Мектептің әдістемелік қызметі



жүктеу 51,26 Kb.
Дата13.11.2017
өлшемі51,26 Kb.
#56
түріҚұрамы

Мектептің әдістемелік қызметі
Мектептің әдістемелік қызметі бұл білім беру ұйымының оқу-тәрбие үдерісіне заманауи педагогикалық технологияларды енгізудің және қамтамасыз етудің, әзірлеудің дамушы икемді мектепішілік құрылымы.

Бұл көп қырлы жұмысқа басшылықты мектептің Әдістемелік кеңесі жүзеге асырады, оның құрамына:



Әдістемелік кеңестің төрағасы

Әдістемелік кеңестің мүшелері:

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері ӘБ-нің жетекшісі –

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері ӘБ-нің жетекшісі –

Шетел тілдері мұғалімдері ӘБ-нің жетекшісі –

Физика-математикалық цикл мұғалімдері ӘБ-нің жетекшісі –

Жаратылыстану-географиялық цикл мұғалімдері ӘБ-нің жетекшісі –

Тарих және МҚН мұғалімдері ӘБ-нің жетекшісі –

Эстетикалық цикл мұғалімдері ӘБ-нің жетекшісі –

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін бастауыш сыныптар мұғалімдері ӘБ-нің жетекшісі –

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін бастауыш сыныптар мұғалімдері ӘБ-нің жетекшісі –

Сынып жетекшілері ӘБ-нің жетекшісі – кіреді.
Әдістемелік жұмыстың мақсаты

Барлық қосымна құрылымдардың әдістемелік жұмысын үйлестіру, іс-тәжірибелік көмек көрсету, олардың қызметін басқару мен бақылауды жүзеге асыру.

Педагогикалық шеберлік пен шығармашылықты дамыту, білім беру мазмұнын стандарттық талаптар мен ҚР-ның білім туралы заңнамасы негізінде жетілдіру.

Мұғалімдердің кәсіпқойлық мен біліктілік деңгейін арттырудың мазмұнын, түрлері мен формаларын, олардың үздіксіз білім алуын белгілеу.


Міндеттері

– Мектеп оқушыларын дайындаудың сапалы деңгейін қамтамасыз ету, олардың ҚР ББМС талаптарына сәйкес басымдығы бар аса маңызды шеберліктердің міндетті деңгейіне қол жеткізуі.

– Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жетілдіру.

– Бейіндік оқыту мен мониторинг жүйесі жөніндегі жұмыс үшін жағдайлар жасау.

– Педагогикалық жаңа технологияларды зерделеу және енгізу.

– Білім беру сапасын арттыру мақсатымен оқу пәндерін оқытудың жай-күйіне мониторинг жүргізу формаларын жетілдіру. Педагогикалық мониторинг жүйесін жасау.

– Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің оңды педагогикалық тәжірибесін айқындау, қорыту және тарату.

– Оқу үдерісіне оқытудың автоматтандырылған жүйелерін бағдарламалық қамтымды, сабақтарды ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін, ақпараттық-кітапханалық жүйелерді енгізу. Оқу сабақтарын өткізу үшін бағдарламалық қамтымды әзірлеу және оларды оқу үдерісіне енгізу.



– ӘБ-тердің негізгі күш-жігерлерін бітіруші сыныптар оқушыларында ҰБТ-ді ойдағыдай тапсыруы және таңдап алған мамандық бойынша жоғары оқу орнына түсуі үшін білім негіздерін жасауға жұмылдыру.
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАЛАРЫ


  1. Тақырыптық педагогикалық кеңестер

  2. Мектептік әдістемелік бірлестіктер

  3. Ашық сабақтар және оларды талдау.

  4. Пәндік апталар мен онкүндіктер.

  5. Жас маман мектебінің жұмысы

  6. Дарынды балалармен жұмыс.

  7. Мұғалімдердің курстық дайындығын ұйымдастыру және бақылау.

  8. Аттестаттау.


Әдістемелік кеңес

  • Әдістемелік жұмыстың нақты оқу жылына арналған міндеттерін жүзеге асырады.

  • Әдістемелік бірлестіктердің жұмысына бағыт береді.

  • Мектепішілік семинарларды, өзара сабақтарға қатысуларды, педагогикалық оқуларды дайындайды және өткізеді.

  • Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қорытады және енгізеді, тәлімгерлікті ұйымдастырады.

  • Бақылау тапсырмаларының қорытындыларын талдайды, білімдегі олқылықтарды жою жолдарын белгілейді.

  • Психологиялық-педагогикалық семинарлар, іскерлік ойындар ұйымдастырады және өткізеді.


Әдістемелік кеңес қызметінің негізгі бағыттары

  • Пәндер бойынша білім беру қызметінің нәтижелеріне талдау жасау.

  • Пән бойынша оқу-әдістемелік оқу құралдары мен дидактикалық материалдардың қолжазбаларын талқылау.

  • Оқу пәндерін оқыту әдістемесінің, мұғалімдердің біліктілігі мен біліктілік санатын арттыру мәселелері жөніндегі баяндамалар дайындау және талқылау.

  • Күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды талқылау және бекіту.

  • Оқу сабақтарының жекелеген түрлерін өткізу әдістемесі мен олардың қосымша дидактикалық материалдарының мазмұнын талқылау.

  • Оқушылардың зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру, басшылық және бақылау жасау мәселелерін қарастыру.

  • Оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын іздестіру және енгізу жөніндегі педагогикалық эксперименттерді ұйымдастыру және өткізу.

  • Кабинеттердің оқу-әдістемелік базасын жетілдіру.

  • Тәжірибе алмасу және оқу пәндерін оқытудың әдістемесін жетілдіру мақсатымен ӘБ ішінде, сондай-ақ әр түрлі ӘБ-тер мұғалімдерінің арасында сабақтарға өзара қатысу.

  • Басқа оқу орындарының ӘБ жұмысын зерделеу және бұл жұмыста тәжірибе алмасу.

  • Тәлімгерлердің жас мамандармен және тәжірибесі аз мұғалімдермен жұмысын ұйымдастыру.

  • Пәндер бойынша конкурстар,олимпиадалар, жарыстар өткізу туралы ережелер әзірлеу.


Әдістемелік кеңес:

  • мұғалімдердің біліктілік санатын көтеру жөнінде ұсыныс дайындауға;

  • мектептегі оқу үдерісін жақсарту туралы ұсыныс енгізуге;

  • ӘБ-те жинақталған алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе туралы материалдарды жариялау туралы мәселе қоюға;

  • мектеп әкімшілігінің алдына мектеп қызметкерлерін тәжірибелік-іздестіру, эксперименттік, ғылыми-әдістемелік және жобалау-зерттеушілік қызметке белсене қатысқаны үшін көтермелеу туралы мәселе қоюға;

  • мұғалімдерге біліктілікті арттырудың әр түрлі формаларын ұсынуға;

мұғалімдерді әр түрлі конкурстарға қатысу үшін ұсынуға құқылы.
жүктеу 51,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау