ӘОЖ 371/681.142.37
ОРТА БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ВЕБ-САЙТ ЖАСАП ЕСЕПТЕУІШ
ЖЕЛІЛЕРДІ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТАНДЫРУ
Есентаев Н.А.
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық (ресурсқа) қорға айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Қазіргі заман талабына сай барлық пәнді оқытуда компьютерді пайдалану керек – ол оқу үрдісінің бір бөлігі, сондықтан да оқып үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі рөлін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде – оқуға ынталылықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысына қалыптастыруға тиіс. Бірақ біз компьютерлік желілер технологияларын қолдана отырып бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылардың компьютердің негізгі құрамы мен бірге компьютер желісін де меңгергендігін білуге болады. Сонымен қатар желілік технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді.
Ақпараттандырудың мақсаттары мен міндеттері мектепте «Білім беруді ақпараттандыру арқылы білім сапасын арттыру» себебі қазіргі таңда мектеп қызметкерлерінің сапалы білім беруінің, оқушылардың ғылыми шығармашылық жұмыстармен айналысу деңгейінің жоғарылауы мектептің ақпараттандырылу деңгейіне сай болмақ.
Бағдарламаның басты мақсаты: мектепті ақпараттандыру жұмысын жүйелеу. Бүгінгі күні мектептеріміз компьютерлік құрал-жабдықтармен жабдықталған осы жұмыстарды ары қарай жалғастыру керек. Мектептерге веб-сайт жасауға қолдау көрсету керек. Сонымен қатар Веб-сайттың күнделікті ақпараттарын реттеп отыратын және қауіпсіздік шараларын ретке келтіріп отыратын маман тағайындау қажет.
Мекеменің бірнеше компьютерлерін порт құрылғылары арқылы байланыстырып, бір-бірімен ақпарат алмасатын жергілікті компьютерлік желі құру қиын емес. Олардың бірін бірнеше компьютерлерге ортақ, басқа компьютерлердің кейбір ақпарат ауыстыру жұмыстарын орындайтын негізгі түйінді компьютер етіп (сервер) қызметші қойма орнату керек. Компьютерлерді желіге біріктірудің негізгі түрлерінің бірі ретінде топологиялық жүйенің бірін таңдап алуға болады.
Компьютерлік желілер технологиясын қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:
Компьютерде еркін жұмыс жасайды;
Компьютерлік желілермен байланыс жасайды;
Ақпараттарды ала алады, өңдейді, сақтайды;
Интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;
Электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады;
Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
ҰБТ-ге дайындығын үнемі шыңдай алады;
Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады;
Мұғалім мен мектеп басшылығына өзінің ойын еркін жолдай алады;
Өзінің шығармашылық жұмыстарын мектептің веб-сайтында бүкіл әлемге жариялай алады;
Жаңа бағдарлама басталған жұмыстардың негізгі бағыттарын сақтай отырып жаңа оқу-үрдісін қалыптастыруға негіз болады.
Бағдарлама төмендегі негізгі бағыттар бойынша ақпараттандыруды жетілдіруге негізделген:
Білім мен тәрбие жүйесін ақпараттандыру;
Мектептің әдістемелік жұмыс жүйесін ақпараттандыру;
Басқару мен ұйымдастыру жұмысын ақпараттандыру;
Кітапхананың жұмыс жүйесін ақпараттандыру;
Компьютерлік желі ресурстарын кеңейту;
Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту;
Ақпараттық білім беру орталығын құру;
Электрондық құжаттар айналымында жұмыс жасайтын, ақпараттық басқару жүйесі жұмысын реттеу;
Оқытудың дистанциялық түрінің пайда болуына жағдай жасау;
Қашықтан оқыту білім беру саласында Мемлекеттік саясаттың негізгі қағидасын практикада жүзеге асыруға, арақашықтыққа қарамастан кез келген бұқара топтардың білім алуына мүмкіндік беру;
Барлық пәнге тест тапсырмасын орындауға мүмкіндік жасау;
Мектеп оқушыларының Қазақстан және әлемнің ақпаратты білім жүйесімен электронды даму процестерін пайдалануды қамтамасыз ету;
Жаңа ақпараттық технология және желілік ақпараттық технология, оқу бағдарламалары негізінде білімнің жаңа сапасын арттыру;
Мектептің толық сайтын жасап, оған оқу жүйесіндегі және одан тыс адамдардың кіру мүмкіндігін ашу;
Мультимедия техникасын, бейнефильмдерді пайдалану арқылы «Мектепті ақпараттандыру бағдарламасы» бойынша мектептің жұмысы туралы ата-аналарға презентация өткізу;
Интернетті пайдаланып, конкурс, олимпиада, білім туралы жобаға қатысудың маңызы туралы ата-аналарға кеңес беру;
Мектеп веб-сайты арқылы ата-аналар балаларының оқу үлгерімін қадағалап отыруына мүмкіндік жасау.
Бұл жұмыстарды жүзеге асыруда оның мазмұны мен оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сапалы өзгерістер болады деп үміттенеміз. Үштік бағамен оқығысы келетін балалар болмайды. Олар әр түрлі жағдайға байланысты: ауырып немесе басқаша себептермен бірнеше сабақты жіберіп алатындары болады, осындай себептердің нәтижесінде жаңа материалды тыңдамай, түсінбей қалуы; бірден ойды түсінбей қалуы, осының барлығы жиналып қала береді де нәтижесінде төмен баға алуына себеп болады.
Осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында біз электронды оқулықтар, бейне сабақ түріндегі сабақтарды көптеп мектеп веб-сайтында қолданысқа алсақ мұндай қарама-қайшылықтарды жоққа шығаруға болар еді. Осындай оқулықтар оқу кітабына жугінуін қаншалықты қажет етсе, соншалықты мүмкіндік береді. Ол бір тапсырманы, оның ең жақсы нәтижесіне жеткенше орындауына мүмкіндік береді. Бұл дұрыс емес пе?
Әр ата-ана өз баласына сапалы білім беруді қалайды. Ал біздің электронды оқулықтар, өзінше бір репетитор ретінде мұғалімге оның дербес өзіндік жұмысын сапалы ұйымдастыруға көмектеседі.
Күтілетін нәтиже:
Мектептің бірыңғай білім кеңістігін құру;
Тәрбие білім жүйесінде ақпараттық технологияны тиімді пайдалана отырып, білім сапасын көтеру;
Ақпараттық технология негізінде мектептің білім басқару жүйесінің сапасын көтеру;
Мектептің ғылыми-педагогикалық потенциалын дамыту, тиімді пайдалану және сақтау;
Оқушылардың өзін-өзі тануына мүмкіндігінің сапасын арттыру;
Ақпараттық технологияның негізін пайдалана отырып, сапалы деңгейіне көшу.
Мектептің осы «Ақпараттандыру бағдарламасына» сай әр әдістемелік бірлестігі, әр мектеп ұйымы өз жұмыс жоспарын құрып, тереңдетілген түрде жан-жақты жұмыстанып әрдайым осы жұмыс төңірегін үнемі жаңартып отыру керек.
Бұл бағдарламаны әзірлеуде төмендегі құжаттар негіз болды:
Қазақстан Республикасының 11.01.2007 жылғы №217-3 «Ақпараттандыру туралы» заңы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі №492 «Қазақстан Республикасында ортақ ақпараттық кеңістікті жетілдіру» шешімі.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 бұйрығымен бекітілген «2005-2010 жылдарда Қазақстан Республикасында білім беруді жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасы».
Білім мен тәрбие беру жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын білім беру үрдісінде іске асыру үшін төмендегідей бағыттағы жұмыстар жүргізіледі:
компьютерлік білім берудің тиімді тәсілдерін жасақтап енгізу;
қажетті көрнекілік құралдар мен электрондық оқулықтар әзірлеу;
тест сынақтарын әзірлеу;
жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үрдісіне кеңінен енгізу;
электрондық оқу материалдарын әзірлеу;
білім беру үрдісінде ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру;
мұғалім мамандардың біліктілігін арттыруға жағдайлар жасау;
мектеп сайтын құрып қажетті бағдарламалармен, білім беру үрдісін жетілдіруге арналған ақпараттармен толықтырып отыру;
электрондық білім беру базасын құру және толықтыру (тесттер жинағы, білім сапасының көрсеткіштерінің жинағы, флипчарттар, көрнекіліктер жинағы, денсаулық көрсеткіштері, т.с.с).
Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесі ақпараттық технологияны кең ауқымды қолдану болмақ. Мектептің веб-сайтында мұғалімдердің автобиографиясынан бастап жылдық сабақ жоспары, шығармашылық жұмыстары, жаңа оқыту технологиялары сияқты құжаттары дайындалып жеке портфолиосы, ғылыми тәжірибелері, әр сабаққа өтілетін сабақтың әсерлі өтуіне қолайлы программаларда дайындалуы керек. Power Point, Activ Studio-да немесе мультимедиялық үлгіде, бейне филмь түрінде жарияланып, мектептер арасында мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына ыңғай жасау керек.
Ғылыми әдістемелік жұмыс жүйесін ақпараттандыру келесі бағыттарда жүргізіледі:
мұғалімдерді мамандық шеберліктерін арттыру жұмыстарына ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолдануға үйрету;
әдістемелік бөлмелерді, жұмыс кабинеттерін ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету;
компьютерлік технологияларды қолданып теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізу шеңберін кеңейту.
Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау керек:
Мектеп сайтын құрып, төмендегідей бөлімдерді енгізіп жұмыстандыру:
жобалар сайысы;
мектеп тарихы, жетістіктері;
нормативті құжаттар;
әдістемелік бірлестіктердің жинақ базасы (ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, практикумдар жинақтары);
мектеп оқушыларының ғылыми шығармашылық жұмыстарының жинағы;
мектеп кітапханасының жұмысы.
Интернет арқылы ғылыми ақпараттарға іздеу салып әдістемелік бірлестіктерді жоспарланған сайыстар мен форумдар туралы хабардар етіп отыру. Мектептің әдістемелік бірлестіктерінің ғылыми шығармашылық жұмыстармен шұғылдану деңгейінің рейтингісін жүргізіп отыру. Ғылыми жұмыстармен айналысатын мұғалімдер мен оқушылардың деректер базасын жасақтау. Ұйымдастыру мен басқару жүйесін ақпараттандыру - мектеп жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі әдістері мен түрлерін жетілдіруге, барлық деңгейдегі жұмыстарды басқаруды бір жүйеге алып келеді.
Ұйымдастыру мен басқару жүйесін жетілдіру үшін:
басқару қызметкерлерін ақпараттық технологияларды қолдануға үйрету;
білім беруді ақпараттандырудың, ұйымдастыру-басқару және нормативті деректер базасын құру (мектептің жұмыс жоспарын, әдістемелік бірлестіктердің, ұйымдардың жұмыс жоспарларын, пән мұғалімдердің күнтізбелік жұмыстарының жоспарларының жинағы);
әр әдістемелік бірлестіктерді, ұйымдарды өз деңгейіндегі жұмыстарды атқаруға және шешім шығаруға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отыру;
Мониторинг жүргізіп отыру (мектептің оқу-тәрбие үрдісінің жүргізілу деңгейін, білім сапасы мен оқушылар, мұғалімдер жұмыстарының рейтингісінің көрінісі) қажет.
Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге де Презиндентіміз Н. Ә. Назарбаев та назар аударып, ол Республикалық мұғалімдер съезінде: «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе – ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады», - деген болатын.
Оқыту – білім беру, өмірді, айналадағы табиғатты, адамды таныту, ғылым, білімнің жаңалықтарына ынталандыру, өмірге құлшындыру. Міне, ақпараттық оқытудың да таратудың да мақсаты осы нысананы көздеуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |