2. Ерте және мекетепке дейінгі жас. 3. Кіші мектеп жасы. 4. Жасөспірімдік жас. 5. Жоғары сынып оқушылары
1. Ресей және батыстық психологтарының зерттеулерінде ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға салыстырмалы сипаттама беріледі. И.В.Дубровина, Э.А.Минкова, М.Н.Бардышевская т.б. зерттеушілер ата-ана қамқорынсыз тәрбиеленіп жатқан балалардың физиологиялық және психикалық дамуында қалыпты отбасында тәрбиеленуші балаларға қарағанда айырмашылықтын болатынын көрсетті. Олардың психикалық дамуының қарқыны өте төмен. Интеллектуалдық дамуы төменгі деңгейде, эмоционалдық сферасы мен қиялы бай емес, өзін-өзі реттеу және дұрыс мінез-құлықтық әрекет жай қалыптасады.
Әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдау мекемелерінде тәрбиеленуші балаларды, ол баланы отбасынан бөліп алу сияқты факторлардың әсерімен күшей түседі.
Бұл балалардың мінез-құлықтарыда, агрессия, ашуланшақтық құрдастарымен қатынаста конфликт тығызымен сипатталады. Мұндай мекемелерде жұмыс жасайтын әлеуметтік педагог, тәрбиеші мен психологтар бұл тек сыртқы көрініс екеніне есеп беруі керек. Басқа бөлігі мұнан да күрделірек – бұл баланың ішкі әлемі, оны түзету және диагнозын қою өте қиын, бірақ ол баланың тұлғалық дамуына жалпы болашақ өміріне өте қатты әсер етеді.
Шет ел психологтарының пікірі бойынша психологиялық травмалардың себебтері төрт түсінік бойынша түсіндіріледі: өлім, еркіндік, оқшалау, мағынасыздық. Өмір бойы адамда психикалық қорғаныс қызмет етеді. Адам оқшауланусыз өмір сүре алмайды. Ол адамға болашаққа сенуге, мақсатқа жетуде күш табуға, қиындықпен күресуге көмектеседі. Барлық иллюзиялар өте тұрақты, олар тек балаларда ғана емес, ересектерде де болады. Кез келген жас кезеңінде адам травмалық жағдайатпен кездескен кезде адамда уайым пайда болады. Бұл иллюзияның шынайы еместігін көрсетіп қандай да бір нәрсеге сенімсіздік туғызады. Балалар үшін иллюзияның бұзылуы - өте ауыр.
Психологиялық травманы бастан кешіру баланың өз күшін бағаламауға әкеліп соқтырады. Мысалы: егер мен ешкімге қажет болмасам неге жақсы оқуым керек т.б. Бұл ашылымның артынан не болатыны өте маңызды. Егер бала иллюзия әлемінен қауіпті бірақ ақиқат әлемге шыға алса, алдында тұрған қиындықты жеңе алады, өзіне және өз күшіне сенеді. Бұл оның өскендігін, тұлға ретінде бір баспалдаққа жоғары көтерілгенін дәлелдейді. Егер ол осы қиындықтарды жеңе алмаса, қиял әлемінде қала берсе ол сол ойдан шығарылған әлемде қалып инфантильді тұлға болып қала береді.
2. Әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдау мекемелерінің балаларының танымдық белсендігі төмен, тілінің дамуында, психикалық дамуында артта қалушылық байқалады, қарым-қатынас дағдыларының қалыптаспауынан конфликтіге келгіш болады. Баланың өмірінің алғашқы жеті жылында отбасын мекеме өмірмен ауыстыру жағымсыз әсер етеді. Бала үшін жақын адамның жоқ болуы балада мейірімділік сезімінің дамымауына жеткізеді. Келешек өмірінде өз сезімдерімен бөлісу қабілетінің қалыптасуын қиындатады. Танымдық белсенділігінің баяу дамуы баланы енжар етеді.
Н.Н.Авдееваның зерттеушілерінде балалар үйінде тәрбиеленуші баланың айнадағы өз бейнесінен қорқып, жылайтындары көрсетілген. Г.П.Гавриловтың мәліметтері бойынша бұл балаларда үш жас дағдарысы кеш көрініс табады. Олар үлкендердің бағаларына қызығушылық танытпайды. Ерте жас кезінде ересек жағынан зейіннің аз болуы әлеуметтік дамудағы кемістікке әкеледі яғни қарым-қатыстағы қиындықтар. Бұл тілдің дамуындағы кемістікке, өзбетіндікті жоғалтуға, тұлғалық дамудағы қиындыққа әкеледі. Эмоционалдық сфераның дамуында кемістіктер айқын көрінеді. Балалар ересектердің эмоцияларын қиындықпен ажыратады, адамды түсіну қабілеттері төмен. Қоршаған әлемді танып-білуге деген ынтаның төмендігі байқалады. Оларға тән мектепке дейінгі жас кезеңіндегі кемістік-өзбетіндіктің дамымауы мен мектептен тыс болуы. Олардың тұлғалық дамуының уақыттық сипаты жөнінде түсініктері болмайды – олар өткендегі өмір туралы өзі туралы, болашағы туралы ешнәрсе бермейді. Өзінің өткен өмірі жайында анық білмеу және әлеуметтік жетімдігінің себебі туралы білмеу өзіндік жеке даралығының қалыптасуына кедергі келтіреді. Отбасынан тыс жерді тәрбиеленуші балалардың интеллектуалдық дамуы дисгармониялығымен, бірқалыпсыздығымен сипатталады. Заттық, көрнекі-бейнелік ойлау басты болып қала береді. Вербальдық ойлау жас кезең нормасына жетуі мүмкін, ал вербальдық емес ойлау елеулі артта қалады. Өйткені ол қарым-қатынас, ойын процессінде қалыптасады.
Мектепке дейінгі жас кезеңінде ойлаудың қалыптасуының қажетті шарты баланың сезімдік тәжірибесінің бай болуы. Отбасынан тыс жерде тәрбиеленуші балалардың сезімдік тәжірибелерінің шектеуші болуы олардың қабылдау, ойлауларына кері әсер етеді.
3. Ахуалдың болу мүмкіндігі бар топ балаларының интеллектуалдық даму сферасында ауытқулары болады, олар мектепке бармай қалады, оқу материалын қиындықпен меңгереді, ойлауында тежеліс байқалады, өзін-өзі реттей алмайды. Барлық оқу ерекшеліктер оқу дағдылары мен біліктерін меңгерудегі артта қалушылық, білімнің төменгі сапада болуына әкеліп соқтырады. Балалар үйінен бастауыш мектепке келетін балалардың олардың дамуы үшін бар мүмкіндіктері пайдаланылмаған. Олардың көпшілігі 1-ші сыныпқа 7 кейбіреулері 10 жастан келеді. Оқудың осындай жастан басталуы бұл балалардың әлеуметтік жағдайымен байланысты. Ахуалдың болу мүмкіндігі бар топ балалары бала бақша, мектептерге күнделікті бармайды, ата-аналары олардың білім алу іс-әрекеттеріне қарамайды, оқуы үшін ата-анасы жағдай жасамайды, қажетті оқу құралмен қамтамасыз етпейді.
Мектепке дейінгі балалар үйінен мектеп –интернат немесе жалпы білім беретін мектепке келген бала көп жағдайда мектепке жақсы дайындықпен келеді, олар объектілер мен құбылыстарды жіктей алады, оқиды, әріптерді ажыратады, сөз қорлары жасына сай. Кризистік орталықтан келген балалардың дайындығы төмендеу болады. Сондықтан бұл балалардың оқуға мотивациясы төмен болады.
А.М.Прихожин, Н.Н.Толстых зерттеулерінің мәліметтері бойынша мектепке балалар үйінен келгендер сюжеттік-рольдік ойындар, ережемен ойындарды ойнай біледі.
Кіші мектеп жасындағылардың суреттері (отбасынан тыс тәрбиедегі) бала әлемі мен ересектер әлемі арасындағы терең байланыстардың бұзылысына әкелетән депривациялық факторларлдың әсерін көрсетеді. Әлеуметтік-педагогикалық қолдау мекемелерінің балдары кіші мектеп жасында жоғары деңгейдегі орындаушылық қабілет танытады. Тәрбиеленушілердің орындаушылық қабілеттері олардың келешектегі оқуын жеңілдетеді.
4. Ахуалдың болу мүмкіндігі бар топ жасөспірімдері қарым-қатынас жасауда қиындықтарымен сипатталады, олар өз дегендерімен жүреді; өзіндік сана сферасында бұзылыстары бар.
Ересектермен қатынаста өзінің қажетсіздігін уайымдайды. Жасөспірімнің қалыпты дамуы үшін белгілі жағдай қажет:
1) қазіргі өмір жөнінде мәлімет олар жасөспірімдерге қатысты мәселелер жөнінде ақпарат алулары, талдап, тексерулері қажет;
2) еркіндік пен іс-әрекеттегі жауапкершіліктің үйлесімі;
3) өз-өзін қабылдау;
4) ар-намысты мінез-құлық.
Олармен жұмыс жасайтын мамандар олардың болашағының перспективаларын айқын көре білулері және оларға өздерін өзгертуде алғаш қадам жасауға көмектесу керек. Әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің мәліметтері бойынша бұл топтағы жасөспірімдердің келесідей өзгешеліктері бар:
- қоғамда қабылданған құндылықтың болмауы, олар өздерінің ешкімге керек еместігі жөнінде сенімдей, өз күшімен үлкен жетістіктерге жете алатынына сенімсіз;
ата-анасының сәтсіз өмірін өзіне проекциялау;
психологиялық автономиялығы;
әлеуметтік құндылықтарда оларда бірінші орында – бақытты өмір,
екінші орында – материалдық жеткіліктілік, үшінші орында – денсаулық.
Сонымен қатар бұл құндылықтар жасөспірімдер үшін қол жетпес болып көрінеді, бұл ішкі конфликт – стрестің себепшілерінің бірін туғызады.
білімнің құндылығының жоғалуы;
мазасыздық, агрессияның жоғары деңгейі;
“әдемі”, жеңіл өмірге тырысу;
қызығушылықтар бағытының бұрмалануы – бос уақытты подъезде, сыртта бос өткізу.
Психологтар жасөспірімдердің басты қызығушылықтарының негізгі топтарын бөлді. Оған жататындар: эгоцентриялық доминант - өз тұлғасына деген қызығушылық, күш доминанты – ерік күшін жұмсауға, қарсы тұруға, авторитеттермен күресуге дайын болуы, романтика доминанты – батырлық жасауға талпыныс. Бұл өзгерістердің жалғасын Д.Б.Элькониннің еңбектерінен табамыз, ол даму симптомдарын бөлді. Оған жататындар ересектермен қарым-қатынаста пайда болатын қиындықтар, оған берген бағаға немқұрайлық таныту, мектептен кетіп қалу. Олар күнделіктер жаза бастайды.
Жасөспірімдер жұмыс жасаған кезде олардың қорғансыздық күйін ескеру керек. “Қорғансыздық” адамның өз бетінше ешнәрсемен күресе алмайтын, көмек сұрай алмайтын, көмек алмағаннан туындайтын дискомфорттық күйі ретінде қарастырылады. Жасөспірімдерде бұл күй гнақты жағдаймен байланысты: ата-анасымен қарым-қатынасын өзгерте алмау, өз бетінше таңдауға немесе шешім қабылдауға мүмкіндігінің болмауы т.б.
5. Ахуалдың болу мүмкіндігі бар топтың жоғарғы сыныпта оқитын балалары ерекше әлеуметтену процессімен сипатталады. Олар өміріні көп бөлігін әлеуметтік-педагогикалық қолдау мекемелерінде өткізеді. Бұл мекемелердің көп түлектері үшін келесі ерекшеліктер тән:
- мекемеден тыс жерде адамдармен қатынас жасай алмау, ересектер мен құрдастарымен қатынас орнатудағы қиындық, адамдардан оқшаулану, адамдарға сенбеу;
- адамдарды түсінуге тырысу қабілетінің болмауы, олар өз сезімдерімен қалауларына сүйенеді;
әлеуметтік интеллект деңгейінің төмендігі;
жауапкершіліктің төмендігі;
ересектерге, қоғам, мемлекетке қатысты қажеттілік психологиясы;
өзіне сенімсіздік, өзін-өзі төмен бағалау, тұрақты достарының
болмауы;
еріктік сфераның дамымағандығы, мақсатқа талпыныстың болмауы;
өмірлік жоспардың, құндылықтардың қалыптаспауы;
аддитивті (өзін-өзі құрту) әрекеттеріне бейімділік, бұл психологиялық
қорғаныстың регрессиялық формасында болады.
Жоғары сынып балалары өз бетінше өмір табалдырығында тұр. Бірақ олап өздерін дайын емеспіз деп есептейді. Біржағынан олар өзбетінше өмір сүргілері келеді, екінші жағынан –жауапкершіліктен қорқады. Мұндай екі жақтылық өзіне және өміріне қанағаттанбауға әкеледі. Ол балалардың барлығы мемлекет қамқорлығында, жатақханада тұрады. Жалғыздық, қорғансыздық, қажетсіздік мәселесі сол деңгейде қалады.
Отбасынан тыс жерде тәрбиелеу тұлғалық депривацияны туғызатын және өзбетіндік өмірге дайын болмауының себебі. Өйткені көп баланың қоршауында болу өзіндік идентификацияға мүмкіндік бермейді, ол өзінің болашақ өмірін ойластыра алмайды, өз проблемаларын ұғына алмайды.
№12 дәріс тақырыбы: Девианттық мінез-құлқы бар балаларды қайта тәрбиелеудің ерекшеліктері.
Дәріс мазмұны:
1. Балаларды тәрбиелеудің әдістері.
2. Мінез-құлықты түзету және ынталандыру әдістері.
1. Жанұлық тәрбиенің әдістері мен мазмұнының өзгешелігі әрбір жанұяның өмірге нақты қарым-қатынасының негізінде пайда болады. Сонымен қатар балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге байланысты. Олардың жан-жақты дамуы ата-аналардың психологиялық ерекшеліктірді білуіне, балалардың адамгершілік тәжірибелері ерте кезеңнен дамитынын меңгеруіне, жасөспірімдер және жоғарғы класс оқушыларының ересектікті қабылдауына байланысты.
Балаларды тәрбиелеу әдістері туралы арнайы әдебиеттерді талдай отырып, А.Г.Ковалев балаларды тәрбиелеудің үш әдісін қарастырады: сенім, көз жеткізу (негізгі ретінде) және машықтану (ата-аналардың жолға қоюымен бала өмірінің бейнесі). Ал Т.В.Воликова жанұяда балаларды тәрбиелеудің әдістері: сенім әдістері (әңгіме, сұхбат, мысал, түсінік беру, көркем әдебиеттерді оқу), машықтану әдістері (күн режимі, ойын, үнемі еңбек тапсырмалары және т.б.), ынталандыру әдістері (талап ету, жарыс, мадақтау, жазалау) және өзін -өзі тәрбиелеу деп есептейді.
А.О.Пинт жанұяда тәрбиелеу әдістеріне талап ету, көзін жеткізу, әдеттендіру, мадақтау, жазалауды жатқызады. Оның пікірінше, тәрбиелеу жүйесінде бірінші сенім , талап ету, әдеттендіру әдістері, ал жазалау сонымен қатар мадақтау - бұл тек көмекші шаралар, оларды тек қана ұнамды нәтиже берген жағдайда болмашы қолдануға болады. Көптеген сөздіктер мен анықтама әдебиеттерінде «тәрбиелеу әдістері», «тәрбиелеу тәсілдері» туралы ұғым анықталмаған немесе әдістері және тәсілдері арасында айырмашылығы жоқ жалпы түсінік береді. Жанұяда бір немесе екі бала, анасы, әкесі, әжесі, атасы болса, онда өзгеше ерекшеліктерімен үлкен үйлесім табады. Жанұяда қанша адам болса, сонша әрбиелеу әдістері , өзіне тән жағдай және жанұялық бітімшілік қарым-қатынастары туады.
В.А.Сухомлинский қиын балаларға жалпы педагогикалық әдістермен әсер етуге болмайды деп жазды. Дағдылы тәрбие әдістері көп балаларға нәтижелі көмек береді, ал, қиын балаларға қолдануға тиімсіз. Бұл жағдайда басқа ерекше тәрбиелеу әдістерін және тәсілдерін іздестіру керек. Балалардың жанына ерекше әсер ететін құрал, бұл- ата-аналардың, педагогтардың сөзі. Оны қолдану барысында айқайлауға болмайды. Айқай бұл - тәрбиесіздік болып саналады. Ол балаларға әдепсіздік болып қабылданады.
В.А.Сухомлинский: «Айқайлау бұл - баланы дірілдеп тыңдауға және бағынуға алып келеді дей отырып, ол серіппені қысумен салыстырды. Біз қалай серіппені қатты қыссақ, солай қатты қауіп төнеді, ол сынады және кім оны қысса соны соғады» - деді. Алайда жалпы қабылданған қайта тәрбиелеу әдістері қиын балаларды тәрбиелеуге келмейді.
Бұл жағдайда тәрбиелеу әдістерінің жіктелуіне: сананың қалыптасу әдістері, адамгершілік тәжірибесін ұйымдастыру әдістері, мінез-құлығын түзетуге немесе ынталандыру әдістері және арнайы әдістерге сүйенген дұрыс. Сананың қалыптасу әдістерінің өзіндік ерекшеліктері вербальды әдістермен (этикалық әңгімелер, диспуттар, оқулар және т.б.) басталып, Е.И.Петуховтың пікірімен «едәуір дәрежеде тыңдаушыларды қобалжытатын, ойландыратын, іздейтін, пайымдататын іс-әрекетпен» қорытындыланады.
Адамгершілік тәжірибелерін ұйымдастыру әдістеріне педагогикалық талап ету, әдеттендіру, жаттығу, тәрбиелеу жағдайларын жасауды жатқызуға болады.
Біз осы топты мысалға алып, тәрбиелеу жағдайларын жасау арқылы қарастырамыз. А.С.Макаренко егер, ұзақ уақытқа балаға тапсырма беріп, оны қолдап, бір таза бөлме беріп, оның қалай жасалуын , оның шешімін және жауабын өзіне берсе, онда оң нәтиже болады деп есептеді. Бұл жағдайда оның алдына ұйымдастырылған тапсырма қойылады. Тапсырма қаншалықты қиын және дербес болса, соншалықты педагогикалық қарым-қатынаста болады. Баламен ыңғайлы уақыт тауып дербестілігін талқылау өте пайдалы. Өзінің практикалық дағдысын қалыптастыру арқылы, бала өзінің уақытын жоспарлауды, өзінің күшін анықтауды және өзін-өзі басқаруды үйренеді.
Тәрбиелеу жағдайында жанұядағы қарым-қатынас жағдайы туындайды, сондықтан ықпалы әрбір жағдайда бірдей бола бермейді. Жанұяның өзіндік ерекшеліктерін білу қажет, жанұялық тәрбиеде жасалынған қатаң бағдарлама жоқ. Жанұялық жағдай барысында алдын-ала анық ойластырылған ескертулер қажет. Мысалы: «Папаң сені өзіне мотоцикл оңдасуға көмектесуін қалайды. Сабағыңды жылдамырақ оқып, кешке әкеңе көмектес». Ата-ананың талап етуін сөз ете отырып, тәрбиелеудің маңызы ата-ананың тек қана талап етуінде емес, соның ішінде қалай айтқанында. Егер ата-ана баладан қалай талап етсе, баланың қарым-қатынасы соған байланысты болады. Ақыл-парасатпен, жүйелі, әдепті айтылған кеңестер және тілектер жасөспірімге оның жасағандарын талқылауға дағдыландырады, өзін-өзі бақылауды үйренуге, мінез-құлқын қалыптастыруға үйретеді.
2. Мінез-құлықты түзету және ынталандыру әдістеріне : мадақтау, жазалау және жарыс (көп балалы жанұяда) жатады. Психикалық жағдайдағы қиын балаларды тәрбиелеу барысында әртүрлі әдістемені қолдану маңызды. Бұларға текетірес жағдайда өзін ұстауы, сенімсіздік жағдайындағы іс-әрекеті жатады. Бұл жағдайда тәрбиешінің жоғарғы педагогикалық техникаларды (шеберлік) білуі және жағдайды шешуде мейірбандылық таныту және нәтижені оң шешу шарт. Арнайы әдістерге баланы оқшаулау, ерекше режим жағдайын туғызу және «қопарылыс» әдісін жасау жатады. Бұл жалған ұстанымды жылдам жойып, оның ақымақтығын және өзінің жасағандарын қайта талқылауға жағдай жасайды. «Қопарылыс» әдісі - өте өткір және қиын іс-әрекет тәсілі, ол үлкен шеберлікті қажет етеді.
Егер әкесі және анасы өздерін қалай ұстауды білмесе, онда тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерін де білмейді. Нәтижесінде қырсықтық, жасөспірімнің мінез-құлқынының дамуына кері әсерін тигізеді немесе мінез-құлқының дамуы дұрыс жолға қойылмайды. Қиын баланы тәрбиелеу үшін оның жеке қасиеттерінің жақсы жақтарын ашу, оның күшіне сену және мүмкіндіктеріне сену, оған сенім білдіру керек. Сонда ғана тәрбиелеу оң нәтижесін береді.
Қаншалықты жанұяда балаға көп-көңіл бөлінсе, соншалықты баланың жеке қасиеттерінің дамуы жемісті болады, сонда ғана жанұяда нағыз жеке тұлға қалыптасады.
Мемлекеттің мәдениеті мен байлығын қарапайым белгілерден анықтауға болады: әрбір жанұяда бала тәрбиесінің жауапкершілігіне қаншалықты көңіл бөлінеді және баланы қандай мінез-құлық ерекшеліктеріне баулиды.
Біздің елімізде соңғы онжылдықта балаларға селқос қарайтын үлкендер пайда болды. Бұл әлеуметтік экономикалық тұрақсыздықтың салдарынан балаларға қажетті көңілдің бөлінбеуімен түсіндіріледі.
Жіберілген қателерді түзету мәселесі - өте күрделі де қиын. Бұл мәселені шешу үшін жақсы дайындалған жанұялық тәрбиеге арналған әлеуметтік педагогтер, мектепке білікті мұғалімдер және мектепке дейінгі мекемелерге тәрбиешілер өте қажет. Сонымен қатар жоғары класстарда этика негіздерін және жанұялық өмірдегі психологияны байыпты оқыту қажет.
№13 дәріс тақырыбы: Педагогикалық қалыс қалған және қиын тәрбиеленетін балалар мен жасөспірімдерді диагностикаау және түзету.
Дәріс мазмұны:
1. Тәрбиесі қиын бала түсінігі.
2. Қиын тәрбиеленушілікті жеңудің кезеңдері.
3. Тәрбиесі қиын балаларды тәрбиелеуге А.С. Макаренконың қосқан үлесі.
1. Отандық мектептердің қалыптасу барысында балалардың қиын тәрбиеленуі хақындағы біздің түсінігіміз үнемі өзгеріп салады. Өйткені оның себептері пайда болып, мәні мен мазмұны, бұл құбылыстың белгілері де өзгеріп келді.
П.П.Блонскидің, Н.К.Крупскаяның, А.С.Макаренконың В.Н.Мясищевтың пікірінше қиын тәрбиелі бала – бұл кәдімгі бойында табиги тұқым қуалау белгісі бар қарапайым жас бала. Айырмашылығы – педагогикалық тұрғыда бетімен кеткен, қайсыбірінің ақыл-ой дамуында жетімсіздік болуы мүмкін. Бір баланың мінез құлқында сырқаттықтың да, әлеуметтік бетімен кеткендіктің де белгілері астасып жатады.
Ғ.А.Фортунов өзінің «Трудные дети в семье и школе» деген кітабында тәрбиешілердің педагогикалық қателіктеріне тоқталады. Атап айтқанда ересектер жасөспірімнің жас ерешеліктерін ескермейді. Ал бұл түптеп келгенде баланың ішкі жан дүниесінде қарама- қайшылықтардың тууына әкеледі, баланың бұдан арғы тәлім – тәрбиесіне кедергі жасайды.
С.Т.Шацкий «балалар арасындағы тәртіптің бұзылуына, тәртіпсіздіктің орын алуына алдымен баланың өзін қызықтыратын істің болмауы себеп болады» - деп атап көрсеткен.
Қиын тәрбиелі баланың жағдайы әрдайым күрделі мәселе болып келеді. Жиырмасыншы ғасырдың 20 – 30 – жылдары қиын тәрбиелі баланың болуына ғалымдар үш түрлі себептер тобы әсер ететінін дәлелдеді:
әлеуметтік азғындық
педагогикалық тұрғыда бетімен кетушілік
психикалық дамуының науқасты ауытқушылығы.
Қиын тәрбиелену. Бұл термин жиырмасыншы ғасырдың 30-шы жылдары пайда болды. Оның мәні : адамның мінезінде теріс қылықтардың пайда болуы, өзіне айтылған ақыл кеңесті қабылдамауға жетелейтін баланың ішкі сарайындағы қарама – қайшылықтар, өзін өзгеге, өз ортасына көрсету үшін жасаған теріс қадамы арқылы қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік нормалардан алшақтау.
Жиырмасыншы ғасырдың 60-ыншы жылдарына қарай балалар құқбүзушылығы мен қылмысының себеп- салдары өзгерді. Мынандай тенденция айқындалды: егер бұрындары бала бойындағы теріс қылықтар ауыр тұрмыстық, жоқшылық пен аштықтың салдарынан болған болса, ендігі бала психикасын материалдық игіліктердің молдығы, тойынғандық, тән рахатына бөлену, жеңіл өмір кешуге тырысушылық бұзды. Егер кеңес үкіметі құрылған алғашқы жылдары баланың ең қарапайым қажеттіліктері де қанағаттандырылмаған болса, ендігі жеткіншек ұрпақ азғындық жолға жетелейтін есірткіні пайдалану, алкогольді ішімдіктерге үйір болу сияқты әдетті тез меңгерді.
«Педагогикалық бетімен кету баланың мінезі шеңберінде әуелі мектепке дейінгі кезеңде пайда боладыдағы, бастауыш сыныптарда дидактикалық деңгейдегі өзгеріске ұласады, артынша жасөспірімнің әлеуметтік – педагогикалық теріс тәрбиелі, қиын тәрбиелілігіне айқалады» -деген Р.В.Овчарованың ойымен келіспеске болмайды. Қиын балалардың барлығы дерлік жасөспірімдер екені тектен – тек емес шығар.
Қиынтәрбиелілік дегеніміз отабасының, мектептің, өзге де әлеуметтік институттар өздерінің моральдық және құқықтық борышын орындаудағы шикілігі, тәрбие мүмкіндігін толыққанды пайдаланбау немесе теріс пайдалану.
Қиынтәрбиеліліктің барлық белгілерімен таныса отырып, отбасылық әлеуметтік педагог, практик – мұғалім оның ішіндегі ең маңызды, шешуші дегенін айырып беретін диагностикаға жүгігені абзал.
Диагностиканың кәдімгі нысандары – жеке адамның белгілі бір бағытталуы, өзіне және өзгеге қарым – қатынасы, оң және теріс қылықтарының ара салмағы, педагогикалық ықпалға қарсылық көрсету қабілеті. С.А.Беличеваның пікірінше бұл жеткіліксіз.
«Жасөспірімнің әлеуметтік дезадаптациясының елеулі белгілеріне қатысты диагностиканы таңдау барысында баланың жалпы әлеуметтік дамуы талдауын негізге алған жөн», деп ол атап көрсеткен.
2. Қиынтәрбиеленушілікті жеңудің бірнеше кезеңдері бар : диагностикалық, прогностикалық, атқарушылық.
Диагностикалық кезең – субъект, объект және қоршаған орта арасындағы қатынасты анықтайды. Бұл қиынтәрбиеленушілік диагностикасының өзекті бағыты, және қалыпты жағдайдан ауытқудың сипатын, педагогикалық қабылдамаушылықтың себептерін қамтиды.
Прогностикалық кезең – мұнда диагностикалық мәліметтер негізінде қайта тәрбиелеудің мақсаты жасалады және болжамның міндеттері айқындалады: жасөспірімнің теріс қылықтарының себебі көрсетіледі және оны қайта тәрбиелеудің оңтайлы варианты белгіленеді, мектептегі, отбасындағы микроклиматты жақсарту шаралары жоспарланады, теріс қылықтарының қажетсіз рецидивін жоқ ету мақсатында, тәрбиесіз баланың ортамен байланысы қалпына келтіріледі.
Атқару кезеңі - бұл іс жүзінде қайта тәрбиелеу жұмыстары. Ол баланың психикасы мен әлеуметтік өмірін қалпына келтірудің нақты бағдарламасын жасаудан басталады. Іс – қимылдың әдістері, мерзімі мен орындаушылары көрсетіледі. Баланың жат мінез – қылықтарын өзі жоюы мүмкіндігін толық жұмылдыру мақсатында өзін өзі тәрбиелеуге ерекше мән беріледі.
М.Раттердің пікірінше, «психологиялық түзету курсы екі мазмұнды аспектіге негізделеді: біріншіден, баланың шын қабілеті ескерілген оқу бағдарламасы жасалады, екіншіден, мұғаліммен консультативтік жұмыс жұргізіледі және оның барысында мінез- құлқының патогендік рөлін түсіндіреді.
Мына қарапайым әдіс ең тиімді: баланың теріс қылығына мүлдем көңіл аудармау, қандайма жетістігін үнемі мақтап отыру.
Қайта тәрбиелеудің нәтижесі мыналарға тікелей байланысты :
педагогикалық ықпалдың бірлігі;
үйымшыл балалардың ұжымы болуы, қиынтәрбиелі бала мұндай ұжыммен жауапты түрде байланыста болуға мәжбүр болуы;
қққиынтәрбиелі бала өзің оң іс - әрекетімен көрсете алатын қызметтің (жұмыстың) болуы;
мектептің отбасы тәрбиесінің мүмкіндігін кең пайдалана алуы;
мұғалімдер мен ата-аналардың келісімді (үйлесімді) әрекеті;
Қайта тәрбиелеудің функциялары алуан түрлі және мыналарға қатысты:
келеңсіз жағдайларды жеңе отырып, тәрбиеленушінің күш қуаты мен қабілетінің оң дамуын жеделдету;
қоғамдық талаптарға сәйкес бала бойындағы жетекші қабілет көздерінің қалыптасуындағы сәйкессіздіктерді (үйлесімсіздік, дисгармония) кетіру;
баланың өсіп жетілуіндегі жіберілген теріс тәрбиенің, қателіктердің нәтижесін түзету;
өз бойындағы теріс қылықты, іс- әрекеттерді баланың өзі түзетуге тырысуын, ұмтылысын оятып, бағыттап отыру.
Танымал педагог Э.Ш.Натанзон қиын тәрбиелі баланы қайта тәрбиелеудің әдістемесін өзінше ашып берді. Оның концепсиясын пайдалана отырып, автор Т.В.Лодкина жұмыстың мұндай әдістемесін басшылыққа алуға болады деп еспетейді және өз тарапынан бірқатар өзгертулер енгізеді.
Баланы қайта тәрбиелеудің әдісі мен жолдарын таңдауда оның мінез – құлқындағы басымдыққа ие қылықтар мен әрекеттерді, психикалық жағдайы мен ішкі дүниесін алдын ала анықтап біліп алған абзал. Содан кейін бала өзін дұрыс ұстауға мәжбүр ететін ситуация (ахуал) жасау қажет. Тәрбиешінің әр бір ісі мен әрекеті бала бойында оң пиғыл туғызып отыруы маңызды. Тәрбиешіге қарап бала өз ісіне жаңаша көзқараста болатын болса, істің оңға басқаны, яғни қайта тәрбиелеу әрекетіміздің оң нәтиже бере бастағаны.
Әрбір педагогикалық ситуацияда маңызды болып табылатын тек балаға айтылған сөздің мазмұны ғана емес, оның қалай айтылғаны да маңызды : интонация, мимика, тәрбиешінің тұрысы. Сөздің қуаты, және оны өте епті пайдалану қажет екенін В.А.Сухомлинский айрып кеткен : «Сөз баланың тұра жүрегіне әсер ететін нәрсе, ол айқаласына әсемдік пен жұпар исін шашатын гүл де бола алады, өмірге нәр беретін бұлақ суындай бала сенімін игіліктерге бастай да алады, өткір пышақта, қызған темір де, лас қоқыс та бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |