Педагог-психолог және әлеуметтік педагог қызметіндегі кеңес беру мен қолдау көрсету жұмысы



жүктеу 0,77 Mb.
бет9/9
Дата25.12.2019
өлшемі0,77 Mb.
#24913
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Дәріс мазмұны:

1. Медициналық - әлеуметтік педагогикалық патронаж .

2. Медициналық - әлеуметтік профилактика және ерте кешенді көмек.

3. Ерте көмек көрсету программалары.
1. Патронаж – балаға , оның ата – анасына , күрделі проблемаларды шешуде мұғалімдерге , емдеу , арнайы оқыту ен тәрбиелеу , әлеуметтендіру . адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы ерекше көмек түрі деп түсіндірілді .

Медециналық - әлеуметтік педагогикалық патронаж кормплексті реабилитациялық көмектің кең спектрін болжайды .Ол жанұядағы баланың дамуына және әртүрлі профильді мамандардың жұмысымен бірге жүзеге асуына бағытталған .

Ол алғашқы жоспарларды , индивидуалды реабилитациялық программаларды , білім беру маршрутын таңдауда ақпаратты ізденіс бірлестіктерін диагностикалауды анықтайды

Кешенді медициналық әлеуметтік педагогикалық патронаж (МӘП) психолог – педагогикалық медико - әлеуметтік мекемелермен , мемлекеттік жүйе қалыптастырған әлеуметтік қорғаныс , сонымен қатар барлық мүмкіндікті қолға алған мемлекеттік емес секторлар қоғамдық бірлестіктер , ассоциациялар , қайырымдық қорлары арқылы жүзеге асырылады .Мемлекеттік құрылым жұмысын толықтыра отырып , олар дамуы шектелген балаларға әлеуметтік кеңістікті ұйымдастырудағы жаңа қадамдарды қалыптастырады және дициплинарлық негізде олардың жанұяларына әлеуметтік көмек етеді .

МӘП патронажының негізгі базасы болып психо медециналық педагогикалық кеңес беру ,психо медициналық әлеуметтік орталықтар , реабилитациялық және диогностикалық орталықтар , логопедиялық бөлімдар , ерте оқыту орталықтары табылады .

МӘП патронаждың жүйесі дамуы шектелген балалардың мүмкіндіктерін жағдайларын жақсату мақсатындағы арнайы білім беру жүйесінің бөлімі ретінде қалыптасады .

Кешенді мәп патронаж өзінің әрекеті ғылыми методикалық мекемелер басқа да білім беру құрылымдарымен , сонымен қатар халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау жүйе мекемелерімен бірлесіп , орындайды .

МӘП патронаж жүйесі өзінің қызметін келесі бағыт бойынша қалыптастырады :



  • мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру жүйксінің құрылымын , индивидуалды білім маршрутын таңдаудағы көмек ;

  • білім беру кеңістігінен тыс балалармен түзету – дамыту программа бойынша жұмыстарды қалыптастыру және өңдеу ;

  • өзіндік компоненті болып табылатын кешендік бірлестік жүйесі бойынша баланы бөлек аспектілі көмектің негізінде (медициналық , психологиялық , әлеуметтік – күнделікті , педагогикалық) жалпы әлеуметтендіру мен оқытуды қамтамасыз ету ;

  • балаларды әлеуметтендіру және оқытуға бағытталған білім беру жүйесін дамыту ;

  • арнайы білім беру жүйесі бойынша жаңа педагогикалық психологияларды жүзеге асыру ;

  • баланың мүмкіндіктеріне сай еркін дамытуға бағытталған қоғамдық – педагогикалық инициативаны қолдау ;

  • арнайы білім беру облысындағы адамның мүмкіндіктерін күшейтудегі ақпарат жүйелерін тарту .

Елімізде мәп патронаждың қалыптасуы қазіргі арнайы білім беру жүйесінің дамуы , жанұя жағдайындағы мүмкіндігі шектелген балаларға жаңа кешенді модельді қолдап , жүзеге асырудың белгіс .

МӘП патронаж жүйесінің негізгі тиімді әрекеті мынадай :



  • ата – ана , педагог – бала жағынан патронаж көмегінің қажеттілігі ;

  • мамандандырылған көмекті қажет ететін проблемалардың өсуі ;

  • баланың мүмкіндігі шектелген (инвалид) деңгейіне тәуелсіз даму көрсеткішінің сапалы өсуі ;

  • ішкі жанұялық қатынастарды нормалау ;

  • педагогтармен басқа да мамандардың жаңа балалық жау проблемаларын шешудегі шеберліктерінің өсу сапасы ;

2. МӘП патронаж процесінің негізі болып ерте диогностика мен ерте комплексті көмек болып табылады .ООН Ассамблеясының 1993 жылы желтоқсанда қабылдаған мүгедектер үйіне мүмкіндіктерді қамтамасыз ету ережесінде мүгедектер профилактикасының комплексті құрылымын анықтау көзделген .

Мүгедектер профилактикасы түсінігінде физикалық ,ақыл- ой, психологиялық және сенсорлы дефектілерді немесе дефектінің функционалды шектікке өту профилактикасына бағытталған комплексті алдын алу жүзеге асырылады .

Мүгедекті алдын алу тек медициналық санитарлы көмекке тән емес , сонымен қатар бала дамуын ерте қарастыру , психо- физикалық функцияларының қалыптасуында екінші ақаулықтың пайда болу мақсатымен профилактикалық жұмыстарға тән .

Ерте диагностика және ерте педагогикалық көмек дүние жүзінде , сонымен қатар Ресей жаңа түзету педагогикасының актуалды проблемалардың бірі болып отыр . Қазіргі уақытта дүние жүзінде дамуы шеешектелген балаларға көмек ету мақсатымен құрылған ерте диогностика және ерте педагогикалық көмек ғылыми жағынан негізделген .

Бұл программаның негізгі теоретикалық базасын қалаған Л.С.Выготскийдің ойлау процестерін қалыптастыруға арналған практикалық әрекет түсінігі туралы жұмыстары . Оның теориясындағы даму зонасы және екінші дефект профилактикасы арнайы білім берудегі жаңа зерттеулерге маңызды әсер етуде .

3. Дүние жүзі практикасына белгілі ерте көмек көрсету программалары : Коннектикуттық тест « Жаңа туылғандармен 3 жасқа дейінгі балалардың дамуын зерттеу» , Туғаннан 5 жасқа дейінгі балалар үшін Каралиндік оқыту жоспары , Ерте оқытудың Гавайлық прфилі , Мюнхендік функционалдық диогностика , ерте даму диогностикасының «Тандем» программалары (Голландия) , дамуы шектелгенбалаларға ертек педагогикалық көмек программалары «Маккуэри» (Австрали) – соңғы 10 жылдықтағы педагогтармен ғалымдардың әрекерін бағытталған.

Ресейде отандық ғалымдардың бірқатар әдістемелік еңбектері бар (Е.М.Мастюкова, Е.А.Стребелева, К.Л.Печора, Г.В. Пантюхина, Л.Э.Фрухт және т.б.) олар ПМӘ орталықтарында ПмП консультацияларда қолданыатын дамуы шектелген балаларға көмек көрсетуде ерте диогностикалық және психо- педагогикалық бағдарламаларды көрсетеді.

Егер біздің елімізде ерте диогностика және түзету жүйесі даму үстінде болса , онда шет елдерде «ерте араласу» программасы бойынша ғылыми практикалық тәжірибе молаюда. Олар жоғары тиімді нәтижені шығарады. Оған куә ең алдымен адамдардың өмір деңгейінің өзгеру процесі.Ерте көмек бағдарламасының арқасында ақыл ойы және физикалық ақаулықтары бар адамдар Батыс елдерінде 20-30 жылдарға қарағанда толық қалыптасқан . Шет ел ғалымдарының салыстырмалы зерттеулеріне қарағанда жүйелі педагогикалық көмек көрсетілген балалар өмірдің сапалы деңгейіне жетіп , қоғамда бейімделгүен. Бұл прогрестің тағы бір куәсі Батыс елдеріндегі көптеген мүгедек балалар арнайы мекемелерден тыс , яғни жанұясында тәрбиеленеді. Олар сау құрдастары тәрізді мектепте оқып , белсенді жұмыс істеп демалады .

Ресейдегі жаңа көмек көрсету жұмысына жанұя жағдайындағы тузету – педагогикалық ортаның қалыптасуы және практикалық әрекетті ұйымдастырудағы қадамдар жатады .

Отандық тәрізді шет елдік тәжірибе көрсеткендей , толық дамыған балаға арналған ситуация оның жанұя жағдайына келуі болып табылады . Ата – ана абилитациялық прогреске белсенді араласып , мамандардың көмегімен ерте көмек көрсетуді ұйымдастырады

Мамандардың жанұя белсенді қатысу процесінде бала және ата-ана мен арнайы сабақтар жүргізілді , балалық даму параметрі түртіліп отырады , жанұя жағдайында арнайы дамыту ортаны қалыптастырады , ал кейбір жағдайда ата-ананы медециналық білім беру мекемелерімен , сонымен қатар жанұя жүйесімен байланыстырады .

Біздің елімізде ерте диогностикалық және ерте комплексті көмек көрсету жүйесінің қалыптасуы МПӘ патронаж жүйесі арқылы жүріп , ПМС орталықтары мен ПМП консультациялары базасында жүзеге асады .

Ресейде ерте диагностика және ерте көмек көрсету мекемелері өте аз . Олар жиі экспериментальды аймақтарда ғана жұмыс жүргізеді , бірақ олардың шынайы нәтижелері эксперименттен әлеуметтік-педагогикалық практика өтетініне болжайды .

Жалпы Ресейлік ерте диагностикалау және комплексті көмек көрсету жүйесі жанұя жағдайында өңделіп , сонымен қатар жаңа программаларды жүзеге асырып , мамандарды дайындап , білім беру мекемелеріндегі бірегей ақпаратты жүйені қалыптастырады .


№23 дәріс тақырыбы: Психологиялық қызмет

Дәріс мазмұны:

1. Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мәні мен маңызы

2. Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің алатын орны.

3. Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің жумыс мазмұны.
1. Білім беру жүиесіндегі психологиялық қызмет бұл педагогикалық ойлардың ,ғылыми және практикалық ойлардың ,ғылыми және практикалық зерттеулердің ,қызметтерді іске асыру мақсаттарының жинағы .Психологиялық қызмет –тәрбиелеудің күрделі мәселелерін шешуде ,оның маңызды ойлары мен жағдайларын көрсетуде жетекші нысана болып табылады. Психологиялық қызметтің негізгі идеясы болып мына жүйе табылады:

Таным – психодиагностика - өздігінен жетілу.

Мұғалім мен тәрбиеленушінің мақсатты қарым- қатынасы.

Бұл жүйенің барлық компоненттері бір комплексте байланысқан: баланың психологиясын тану және оның жеке психологиялық ерекшеліктерінен бастап, психодиагностикаға дейін , өз кезегінде тәрбиеленушінің өздігінен жетілу контурын белгілеуге мүмкіндік береді. Осылайша оқытушы мен оқушының арасындағы іскерлік қатынас іске асады. Өзінің күнделікті қызметінде психологиялық білімдермен қаруланған ұстаз оқушының жеке басының өздігінен жетілуіне нәтижелі әсер етеді.

Психологиялық қызметтің басты идеясы, мәні – білім беру орындарында, мектептегі тәрбиелеу жұмысында психология- педагогикалық ғылымдарды нәтижелі пайдалануда.

Психолгиялық қызметтің мақсаттары- гуманизм, патриотизм, демократия идеяларын сонымен қатар жалпы адамзат құндылықтарын қабылдаған, өздігінен жетілуге талпынған, жауапкершілік сезімі, парызы бар өнегелі тұлғаны қалыптастыру.

Негізгі міндеттері:


  • жеке тұлғаның өнегелі бағытта болуын тәрбиелеу,

  • жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттілігінің дамуына жағдай жасау, балалардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру,

  • оқушылардың өздігінен білім алуға деген тәрбиелеуге деген дайындығын дағдылау,

  • тәрбиеші мен тәрбиеленушінің, ата анамен баланың, оқытушы мен ата- аналардың арасындағы психологиялық қарым- қатынастың қалыпты болуын қамтамасыз ету.

2. Әлемдік қоғамдастықтан лайықты орнымызды аламыз деп алдымызға ірі мақсат қойған шақта соған жету жолында табан тірейтін негізгі күш білім ,таным, ғылым салалары.Оны қазір жинақтап айтқанда «психология»деп атайды.Бұл термин Христиан Вольфтың еңбектерінен кейін 18 ғасырдың 2 жартысынан жалпылай қолданыла бастады.

Психологияның білім саласы ретінде алғанда 5000жылдай тарихы бар ал енді ғылым саласы ретінде алғандағы тарихы шамамен 2500 жылдай.

Әрбір білім ,таным, ғылым саласының, оның ішінде психологияныңда , түбегейлі мәселелері бір-бірімен өте тығыз байланыста болатын 2 топқа бөлінеді.Олар мыналар: негізгі мәселелері және басты мәселелері.

Негізгі мәселелері мынадай сұрақтарды қамтиды: 1 психологияның заты не, яғни не жайындағы білім, таным, ғылым саласы.

2. Қазіргі кездегі топтастырылуы.

3. Мазмұны, яғни құрамы мен құрлымы.

Ал енді басты мәселелері бір бірімен тығыз байланысқан төмендегідей 2 сұрақты қамтиды:


  1. Психологияның білім, таным, ғылым саласы ретінде алғандағы мақсаттары.

  2. Психологияның білім,таным, ғылым саласы ретінде алғандағы міндеттері.

Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің алатын орнына тоқталатын болсақ, ол мыналар: психологиялық білімдерді белгілі бір тұрғыдан топтастыры отырып сәйкес теория құру.Әрине, бұл теориялардың саны коп, мазмұны әр түрлі болуы мүмкін. Жалпы психологиялық теорияны баяндаудың үш деңгейі болады: негіздерін баяндау, негізінен толық баяндау, толық баяндау. Бұл түсініктіде.Өйткені әр бір адам психологиялық теорияны әр түрлі мақсатпен қолданады.Қазіргі кезде психологиялық қызмет мектеп оқушыларынан бастап жоғары лауазымды адамдарға дейін керек.

Психологтар оқушының ақыл ой қабілетін дамытудың негізі логикалық көрнекті әрекет және ойлау сезіміне қатысты екендігін біледі.

Сондықтанда жаңа дәуірде әр шәкірттің білім алуымен бірге психологиялық, моральдық бейнесін қалыптастырып дамыта білетін психологиялық қызмет өз деңгейінде болса ғана қоғам болашағы нық қалыптасады.

3. Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің жұмыс мазмұнына келетін болсақ:

Білім беру кеңістігінде оқу тәрбие үрдісі үшін психологиялық оң ахуал тудыру.

Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің бағыт бағдарына келетін болсақ ол жеке тұлғаның интеллектуалдық ақыл қабілетінің дамуын , танымдық құбылыстарын, тәрбиелік деңгейін зерттейді.

Әр баламен (дарынды, тәрбиесі қиын, денсаулығы төмен, жаңадан келген, өз еркімен қатысушы) жұмыс істейді.

Оқушы мұғалім, мұғалім оқушы қарым қатынасы,жаңадан ендірілген пәндер таңдаулы курстардың берілу деңгейі, басқа пәндермен үйлесімділігі , кері әсерін зерделеу.

Ұстаздың шығармашылық потенциалын және кәсіптік тұлғалық бағытын ,типологиялық ерекшеліктерін, өзін өзі дамыту қабілетін анықтап педагогикалық ұжымда психологиялық ахуал тудырады.

Ата аналардың мектептегі оқу тәрбие үрдісімен психологиялық қарым қатынас байланысын қалыптастырып, нақты мәселелерді шешу барысында жұмыстар жүргізеді.

Топтағы жағымды және конфликтілік, позицияны ұстаушылар,топтан сырттап қалушылар анықталып сынып жетекшісіне, пән мұғалімдеріне арналған психологиялық кеңес, консилиумдар өткізіп тұрады.

Психологиялық қызмет жұмысының мазмұны өзінің бастапқы қалпынан біраз өзгерістерге ұшырады.Қызмет аясы кеңейіп бірнеше бағыттарды қамтитын мүмкіндіктер туғызылды.

Психологиялық қызмет жұмысының негізгі мазмұны мектептің ішкі проблемаларынан туындап отырады.Осы анықтауға тиісті мәселелермен бұдан әрі педагогикалық кеңістікте диагностикалық, коррекциялық жұмыстар , психологиялық ойындар, тренингтер жүргізіледі.

Жоғарыда айтылғандарға көз жүгірсек психологтың педагогтармен, сынып жетекшілерімен, ата аналармен, оқушылармен тығыз байланысып, жан жақты тұлғаны дамытудағы, қалыптастырудағы зерттеушілік жұмыстарын айқын көруге болады.


  1. Оқу – тәрбие мекемелеріндегі тұлғаның толық дамуын қалыптастыру;

  2. Адамның әр жас ерекшелік этапында толық тұлғалық және интеллектуалдық кәсіптік дамуын қамтамасыз ету;

  3. Әрбір балаға жекелеген қатынас жолдарын табу;

  4. Баланы психологиялық – педагогикалық зерттеулермен қамтамасыз ету;

  5. Тұлғаның және интеллектуалдық дамуының коррекциясы мен профилактикасын жүргізу;

  6. Ата – аналарды немесе бала тәрбиесімен айналысатындарды, отбасын психологиялық микроклиматты қалыптастыру жайында консультациямен қамтамасыз ету; (жетім балаларға, жеткіншектерге, ойлау қабілеті төмен дамыған әлеуметке психологиялық көмек көрсету).

№25 дәріс тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік оңалту.



Дәріс мазмұны:

1. Оңалту және әлеуметтік оңалту түсініктері.

2. Мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту.

3. Денелік және психикалық толымсыздық қалпынан шығуын қамтамасыз ету.

1. Қазіргі кезде әлеуметтік оңалту үрдісі көптеген ғылым салаларының мамандарының зерттеу пәні болып табылады. Психолгтар, философтар, әлеуметтенушылар, педагогтар, әлеуметтік психологтар бұл үрдістің әртүрлі аспектілерін, механизмдерін зерттеуде.

Балалардағы мүгедектілік өмірлік жағдайындағы мәнді шектеулерді білдіреді. Ол дамудағы бұзылыспен, өз-өзіне қызмет жасаудағы, қарым-қатынастағы, оқудағы, болашақта кәсіби дағдыларды игерудегі кедергілермен негізделген әлеуметтік бейімделмеушілікке (дезадаптация) әкеледі. Мүгедек-балалармен әлеуметтік тәжірибені меңгеру, олардың қалыптасқан қоғамдық қатынастар жүйесіне енуі қоғамнан белгілі-бір қосымша шараларды, тәсілдер және күш-жігерді талап етеді. Бірақ бұл шаралар әлеуметтік оңалту үрдісінің мәніне, міндетіне, заңдылықтарына негізделіп жасалуы керек.

Оңалту мақсаты- ауру немесе жарақат барысындағы бұзылған қызметтерді толық қалпына келтіруді жүзеге асыру болып табылатын белсенді үрдіс. Медициналық оңалту ауру кезеңінде мүгедектіктің алдын алу бойынша және мүгедекке денелік, психикалық, әлеуметтік, кәсіби және экономикалық толымдылыққа максималды қол жеткізуі үшін көмек көрсету шараларын қамтиды. Оңалту тек қана ағзаның мүшелері мен жүйелерінің жағдайларын емес, сонымен қатар адамның дәрігерлік мекемеден шыққаннан кейінгі күнделікті өміріндегі функцианалдық мүмкіндіктерін де қарастырады.

Дәрігерлік оңалтудың жалпы көрсеткіштері:



  • Функционалдық қабілеттердің төмендеуі;

  • Оқуға қабілетінің төмендеуі;

  • Сыртқы ортаға ықпалына ерекше ұшырауы;

  • әлеуметтік қатынастардың бұзылысы;

  • Еңбек қатынастарының бұзылысы.

Жалпы оңалту шараларын қолдануға байланысты қарсы көрсеткіштерге инфекциялық, психикалық, қарым-қатынасқа кедергі келтіретін аурулар жатады.

Мүгедектер қоғамымыздың неғұрлым нашар қорғалған, әлеуметтік осал бөлігі болып табылады. Бұл ең алдымен олардың денелік жағдайларындағы ақаулықтармен байланысты. Соныме қатар, психологиялық фактордың әсері. Психологиялық мәселелер мүгедектердің сыртқы ортадан оқшаулануы әсерінен пайда болады. Бұның барлығы эмоционалдық-еріктік сферасының бұзылуына, депрессияның дамуына, мінез-құлқының өзгеруіне әкеледі.

Мүгедектерді оңалтудың мәні адамның тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби қызметке оның денелік, психикалық және әлеуметтік потенциалының деңгейіне сәйкес қабілеттерін қайта қалыптастыруға бағытталған кешенді көп профилді тұрғы болып табылады. Оңалтудың тіпкі мақсаты-мүгедектердің салыстырмалы түрде тәуелсіз өмір сүруін қамтамасыз ету. Бұл тұрғыдан оңалту адамның қоршаған ортамен байланысының бұзылуының алдын алады және мүгедектікке қатысты профилактиаклық функция атқарады.

Бұл мақсаттар үшін денелік ақаулықтары бар балаларға арналған интернаттар бар. Бұндай мекемелердің мақсаты-үздіксіз интенсивті қайта қалыптастырушы терапия, психологилық коррекция, кәсіби дайындау көмегімен мүгедек балаларды дәрігерлік-әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыру.

Әлеуметтік қызметкердің рөлі жас мүгедектерге қоғамдағы интеграция қиындықтарын жеңуге көмектесу болып табылады.

2. Әлеуметтік оңалту үрдісі-жеке тұлғаның қоғаммен өзара әрекеттесу үрдісі; адамның өмір бойына созылатын күрделі қарама-қайшы үрдіс.

- мүмкіндіктері шектеулі балалардың негізгі мәселесі оның қоршаған ортамен байланысының бұзылысымен, мобильділігінің шектеулілігімен, құрдастары және үлкен адамдармен байланысының кедейлілігімен, табиғатпен қатынасының шектеулілігімен, кейбір мәдени құндылықтарға, кейде қарапайым білім алуға қолжеткіліксіздігімен байланысты. Бұл мәселе тек ғана субъективті фактордың емес, яғни баланың денелік және психикалық денсаулығы, сонымен қатар әлеуметтік саясат пен қалыптасқан қоғамдық сананың әсерінен пайда болады.

- мүгедек бала өзінің құрдастары сияқты қабілетті де талантты болуы мүмкін. Бірақ оларды анықтау, дамыту, олардың көмегімен пайда келтіруге мүмкіндіктердің тепе-тең болмауы кедергі келтіреді.

- бала-әлеуметтік көмектің енжар нысаны емес, танымдағы, қарым-қатынастағы және шығармашылықтағы әржақты әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына құқылы дамушы адам.

- мемлекет мүгедектілігі бар балаға тек белгілі бір жеңілдіктер мен жәрдемақылар ұсынып қана қоймай, оның барлық қажеттіліктерінің өтелуіне жағдай жасауы қажет.

3. Оңалту қызметіне жатады:

- баланың рухан және денелік қабілеттерін дамыту;

- сәйкес мектептік білім алуға жәрдемдесу;

- сыртқы ортамен нақты және жайлы қатынасты қалыптастыру;

- моральдық және денелік күш-жігерін, сонымен қатар ішкі дүние тепе-теңдігін қалпына келтіруіне әрдайым қолдау көрсету;

- оңалту және бейімдеу үрдісіне тек қана балаларды емес, сонымен қатар олардың жақын қоршаған ортасын да араластыру;


26 дәріс тақырыбы: Балалар үйіндегі оқу-тәрбие жұмысы.

Дәріс мазмұны:

1. Балалар үйіндегі оқу-тәрбие жұмысының түрлері

2. Оқу-тәрбие жұмысының тиімділігі

1. Балалар үйі жағдайында баланың жеке тұлғасының жан-жақты және үйлесімді дамуы төңірегіндегі мәселелердің шешім табуы рационалды ұйымдастырылған педагогикалық үрдіске тікелей тәуелді.

Көптеген ғылыми әдебиеттреде бұл мәселе көбірек ерте (дүниеге келгеннен 3 жасқа дейін) және мектептік жас ( 7 жас және одан жоғары) кезеңі қарастырылған. Ал, адамның жеке тұлғасының дамуында өзекті кезеңдердің бірі болып саналатын мектепке дейінгі (3 жастан 7жасқа дейін) жас зерттеулерден тыс қалған. Өйткені осы кезең жеке тұлға дамуында шешуші рөл атқарады.

Қазіргі таңда балалар үйінде моральдық ескірген, балалар үйіндегі контингенттердің ерекшеліктерін ескерілмейтін, бағдарламалармен жұмыс жасауда. Сонымен қатар баланың жағдайына балалар үйіне қалай, қайдан келгендігі де үлкен әсер етеді және балалар топтары әртүрлі жас кезеңдеріне жатады.

Дене шынықтыру тәрбиесі.

Балалар үйінде де, отбасында сияқты, балалардың денсаулығына үлкен көңіл бөлінеді. Жетім балалар денсаулығын қорғау қажеттілігі олардың көбісінің тұқымқуалайтын, созылмалы және шалдыққан аурулармен ауру болуы себеп. Балалар денсаулығын қорғау мен шынықтыруға кешенді шаралар мен жұмыстар бағытталған: шомылдыру, тіс шаю, салқын сумен аяқтарын жуу, ұйықтар алдындағы серуен, нақты күн тәртібі және т.б.

Жетім балаларға берілетін дене шынықтыру тәрбиесі негізгі моменттердің бірі болып дәрігерге жүйелі қаралу, уақытылы тамақтану, күнделікті спорттық сабақтар (велосипед, гимнастика доп, жүгіру және т.б.) табылады.

Жетім балаларға дене шынықтыру тәрбиесін беру жүйесінде ерекше орынды жазғы лагерлердегі спорттық сауықтыру жұмыстары алады.



Адамгершілік тәрбиесі.

Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызды аспектісі ретінде оның адамгершілілігін қалыптастыру болмақ.

Бұл мәселе балалар үйі жағдайында ерекше маңызға ие болады. Себебі, адамгершілік қалыптасу үрдісі, дәстүрлі тәрбиеден, өзіндік айырмашылықпен ерекшеленеді.

Негізінен балалар үйінің тәрбиеленушілері жағымсыз адамгершілік тәжірибесін тасушылар болып табылады.

Балалар үйі-жабық мекеме, сондықтан балалардың қоршаған ортамен қатынасы эпизодтық сипатта болады. Олардың социумнан оқшаулануы адамгершілікті дамуларына ерекше таңба қалдырады.

Педагогтардың еңбектерін және практикалық жұмыстарын талдай келе көбірек қолданылатын әдістер болып әңгімелесу, көркем әдебиет оқу, телебағдарламалар қарау және т.б.



Еңбек тәрбиесі.

Ғылыми әдебиеттерде жетім балаларға еңбек тәрбиесін беру мәселесі, басқалармен салыстырғанда, көбірек қарастырылған.

Бұл мәселенің шешім табуына көрнекті орыс педагогы А.С. Макаренко үлкен үлес қосты. Ол өзі ұсынып және практика жүзінде еңбектің балаларды ұжымға біріктіретін негізгі ұйытқы болып табылатынын дәлелдеді.

Қазіргі таңда балалар үйінде еңбек түрлерінің кең көлемі қолданылады: өз-өзіне қызмет жасау бойынша, шаруышылық-тұрмыстық, табиғатта, оқу және т.б.



2. Балалар үйінің негізгі міндеті балада салынған жағымды потенциалын дамыту, оның әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсету, сонымен қатар өткеннен қалған жағымсыз өмірлік тәжірибені жеңуге көметесу болып табылады.

Балалар үйіндегі негізгі көңіл олардың жақсы, жайлы өмір сүруіне бөлініп, ал олардың тұлғалық, интеллектуалдық дамуы екінші орынға қалып қойып отыр.

Бұндай мәселенің туындауы психология мен педагогикада ғылыми негізделген және тәжірибе жүзінде тексерілген әдістер мен тұрғылардың болмауы, жасалмауына байланысты.

Мекеменің социумнан оқшаулануы және тәртіппен қадағалануы релаксацияның болмауына әкеледі, яғни бала өзімен өзі бола алмайды, еркінсіне алмайды. Оның әркез бір адамдар қоршайды (мұғалім, тәрбиешілер).

Ерекше мәселе болып балалар үйлеріне педагогикалық кадрларды дайындау болып отыр.

Тәрбиешілер әркез балалар өмірін отбасы жағдайына жақындатқысы келеді.



«Отбасылық» идеясы кеңестік балалар үйі дамуының бастапқы барысында қарастырыла бастады. Н.В. Смехович зерттеулерінде отбасылық жағдай идеясына негізделген балалар үйінде жұмыстанудың концепциясы (тұжырымдамасы) ұсынылған. Оның концепциясының негізгі моменттері ретінде мыналар көрсетіледі:

  • отбасылық жағдайда өмір сүретін, балалар үйі жағдайында жағын балалар тобын ұйымдастыру;

  • отбасылық қатынасты моделдеуші жағдайында өмір сүрудің мәдени кеңістігін қалыптастыру;

  • «отбасы» ішінді, достыққа, сенімге, махаббатқа, өзара көмеккесалауаттты өмір салтын қолдауға негізделеген қарым-қатынас тәсілдерін дамыту;

  • педагогтар мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара қызметтесудің жекелік және ұжымдық формаларын қолдану.

Балаларға үлкен жағымды әсерді қайырымдылық көмектердің, асырап алу кеңестерінің белсенді жұмыстары береді. Олар саяхаттарды, мерекелерді ұйымдастыруға тікелей қатысады, араласады.
жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау