Патологическое пристрастие к азартным играм (игромания), интернет-зависимость


Аддиктологиялық кеңес беру технологиясы



жүктеу 0,65 Mb.
бет23/31
Дата25.08.2020
өлшемі0,65 Mb.
#31263
түріНұсқаулар
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Аддиктологиялық кеңес беру технологиясы
Аддиктологиялық кеңес беру – бұл екінші түрдегі интернет-тәуелділігінің қалыптасу тәуекелін төмендетуге бағытталған психологиялық көмектің ерекше түрі (баланың немесе жасөспірімнің шынайы белсенділігінің виртуалды белсенділікке ауысуы, осы коммуникация түріне тәуелділігі индивидтің дамуын мүлдем бұзады. Бұл тәуелділік түрін қалыптасудағы бірінші түрдегі компьютерлік ойын құмарлық - интернет-тәуелділігінің типтік белгілерінен айыру керек).

Аддиктологиялық кеңес беру негізгі нысаналар мен компьютерлік тәуелділіктің бастапқы көріністерінің ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық әсер етудің саралау технологиясы болып табылады (мысалы, FAST технологиясымен салыстырғанда).

Мұнда компьютерлік технологияларға шамадан тыс елігу белгілері бар балалар (үлкен мектеп жасындағы), жасөспірімдер және олардың ата-аналары негізігі мақсатты топ болып табылады.

Аддиктологиялық кеңесті психолог маманы, дәрігер-аддиктолог (нарколог), тақырыптық жетілдіруден немесе аддиктологиялық кеңес беру саласы бойынша арнайы курстан өткен әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар бере алады.

Аддиктологиялық кеңес берудің негізгі міндеттері аталған технологияны іске асыру кезеңдерімен сәйкес келеді:

- бірінші (диагностикалық) кезеңде отбасылық жүйенің сипаттамаларын анықтау керек – функционалды, дисфункционалды отбасы – дисфункционалды құрауыштардың ерекшелігін анықтау қажет (ережелер, рөлдер, иерархия және т.б.); баланы бақылау түрін және уақыт, жұмыс түрлерін, үй тапсырмасының орындалуын, мектептегі оқуын және белсенділіктің басқа да түрлерін құрылымдауға қатысты ата-аналардың рөлдік функцияларын, тиісінше, отбасындағы бостандық пен өзін-өзі ұйымдастыру дәрежесін анықтау қажет. Бұл мәліметтерді ата-аналар мен балалардан бөлек (ол үшін кейбір кезде бірнеше рет кездесу керек) және ата-аналармен де, балалармен де, жақсы терапевтикалық байланыс орнатылғаннан кейін жинаған дұрыс. Осындай жағдайда диагностикалық мәліметтер неғұрлым толық және айқын болады;

- екінші (түзету) кезеңде, біріншіден, алаңдатып отырған баланың (жасөспірімнің), сондай-ақ ата-аналарының тәуелді әрекеттің сипаты мен осы проблеманы мойындау дәрежесі туралы ұғымдар сипаты анықталады. Кейін репрезентацияның (жасөспірімнің, оның ата-анасының нақты айтқан сөздерінен дәйексөз алған жөн) анықталған ерекшеліктерін ескере отырып, оңтайлы терапевтикалық мәнмәтіндерді «байыту», түзету және қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі: жасөспірімге тәуелділік (әсіресе интернет-тәуелділігі) не екендігі; сондай әрекеттің қандай зияны бар немесе адамның болашағына қандай әсер тигізетіні; тәуелділіктің күшеюінен қалай құтылуға болатыны, сондай-ақ өзінің сипаттамаларын нығайтып, өмірдегі сәттілік мүмкіндіктерін қалай арттыруға болатыны туралы айтылады. Қажетті ақпарат түсінуге оңай түрде, мүмкін, көрнекілікті қолдану арқылы, «осы мәселе бойынша өзің не ойлайсың?», «бұл жөнінде не айта аласың?», «бұл проблеманы қалай шешер едің?» деген сұрақтарға сұхбаттас әрекетінің маңыздылығын көрсете отырып, диалог шеңберінде және т.б. беріледі.

Ата-аналарға ақпарат басқаша беріледі. Мұнда тәуелділіктің (мысалы: немкетті, мүддесіз араласу; салғырттық немесе гиперқамқоршылық; балаға тән емес бөтен ұстанымдарға мәжбүр ету; сақтауға мүмкін емес әрекет ережелерін бекіту; бейімделуде қиындық туғызатын екі жақты белгілер; ұйымдастыру, өзін-өзі ұйымдастыру қағидаларын елемеу және т.б.) қалыптасуына мүмкіндік беретін және баланы сондай тәуекелден алыстататын жағдайларда отбасындағы қатынастардың, әсіресе ата-аналар мен балалар қатынастарының рөлін жеткізу керек. Содан соң бұл қатынастардың, мысалы, «Отбасы мен мектеп бірге (FAST)» бағдарламасына қатысу арқылы қалай қолданылатынын көрсету керек. Мұнда даярланған мамандармен белсенді ынтымақтастық құру және бар проблемаларды, оның ішінде балалардың компьютерлік тәуелділігінің белгілеріне қатысты проблемаларды жоғары дәрежеде жеңіп шығуға мүмкіндік беретін отбасылық қатынастардың сол үлгісіне бірте-бірте жету мәселелері орын алады.

Осы кезеңді ата-аналар мен олардың балалары тиісті аддиктологиялық кеңес беру алдында да, кейін де, компьютерлік тәуелділіктің қалыптасуына байланысты проблемалар туралы білгендігі арасындағы айырмашылық жөнінде айтып аяқтау тиімді болады;

- үшінші (ұйымдастырушылық) кезеңде, бірінші ата-аналармен, кейін кеңесшінің ата-аналармен және балалармен жалпы кездесуінде жасөспірімнің уақытын, оның ішінде компютерлік уақытын бақылау бойынша ұйымдастыру-өзін-өзі ұйымдастырудың отбасылық шарттары талқыланады. Бұл ретте айтылған шарттар қорытындысында ата-аналар тарапынан да, жасөспірім тарапынан да, жарамды және орындауға тұрарлық болу керек. Бұл шарттарға жасөспірімнің осы келісім-шартты орындауға нақты уәждерінің, сондай-ақ ынта-ықылас дәрежелері бойынша компьютерлік мүдделерінен кем болмайтын өтеу белсенділігі (бұрын интернет-коммуникацияларға жұмсалған уақыт есебінен) әдістері кіру керек. Аталған келісім-шартты талқылау барысында бала (жасөспірім) эмоционалды импульс алу керек. Отбасылық қатынастар біршама түзеліп, оған деген мүддеушілік дәрежесі едәуір артқаны сезіліп, жаңа қызықты өмір басталатыны жөнінде белгі берілу керек. Бұл келісім-шарт ауызша айтылуы немесе қағаз түрінде қол қойылуы мүмкін (қатысатын тараптардың ниеті бойынша). Бірақ қалай да болса оның қорытынды белгісі тереңдікті, түйінділік пен маңыздылықты білдіру қажет.

Кеңесшінің қатысушыларға арналған қорытынды сөзінде осы терапевтикалық кезеңдер күшейтілуі мүмкін.


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау