Тұрғындар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
туралы нені білуге тиіс?
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
(МӘМС) тақырыбы қызу талқылануда. Бүгінгі күні көп адамды
«міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің мақсаты
қандай?» деген сұрақ мазалайды. Айтар болсақ, озық халықаралық
тәжірибені есепке ала отырып, мемлекеттің, жұмыс берушінің және
әрбір адамның ортақ жауапкершілігі негізінде әзірленген елімізге
енгізілетін медициналық сақтандыру Қазақстанға денсаулық сақтау
шығындарын жабуға мүмкіндік береді, мысалға, 2017 жылдың өзінде
шығын 28 пайызға өтелмек деген болжам бар.
МӘМС енгізу шешімі табыс деңгейі әртүрлі адамдардың сапалы
медициналық көмекке тең дәрежедегі қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін
қаржы түсімін қайта бөлудің қажеттілігінен қабылданған. Сонымен бірге,
мемлекет экономикалық тұрғыдан енжар халық үшін жарна төлеуді жүзеге
асыраса, ал, жұмыс берушілер болса, жалданған қызметкерлер үшін жарна
төлейді. Салық органдарында тіркелген жұмыскерлер мен өзін-өзі жұмыспен
қамтушы азаматтар болса, өздері үшін жарна төлеуді.
Әрине, бұл ретте айта кететін жайт, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып,
аталмыш сақтандыруды біздің ел де енгізбек. Айтар болсақ, Жапония,
Германия сияқты елдерде медициналық сақтандыру бір ғасырдан аса уақыт
бар. Қазіргі уақытта 18 елде бюджеттік жоспарлаудың орнына міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандырудың моделі қолданылуда. Бұл елдерде
медицина өте жоғары деңгейде, ал тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 85
жасқа дейін жетуде.
Сақтандыру мәдениетінің дамуымен салық салудың ашықтығы және
денсаулық сақтаудағы игіліктің үлестірімі анағұрлым жоғары болады. Әрбір
тұрғын үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған медициналық
көмектің Бірыңғай пакеті әрекет етіледі. Ал бұл медициналық қызметтің
сапасын
арттыруға,
медициналық
ұйымдардың
жоғары
бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз етуге, денсаулық сақтауда жаңа технологияларды
енгізуге жағдай туғызады.
Одан басқа, денсаулық сақтау жүйесінің жоғары тиімділігі кезінде
әкімшілік шығындар төмендей бастайды. Аймақ бойынша қаражатты бөлудің
және жеткізушілерден медициналық көмекті алудың бірыңғай ережесі
қолданылады. Азаматтар дәрігерді, медициналық ұйымды өзі таңдай алу
құқығына ие болғандықтан, жалпы алғанда мамандар мен емханалар
арасында адал бәсекелестікті дамытуға ықпал болады. МӘМС барлық
сақтандырылған азаматтарға жынысына, жасына, әлеуметтік статусына,
тұрғылықты жеріне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік
көмектің қолжетімділігіне кепілдік береді.
Қазақстан Республикасы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
туралы» Заңының 28-бабының, 4-тармағына сәйкес,
қорға жарналар төлеуден
келесілер босатылады: балалар, көп балалы аналар, Ұлы Отан соғысына
қатысушылар мен оның мүгедектері, мүгедектер, жұмыссыз ретінде
тіркелген адамдар, интернат ұйымдарында білім алып және тәрбиеленіп
жатқан адамдар, білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып
жатқан адамдар, бала тууға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты,
бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста жүрген
адамдар, зейнеткерлер. Сондай-ақ, бұл тізімге әскери қызметшілер, құқық
қорғау
органдарының
қызметкерлері,
қылмыстық-атқару
жүйесі
мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар жатады.
№3 Павлодар қалалық ауруханасының ұжымында ҚР «Міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңын түсіндіру жұмыстары
жүргізілуде. Дәрігерлік және мейірбикелік конференцияларда, семинарларда,
әңгімелесулерде №3 ПҚА заң қызметі медициналық қызметкерлердің
сақтандыру
медицинасы
жөніндегі
сұрақтарына
жауап
беруде.
Бөлімшелердің ақпараттық стендтерінде материалдар орналастырылған,
барлық ниет білдірушілер МӘМС туралы Заңының тармақтары бойынша өз
түзетулерін және ұсыныстарын енгізе алады.
Мәрлен Нариманұлы Ахметов,
№3 ПҚА бас дәрігері.