Абдрахманова Г.Т., Буртебаева А.К.,Медиева С.Х.
КММ №4 ЖББОМ Саран, қ., Қар МУ Қарағанды, қ.
Оқушылар тәрбиесіндегі мектеп пен отбасының
жұмыс ерекшеліктері
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның
бақыты-балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете
алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен
келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе,
екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі
түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты-тәрбиелі
ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін
айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы. Шыр етіп сәби
дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол
үлкен қоғамдық міндет тұрады ол-бала тәрбиесі. [1].
Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз-ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-
анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық,
қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер-жанұяда тәрбие
балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге
қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала
кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді.
Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді
бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің
жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның
үйренуіне көмектескен орынды. Осылайша баланың бірте-бірте еңбекке
деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды
орындауына бағыт бересіз.
Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да
ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық
білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру
немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді [2].
Отбасы-бала тәрбиесін қалыптастырушы ең алғашқы бесік Қазақстан
Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және
оларды тәрбиелеу ата - ананың табиғи құүқығы әрі парызы»деп отбасының
міндеті анық көрсетілген. «Қазақстан - 2030» бағдарламасында
балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі туралы
айтылған. Сонымен бірге «Отбасы туралы Заң», «Жоғары және орта білім
тұжырымдамасында» әрбір отбасында өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға
қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп, отбасының әуел бастан - ақ өзіне тән киелі
міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті.
Ата-ана абыройы дегеніміз - бала көзімен көріп тұрған, жасы үлкен
кісінің күдіксіз қасиеті, күші, ішкі қуатты берік логикаға негізделген ісі мен
қасиеті.
Отбасы–сынып оқушыларын тәрбиелеу және дамыту ортасын
құраушы. Сынып жетекшісі жұмысында оқушы отбасының педагогикалық
үдерісі диагностикасының жүйесі. Мектеп оқу-тәрбие жұмысының
мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата-аналарды, барлық
жұртшылықты қатыстырады [3].
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше формалары бар.
Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы-ата-аналар жиналысы.
Онда көптеген мәселелер, мысалы күнделікті өмір,еңбек,демалыс,
оқушылардың бос уақыты,кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы т.б.
талқыланады. Оларды одан әрі жетілдірудің жолдары қарастырылады.
Байланыс формаларының бірі-педагогтардың оқушылар үйіне баруы.
Мақсат: оқушылардың үй-жағдайымен, күнделікті өмірмен, тұрмысымен
танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарға ата-
аналармен әңгіме өткізу,пікір алмасу.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше формалары бар.
Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы-ата-аналар жиналысы.
Онда көптеген мәселелер, мысалы күнделікті өмір, еңбек, демалыс,
оқушылардың бос уақыты,кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы т.б.
талқыланады. Оларды одан әрі жетілдірудің жолдары қарастырылады.
Байланыс формаларының бірі-педагогтардың оқушылар үйіне баруы.
Мақсат: оқушылардың үй-жағдайымен, күнделікті өмірмен, тұрмысымен
танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарға ата-
аналармен әңгіме өткізу,пікір алмасу [4].
Баланың алғашқы тәрбиешісі ата-ана десек, баланың көзқарасы және
нанымы, мінез-құлық дағдылары мен әдеттері отбасында қалыптасады. Ал
бала тәрбиелеуде, оқытуда мектеп шешуші роль атқарады. Мемлекет
балаларды тәрбиелеуде отбасыға мектеп арқылы көмектесіп, отбасылық
тәрбиенің мазмұны мен ұйымдастырылуына әсер етіп отырады. Яғни мектеп
мемлекеттік мекеме есебінде жасөспірімдер мен жастарды дұрыс
тәрбиелеуде отбасына жәрдемдесуге, ата-аналар арасында педагогикалық
насихатты белсене жүргізуге міндетті.
Мектеп пен отбасы бірлесіп күш-жігер жұмсамай отырып, жеткіншек
ұрпақтың жан-жақты дамуына ат салысулары тиіс. Кемелденген ел
жағдайында мектептің отбасы өміріне белсене араласудың үлкен маңызы
бар. Бұл ең алдымен балалардың адамгершілік кемелдігін қамтамасыз ету
үшін керек. Ендеше білім ордасының отбасымен және жұртшылықпен
байланысы, негізінен, сынып жетекшілері арқылы жүзеге асады. Төменгі
сыныптарда мұғалімдер ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен үнемі
байланыста болады. Ата-аналармен кездескенді оларды мектептің
талабымен таныстырып, оқушыларға әсер етудің формалары мен әдістері
жөнінде келісіп алады. Олар көпшілікке педагогикалық білім таратып, ата-
аналарға олардың жаңа адам тәрбиелеу жөніндегі өздерінің ізгі міндеттерін
жақсы орындауына көмектеседі, барлық ата-аналардың өз балаларының
қамқоршы ұстазы болуы үшін тырысады. Егер ата-аналар мұғалімдердің
талаптарын жақсы түсініп, қолдап отырса, балаларының дұрыс
тәрбиеленуіне ықпал етіп, сондай-ақ мектепке зор көмек көрсетеді. Бірақ
кейбір ата-аналар өз отбасыларының аясынан шыға алмай, қоғамдық
тәрбие талаптарына өзінің жеке бір ерекше бағытын, балалармен қарым-
қатынастығы дара әдісін қарама-қарсы қояды. Кейбірі балаларын еркелетіп,
шолжыңдандырып жібереді, барлық тілектерін орындауға тырысады,
еңбектен қол үздіреді [5].
Яғни балаларға сезімталдықпен қарау, олардың бастамаларын және
дербестігін тұншықтырмау керек екенін ата-аналарға ескертіп отырған жөн.
Кейде отбасы мен мектептің арасында келіспеушіліктер болып қалады. Бұл
балалардың
сана-сезімі
мен
мінез-құлқын
қалыптастыру
үрдісін
қиындатады. Ал мектеп пен отбасының тығыз ынтымақтастығы талап пен
тәрбиелік ықпалдың бірлігін қамтамасыз етеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Г.Ж. Рахымбекова Отбасымен тәрбиелік жұмыс. Алматы 2009
2. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев.Педагогика. - Алматы, 2000.
3. Щуркова Н.Е. Воспитание: новый взгляд с позиции культуры. М.1998. 77с.
4. «Бастауыш мектеп» республикалық ғылыми әдістемелік және
педагогикалық журнал № 09, № 10, 2005жыл.
5. Берікханова А.Е. Ынтымақтастық технологиясының тиімділігі. // Оқыту –
тәрбиелеу технологиясы, - 2007. - № 5. 22-25 б.
Достарыңызбен бөлісу: |