Дәріс мазмұны:
1. Арнайы балаларға көмек көрсету мекемелерінің пайда болуы.
2. Арнайы балаларға көмек көрсету мекемелерінің түрлері.
3. Әлеуметтік қорғау әлеуметтік көмек көрсетудің негізгі түрінің бірі ретінде.
1. Балаларға әлеуметтік көмек көрсету қызметінің тарихы тереңге кетеді, онда көп ғасырлар бойы шіркеулер жетекші орын алды. Соңғы 10 жылдықта әлеуметтік педагогика және әлеуметтік жұмыстың мәдени-тарихи алғышарты ретіндегі қамқорлық көптеген тарихи-әлеуметтік және тарихи-педагогикалық зерттеулер арналып отыр.
Арнайы мекемелерде балаларға тікелей көмек XVIII ғасырдың басынан басталды. 1706 жылы Холмов-Успенск шіркеуінде өз есебінен тастанды балаларға арналып мекеме салынды. Кейіннен осы сияқты 10 мекеме ашылды. Осы уақыттарда арнайы балалар мекемелері арқылы мемлекеттік қамқорлық өз дамуын бастады. Қамқорлықты қажет ететін балалар саны көбею үстінде болды. Мекемелерде орындардың толық болуына байланысты, асыраушылар жетіспеді. Мұның өзі жетімдер арасында өлімнің өршуіне алып келді. Сол себептен балаларды жеке отбасыларға бере бастады, сол үшін жанұяларға мемлекет белгілі бір көлемдегі қаражат төлеп отырды. Балаларды тапсыру барысында олардың сословиялық дәрежесі сақталды, яғни қолөнершінің баласы-қолөнершіге, саудагердің баласы-саудагерлерге.
1775 жылы әлеуметтік көмек көрсету жүйесі жөнінде бұйрық шығарылды. Бұл әлеуметтік қызметтің отаны болып саналатын Америкадан 100 жыл бұрын болды.Жаңа мекеме елдегі барлық әлеуметтік саясатты жүргізді. әрбір губернияда көмек көрсету мен тәрбиені ұлттық мектептер жүзеге асырды. Сонымен қатар, осы мақсатқа бағытталған қоғамдық және жеке көмек көрсетулер марапатталып отырылды. Қамқорлық қоғамының іс-әрекетінің маңызды бағыттарының бірі-мектептер, балабақшалар ашу болды. Денелік кемістіктері бар балаларға ерекше назар аударылды, оларға арнайы көмекші мекемелер салынды.
1912 жылы қоғамда 600 бала тұрақтаған 36 тұрақты қызмет жасайтын мекеме болды. Осы мекемелердің тәжірибелері көрсетіп отырғаны: заңды түрде дүниеге келген балалардың 50%, алтастандылардың 1% аналарына қайтарылды.
2. Осындай мекемелердің кейбіреулері қолданбалы шеберханалар түрінде қызмет етті. Мұнда балаларды еңбекке баулып, сауаттылыққа және математикаға үйретті.Мұндай мекемелерді жеке тұлғалар және қамқорлық қоғамдары қажетті заттар мен қаржылай қамтамасыз етіп отырды.
Бұл кезеңде балалардың заңбұзушылық мәселелеріне үлкен назар аударылды. Бұл бағытта кәмелетке толмаған жас қылмыскерлерге арнап түзету мекемелері ұйымдастырыла бастады.
Кедей және тастанды, қараусыз қалған балалар үшін әлеуметтік көмек көрсету мекемелерінің кең тараған түрі ақысыз асханалар болды. Мұндай асханалар барлық қамқорлық қоғамдастықтарында қызмет жасады.
Орын алған жағдайды түзету үшін мамандар мен қоғам қайраткерлері негізгі үш жолды ұсынды:
1. Қандайда бір реттеуші органның құрылуы;
2. Балаларды әлеуметтік қамтамасыздандыру жауапкершілігін мемлекетке беру;
3. Бұған қатысты барлық жұмысты қалалық қоғамдық өзін-өзі басқару органдарына тапсыру.
Ұйымдастырылу барысындағы кемшіліктерге қарамастан балаларды әлеуметтік қамтамасыздандыру жүйесі жалпы ел бойынша, уақыт келе айқын келбетке ие болды. XX ғасырдың 20-шы жылдардың соңына қарай формальды түрде балалар үйінің үш түрі болды: мектепке дейінгі балалар үйі, оқушыларға арналған балалар үйі және кәсіптік оқытуға енгізделген балалар үйі. Сонымен қатар емдік және жартылай емдік балалар үйі және мүгедектерге /көзі көрмейтін, құлағы естімейтіндерді қоса/ арналған балалар үйі қызмет жасады.
Белгілісі, осы кезеңде елімізде атақты педагогтар мен психологтар-А.С. Макаренко, П.П. Блонский, С.Т. Шацкий, Л.С. Выготский және т.б. болды. Олардың «қиын» балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік оңалту бойынша практикалық жұмыстарының жетістіктері мен ғылыми еңбектері отандық педагогикада және халықаралық деңгейде үлкен құрметке және дәрежеге ие болды. Әлеуметтік педагогиканың қалыптасып, дамуына ХІХ ғасырдың соңында қалыптасқан педалогия ғылымы үлкен ықпалын тигізді.Бұл ғылым баланы жан-жақты, жүйелі, оның жас және жеке дара ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.
3. Әлеуметтік қорғау сол кезеңде, әлеуметтік көмек көрсетудің негізгі түрлерінің бірі болды. Әлеуметтік қорғаудың мәні-коммуникативті қоғам құруға қабілетті адамдардың жаңа түрлерін жасауда болды.
Концепцияның негізгі мақсаты-баланың ұстанымдарын /интерес/ максималды түрде қорғау және қоғамда оларды алдыңғы қатарлылар ретінде қабылдау мен үлкендермен бірдей дәрежеде құқтарын жариялау.
Көптеген білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагог лауазымы енгізілген, жаңа типтегі мекемелер пайда болуда: жанұя және балалардың әлеуметтік денсаулық орталықтары, қиын жасөспірімдерді әлеуметтік оңалту, жасөспірімдер үшін әлеуметтік қамқорлық үйлер /проют/, қамқорлыққа алу және асырап алу орталықтары, муниципалды балалар үйі, дағдарыстық орталықтар, әлеуметтік қонақ үйлер және т.б. Балалар мен жасөспірімдерге психологиялық-педагогикалық көмек көрсету қызметтері мен орталық тар желісі даму үстінде. Жоғарыда айтылып кеткен мекемелер түрлері балалық шаққа байланысты мселелерді шешуге нақты көмек беруде.
№3 дәріс тақырыбы: Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің ерекше түрі ретіндегі балалық шақты әлеуметтік-педагогикалық қолдаудың мәні.
Дәріс мазмұны:
1. Педагогикалық қызмет түсінігі.
2. Әлеуметтік бейімделу және әлеуметтену ұғымы.
3. Әлеуметтік қызмет.
1. Балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді дамытудың тәжірибесінің нәтижесі мұндай көмектің әлеуметтік жұмыстан ересек адамдардың кез келген категориясынан айырмашылығы бар екендігін көрсетеді, сондықтан ол тек бір түр немесе әлеуметтік жұмыстың бір бағыттарының бірі ретінде қарастырыла алмайды.Балаларға әлеуметтік көмек көрсетудің негізгі бөлігін құрайтындардың бірі – баланы тәрбиелеу мен оқыту. Яғни балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған қызмет – ол әлеуметтік –педагогикалық қызмет, яғни ол педагогикалық қызметтің әртүрлілігін көрсетеді.
Педагогикалық қызмет – бұл ерекше қызмет және бірқатар ерекшеліктерге ие. Оның негізгі ерекшелігі - ол тұтас қоғам мен мектептің көпшілік жұмысының бір тармағы ретінде көрінеді, мысалы бір жағынан педагог педагогикалық теория мен тәжірибенің барлық жетістіктерін пайдаланса, ал басқа жағынан, жеке тұлға сияқты.
Педагогикалық қызметтің мәнін анықтауға көптеген зерттеулер арналған. Ю.К.Бабанский, Т.И.Ильина, В.А.Сластинин және т.б. зерттеушілер педагогикалық қызметтің астарында әлеуметтік қызмет бар екендігін түсінеді, себебі ол бойынша үлкен ұрпақтан кіші ұрпаққа адамзаттың жинаған мәдениеті мен тәжірибесі жеткізіледі.
Ю.Н.Кулюткин педагогикалық қызметтің ерекшелігі деп мынаны айтады: ол «метақызмет» (метадеятельностью) болып табылады, яғни басқа қызметті ұйымдастыру жөніндегі қызмет болып есептеледі. Педагогтың қызметі оқушының қызметіне қарай бағытталады: мұғалімнің алдына қойған мақсаттары оқушының потенциялдық эффектілерінің алға басуын қалыптастырады; осы мақсаттардың алға даму процесі оқушының қызметін ұйымдастыру арқылы іске асырылады; мұғалімнің іс-әрекетінің табыстылығының бағасы оқушының жоспарланған алға даму процесі қаншалықты табысты болуы негізінде көрінеді.
Педагогикалық қызметтің келесі бір ерекшелігі – мұғалімге тән позициялар болып табылады, себебі адам тәрбие объектісі болып дүниеге келеді, ал оған адамгершілік азаматтық тәртіптің субъектісі болуға тура келеді. Осы жерде мынадай қорытындыға келуге болады: педагогикалық қызметтің мәні жеке адамның объектілік-субъектілік қалыптасуына байланысты.
2. Әлеуметтік бейімделу ұғымы педагогика ұғымына да кірістіріледі және көптеген ғалымдар оны әлеуметтік педагогиканың орталық категорияларының бірі ретінде қарастыра бастайды. Әлеуметтік бейімделу адамның барлық өмірінде дамуы және өзін-өзі қалыптасуы ретінде қарастырылады. (А.В.Мудрик).
Қазіргі таңда «әлеуметтану» ұғымы педагогикада, әлеуметтануда, психологияда кеңінен қолданылады. Мұнда әлеуметтік 3 сферада анықталады: қызмет, қарым-қатынас, өзіндік сана. Бұл сфералар адамға әлеуметтік қатынастар жүйесін меңгеруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік қатынастар жүйесіне ену әлеуметтік рольдерді меңгеру мен іске шығу есебінен жүргізіледі. Әлеуметтік роль – бұл мінез – құлық моделі, ол адамның мәртебесі мен әлеуметтік ұстанымына байланысты. Әлеуметтік рольді меңгеру процесі – жеке тұлғаның әлеуметтік байланыстар жүйесіне кіру нәтижесі.
3. Әлеуметтік қызмет 1991 жылы Ресейде пайда болды, ол кезде елде әлеуметтік қызмет институты енгізілді. Ол кезде халыққа түбегейлі түрде әлеуметтік көмек қажет болды.
Аталған екі термин - әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызмет ХХ ғасырдың І онжылдығында АҚШ –та пайда болды. Бірақ бұл ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы да бар.
«Әлеуметтік көмек әлеуметтік жұмысшылардың қызметін қамтамасыз ету ретінде қарастырылуы мүмкін».
Әлеуметтік қызметтің жаңа заманғы концепцияларының құрамына сондай-ақ халықтың қорғалмаған категорияларының құқтары мен мүдделерін қорғау, оларға ақпараттық, психологиялық және педагогикалық көмек көрсету кіреді (кеңес беру қызметі, сенім телефондары, жасырын қабылдау кабинеттері).
Жаңа заманғы Ресейде әлеуметтік қызметтің жүйесі кәсіби қызмет сферасы ретінде тек қалыптасып келеді.
№4 дәріс тақырыбы: Әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсетудің негізгі бағыттары.
Дәріс мазмұны:
1. Әлеуметтік-психологиялық және психологиялық көмек көрсетудің негізгі бағыттары.
2. Әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсетудің негізгі бағыты-жеке тұлғаның әлеуметтену үрдісі.
3. Көмек және қолдау көрсетудің негізгі қағидасы.
1. Адамның әлеуметтенуі кезеңіндегі психикалық даму ерекшеліктерімен және даму бұзылыстарымен байланысты мәселелерді қамтитын мамандар қызметінің саласы әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсетуге жатады. Өмірдің қиын қыстау кезеңінде адамға көмек көрсету үшін арналған қызмет тәсілдері әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсетудің негізін құрайды.
ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында көптеген әртүрлі психологиялық, психиатриялық, психотерапиялық, әлеуметтік және діни ағымдар пайда болды. Олар өз кезеңінде адам қызметінің арнайы саласының-тәлімгерлік, психологиялық кеңес беру-және мамандықтардың-әлеуметтік қызмеші және әлеуметтік педагог, практикалық психологтың дүниеге келуіне әсер етті.
Соңғы онжылдықта еліміздің орта және жоғарғы оқу орындарында арнайы факультеттер пайда болды: психология және әлеуметтану, әлеуметтік педагогика және әлеуметтік жұмыс, психологиялық кеңес беру. Бұл факультеттердің түлектері адамға психологиялық және практикалық көмек көрсетуге рұқсат алды. Бұндай саладағы мамандардың қызметі азаматтардың тұлғалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелерді шешуге және әлеуметтік ауытқушылықтың алдын алуға жұмысына бағытталған. Психологиялық көмекті институализациялау жаңа екі қызмет түрі мен мамандықтың пайда болуына әсер етті-әлеуметтік көмек-адамның мәселелерін шешуге жәрдемдесу, психологиялық көмек-адамның мселелері бойынша кеңес беру.
Бұл мәселе бойынша көптеген әртүрлі шетелдік және отандық әдебиеттерді талдау нәтижесінде әлеуметтік-психологиялық және психологиялық көмек пен қолдау көрсетудің негізгі бағыттарын ажыратуға мүмкіндік берді.
1. Баланың психикалық даму мәселелері. Арнайы мәселелер: толымсыздық комплексін жеңуде балаға психологиялық көмек, эмоционалдық сұраныстарды қанағаттандыру, тұлғалық даралықты алу, өз-өзін анықтау, эмоционалдық жарақаттардан қашу, өлімнен құтылмаушылықты түсіну, ата-анасынан және жақын туыстарынан айырылуындағы қиналыстар, дамудың дағдарыстық кезеңіндегі қолдау және т.б.
2. Бала-жасөспірімнің тұлғалық мәселелері. Ата-аналарынан психологиялық бөлінудің дағдарысын жеңуге көмек, өзге маңызды тұлғалармен идентификациялау, тлымсыздық сезімінен арылту, отбасындағы өзінің шектеулі мүмкіндіктерін сезіну, жыныстық мәселелер, өзіндік және әлеуметтік статус үшін күрес және т.б.
3. Неке және отбасы мәселелері. Ерлі-зайыптық және ата-аналық дау-жанжалдар, отьбасылық дағдарыстар, ажырасқан отбасыларға, қайта некеге тұрған отбасыларға, жалғыз басты аналарға, асырап алған жанұяларға және бала асыраушы отбасыларға көмек. 4. Тұлғалық және психикалық денсаулық мәселелері. Психикалық және соматикалық аурулар кезіндегі профилактикалық (алдын алу) көмек, дау-жанжалдармен, тұрмыстық стресстермен, нашақорлықпен, ішімдікпен байланысты қиналыстар, көңіл түсулер және т.б.
5. Кәрілік жас мәселелері.
6. Қамау орындарындағы, ауруханалардағы, казармалардығы, студенттік қалашықтардағы психологиялық қалыпты, қарым-қатынасты, тұлғалық мәселелерді шешуге көмек.
7. Дағдарыстық жағдаяттардағы психологиялық көмек және қолдау көрсету: жақын адамның өлімі, өз-өзіне қол жұмсау, зорлау, көзіне шөп салу және махаббаттың жоғалуы, жұмыстан айырылу және т.б.
8. Мектептік кеңес беру: мұғалімдер мен оқушылардың өзара қатынас мәселелері, тәрбиеші мен балалардың, өзара оқушылар арасындағы, ата-аналармен өзара қатынас жасау сұрақтары, мектептік үлгерім, қабілеттердің дамуы, мінез-құлықтағы ауытқушылық, жайсыз жанұядағы балаға қолдау, қауіпті топ балаларына, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаға көмек.
9. Кәсіби кеңес беру, мамандықты таңдаудағы бағдарлану, өз мүмкіндіктері бойынша жұмыс табу.
10. Эмигрант, босқын және көшіп-келушілердегі қалыптасқан стереотиптерді, этникалық түсініктерді дұрыстауға бағытталған психологиялық көмек.
11. Экстремалды жағдайларды бастан кешіру кезеңіне психологиялық көмек және қолдау көрсету: «ыссы аймақтар», әскери және этникалық қақтығыстар, жерсілкіністер, техногендік катастрофалар және т.б.
2. Әлеуметтік-педагогикалық қолдау негізгіге-тұлғаның әлеуметтенуіне бағытталған. Әлеуметтену түсінігін біздер қоғамдағы өмір нормалары мен ережелерін, қоғамда қарым-қатынасты жасау іскерлігі мен біліктілін игеру үрдісі деп түсінеміз. Ол өз алдына тұлғаға мынадай сипаттамалармен қарулануына мүмкіндік береді:
- өзге адамға өіндік құндылық ретінде қарау;
- осындай өзге адамға қатынасты жүзеге асыру тәсілі немесе шарты ретінде өздік ұмтылысқа қабілеттілік;
- болашақты өзіне жобалауға мүмкіндік;
- өзінің, өзге адамдардың, өткен мен келешектің алдындағы ішкі жауапкершілік;
- өмірдің мәнін меңгеруге деген ұмтылыс.
Бала тұлғасының қоғамда әлеуметтенуі оны қамтамасыз ететін барлық институттардың өзара әрекеттесуі барысында мүмкін болады. Бұл балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік-педагогикалық көмек және қолдау көрсетудің тұтас жүйесін жасауды талап етеді. Бұндай жүйені жасау қажеттілігі бала құқтары туралы БҰҰ Конвенциясында бекітілген келешек жас ұрпақты қорғау бойынша халықаралық-құқықтық нормалардың талаптарымен анықталады. Балаларға әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық, медициналық және құқықтық көмек көрсету шараларының жалпыламалылығын дұрыстау қажет.
3. Балаларға көмек және қолдау көрсету мүмкін емес, егерде тұтас қызмет болмаса. Көмек және қолдау көрсету қызметі көптеген қағидалар негізінде жасалуы керек. Олардың ішіндегі негізгілерінің бірі балалар мен жасөспірімдерге деген қоғам қатынасын ізгілендіру.
Ізгілендіру қамтуы қажет:
заң, құқық сферасын;
бала мен жасөспірімдердің мінез-құлқын және психика дамуындағы қалыс қалушылықты, мотивтерді, қажеттіліктерді, қызығушылықтарды психологиялық диагностикалауға негізделген тәрбие және оқыту сферасын;
қылмыс жасаған балалар мен жасөспірімдерді жазалау сферасын.
Балалар мен жасөспірімдерге деген ізгілікті қатынас жүзеге асуы керек:
құқықтық статусты және балалар мен жасөспірімдерге көмек және қолдау көрсетудің заңгерлік механизмін анықтайтын заңдарда;
балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік, психологиялық және медициналық статусын диагностикалауға негізделген кемекті ұйымдастыруда;
өмірдің қиын жағдайына тап болған балалар мен жасөспірімдерге кепілдендірілген көмекте.
Бұның барлығы тек балалар мен жасөспірімдерге көмек және қолдау көрсетуге қабілетті, тұтас әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қызметтің болуы нәтижесінде ғана мүмкін.
№5 дәріс тақырыбы: Оқушылардың әлеуметтік-психологиялық мәселелері және мектеп көлемінде жеке көмек беруді ұйымдастыру.
Дәріс мазмұны:
1. Оқушының субъективті позициясының жасалуына көмек.
2. Мектептік бейімделмеушлік жағдаятына жеке-дара көмек.
3. Әр түрлі бөлек категориялардағы балаларға жеке-дара көмек.
1. Адамға тәрбие мекемелерінде жеке-дара көмек көрсетуге деген қажеттілік белгілі бір жас кезеңіне байланысты туындаған мәселелер мен міндеттерді шешуде туады.
Балаға мектеп көлемінде жеке-дара көмек көрсету-педагогикалық көмек көрсетудің бір нұсқасы ретінде қарастырылады.
Әлеуметтік-психологиялық міндеттер жеке тұлғаның өздік санасының жасалу үрдістерін жеке-дара реттеумен, өзін жүзеге асырумен және өзін реттеумен байланысты.
Әлеуметтік-психологиялық міндеттер мен мәселелерді шешудегі жеке-дара көмек көрсетудің жетекші бағыттардың негізгілеріне жатады:
а) Оқушының субъектті позициясының жасалуына көмек.
ә) Мектептік бейімделмеушілік (дезадаптация) жағдаятына жеке-дара көмек.
б) Әр түрлі бөлек категориялардағы балаларға жеке-дара көмек.
а) Оқушының субъектті позициясы оның белсенділігімен тікелей байланысты. Оқу әрекетіндегі позицияны талдау барысында оқу белсенділігінің төрт типін ажыратуға мүмкіндік береді.
1. нөлдік белсенділік (анық объективті позиция). Оқушы енжар, бірлескен немесе жеке жұмыстануға қызуғушылық танытпайды, оқу әрекетке педагог қысымымен араласады. Өзара әрекеттестікте оқу үшін онда эмоционалдық, интелеетуалдық және мәнез-құлық дағдылары дамымаған.
Мұғалімнің тактикасы оқушының қорқу, қысымшылдық сезімдерінен жоюға бағытталған атмосфералы сабақты жасауға негізделген. Бұндай топты оқушылармен жұмыстану барысында тез араласуды күтудің қажеті жоқ, себебі, олардың белснеділігі біртіндеп жоғарлауы мүмкін. Оларға бір қызмет түрінен екінші қызмет түріне тез ауысуды қажет ететін оқу тапсырмаларын ұсынбау. Жауап беруде уақыт беру. Жауап беру барысында кенеттік сұрақтар қоймау. Бұның барысында мынадай тізбек жасалады: жайлылықты, ашықтықты қамтамасыз ету→бірлесіп жұмыс жасау алдындағы үрейді жою→педагогпен немесе сыныптастарымен бірлесіп қызметтесуге енуіне дайындық→күту және таным белсенділігінің жаңа типін меңгеруге деген эмоционалдық дайындық.
2. жағдаяттық белсенділік (басым объективті позиция). Тән сипаттама-белгілі-бір жағдаяттардағы белсенділіктің және қызығушылықтың көрінуі (сабақ мазмұнының тартымдылығы, сабақ берудің жаңа тәсілдері). Бұл топтағы оқушылар жаңа жұмыс түрлеріне тез ауысады, бірақ кедергілер туындағанда қызығушылықтан жеңіл айырылады.Олар мұғалімді тез дұрыс жауап берулермен таң қалдырулары мүмкін, бірақ эпизодты.
Мұғалім стратегиясы оқушыға оқу әрекетіне араласуына көмек беру және сабақ барысында жағымды эмоционалды-интеллектуалдық атмосфераны сақтау. Онда оқушы қуаныш және жоғарлану сезімін тек оқу міндетін қабылдауда ғана емес, сонымен қатар оны орындау барысында да сезінеді. Бір кезде сәттілік сезімін сезініп, оны қайталауға және өз жетістіктерін бекітуге тырысады және ол үшін белгілі бір интеллектуалдық-еріктік күш-жігер жұмсайды.
3. орындаушылық белсенділік (басым субъектті позиция). Бұл белсенділікті тасушылар мұғалімдердің сүйіктілері болады. Олар жүйелі түрде үй тапсырмаларын орыдайды, педагог ұсынатын жұмыс формасына дайындықпен араласады. Мұғалім осы топ оқушыларына арқа сүйейді: жаңа (қиын) тақырыпты өткенде және қиын жағдаяттарда көмек көрсетеді (ашық сабақ, әкімшіліктік тексеру және т.б.). Негізгі оң жағдай-беріктілік және тұрақтылық, бірақ бұл оқушыларда да мәселелер кездеседі.
Мұғалім нашарлау оқушылармен жұмыстанғанда бұл топ оқушыларының белсенділіктері төмендейді. Біртіндеп олар оқу міндеттері көлемімен шектеледі, стандартты емес шешу жолдарын іздеуде бұрынғыдай құлшыныс танытпайды.
Оқушылардың белсенділігін арттырудың негізгі тәсілдері болып сабақ барысында жасалатын мәселелік, іздеушілік және эвристикалық жағдаяттарды қолдану табылады.
4. шығармашылық белсенділік (анық субъектті позиция). Оқушылар стандартты емес ойлау қабілетімен, даралық қиялымен, ашық бейнелі қайта жаңғыртуларымен, қоршаған ортаға деген қайталанбас қатынасымен қаруланған. Дегенмен осы топ оқушылары оқу әрекетінде мәселе туғызады.
Педагог қызметі оқушылардың өзінде шығармашылыққа деген қажеттілікті, өз-өзін көрсетуге (самовыраженность) ұмтылысын дамыту.
2. Ұғым балада қиын әлеуметтік жағдайлардың және өмірі мен даму оқиғаларының (әлеуметтік жетімдік, отбасындағы ажырасу немесе дау-жанжал, ұзақ уақытқа созылған ауру, тұрғылықты мекен-жайды ауыстыру, денелік толымсыздық және т.б.) ықпалымен пайда болуы мүмкін бұзылыстарды сипаттайды.
Оның бір түрі ретінде мектептік бейімделмеушілік-балада мектептің ықпалымен, мектеп әсерімен немесе оқу сәтсіздіктерімен пайда болатын бұзылыстар мен ауытқушылықтар болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде баланың мектепке блейімделуінің төрт деңгейі көрсетілген:
-бейімделушіліктің жоғары деңгей і- өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық үлгерімдегі жоғары дәрежеде дамыған мотивация және жағымды өз-өзін бағалау;
- бейімделушіліктің орташа деңгейі - өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық үлгерімдегі жеткіліксіз мотивация және жағымды өз-өзін бағалау;
- бейімделушіліктің төмен деңгейі – оқу әрекетінің ішкі қалыптасушылығында, жақсы және өте жақсы үлгерімдегі мектепке деген қызығушылықтың болмауы, өз мінез-құлқын реттеу деңгейінің жеткіліксіздігі, өзінің МЕН-імен қанағатсызданбағанымен байланысты жоғары деңгейлік үрейнелушілік, жағымсыз өз-өзін бағалау, айналадағылармен қарым-қатынастағы қиындықтар.
бейімделушілік – қанағаттанарлық және қанағаттанарлықсыз бағаланудағы мотивацияның болмауы, жағымсыз өз-өзін бағалау.
Мектептік бейімделмеушіліктің педагогикалық себептеріне жатады:
балалардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне мектеп тәртібінің (режим) және оқу жағдайының санитарлық-гигиеналық сәйкестіксіздігі;
кейбір топ балаларының мүмкіндіктеріне оқу жұмыс темпінің сәйкестіксіздігі;
оқу жүктемелерінің экстенсивті сипатта болуы;
жағымсыз бағалаумен ынталандырудың (стимуляция) басымдылығы;
оқушылардың оқуда үлгермеушіліктерінің негізінде пайда болатын отбасындағы дау-жанжалдық қатынастар (сурет 1).
Жағымсыз әрекеттік динамика
-
Оқудағы алғашқы қиындықтар
|
↓
-
↓
-
Бір немесе бірнеше пәндер бойынша материалды меңгерудегі қалыс қалу
|
↓
-
Жеке немесе жалпы үлгермеушілік
|
↓
-
Жағымсыз қатынас динамикасы
-
Оқу негізінде пайда болған, баланың мұғалім және ата-аналармен қатынасындағы алғашқы қысым (кернеу)
|
↓
-
↓
-
↓
-
↓
-
Тұлғалық мәнді қатынастардың бұзылуы
|
Сурет 1. Жағымсыз динамикалық бағытталушылық сызбасы
Мектеп көлемінде кемінде үш бейімделушілік кезеңі болады: бірінші, бесінші және тоғызыншы сыныптарда.
Педагогикалық көмек жолдары:
мәселелік жағдаятты толығымен жою немесе қайта жасау жолымен бейімдеу;
мәселелік жағдаяттан кету жолымен бейімдеу;
мәселелік жағдаятты сақтаумен және оған үйренумен бейімдеу.
3. Қазіргі кезде мектеп практикасында жеке-дара көмекті қажет ететін балалар категориялары жеткілікті. Біз кейбіреулеріне ғана тоқталайық.
Дарындылық белгілері бар балалар (дарынды балалар).Балалақ шақтағы дарындылықты дарындылық белгілерінің жиынтығы ретінде қарастыру керек. Ол түпкілікті ретінде анықталуы және болашақ сәттіліктердің векторы ретінде қарастырылуы дұрыс емес және болмайды. Балалық шақ-жалпы дамудың интенсивті кезеңі, жаңақалыптасулардың саны мен темпі де көп түрлі.Бұған байланысты баланың дарындылығы жастық даму үрдісінде өзінің даму бағыты бойынша және қалыптасу мен көріну темпі бойынша да өзгеріске ұшырайды.
Дарындылық психиканың сапасы ретінде өмір барысында дамиды және педагогикалық қолдау көрсетуді, ал дарындылық белгілері бар бала-жеке-дара көмек крсетуді қажет етеді. Ол мына себептермен негізделген:
дарындылық анық бейнеленген әлеуметтік маңыздылық пен құндылыққа ие;
дарындылық кері қайтымды;
дарындылық рухани-адамгершілікті бекітуді қажет етеді;
дарындылық адамды әлеуметтік қауыпты топ категориясына жатқызуға негіз ретінде қарастырылуы мүмкін;
дарындылықты көрмею жеңіл және диагностикалау қиынға соғады.
Девиантты мінез-құлқы бар балалар. Девиантты мінез-құлқы-нормадан ауытқыған мінез-құлық.
Мектеп практикасында девианттарға жеке-дара көмек көрсету технологиясының жетекші үш түрі қолданылады:
алдын-алу (профилактика) технологиясы - әртүрлі әлеуметтік ауытқушылықты тудыратын негізгі себептер мен жағдайларды жоюға, алдын-алуға бағытталған;
психологиялық-педагогикалық бірлестікте қызметтесу (сопровождение) технологиясы – педагогтың немесе маманның ұйымдастырылуымен жеке-дара көмек пен қолдау көрсетуді көздейді;
әлеуметтік-психологиялық оңалту технологиясы.
№6 дәріс тақырыбы: Әлеуметтік қызметтегі кеңес беру ерекшеліктері.
Дәріс мазмұны:
1. Әлеуметтік кеңес беру түсінігі.
2. Әлеуметтік кеңес берудің негізгі қағидалары.
3. Әлеуметтік кеңес берудің өзіндік ерекшеліктері.
1. Әлеуметтік кеңес беру-кәсіби қызметтің бір бағыты, оның барысында маман әлеуметтік жұмыс бойынша клиентке өзінің қиын өмірлік жағдаятының мәнін түсінуге көмектеседі және оның шешілуінің әртүрлі нұсқаларын ұсынады. Әлеуметтік міндеттерді шешудң технологиялық тәсілі ретінде бұл қызмет әлеуметтік жұмыспен қатар, медициналық, заң және психотерапиялық практикада да жие қолданылады. Кеңес беру қажетті ақпаратты ұсыну жолымен, көмектің альтернативті формаларын көрсетумен азаматтарға заңды құқықтары мен қызығушылықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
Кеңес берудің әдіснамалық негіздері З. Фрейд, А. Адлер, К. Юнг, Э. Берн, А. Эоллис, Р. Перл, К. Роджерс, В. Франкл және т.б. психологтардың фундаменталды зерттеулерінде жатыр. Олар жеке тұлғаның құрылымы және қызмет жасауы, тікелей қарым-қатынас үрдісіндегі адамдардың өзара әрекеттесу механизмдері туралы өздерінің түсініктері негізінде кеңес берудің теориясын жасады. Нәтижесінде кеңес берудің базалық концепциясы (бағдарлама) қалыптасты. Оның мәні маман өзінің кәсіби, ғылыми білімдерін пайдаланып, өзге адамға пайда болған мәселені шешу үшін өзінде жаңа мүмкіндіктерді ашуға тиімді жағдай жасау болып табылады.
Кеңес беру үрдісінде келесі міндеттер шешіледі: клиент көрсеткен мәселеге байланысты кәсіби көмек көрсету; оның әлі пайдаланылмаған мүмкіндіктері туралы клиентті ақпараттандыру; клиенттің мәселені өзбетімен шешуін қамтамасыз ететін жасырын ресурстарын мобилизациялау; жеке тұлғаның әрі қарай дамуының негізгі бағыттарын анықтау.
Кеңес беру клиент маманға өз мәселесімен келгенде жүргізіледі, яғни мәселе бар, оның алдын-алуға болмайды, оған көмек көрсету керек. Дегенмен, алдымен мәселені анықтап, түсініп және оның шешілуі үшін жол табу қажет. Тек содан кейін бұндай мәселелердің келешекте пайда болмауы үшін алдын алуға жұмыстануға болады.
Кеңес беру клиент пен маманның өзара әрекеттесуі ретінде екі деңгейде болады: мазмұнды және психологиялық. Мазмұнды деңгейде клиент қиын өмірлік жағдаятын шешуіне көмек беру өтінішімен маманға келеді, ал маман пайда болған мәселенің мәнін анықтайды және одан шығудың нұсқаларын ұсынады. Психологиялық деңгейде клиент пен маманның арасында сенімді қарым-қатынас орнатылады, маман клиентте пайда болған өмірлік қиыншылықтарды өзбетімен шешуіне тұрғы қалыптастырады.
2. Кеңе берудің негізгі қағидалары:
Мақсатты анықталған (целесообразность). Кез-келген кеңес берудің нақты мақсаты бар, белгілі-бір міндетті шешеді. Кеңес беруші мен клиенттің өзара әрекеттесуі көрсетілген мәселенің материалы негізінде және оның шеңберінде жасалады.
Еріктілік және өзге ойды байламау (добровольность и ненавязчивость). Клиент өз бетімен және ерікті түрде кеңес берушінің көмегіне жүгінеді және оның келісімінсіз үрдіс басталмайды. Ол кез-келген уақытта кеңес берушінің көмегінен бас тартуға құқылы. Кеңсе берудің тиімділігі кеңес берушінің статусымен емес, идеяның құндылығымен анықталады.
Әдістемелік біліктілік және құзыреттілік (методическая грамотность и компетентность) Кеңес беру үрдісі технологиясының ядросы кеңес алушы мен кеңес беруші арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру болып табылады. Кеңес беруші кең эрудициялы, талданылып отырған мәселе бойынша құзыретті болуы және кеңес беруді нанымды, әдістемелік білікті жүргізуі керек.
Клиентке мейірімді және бағасыз қатынас (доброжелательность и безоценочное отношение к клиенту). Кеңес беру рдісінде клиент өзін еркін және жайлы сезінуі керек. Мейірімді қатынас тек жалпыға қабылданған мінез-құлық нормаларымен жүруді ғана емес, сонымен қатар көңілмен тыңдауды, қажетті психологиялық қолдауды көрсету, көмекті қажет еткендерде көмек беруге тырысуды қамтиды.
Клиенттің нормалары мен құндылығына бағдар (ориентация на нормы и ценности клиента). Бұл қағида бойынша маман өз жұмысы барысында әлеуметтік қабылданған нормалар мен ережелерге емес, клиент бойындағы өмірлік қағидалар мен иделдарға бағдарлануы керек. Кеңес берушінің клиент құндылықтарына сыни қатынас қабылдауға келген адамның тұйықталып, шынайы және ашық болуына кері әсерін береді. Нәтижесінде, кеңестік әсер етудің мүмкіндіктері практикалық түрде жүзеге аспауына әкеледі.
Ақыл-кеңес беруге тыйым (запрет давать советы). Клиенттерге ақыл-кеңес беруге болмайды. Ақыл-кеңес беру барысында кеңес беруші болып жатқан оқиғалар үшін өзіне жауапкершілік артады. Мұның өзі жеке тұлғада нақты жағдайға деген адекватты қатынасын дамытуға жәрдемдеспейді. Ақыл-кеңесті жүзеге асырудағы кез-келген сәтсіздікті кеңес берушіге жазады. Бұл өз кезегінде клиенттің өзімен болып жатырған жағдайлардағы өз рөлін түсінуіне кедергісін келтіреді.
Анонимділік. Клиенттің кеңес берушіге берген кез-келген ақпараты оның келісімінсіз ешқандай қоғамдық немесе мемлекеттік ұйымдарға, жеке тұлғаларға, соның ішінде отбасы мүшелеріне берілмейді.
Жеке және кәсіби қатынастардың шектелуі. Кеңес беруші клиентпен арадағы қалыптасқан жеке қатынас оның клиенттің мәселесін объективті бағалауына кері әсерін береді.
Кеңес беру үрдісіне клиентті араластыру. Кеңес беру тиімді болуы үшін, клиент қабылдау барысында белсенді позицияда болуы керек.
3. 1. Көп жағдайда көмекке әлеуметтік статусы төмен, бір емес бірнеше кешенді мәселелері бар адамдар жүгінеді. Кеңеске келушілер тез шешіммен және ақыл-кеңес беруді қалайды. Сондықтан кеңес беру барысында олар мәселені шешу үрдісіне белсенді араласуға тарсылық білдіреді және мәселенің шешімін кеңес берушіге артады.
2. Кеңес беруші кәсіби түрде кеңес берудің технологиясын жетік білумен қатар, кең ауқымды сұрақтар бойынша құзыретті болу. Сондықтан ол өз жұмысында қазіргі кезеңдік байланыс құралдары мен ақпарат көздрін пайдалана білуі керек.
3. Кеңес беру үрдісінде кеңес беруші клиенттің жеке өмірімен танысады. Ол оның қоғамдық жағдайға сәйкестік деңгейін анықтайды.
№7 дәріс тақырыбы: Әлеуметтік кеңес беру технологиясы.
Дәріс мазмұны:
1. Әлеуметтік кеңес берудің дайындық кезеңі.
2. Әлеуметтік кеңес берудің негізгі кезеңі.
3. Әлеуметтік кеңес берудің қорытынды кезеңі.
1. Әлеуметтік кеңес беру технологиясы-екі немесе одан да көп адамдар арасындағы өзара әрекеттесу, оның барысында кеңес алушыға белгілі-бір ісіне көмек беру мақсатымен оған арнайы білім мен сәйкес ақпарат беріледі. Бұл кеңес алушыға өз алдында тұрған мәселені кешенді және объективті бағалауына, оны тереңірек түсінуіне және тиімді іс-әрекет түрін таңдауына мүмкіндік береді.
Ең маңыздысы клиентке дұрыс қатынас позициясын таңдап алу. Тиімдісі клиентке деген жағымды бағалаушылық қатынас пен эмоционалдық жылулыққа бағдарлану болып табылады. Кеңес берушінің шыншылдығы мен өз-өзін ұстауы, эмоционалдық қиналыстарын (переживание) вербализациялауы (сөздік) клиенттің өзін жайлы сезінуіне және мәселені шешуде кеңес берушімен бірлікте жемісті жұмыс жасауына әсерін тигізеді.
Әлеуметтік кеңес беру үрдісі дайындық, негізгі және қорытынды кезеңдерден тұрады.
Кеңес берудің дайындық кезеңі. Кеңес берудің графигі мен кезегі белгіленеді. Мүмкіндігіне қарай кеңес беруші болашақ клиенттері туралы ақпарат жинайды, оның негізінде бастапқы жұмыс жоспарын жасайды, әсер етудің неғұрлым тиімді әдістерін белгілеп және клиентпен қарым-қатынас стилін анықтайды.
2. Кеңес берудің негізгі кезеңі. Клиентпен әңгімелесу кеңес берушінің жеңіл, тактикалық түрде қадағаланып және бағытталып отыратын, өз алдына, үздіксіз үрдіс болып табылады. Кеңес беруде бірнеше міндетті, бір-біріне өтіп отыратын стадиялар жүзеге асады.
Бірінші стадия-кеңес берушінің психологиялық дайындығы. Ол клиентті кабинетке шақырмастан бұрын басталап, алғашқы қарсы алу сөздерімен аяқталады. Кеңес беруші бастапқы жұмыс жоспарында ойлаған келесі клиент туралы мәліметтер жинағын есіне түсіреді және кеңес берудің тиімді стилін белгілейді.
Екінші стадия-болашақ әңгімелесушілердің өзара амандасуы және өздерін бір-біріне таныстыру. Біріншіден, кеңес беруші клиентпен амандасқаннан кейін оның отырып жайғасуын және өзінің үйіндей сезінуін ұсыну. Клиентке 2-3 минут уақыт беріп оның бөлмеге үйренуін және бағдарлануына мүмкіндік беру қажет. Осы жұмыс стадиясында ұялу, қысымшылдық сезімідері жойылып және психологиялық климат орнатылады.
Үшінші стадия-кеңес беруші мен клиент арасындағы «келісім шарттың» жасалуы. Маман клиенттің кеңес беруге қоятын бастапқы тапсырысы мен талабын анықтайды, кеңес беруді жүзеге асыру немесе одан бас тартып келесі бір маманға жіберу туралы шешім қабылдайды. Бұдан кейін кеңес беруші іскерлік және этикалық стильде клиентке кеңес берудің мақсатын, міндеттерін және регламентін, жұмыстың этикалық нормаларын, құқықтары мен міндеттерін жеткізеді. Кеңес берудің бұл стадиясында екі жақтың да белсенді қатысуы қажет.
Төртінші стадия-«ақталу» («исповедь»). Кеңес беруші клиентке тікелей сұрақ қояды: «Маған келуіңізге әсер еткен нендей жағдай болды?». Клиент өзін толғандырып жүрген мәселе туралы ашық және эмоционалды түрде айтуына және түсіндіруіне мүмкіндік алады. Тәжірибелі кеңес берушілер бұл стадияға кеңес берудің негізгі кезеңнің уақытының үштен екі бөлігін арнайды. Қажетті жағдайда қысқа анықтаушы және бағыттаушы сұрақтар қоюға болады.
Бесінші стадия-Клиенттен белсенді сұрау және қосымша ақпарат алу. Маман белгілі-бір мөлшердегі анықтаушы сұрақтар қояды. Нәтижесінде онда клиенттің кедергілерінің себептері туралы негізделген пікір қалыптасады, ол оларды жеңудің конструктивті жолдарын белгілейді. Бұл стадияды кеңес беруші клиентке өз пікірін жарияламайды.
Алтыншы стадия-бұл стадия кеңес беруде шешуші рөл атқарады, ол кеңес берушіден максималды мобилизациялануын, жинақтылықты және кәсіби шеберлікті талап етеді. Осы стадияда клиент мәселесін бірлестікте қорытындылау жүзеге асырылады. Кеңес беруші апелляциялық формасыз жағдайды өзінің түсінуі бойынша білдіруіне болмайды. Адамның реакциясын назармен бақылау және ұсынылған пікірмен келісу дәрежесін бағалау қажет. Егерде келісімге қол жеткізілсе-ұсынылған нұсқа негізгіге қабылданады. Бірақ егерде, болжам клиентті еш әсерсіз қалдырса, басқа шешімді іздеуге тура келеді.
Жетінші стадия-бұл стадия өз-өзін реттеудің тұлғалық механизмдерін іріктеуге және клиенттің мінез-құлқының жаңа моделін қалыптастыруға бағытталған.
Сегізінші стадия-клиентпен қарым-қатынасын аяқтау және қатысушылармен кеңес берудің тиімділігін бағалау. Клиентке жүргізілген жұмыс бойынша өз пікірін білдіруін сұрайды. Маман әлеуметтік жұмыс бойынша қорытынды бағасын береді. Егерде мәселені бір кездесуде шешу мүмкін болмаса, онда келесі кеңес берудің мерзімі мен оның жоспарлы бағдарламасы белгіленеді.
Клиент соңынан есік жабылғаннан кейін, кеңес берушіге өзінің психологиялық қалпына назар аударуы қажет. Бұл стадияны демалыс және әсерлерден құтылу фазасы деп атауға болады. Кеңес берушіге оның ресурстарын қалпына келтіретін өзге қызмет түрлеріне ауысуы және еркін сезінуі керек.
3. Кеңес берудің қорытынды кезеңі. Бұл кезең клиентпен бірлескен жұмыс аяқталғаннан кейін басталады. Кеңес беруші алынған нәтижелердіой елегінен өткізеді, кеңес беру хаттамасын толтырады және керек жағдайда клиент қажеттілігіне сай әлеуметтік ортаға әсер ету тәсілдерін белгілейді. Бұл кезеңде клиенттің жеке мәселелерін шешу үшін жағдайлардың тиімділерін анықтау мақсатымен ресми тұлғалармен және әлеуметтік ортасымен нақты өзара әрекеттесу болуы мүмкін.
Әлеуметтік кеңес берудің технологиялық кезеңдерін орындау, үрдістің сәтті өтуіне толық кепілдік бере алмайды. Кеңес берушіге өзінің дайындығына және сонымен қатар, клиентпен кездесудің ұйымдастырушылық моменттеріне назар аударуы қажет.
Кеңес беруді қарым-қатынастың конфиденциалдылығын қамтамасыз ететін оқшауланған бөлмеде өткізген дұрыс. Кеңес беру барысында бөтен тұлғалардың кенеттен кіру жағдайлары болмауы тиіс. Кабинет дизайны ресми емес сенімді қарым-қатынасқа негізделуі керек. Әңгімені жүзеге асыру барысында кеңес беруші мен клиент креслоларда немесе отырғыштарда, бір-біріне қарама-қарсы, отырады. Бір кеңес берудің ұзақтығы 1 сағаттан 1,5 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Кеңес беру барысында үзілістер жасау тиімді емес.
Кеңес берудің нәтижелері есеп құжаттарының арнайы формаларында тіркеліп отырады. Маман жұмыс жазбаларын (запись) жүргізуіне болады, егерде бұл негізгі жұмысқа кедергісін және клиенттің қарсылығын келтірмесе. Хаттамада клиентің паспорттық мәліметтері, отбасы мен денсаулығы туралы ақпараттар, кіммен кеңес беруге жіберілгені, мәселенің негізі, кеңес берудің әдістері мен формалары, кеңес берудің нәтижелері, әңгіме барысындағы адамның мінез-құлқы мен жұмысқа қатынасы, клиентпен әрі қарай жұмыстанудың бағыттары көрсетіледі.
№8 дәріс тақырыбы: Кеңес берудің тиімділігін анықтайтын маманның кәсіби сапалары мен біліктілігі.
Дәріс мазмұны:
1. Кеңес берушінің кәсіби этикасы.
2. Кеңес берудегі енжар және белсенді тыңдау тәсілдері.
3. Кеңес берушінің стреске беріктілікті дамыту қажеттілігі.
1. Әлеуметтік кеңес берудің сәтті өтуі көптеген факторларға тәуелді. Ең алдымен, әлеуметтік жұмыспен айналысушы маман белгілі-бір моральдық-этикалық сапалармен қаруланған болуы керек. Кңес берушінің кәсіби этикасы келесі жағдайларды қамтиды:
а) Әсер етудің формалары мен әдістеріне қарамастан, клиент үшін қарым-қатынас оның өзін-өзі бағалауын төмендетпеуі және қосымша психологиялық жүктеме болмауы керек.
ә) Кеңес беруші әңгіме барысында алынған конфиденциалдық ақпаратты жариялауға құқығы жоқ. Клиентпен жүргізілген жұмыстың қорытындылары мен нұсқаулары ресми тұлғаларға берілуі үшін клиенттің өзі хабардар және оның ұстанымдарын (интерес) ескеретін формада жасалуы қажет. Келіспеушіліктердің пайда болу жағдайларында кеңес беруші клиенттің ұстанымдарын қорғауы керек.
б) Кеңес беру үрдісіндегі жетекші жұмыс стилі-клиенттің ұстанымдары негізінде қызметтесіп (сотрудничество) және паритеттік (өзара тиімді) бастамаларда қарым-қатынас жасау. Ешқандай кемсітушілік, жақтырмаушылық формаларының көрінуіне жол берілмеуі тиіс.
в) Әлеуметтік жұмыспен айналысушы маман жұмыс барысында өзінің мінез-құлқын қадағалап және талдап, өз қателіктерін мойындап және түзеп, өз құзыреттілігінің шегін түсініп отыруы керек.
Кеңес беруді жүзеге асыруда қажетті шарт ретінде коммуникация үрдісінің еркін түрде өтуіне жәрдемдесетін, жағымды психологиялық ахуалды (климат) қалыптастыру болып табылады. Бұл жұмыстағы үлкен рөл кеңес берушінің тұлғалық сапаларына яғни, коммуникабелділік, сензетивтілік, тактикалылық, эмпатия және т.б. артылады. Ерекше қажеттілік ретінде ортаны өзге адамның назарымен қарап, сонымен қатар өзінің кәсіби объективлігін сақтап отыру болып танылады.
Маман эмпатиясының деңгейі кейбір факторларға тәуелді және ең алдымен клиент туралы толық және нақты білім дәрежесіне.
2. Кеңес беруші кәсіби дәрежеде енжар және белсенді тыңдау тәсілдерін игерген болуы керек. Олар ұсынылған ақпатартты нақты түсінуге, ал клиентке кеңес берушіге дұрыс тыңдалғанын және қабылданғандылығын түсінуіне мүмкіндік береді.
Енжар тыңдау.Ол клиентке өз ойларын (мысль) түсіндіруге мүмкіндік береді. Оның үш негізгі тәсілін бөліп көрсетуге болады: рефлексивті емес, рефлексивті және эмпатикалық тыңдау.
Рефлексивті емес тыңдау-клиент сөзін көңілмен және үлкен назармен қабылдау. Бұл әңгімелесушінің арыздары мен ұсыныстарының негізінде, көбіне эмоционалдық жағдайларда, шын мәнісінде не жасырынып жатқанын анықтауда бірден-бір қажетті тәсіл болып табылады.
Рефлексивті тыңдау-кеңес беруші тарапынан қысқа, мүмкіндігі бойынша сұрақты сөздерді атайды. Олар бағыттаушы фактор рөлін ойнайды: маман үшін қажетті сұрақтарға назарын шоғырландырып, клиент сөзін ұйымдастырады. Бұл жағдайда клиентте тек ғана дұрыс тыңдалғандығы туралы емес, сонымен қатар дұрыс түсінгендігі туралы сезім қалыптасады.
Эмпатикалық тыңдау-клиентке қиналысты бірге қабылданғанды (сопереживание) білдіру мақсатында қолданылады. Ол клиенттің кеңес беру үрдісіне және сонымен қатар кеңес берушінің тұлғасынада сенім тудыруы үшін қажет.
Белсенді тыңдау тәсілдері әр түрлі және оларға жататындары: «эхо-техника», ойды (идея) дамыту, түйіндеме, өзгенің қабылдауы туралы хабар, өз-өзін сезінуі туралы хабар.
«Эхо-техника» клиенттің білдірткен ойлары мен сезімдерін қайталаудан тұрады. Бұл тәсілді қолдану терең байланыс ортатуына және қысымшылдықты бәсеңдеуіне жәрдемдеседі.
Ойды дамыту тәсілі-клиент сөзінен туындайтын логикалық нәтиженің қорытындысы немесе пікір айту себептеріне қатысты болжамдарды ұсыну.
Түйіндеме клиенттің пікір айтуларын (высказывания) қысқартылған, жалпыламаланған түрде қайта жаңғыртуды айтады. Оның тиімділігі пікір алмасу ұзаққа созылып және тығырыққа тірелген жағдайда ерекше.
Өзгенің қабылдауы туралы хабар-клиенттің сезімдерінің бейнелеуні. Маман нақты жағдайдағы клиенттің эмоционалдық қалпы туралы болжам жэасайды. Бұл техника клиентке өз сезімдерін ой елегінен өткізуіне және әңгімені жүргізудегі айырмашылықтарды жеңуіне мүмкіндік береді.
Өз-өзін сезінуі туралы хабар эмоционалдық қиын жағдайларда аса қажет. Ол қарым-қатынастағы формальдылықты жоюға және эмоционалдық байланысты қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Осылай, тыңдау тәсілдерін меңгеру әлеуметтік жұмыспен айналысушы маманға клиенттердің ақпараттарын нақты қабылдауына көмектеседі: Тиімді тыңдап және бақылауға, вербалды және вербалды емес сигналдарды адекватты түсінуге, аралас және жасырын хабарларды ажыратуға, вербалды және вербалды емес ақпараттар арасындағы сәйкесіздіктерді көруге, еш бұрмалаусыз пікірлерді еске сақтау.
Дұрыс жасап және уақытында сұрақ қоя білу іскерлігі-кеңес беру үдісінде жетекші қызмет атқарады. Бұл іскерлікті меңгеру үшін, маманға қажеттісі, қойылатын барлық сұрақтарды шартты түрде екі топқа: ашық және жабық бөлуге болатынын білу керек. Жабық сұрақтар-«иә» немесе «жоқ» жауабы күтілетін сұрақтар. Олар әңгімелесу ырғағын жеделдетуге мүмкіндік береді. Дегенмен, оларды жие қолдану барысында клиентте оны толғандыратын мәселе бойынша еркін айту мүмкіндігінен айырып, сұрақ астына (допрашивание) алып жатқандай сезім пайда болады.
Ашық сұрақтар анық жауапты, түсіндіруді талап етеді. Олар көп жағдайда «кім», «не», «қалай», «неге» және т.б. сөздерінен басталады. Бұл сұрақтар әңгімелесушіні белсендендіреді, ақпаратты таңдау мүмкіндігін береді. Дегенмен оларды шексіз қолдану нәтижесінде кеңес беру жұмысын қадағалаудан және басшылықтан (инициатива) айырылып қалу қаупі туындайды.
Тәжірибелі кеңес беруші, өзара әрекеттесу үрдісіне кедергі келтіретін, клиенттің қорғаныс реакциясын тудыратын факторларды көру және оларды ескеру іскерлігімен қаруланған болады. Клиенттің жұмыс қабілетіне мынадай факторлар әсер етеді: ығыстыру (вытеснение), рационализация, обособление, проекция, сублимация.
Ығыстыру-жағымсыз ойлар мен түйсінулерді мотивациялық ұмыту; рационализация-өзінің қылықтарын қадыр-қасиетімен және өз-өзін сыйлау сезімімен түсіндіру; обособление-адам еріксіз қатысуға мәжбүр болған жағдаяттардың мүмкін болар салдары туралы ойлауға қарсылық; проекция-кінәні, тұлғаларға тән емес сезімдерді өзге адамдарға жатқызу, арту; сублимация-қысымды әлеуметтік қабылданбалы формаларға тасымалдау (трансформация) жолымен шешу.
3. Кеңес берушіге өзінде стресске беріктілікті-бір жағынан, үлкен көлемдегі ақпаратты ұзақ уақыт бойы қабылдау, екінші жағынан, клиенттің үрейлену және жалығу деңгейіне назар аударушылық қабілетін дамыту қажет.
Маманмен бұл ақпаратты қорытындылау (интерпретациялау) клиентке тапсыру үшін арналмаған. Клиенттің кеңес беру кезінде көкейкесті, өткір эмоционалды мәселелерімен жұмысында нақты мәліметтерді жинауға жәрдемін тигізуі керек, егерде осы сынды мәселелер клиенттің ақпаратты толық ұсыну қабілетін төмендететінін көрсетсе.
Осылай, кеңес беру нәтижесі, көбіне кеңес беруші мен клиент арасындағы өзара түсінушілікке қол жеткізілуіне тәуелді. Ол үшін келесі технологиялық шарттарды сақтау қажет: кеңес берушінің позициясы клиенттің көзқарасына қарама-қайшы болмауы керек, ал кеңес берушінің әрекеттері оған келген адамның қызығушылығы мен қажеттілігінің қанағаттануына жәрдемдесуі керек. Барлық тең жағдайда, адамдар жағымды қатынасты сезетін адамдардың позициясын жеңіл қабылдайды.
№9 дәріс тақырыбы: Балалардың қауіпті топқа түсуінің себептері.
Дәріс мазмұны:
1. Қауіпті топ балалары түсінігі.
2. Балалардың қауіпті топқа түсуінің себептері.
1. Бүгінгі күнде «Ахаулықтың болу мүмкіндігі бар топ балалары» ұғымы жие қолданылып жүр. Ахаулықтың болу мүмкіндігі бар топ балалары – бұл қоғам және оның кәмелеттік жасқа толмағандардың дезадаптациясының салдары болып отырған криминалдық элементтерінің жағынан жағымсыз сыртқы әсерлердің салдарынан ауруға шалдығуға бейім балалар категориясы. Балалар және жасөспірімдерге психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсетудің және қолдау көрсету мәселесінің шешім табуы үшін ондай балалар тобының континпенті мен олардың психологиялық мінездемесін анық білу қажет.
Әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмектің мунипаципалдық жүйесін жасаудың 8 жыл бойғы эксперименттік жұмыс нәтижесінде балалардың ахуалдық болу мүмкіндігі бар топқа түсулерінің себептері анықталды.
2. Оның негізгі себептері бала өмірінің келесі жағдайлары: ата-ананың біреуінің немесе екеуінің ішімдікке салынуы, олардың әлеуметтің нормаларға қайшы келетін дөрекі әрекет қылықтары; ата-ананың үйде криминалдық және әлеуметтік ке қайшы элементтерге жол берулері; ата-ананың баланы сексуалдық мәжбүрлеуі, баласын сатуы; баласының көзінше ішімдікке салынып біреуді немесе ата-ананың біреуінің түрмеде отыруы; ата-анасының біреуінің алкоголизм, психикалық аурудан емделуі; балаға дөрекі қатынас жасау; балаларды аш қалдыру; баланың ата-анасымен қаңғыбастыққа салынуы; үйден қашу; құрдастарымен жанжалдасу т.б.
Мұндай балалар мен жасөспірімдердің өмір жағдайын талдау қауіпті фактордың басты себебін ажыратудың мүмкін еместігін көрсетті. Мамандар баланың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін отбасындағы көптеген жағымсыз жағдайлардың жиынтығын тіркеп отыр. Жағымсыз жағдайлардың, әсіресе өмір сүру мүмкін емес отбасында баланың ұзақ уақыт болуы ауыр ахуалға әкеліп соқтыратын ағзада жағымсыз психикалық, физиологиялық өзгерістер туғызады.
Балада мінез-құлықтың әрекесінде сондай-ақ тұлғалық дамуында елеулі ахуалдар пайда болады. Оларға бір мінез-құлықтың қыр тән, ол – кең мағынасында әлеуметтенудің бұзылысы:
Гигиеналық дағдылардың болмауы, танымайтын ортаға бейімдеу қабілетінің жоқ болуы, гиперсексуалность, жыныстық бағдарындағы бұзылыс, ұрлық, өтірік айту, адам өмірінің құндылықтың болмауы, еріншектік, құндылық бағдардың болмауы, әдептілік, мораль нормаларының болмауы, білімге қызығушылықтың болмауы, жағымсыз әдеттер, ішімдікке салыну, шылым шегу, балағат сөздер айту, есірткі пайдалану.
Балалардың әлеуметтік-педагогикалық көмек және қолдау мекемелеріне түсуінің себептері түрлі, ескеретін жағдай бұл балалардың мәселесінің шешім табылуы қалыптасқан дәстүрлі білім беру жүйесіне тәуелді емес. Отбасылық жағымсыз жағдайда, әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсететін мекемесіз балалар мәселесін шешу қиын.
№10 дәріс тақырыбы: Отбасылық жайсыздықты сезінетін балалардың психологиялық сипаттамасы.
Дәріс мазмұны:
1. Жайсыз отбасы сипаттамасы.
2. Жайсыз отбасы және стрестік жағдай.
3. Балалың психикалық дамуына әсер етуші факторлар.
1. Жағымсыз жағдайдағы отбасының сипаттамасы өте алуан түрлі – бұл ата-анасы баласына суық қанды қатынас жасайтын, тәрбиесімен айналыспайтын, баласының дамуына үшін жағдай жасамайтын отбасылар. Отбасындағы жағымсыз жағдайлар баланың дамуында, өмір салтында және міне-құлық әрекетінің проблемаларына, құндылық бағдардың бұзылуына әкеледі.
Ата-анасынан алынған рухани ауру балада өмір бойы жазылмайтын, невроз, депрессия, психосоматикалық аурулар түрінде көрініс тауып отырады. Ауыр салдар қалдыратыны ата-ананың баланы жазалауы, күш көрсетуі.
Бала және жасөспірімнің мінез-құлық әрекетіндегі қиындықтарынан ата-ананың өздерінің балалық шақтықтарындағы қиындықтары көрініс табады.
Психологтардың дәлелдеуінше қиын баласы бар ата-ананың өзі балалық шағында ата-анасымен конфликтілі қатынаста болғанын көрсетеді.
Психологияның көптеген фактілерінің негізінде ата-ананың стилі бала психологиясында сақталып қалады деген қорытынды жасалды. Бұл өте ерте мектепке дейінгі жаста және санасыз түрде болады.
Ересек болып жетілгеннен кейін, сол стильді қайта жаңғыртады, өйткені ол отбасындағы басқа қатынасты білмейді. Көп ата-ана өзін бұрын ата-анасы қалай тәрбиелесе, өз баласын солай тәрбиелейді.
Зерттеу мәліметтерінің көрсетуінше, әлеуметтік-педагогикалық қолдау жүйесіне түскен балалар контингентінің барлығы дерлік стресстік жағдайда болғандарын дәлелдейді.
Медик, психолог, психиатр, психотерапевт мамандарының көрсетуінше, мұндай балалар мінез-құлық әрекеттерімен ерекшеленеді. Мамандар бұл мінез-құлық әрекетін патология деп атайды. Мінез-құлық патологиясы негізінде сол мәдениетке тән емес мінез-құлық әрекетін айтамыз.
2. Стресстік жағдайлар барлық ағзаның қалыпты қызметіне жағымсыз әсер етеді. Ол көптеген себептерден туындайды. Жақын адамынан айырылу, ата-ананың ажырасуы, басқа отбасы құрулары, төбелесу, сексуалдық күш көрсету, катастрофа, т.б.
Адамның стресстік жағдайларда бастан кешуінің күші адамның жағдайды қалай қабылдағаны мен талдағанына тәуелді. Стресстік жағдайларды бастан кешу бала психикасында өшпес із қалдырады. Балалар уайымдау, бастан кешу күшін реттей алмайды.
Жағымсыз әсер күшті болмасында оның қатты уайымдалуы стресстің себебі болуы мүмкін. Стресстік жағдайлардың жинақталуы не проблемаға әкеледі, не икемділік танытуға әкеледі. Ол адамның жасына және қиындыққа қарсы тұру білігіне байланысты.
Балаға ең күшті әсер ететін, ол отбасының құлдырауы, алдындағы жағдайы. Балалар ата-ананың өзара ренжісулеріне, бір-біріне немқұрайлы қарауларына сезімтал байқағыш келеді.
Әдетте бала ата-анасының екеуіне де жақын болады, сондықтан екеуінен айырылып қалу, сонымен бірге өз қауіпсіздігінен айырылуы алдындағы қорқынышты бастан кешіреді.
Бала мұндай жағдайда өзінің рухани күйін өзгертуге тырысады, шашын жұлады, тырнағын кеміреді, қараңғыдан қорқады.
Баланың отбасынан тыс жерде өмір сүруі, психикалық күй – психикалық депревацияға әкеліп соқтырады. Бұл күй негізі психикалық қажеттіліктердің ұзақ уақыт бойы қанағаттандылмауынан болады..
Отбасынан тыс жерде тәбиеленуші балаларда тұлғалық депревация пайда болады. Ол тұлғада негативті сапалардың қалыптасуына негіз болады.
3. Балалың психикалық дамуына және өмір салтына үлкен әсер ететін басты фактор - әке, ана, отбасының басқада мүшелері.
Бала ата-анасынан көргендерін жасайды, еліктейді. Жаңа ортаға түсе отырып бала кейінгі өміріне оралғысы келеді.
Арнайы мекемедегі өмір отбасын алмастыра алмайды. Тәжірибеде көп кездесетін жағдай, ол баланың жағдайы нашар болса да отбасыларына қайтып оралулары, өйткені онда оның ата-анасы.
Балалар мен жасөспірімдер әлеуметтік-педагогикалық мекемелердің жүйесінің жұмыс тәжірибелері түрлі-жастағы балалардың ата-аналарын бағалауларын көрсетті.
Көпшілігі ата-аналарына жағымды баға береді, көбінесе өмір сүру жағдайын кінәлайды немесе ата-ананың өзін емес, олардың мінез-құлық әрекеттерін кіналайды. Көпшілік балалар ата-аналарынан идеал жасайды. Ата-аналарын еске ала отырып, олардың жағымды жақтарын еске түсіреді.
Ересектей балалар ата-аналарына адекватты, шынайыға жақын баға береді. Бірақ олар ата-аналары жақсы жаққа өзгереді деген сенімде болады.
№11 дәріс тақырыбы: Қауіпті топ балаларының психологиялық ерекшеліктері.
Дәріс мазмұны:
1. Ата-анасынан қараусыз қалған балаларға сипаттама.
Достарыңызбен бөлісу: |