екендігін айқындаға болады. Яғни, дене тәрбиесі педагогикалық процесс есебінде адамдардың дене дамуын басқаруға және осы саладан сауаттандыруға арналған қызмет. Дене тәрбиесінің мақсаты әрбір адамның дене шынықтырудың өзіне тиімді түрін игеруін қамтамасыз етеді. Нәтижеде, дене тәрбиесі арқылы адам баласы дене шынықтырудың жалпы жетістігін өз жетістігіне, табысқа айналдырады (денсаулық жақсарту, дене дамуы деңгейін арттыру т.б.). Сонымен бірге, дене тәрбиесінің әсерімен жеке адам тұлғасының өзгеруі денее шынықтыру үрдісінің мазмұнына өзгеріс енгізеді. Сөйтіп дене шынықтырудың басты көрсеткіштеріне әсер етеді.
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс Бүкілқазақстандық І-інші спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943 жылы). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпиада ойындарында, дүние-жүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды.
Достарыңызбен бөлісу: |