Жалпы орта білім беру деңгейінің «Жаратылыстану»



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет1/35
Дата25.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#24564
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жалпы орта білім беру деңгейінің 
«Жаратылыстану» білім саласы пəндерінің 
 
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ 
(қоғамдық-гуманитарлық  жəне жаратылыстану-математикалық 
бағыттағы 10-11 сыныптар) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана 2013


 
Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрінің 2013 жылғы 
3 сəуірде №115 бұйрығымен бекітілген. 
 
Қазақстан  Республикасының  Əділет  министрлігінде    2013 жылы 10 
сəуірде № 8424 тіркелген. 
 
 
 
 
Жалпы  білім  беретін  мектептің  қоғамдық-гуманитарлық  жəне 
жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  10-11  сыныптарға  арналған 
«Жаратылыстану»  білім  саласы  пəндерінің  оқу  бағдарламалары.    –  Астана, 
2013. –  109 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ы.Алтынсарин атындағы  
Ұлттық білім академиясы, 2013 
 
 


«Биология» пəнінен оқу бағдарламасы 
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт) 
 
 
1. Түсінік хат 
 
1.  Оқу  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2012 жылы           
23  тамызда  №1080  қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 
негізгі  орта,  жалпы  орта)  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  стандартына 
сəйкес əзірленген. 
2. Бағдарлама қоғамдық-гуманитарлық бағытына құрастырылып алдыңғы 
9-сынып  бағдарламасының  күрделендірілген  логикалық  жалғасы  болып 
табылады.  Оқушылардың  алдыңғы  сыныптарда  алған  биологиялық  білімдерін 
жинақтап,  қорыта  отырып,  бұл  бағдарлама  биологиялық  заңдылықтарды, 
заманауи  теорияларды,  концепциялар  мен  ілімдерді  терең  мағынада  түсініп 
қабылдауын  қамтамасыз  етеді.  Бағдарламада  оқушылардың  жаратылыстану-
ғылыми  көзқарасы  мен  экологиялық  мəдениетін  қалыптастыруға  айтарлықтай 
көңіл бөлінген. 
3. Оқытудың мақсаты:  
1)  тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізге 
алынатын түсініктерді қалыптастыру; 
2)  тірі жəне өлі материяның жалпы белгілерін оқушыларға ұғындыру; 
3)  жасушалық 
теорияның 
негізгі 
қағидалары 
туралы 
білім 
қалыптастыру; 
4)  өсімдік  жəне  жануар  жасушаларының  құрылысы  туралы  түсінік 
қалыптастыру; 
5)  жасушадағы  органикалық  жəне  бейоргникалық  заттардың  рөлі 
туралы білім қалыптастыру; 
6)  организмнің жеке даму заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру; 
7)  органикалық  дүние  дамуының  негізгі  ретінде  генетикалық 
заңдылықтар туралы түсінік қалыптастыру(эволюция); 
8)  адамның  тұқымқуалаушылығына  қоршаған  ортаның  қолайсыз 
факторларының зиянды əсері туралы түсінік қалыптастыру. 
4. Оқытудың міндеттері: 
1)  түр жəне оның критерий туралы түсініктің мəнін ашып көрсету; 
2)  эволюциялық ілімнің негіздері туралы білім қалыптастыру; 
3)  экология  пəні  жəне  экологиялық  факторлар,  экологияның  міндеттері, 
экожүйелер, биоценоз, биосфера түсініктерінің мəнін ашып көрсету; 
4)  экологиялық жүйелерге адамның іс-əрекетінің əсерін ашып көрсету; 
5)  табиғатты  қорғау  жайында  қазақ  халқының  салт-дəстүрлерінің  мəнін 
ашып көрсету; 
6)  Қазақстанда табиғатты қорғау; 
7)  цитология міндеттерін игеру; 
8)  жасушаклық теорияның негізгі қағидаларын меңгеру, 
9)  энергияның алмасу кезеңдерін жəне оның жасушадағы рөлін сипаттау; 
 
 


10)  органикалық  дүниедегі  көбею  əдістерін  жəне  жасушалардың  бөліну 
типтерін игеру; 
11)  қоршаған ортамен байланысты организмдердің дамуын сипаттау; 
12)  тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашып көрсету; 
13)  өзгергіштіктің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету; 
14)  селекция жəне биотехнология негіздерін сипатта. 
5.  Биологияны  оқып  білу  барысында  мына  төмендегі  оқу  пəндерімен 
пəнаралық байланыстар жүзеге асырылады: 
1)  «Қазақ тілімен» сөздік қорларын биологиялық терминдерді байыту; 
2)  «Алгебра 
жəне 
анализ 
бастамаларымен» 
биологиялық 
эксперименттердің, 
тəжірибелердің, 
бақылаулар 
мен 
зертханалық 
жұмыстардың нəтижелерін қорытындылауда практикалық есептеу дағдыларын 
қолдану;  
3)  «Химиямен»  Д.И.  Менделеевтің  периодтық  кестесін  қолдану;  тірі 
ағзаға кіретін негізгі химиялық қосылыстарды қолдану; жасушаның химиялық 
құрылымы туралы білімдерін қолдану;   
4)  «Физикамен»  биологиялық  жүйелердің  өзгерістерінің  динамикасын; 
тірі организмге атмосфералық қысымның ықпалы туралы білімдерін қолдану;   
5)  «Географиямен»  географиялық  аймақтылықты  ескере  отырып    Жер 
бетінде  өсімдіктердің  жəне  жануарлардың  таралу  ерекшеліктерін  оқыту 
барысында географиялық білімге сүйену;  
6)  «Информатикамен»  жалпы  биологияның  тақырыптары  бойынша 
электронды  презентацияларды  құрастыру;  жұмыс  барысында  электронды 
ресурстарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.   
6. Биология пəні бойынша оқытылытын жүктеме көлемі: 
1) 10 сынып – аптасына 1 сағат барлығы 34 сағат; 
2) 11 сынып – аптасына 1 сағат барлығы 34 сағат. 
 
 
2. Оқу пəнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны 
  
7. 10 –сыныпқа арналған биология пəнінің базалық білім мазмұны келесі 
бөлімдер мен тараулардан тұрады.  
8. «Кіріспе» (1 сағат).  Биология  ғылымы.  Ғылымдар  жүйесіндегі 
биологияның  орны.  Əлемнің  ғылыми  бейнесін  түсініп  білуде  биологияның 
маңызы.  Биологияның  басқа  ғылымдармен  (химия,  физика,  математика, 
география,  астраномия  жəне  басқалары)байланысты.  Жаратылыстануғылыми 
пəндер  жүйесіндегі  “Жалпы  биология”  курсының  алатын  орны,  мақсаты  мен 
міндеттері. Көрсетілімдер: биолог-ғалымдардың суреттері, “Биологияның басқа 
ғалымдармен байланысы” — сызбанұсқа. 
9. «Цитология» (7 сағат): 
1)  «Заманауи  цитология  пəні,  міндеттері  жəне  зерттеу  əдістері» (2 
сағат).  Жасушаның  ашылуы  жəне  зерттеу  тарихы.  Жасуша  тірі  тіршілік  иесі 
дамуының, құрылымы мен қызметінің бірлігі. Прокариотар. Эукариотар; 
 
 


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау