Ші оқу жылына арналған ата-аналармен жұмыс жоспары



жүктеу 253 Kb.
бет1/3
Дата19.11.2018
өлшемі253 Kb.
#20553
  1   2   3

2014-2015 –ші оқу жылына арналған

ата-аналармен жұмыс жоспары




Тақырыбы

Мерзімі

1

«Отбасы мен балабақша бірлігі»


Қыркүйек айы

2

Ойыншық — тәрбие құралы.


Қазан айы

3

Кеңес

Ата-аналарға өзін-өзі қалай

жоғары бағалауға болады?  



Қараша айы

4

«Баланы еркелету және жазалау»





Желтоқсан айы

5

“Баланың жақсысы-қызық,

жаманы — күйік

(ата — аналармен дөңгелек үстел)


Қаңтар айы

6

«Тәй - тәй» бағдарламасы бойынша ата – аналармен жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру.

 


Ақпан айы

7

Отбасы – тәрбие бастауы


Наурыз айы

8

Кеңес

Гипербелсенді баламен жұмыс істеу барысындағы «жедел жәрдем».



Сәуір айы

9

Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi.


Мамыр айы

7 бөбекжай-балабақшасы



«Отбасы мен балабақша бірлігі»
Викториналық сұрақ-жауап: «Не? Қайда? Қашан?»

Қостанай қаласы

Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан – тәрбиелік орта. Отбасы – бұл мектеп те ақпарат көзі, қоғамдық ұйымдарда, еңбек ұжымы да, дос жарандары да. Отбасы – бұл әдеп пен өнер кілті. Тіптен «балалық шақ» деген ұғым отбасы мен балабақшаның бірігіп ұйымдастырған бүлдіршіндер тәрбиесімен шектеседі.



Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар! Жаңа оқу жылдарыңызбен! Біз сіздермен бірінші ата-аналар жиналысында кездескенімізге қуаныштымыз. Біз бен сіздерді байланыстырып тұрған әрине балалар. Сол балаларымыз аман болсын! Балаларыңыз тек сіздерді жақсы қылықтарымен қуанта берсін дей келе бүгінгі оқу жылындағы жиналысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі ата-аналар жиналысымыздың тақырыбы:

«Отбасы мен балабақша бірлігі»

Тақырыпшасы: Викториналық сұрақ-жауап: «Не? Қайда? Қашан?»
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

1.Психогимнастика «Күншуақ»

2.Дидактикалық ойын: «Менің атым немесе есімдер сыры»

3. «Отбасы мен балабақша бірлігі»

4.Викториналық сұрақ: «Не? Қайда? Қашан?»

5.Қорытынды «Қонаққа барғанда»


1.Психогимнастика «Күншуақ»

Ата-аналар ортаға шығып шеңбер бойымен дөңгеленіп тұрады. Ортада жарқырап тұрған күннің сәулесі мен жылуынан біздің ата-аналарда, балабақшада да жайлы. Олай болса, әрқайсымыз мына ғажап баулар арқылы күннің жылуын қабылдайық. Күннің жылуын қабылдаған оң қолымызды жүрегіміздің үстіне қоялық. Күннің мейірім жылуы біздің өн бойымызға тарап, біздің жылуымыз көбейді. Енді осы жылуды қолдарымызды ұстасып, бір-бірімізге беріп үлкен шеңбер жасайық. Міне көрдіңіздер ме, кішкене күннің мейірім жылуын бір-бірімізге беру арқылы үлкен жарық күн де пайда болды. Әрдайым осындай күн шуағындай бір-бірімізді жылытып, бір-бірімізге мейірімді, сүйіспеншілікте болады.


2.Дидактикалық ойын: «Менің атым немесе есімдер сыры»

Сіздердің ата-аналарың сендерге ат қойды, есім берді. Әр адамның аты бір мағынаны білдіреді. Адам өз атын құрмет тұтады. Атын атап шақырған кімге де ұнайды. Ал енді сіздер өз аттарыңыз туралы не білесіздер? Осы мақсатта сіздермен дидактикалық ойын: «Менің атым немесе есімдер сыры» ойыны арқылы жақынырақ танысқым келіп тұр. Ойынның мақсаты: Ата-аналар өз аттарын айтады да оның қандай мағына білдіретінін сурет мазмұнымен көрсетеді.



3. «Отбасы мен балабақша бірлігі»

Қазақтың отбасы көбінесе көп балалы болып келеді. Осыған байланысты «Балалы үй базар» деген нақыл сөз де бар. Отбасы мен балабақшаны байланыстырып тұрған балалар. Бала ең алдымен отбасында ата-анасын танып, жақсы көреді. Кейін айналаны сезініп, көбірек білуге тырысады. Ең алғаш тәрбиені отбасынан алады. Отбасынан келген бала үшін топ ең алғашқы ұжым екенін ескере отырып, тәрбиеші балаларды жолдастыққа, достыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Тәрбиеші топ балаларымен қандай қарым-қатынаста болса, балаларда бір-бірімен сондай қарым-қатынаста болады. Бүгін біз сіздерге «Отбасы мен балабақшадағы бақытты балалық шақ» деп аталатын көрме ұйымдастырып отырмыз.



  • Сіздер қалай ойлайсыздар, отбасы деген не?

  • Отбасы бір-біріне қамқорлық жасайтын, бәрі бірге тұратын үлкен адамдар мен балалар. Отбасы әртүрлі: үлкен де, кіші де болады.

  • Отбасы неге ұқсайды? Немен теңестіруге болады?

  • Бес саусаққа, үюлі жидекке, ағашқа ұқсайды.

  • Меніңше отбасы ағашқа көбірек ұқсайды. Олай болса, алдарымыздағы ағаш бөліктерін дұрыс орналастырсақ үлкен бір ағашты құрастырамыз.

  • Жемістер – балалар

  • Ал жеміс неде өседі?

  • Бұтақта

  • Жемістер кімге риза болып өседі?

  • Ата-анаға. Бұтақ – ата-ана

  • Ал бұтақтар да бірдеңеде өседі ғой?

  • Ағаш діңінде өседі. Ағаш діңі – ата-әже

  • Ағаштың мықты болып өсуі неге байланысты?

  • Тамырына байланысты.

  • Тамыры – үлкен ата-әжелерің.

Олай болса, дәл осы ағашты пайдалана отырып, «Қарлығаш» ересек тобының жаңашыр, ұйымшыл, ата-аналардың белсенді тобының құрамының тірек, мәулім ағашын құрастырайық. (Ата-аналар берілген тірек ағаш макетінен (тамыры, бұтағы, жапырақтары, діңі, алма) белсенді топ ағашын құрастырады.) Ата-аналардың белсенді тобының құрамы нешеу?

1.Төрайым

2.1-ші мүшесі

3.2-ші мүшесі

Міне, біз жаңа ата-аналардың белсенді тобының құрамының тірек ағашын қағаз жүзінде құрастырсақ, шынайы түрдегі ата-аналардың белсенді тобының құрамының тірек, зәулім ағашы міне.
4.Викториналық сұрақ: «Не? Қайда? Қашан?»

1.Балабақша күн тәртібін білесіз бе?

2. «Кітап баланың досы» дегенді қалай түсінесіз? (Стандарт, «өзін-өзі тану» пәні, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің кестесі, келісім шарт, төлемақы,т.б.)

3.Жұқпалы ішек аурулары туралы не білесіз?


5.Қорытынды «Қонаққа барғанда»

Сауалнама: «Жанұядағы бала тәрбиесі»

Бүгінгі ата-аналар жиналысын қорытындылайық.

7 бөбекжай-балабақшасы



«Ойыншық — тәрбие құралы »

Тәрбиеші: Нурмагамбетова М.С.


Қостанай қаласы

Ойыншық — бала танымының қалыптасуында маңызы зор фактордың бірі, тәрбие құралы. Кеше ғана теледидардан көрген анимациялық образдар ойыншыққа айналып, дүкендер мен базар сөрелерінде самсап тұр. Көз сүріндіреді. Теледидардан тамашалаған қаһармандарының көз жетер жерде тұрғанын көрген бала «әппеш…» деп қыңқылға басады. Бұл — бала-шағасы бар кез келген ата-анаға етене таныс көрініс. Бірақ осы балаларға арналған тауарлардың бәрі бірдей сапалы ма? Бәрі бірдей денсаулыққа зиянсыз ба? Бізді мазалаған — осы сауал. 

Ойыншықтың бір-екі сөлкебайдан бастап, бір тайдың құнын сұрайтындары бар. Қалтасы көтеретін ата-аналар, әрине, сауда орындарына барады. Лицензиясы сертификаты бар ойыншықтарды сатып алады. Яғни, «неғұрлым қымбат болса, соғұрлым сапалы» деген ұстанымға сүйенеді. Оның үстіне, тауардың тиісінше, құжаты болуы көңіл көншітеді. Бөбегіңіздің денсаулығы үшін еш алаңдамайсыз. Әрі мұндай дүкендер қалалық СЭС-тің қадағалауында болады. Әйткенмен, дүкеннің бәрі бірдей сапалы ойыншықпен «мақтана» алмас-ау. Мысалы, кірген бетте қолқаны қабатын иіспен қарсы алатын ойыншық дүкендері де бар. Дүкен ішіндегі жағымсыз иістен бас айналардай. Өкінішке қарай, дәл осы сипат қаламыздағы көптеген ойыншық дүкендеріне тән. Қалтасы жұқа ағайынның көпшілігі баласын жетектеп, базар жағалайды. Базар сөресіндегі арзан-құрзан ойыншықпен баласын алдаусыратып, мәз қылады. Ойыншыққа сертификат сұрау ойға кіріп те шықпайды.  Өйткені шекарадан заңсыз асып келген тауар екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан да арзан. Арзан болған соң күмәнді де. «Арзанның жілігі татымайды» деген сөзді кез келген қазақ біледі. Біле тұра, ата-ана да, саудагер де ләм-мим деместен, әркім өзінің мүддесін көздейді. Яғни, ата-ана базар сөресіндегі ойыншықтың сапасы мен қауіпсіздігінде кінәрат барын біле тұра сатып алады. Баласының тілегін орындап, сұраған ойыншығын әпереді. Кез келген ата-ана баласын шат-шадыман қуанышқа бөлеуді қалайды. Біраз ұстаған соң қолға бояуы жұға бастайтын ойыншықтарды жас бала аузына салып, тістелеп көрсе, ешкім «тек» дей қоймас. Бірақ сәбидің сілекейімен суланған ойыншықтан қаншама зиянды заттар бөлінетінін, олардың сәбидің ішкі ағзасына қауіпті екенін ойлаудың өзі қорқынышты. Гигиеналық талапқа сай ойыншыққа арналған шикізаттар бекітілген нормадан артық химиялық заттар бөлмеуі керек. Бірақ әлдеқандай бұрыштан сатып алған ойыншықтан сәбиіңіз зардап шегіп жатса, кімді кінәлайсыз? Әрине, тек өзіңізді. Сәбилер үшін ең қызық ойыншықтың бірі — сылдырмақтар. Кәдімгі, тойбастарда қолдан-қолға өтетін шылдырмақ. Бірақ бұны сылдырмақ дегеннен гөрі «қаңғырлақ» деп атаса, жөн-ау. Өйткені оның шығаратын дауысы өте ащы әрі сүйкімсіз. Осындай ойыншықтың дауысын естіген сәби ең алдымен шошына селк ете түседі. Мұндай ойыншықтардың дыбыс шығаруы белгілі дәрежеде болуы керек. Әйтпесе сәбидің есту қабілетін зақымдайды. Біз көріп жүрген арзан шылдырмақтардың дауысы сәбиге зиянсыз деу қиын. Оның шығаратын дауысы сәби тұрмақ, үлкен адамның құлағын жарып жібере жаздайды. Ал сәбидің барлық сезіну қабілеттері  (оның ішінде есту қабілеті) ересек адамнан бірнеше есе жоғары болатынын ескеріңіз. Яғни, оларға аса сезімталдық тән. Сондықтан ересектер балаға ойыншық таңдауға үлкен жауапкершілікпен қарағаны дұрыс.

Ойыншықтарды дұрыс таңдау әдістері

белгілі Lego, Mattel, Plamobil сияқты өндіруші фирмаларға таңдау жасаңыз, әрине, олардың өнімдері базарлар мен дүңгіршектерде сатылатын ойыншықтардан әлдеқайда қымбат, бірақ танымал фирмалар өздерінің өнімдерін өздері сынақтан өткізеді және қауіпсіздігіне жауап береді;

3 жасқа толмаған балаларға ұсақ бөлшектері бар ойыншықтарды беруге болмайды, өйткені ұсақ бөлшектер ойын барысында сынуы және бала үшін қауіп төндіруі мүмкін.

Сылдырмақ сатып алғанда міндетті түрде оны сылдырлатып көріңіз, егер дыбысы құлаққа жағымсыз болса, бұл ойыншықтан бас тартыңыз.

Жұмсақ ойыншық таңдағанда оның ішін толтырған затқа көңіл аударыңыз. Егер балаңыз абайсызда тігісін жыртып, ішіндегі ұсақ шарларды жұтып қойса, улануы мүмкін. Поролон да қауіпті, уақыт өте келе ол тапталып, улы заттар бөледі. Егер жұмсақ ойыншық тігем десеңіз, осы нәрсені естен шығармаңыз. Ең тиімді материал — синтепон. Синтепонмен тығындалған ойыншық жақсы жуылады және пішінін сақтайды.

Тұтынушы ойыншықтарды сатып алу барысында оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етуге толық құқылы.



Бала тәрбиелеудің он ережесі. 1.Балаңды сүй! Яғни оның қасында барына қуан, ол өзі қандай болса, солай қабылда, оны қорлама, оны жәбірлеме, оны өзіне деген сенімділігінен айырма, оны нақақтан жазалама, оны өзіңнің сеніміңнен мақұрым етпе, сені жақсы көруіне жағдай тудыр.  2.Балаңды қорға!Яғни оны жаны мен тәніне қауіпті нәрселерден сақта, тіпті-егер қажет болса-жеке мүдделерінді құрбан етіп, басынды қатерге байлай отырып қорға.  3.Балаңа жақсы үлгі бол!Оның бойына дәстүрлі құндылықтарға деген құрмет сезімін дарыт, өзің де сол құндылықтарға сәйкес өмір сүр, балаға жауапкершілік сезіммен қара. Балаға үй іші тату, қарттарын құрметтеп, жақсы көретін, барлық туған-туысқандармен және досжарандармен етене жақын әрі шынайы байланыста болатын отбасы, ошақ қасы керек. Бала адалдық, кішіпейілділік, жарастық ұялаған отбасында өмір сүруге тиіс. Ата-ананың ерлі-зайыптылық адалдықты бұзуы, көре алмаушылық, арсыздық жолмен баю, балаға принципсіз байланыстар арқылы қандай да болсын пайда келтіру және т.б.-осының бәрі елдің ертеңгі азаматының моральдық бейнесіне мейлінше ұнамсыз әсер ететін «үлгі» құрайды.  4.Балаңмен ойна!Яғни балаңа қажет уақыт ажырат, оған қалай сөйлеп, қалай ойнау ұнаса, солай сөйлеп, солай ойна, оның ойындарына шындап ден қой, оның ұғым-түсініктер әлеміне бейімдел.  5.Балаңмен бірге еңбектен!Балаң жұмысқа қатысқысы келгенде, оны демеп жібер (үйде, бақта, бақшада). Балаң өсіңкірегенде шаруашылыққа қажетті барлық жұмыстарға қатыстырып үйрет. Қолы бос кездері мен каникул уақытында ол мектеп ұйымдастырған іс-қызмет түрлеріне қатысуға тиіс.  6.Баланың оңай болмаса да, өз бетімен өмірлік тәжірибе алуына жол қой! Бала өз басынан өткерген тәжірибені ғана мойындайды. Сенің жеке тәжірибелігің балаң үшін көп жағдайда құнсыз болып шығады. Оған өзінің жеке тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік бер, тіпті бұл белгілі бір тәуекелмен байланысты болған күнде де солай істе. Шамадан тыс қорғаштаған, қауіптің қай-қайсысынан да «қамсыздандырылған» бала көп жағдайда әлеуметтік мүгедекке айналады.  7.Балаға адамдық бостандықтың мүмкіндіктері мен шектерін көрсет!Ата-анасы баланың алдымен әрқайсысының дарындары мен ерекшеліктеріне сәйкес адамның жеке басының дамуы мен тұлғалануының тамаша мүмкіндіктерін ашуға тиіс. Сонымен бірге оған кез-келген адам отбасында ...,ұжымда...және жалпы қоғамда өзінің іс-әрекеттерінің белгілі бір шектерін мойындауы және сақтауы тиіс екенін көрсету қажет (заңды ұстану және өмір салты ережелерін сақтау).  8.Баланы тіл алғыш етіп үйрет!Ата-анасы баланың мінез-құлқын қадағалап отыруға және оның іс-қылықтарын оның өзіне де, басқаларға да нұқсан келтірмейтіндей етіп бағыттап отыруға міндетті. Баланы белгіленген ережелерді сақтағаны үшін қолпаштап отырған жөн! Алайда қажет болған жағдайда жаза арқылы ережелерді құрметтетіп отыру керек.  9.Баладан пісіп–жетілу сатысына және өзіндік тәжірибесіне сәйкес шама-шарқы жететін пікірлер мен бағаларды ғана күт! Бала осынау соншама күрделі дүниеде бағдар жасап үйренгенше, оған ұзақ уақыт қажет. Оған қолыңнан келгенше көмектес, және де жинақтаған тәжірибесі мен өзінің пісіп-жетілу сатысына сәйкес өзіндік пікірін немесе қорытындысын айта алатын кезде ғана баладан оларды талап ет.  10.Балаға еске түсіруге болатын құндылыққа ие әсерлерді басынан кешіруге мүмкіндік бер! Бала да, үлкендер сияқты, әсерлермен «қоректенеді», олар балаға басқа адамдардың өмір-тіршілігімен және айналадағы дүниемен танысуға мүмкіндік береді. 
Источник: http://asyl-bilim.kz/load/balaba_sha/balaba_shad_y_erezheler/ata_ana_a_psikhologily_ke_es/70-1-0-922Бала тәрбиелеудің он ережесі. 1.Балаңды сүй! Яғни оның қасында барына қуан, ол өзі қандай болса, солай қабылда, оны қорлама, оны жәбірлеме, оны өзіне деген сенімділігінен айырма, оны нақақтан жазалама, оны өзіңнің сеніміңнен мақұрым етпе, сені жақсы көруіне жағдай тудыр.  2.Балаңды қорға!Яғни оны жаны мен тәніне қауіпті нәрселерден сақта, тіпті-егер қажет болса-жеке мүдделерінді құрбан етіп, басынды қатерге байлай отырып қорға.  3.Балаңа жақсы үлгі бол!Оның бойына дәстүрлі құндылықтарға деген құрмет сезімін дарыт, өзің де сол құндылықтарға сәйкес өмір сүр, балаға жауапкершілік сезіммен қара. Балаға үй іші тату, қарттарын құрметтеп, жақсы көретін, барлық туған-туысқандармен және досжарандармен етене жақын әрі шынайы байланыста болатын отбасы, ошақ қасы керек. Бала адалдық, кішіпейілділік, жарастық ұялаған отбасында өмір сүруге тиіс. Ата-ананың ерлі-зайыптылық адалдықты бұзуы, көре алмаушылық, арсыздық жолмен баю, балаға принципсіз байланыстар арқылы қандай да болсын пайда келтіру және т.б.-осының бәрі елдің ертеңгі азаматының моральдық бейнесіне мейлінше ұнамсыз әсер ететін «үлгі» құрайды.  4.Балаңмен ойна!Яғни балаңа қажет уақыт ажырат, оған қалай сөйлеп, қалай ойнау ұнаса, солай сөйлеп, солай ойна, оның ойындарына шындап ден қой, оның ұғым-түсініктер әлеміне бейімдел.  5.Балаңмен бірге еңбектен!Балаң жұмысқа қатысқысы келгенде, оны демеп жібер (үйде, бақта, бақшада). Балаң өсіңкірегенде шаруашылыққа қажетті барлық жұмыстарға қатыстырып үйрет. Қолы бос кездері мен каникул уақытында ол мектеп ұйымдастырған іс-қызмет түрлеріне қатысуға тиіс.  6.Баланың оңай болмаса да, өз бетімен өмірлік тәжірибе алуына жол қой! Бала өз басынан өткерген тәжірибені ғана мойындайды. Сенің жеке тәжірибелігің балаң үшін көп жағдайда құнсыз болып шығады. Оған өзінің жеке тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік бер, тіпті бұл белгілі бір тәуекелмен байланысты болған күнде де солай істе. Шамадан тыс қорғаштаған, қауіптің қай-қайсысынан да «қамсыздандырылған» бала көп жағдайда әлеуметтік мүгедекке айналады.  7.Балаға адамдық бостандықтың мүмкіндіктері мен шектерін көрсет!Ата-анасы баланың алдымен әрқайсысының дарындары мен ерекшеліктеріне сәйкес адамның жеке басының дамуы мен тұлғалануының тамаша мүмкіндіктерін ашуға тиіс. Сонымен бірге оған кез-келген адам отбасында ...,ұжымда...және жалпы қоғамда өзінің іс-әрекеттерінің белгілі бір шектерін мойындауы және сақтауы тиіс екенін көрсету қажет (заңды ұстану және өмір салты ережелерін сақтау).  8.Баланы тіл алғыш етіп үйрет!Ата-анасы баланың мінез-құлқын қадағалап отыруға және оның іс-қылықтарын оның өзіне де, басқаларға да нұқсан келтірмейтіндей етіп бағыттап отыруға міндетті. Баланы белгіленген ережелерді сақтағаны үшін қолпаштап отырған жөн! Алайда қажет болған жағдайда жаза арқылы ережелерді құрметтетіп отыру керек.  9.Баладан пісіп–жетілу сатысына және өзіндік тәжірибесіне сәйкес шама-шарқы жететін пікірлер мен бағаларды ғана күт! Бала осынау соншама күрделі дүниеде бағдар жасап үйренгенше, оған ұзақ уақыт қажет. Оған қолыңнан келгенше көмектес, және де жинақтаған тәжірибесі мен өзінің пісіп-жетілу сатысына сәйкес өзіндік пікірін немесе қорытындысын айта алатын кезде ғана баладан оларды талап ет.  10.Балаға еске түсіруге болатын құндылыққа ие әсерлерді басынан кешіруге мүмкіндік бер! Бала да, үлкендер сияқты, әсерлермен «қоректенеді», олар балаға басқа адамдардың өмір-тіршілігімен және айналадағы дүниемен танысуға мүмкіндік береді. 
Источник: http://asyl-bilim.kz/load/balaba_sha/balaba_shad_y_erezheler/ata_ana_a_psikhologily_ke_es/70-1-0-922Бала тәрбиелеудің он ережесі. 1.Балаңды сүй! Яғни оның қасында барына қуан, ол өзі қандай болса, солай қабылда, оны қорлама, оны жәбірлеме, оны өзіне деген сенімділігінен айырма, оны нақақтан жазалама, оны өзіңнің сеніміңнен мақұрым етпе, сені жақсы көруіне жағдай тудыр.  2.Балаңды қорға!Яғни оны жаны мен тәніне қауіпті нәрселерден сақта, тіпті-егер қажет болса-жеке мүдделерінді құрбан етіп, басынды қатерге байлай отырып қорға.  3.Балаңа жақсы үлгі бол!Оның бойына дәстүрлі құндылықтарға деген құрмет сезімін дарыт, өзің де сол құндылықтарға сәйкес өмір сүр, балаға жауапкершілік сезіммен қара. Балаға үй іші тату, қарттарын құрметтеп, жақсы көретін, барлық туған-туысқандармен және досжарандармен етене жақын әрі шынайы байланыста болатын отбасы, ошақ қасы керек. Бала адалдық, кішіпейілділік, жарастық ұялаған отбасында өмір сүруге тиіс. Ата-ананың ерлі-зайыптылық адалдықты бұзуы, көре алмаушылық, арсыздық жолмен баю, балаға принципсіз байланыстар арқылы қандай да болсын пайда келтіру және т.б.-осының бәрі елдің ертеңгі азаматының моральдық бейнесіне мейлінше ұнамсыз әсер ететін «үлгі» құрайды.  4.Балаңмен ойна!Яғни балаңа қажет уақыт ажырат, оған қалай сөйлеп, қалай ойнау ұнаса, солай сөйлеп, солай ойна, оның ойындарына шындап ден қой, оның ұғым-түсініктер әлеміне бейімдел.  5.Балаңмен бірге еңбектен!Балаң жұмысқа қатысқысы келгенде, оны демеп жібер (үйде, бақта, бақшада). Балаң өсіңкірегенде шаруашылыққа қажетті барлық жұмыстарға қатыстырып үйрет. Қолы бос кездері мен каникул уақытында ол мектеп ұйымдастырған іс-қызмет түрлеріне қатысуға тиіс.  6.Баланың оңай болмаса да, өз бетімен өмірлік тәжірибе алуына жол қой! Бала өз басынан өткерген тәжірибені ғана мойындайды. Сенің жеке тәжірибелігің балаң үшін көп жағдайда құнсыз болып шығады. Оған өзінің жеке тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік бер, тіпті бұл белгілі бір тәуекелмен байланысты болған күнде де солай істе. Шамадан тыс қорғаштаған, қауіптің қай-қайсысынан да «қамсыздандырылған» бала көп жағдайда әлеуметтік мүгедекке айналады.  7.Балаға адамдық бостандықтың мүмкіндіктері мен шектерін көрсет!Ата-анасы баланың алдымен әрқайсысының дарындары мен ерекшеліктеріне сәйкес адамның жеке басының дамуы мен тұлғалануының тамаша мүмкіндіктерін ашуға тиіс. Сонымен бірге оған кез-келген адам отбасында ...,ұжымда...және жалпы қоғамда өзінің іс-әрекеттерінің белгілі бір шектерін мойындауы және сақтауы тиіс екенін көрсету қажет (заңды ұстану және өмір салты ережелерін сақтау).  8.Баланы тіл алғыш етіп үйрет!Ата-анасы баланың мінез-құлқын қадағалап отыруға және оның іс-қылықтарын оның өзіне де, басқаларға да нұқсан келтірмейтіндей етіп бағыттап отыруға міндетті. Баланы белгіленген ережелерді сақтағаны үшін қолпаштап отырған жөн! Алайда қажет болған жағдайда жаза арқылы ережелерді құрметтетіп отыру керек.  9.Баладан пісіп–жетілу сатысына және өзіндік тәжірибесіне сәйкес шама-шарқы жететін пікірлер мен бағаларды ғана күт! Бала осынау соншама күрделі дүниеде бағдар жасап үйренгенше, оған ұзақ уақыт қажет. Оған қолыңнан келгенше көмектес, және де жинақтаған тәжірибесі мен өзінің пісіп-жетілу сатысына сәйкес өзіндік пікірін немесе қорытындысын айта алатын кезде ғана баладан оларды талап ет.  10.Балаға еске түсіруге болатын құндылыққа ие әсерлерді басынан кешіруге мүмкіндік бер! Бала да, үлкендер сияқты, әсерлермен «қоректенеді», олар балаға басқа адамдардың өмір-тіршілігімен және айналадағы дүниемен танысуға мүмкіндік береді. 
Источник: http://asyl-bilim.kz/load/balaba_sha/balaba_shad_y_erezheler/ata_ana_a_psikhologily_ke_es/70-1-0-922Конец формы

Кеңес

Ата-аналарға өзін-өзі қалай

жоғары бағалауға болады?  



Тәрбиеші: Нурмагамбетова М.С.

Қостанай қаласы

Ата-аналарға жұмыс істеу және танысу үшін Лючинды Бассеттің «Ата-аналарға өзін-өзі қалай жоғары бағалауға болатындығының» тоғыз ережесі ұсынылды.  


№1 ереже: Өз-өзіңізбен қатынаста жағымды ойдан құралған ішкі диалогты пайдаланыңыз. Егерде жағымсыз ой маза бермейтін болса, бірден жақсы, жағымды нәрсені ойлауға тырысыңыз.
№2 ереже: Әр адамның бойынан, кемшіліктерді емес, жақсы, жағымды қасиеттерін іздеуге тырысыңыз.
№3 ереже: Өзіңіздің бойыңыздағы жақсы қасиеттеріңіздің тізімін жасаңыз. Өзіңіздің осындай екендігіңізге, өз-өзіңізді сендіріңіз.
№4 ереже: Өзімнің бойымда нені өзгертуге болады?,- деген сауалға жауап табуға тырысып, айнаға жиі қараңыз. Егерде «өзгерту қажет» деп шешсеңіз, кейінге қалдырмай, бірден кірісіңіз. 
 №5 ереже: Дұрыс және бұрыс шешімдер болмайтынындығын есіңізден шығармаңыз. Сіз қабылдаған кез келген шешімді, әрдайым негіздеп, ақтап алуға болады. 
№6 ереже: Өзіңізге ұнайтын кітаптар, бейнефильмдердің дискілерін және т.с.с. сатып алыңыз. Өзіңіздің сүйікті нәрселеріңіз болсын және оларды жақсы көріңіз.
№7 ереже: Басында тәуекелділік үлесі шамалы болса да, өзіңізге-өзіңіз жауапкершілік алыңыз. 
№8 ереже: Өзімізге қарағанда, барынша маңызды нәрсеге сену, бізге қиын жағдайларды шешкен кезде біршама көмектесетіндігін естен шығармауымыз керек. Ал егерде сіз оқиғаның барысынына ықпал ете алмасаңыз, «шетке қарай шығыңыз да, күте тұрыңыз». 
     Ұсынылған ережелермен танысқан ата-аналар бала тәрбиесі тұрғысындағы өздерінің пікірлерімен ой бөлісті. Олардың ойынша, балаларға ата-аналарының қолдауы әрдайым қажет, егерде отбасында бала тәрбиелеуге қатысты проблема болатын болса, яғни бұл - басты проблема ата-анада болып отыр деген сөз. Өйткені ата-ана өз-өзіне сенімсіз және кез келген жағдайдан қалай шығу керектігін білмейді.  
Мұндай тақырыпты талқылағаннан кейін, ата-аналар «Балаларды күн шуағынан айыра көрмеңіздер...» әнін тыңдады. Бұл ән ата-аналарда «біз қандай ата-анамыз?» деген ой туындатты. 
«Біз күнделікті өмірімізде балаларымызбен қарым-қатынас кезінде түрлі жағдайларға жиі кезігеміз. Бірақ бастысы баланың – адам екендігін ұмытпауымыз қажет! Бұл кіп-кішкентай адамға айғай мен жаза, өшпенділік пен қаталдық керек емес, оған сіздің мейірімділігіңіз, қамқорлығыңыз және ыстық махаббатыңыз қажет. Бала өзін үлкендер тарапынан болатын зорлық-зомбылықтан және психологиялық қысымнан қорғай алмайды және қорғау

да білмейді. Бірақ балалар біздің мінез-құлқымыздан, қарым-қатынас мәнерімізден үлгі алады: егерде біз айғайлатын болсақ, оларда айғайлайды,

егерде біз дөрекелік көрсететін болсақ, оларда дөрекелік көрсетеді,

біз қаталдық көрсетсек, оларды соны қайталайды.   


Отбасы бұл – біздің әрқайсымыздың өміріміздегі ең бастысы. Отбасында біз сүюге, қамқорлық жасауға және құрметтеуге үйренеміз. Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастардың сан алуандығы, жан жылуы, өзара түсіністік, сенім – осының барлығы тұлғаның эмоционалдық және өнегелілік қалыптасуы үшін қолайлы орта жасайды. Ал керісінше – отбасы мүшелерінің бір-біріне деген немқұрайлы қарым-қатынасы, балаларға деген немқұрайымдылығы, адамның мінез-құлқын, оның өмірге деген қарым-қатынасын анықтай алады.  

7 бөбекжай-балабақшасы



Кеңес

жүктеу 253 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау