Патологическое пристрастие к азартным играм (игромания), интернет-зависимость


МАЗМҰНЫ 1 Анықтамасы және негізгі сипаттамалары



жүктеу 0,65 Mb.
бет2/31
Дата25.08.2020
өлшемі0,65 Mb.
#31263
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
МАЗМҰНЫ
1 Анықтамасы және негізгі сипаттамалары ……………………. 4

2 Таралуы ………………………………………………………… 5

3 Зиянды салдары …………………………………………………….. 5

4 Әлеуметтік залал ……………………………………………………. 6

5 Тарту механизмдері………………………………………………….. 6

6 Әлеуметтік қарсы тұру……………………………………………. 7

7 Тиімділікті жалпы бағалау…………………………………………… 7

8 Инновациялық тәсілдер………………………………………………. 8

9 Тиімді алдын алу технологиялары ………………………………… 12

10 Емдеу және оңалту технологиялары………………………………… 34



Әдебиеттер тізімі………………………………………………………………. 37

Қосымшалар

1-қосымша. ЖАЛҒАН БӘСТЕСУ МЕЖЕСІ………………………………39

2-қосымша. ҚҰМАР ОЙЫНДАРЫНА САЛЫНУ

МАССАЧУСЕТ САУАЛНАМАСЫ

(MASSACHUSETTS GAMBLING SCREEN) (МАGS)……………………39

3-қосымша. КАНАДАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР

САУАЛНАМАСЫ (CAGI)…………………………………………………… 41

4-қосымша. ЖЕТІ ПУНКТІЛІ САУАЛНАМА ………………………….. 45

5-қосымша. ОЙЫНШЫНЫҢ ОТБАСЫ МЕН

ДОСТАРЫНА САУАЛДАР…………………………………………………. 47

6-қосымша. ОЙЫНҒА ТӘУЕЛДІ АДАММЕН

БІРГЕ ӨМІР СҮРЕСІЗ БЕ?……………………………………………............. 48

7-қосымша. ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ арналған САУАЛДАР………………….49

1 Анықтамасы және негізгі сипаттамалары

Интернет-тәуелділігі мәселесі (синонимі – компьютерлік тәуелділік, интернет-аддикция, виртуалдық тәуелділік) күрделі, көп аспектілі және технологиялық тәуелділіктер сияқты әлі толық зерттелмеген.

Сонымен қатар жаңа коммуникативтік технологиялар даму мен өзін-өзі дамытудың мол әлеуетіне, сондай-ақ жаңа түрдегі тәуелділіктердің қалыптасуына әрі белгілі әлеуметтік эпидемиялардың тез таралуына қатысты қуатты деструктивті әлеуетке ие болатындықтан, концептуалдық және методологиялық сілкіністер ерекше қажет болып отыр (С.П. Елшанский, 2005; П.П. Райхман, 2007).

Қазіргі уақытта дербес компьютер отбасы тұрмысына сіңіп кеткен оқу әрі жұмыс үшін қажетті электрондық құралға айналғанына орай, интернет-тәуелділікті анықтау оның патологиялық емес және патологиялық түрлерін айқын ажыратуды қажет етеді. Тіпті тәуелділік ауытқуларын қалыптастырған кезде ересек адам, сондай-ақ жасөспірім немесе бала осы қоршаған ақпараттық өрістен тыс қалдырылуы мүмкін емес.

Осыған орай, аддикция (тәуелділік) шынайы қажеттіліктерді аддиктивті агентке, яғни біздің жағдайымызда – иллюзиялық-виртуалдық ағында дау-дамайларды шешуге, проблемалардан қашуға, қарым-қатынас жеткіліксіздігін өтеуге мүмкіндік беретін виртуалдық кеңістікке деген аса бағалы жаңа қажеттіліктермен алмастырған уақытта пайда бола бастайтындығын ескерген жөн (Л.О. Пережогин, Н.В. Вострокнутов, 2009).

Бұдан басқа интернет-аддикциялар жалпы термині арқылы біріктірілетін екі топтың бар екенін ескерген жөн. Бірінші топ көп профильді аддикциялар (интернет-ойыншылары, сатып алушылар, сексоголиктер), бұл жағдайда компьютер және интернет негізгі аддиктивті агентке – құмар ойынына, шоппингке, порнографияға және т.б. қол жеткізудің құралы ретінде пайдаланылады.

Екінші топтағы аддиктілерге кибер-қатынастар, ақпараттың артық жүктелімі, кибер-зерттемелері, хаккерлік, зиян тигізетін бағдарламаларды жасауға деген құлшыныс сипатты болып табылады. Екінші топтағы аддиктілер компьютер мен желі мүмкіндіктерін шынайы проблемалардан қашқақтау және гиперкомпенсация мақсатында (мысалы, дене бітіміндегі ауытқулар, қоршаған адамдардың дұрыс қабылдамауы, өзін-өзі төмен бағалауы және т.б.) немесе тағы басқа күрделі мәселелерде пайдаланылады. (Young K.S., 1998; Griffits M., 1998).

Интернет-тәуелділіктің негізгі белгілері:


  • кәсіби, ғылыми немесе тағы басқа әлеуметтік қызметпен байланысты емес желідегі шамадан тыс, уәжсіз жұмыс уақыты;

  • қызығушылықтардың компьютерлік технологиялар саласына шоғырлануы және барлық қызығушылықтар шеңберінің шұғыл тарылуы;

  • виртуалдық кеңістікте болған жағдайдағы эмоционалдылықтың таңдаулы өзгерісі және шынайы жағдайға ауысқан кездегі эмоционалдылықтың жоғалуы;

  • интернет мүмкіндігін қарым-қатынас жасаудың басымды құралы ретінде пайдалану;

  • шынайы мінез-құлық сипаттамаларына мүлдем жанаспайтын виртуалдық бейнелерді құру және пайдалану;

  • зиян келтіретін бағдарламаларды жасауға әуестену (ешбір мақсатсыз);

  • желідегі жұмыссыз ісі тынбайтынын субъективті қабылдау.

Көптеген зерттеулердің деректері бойынша интернет-тәуелділігі белгілерінің қалыптасу жылдамдығы: ең жоғарғы – аддиктілердің 25%-ы интернетті пайдалана бастаған сәттен бастап жарты жыл ішінде тәуелділікке ие болады, 58%-ы – екінші жарты жылдықтың ішінде, 17%-ы – бір жылдан кейінгі уақытта (Young K.S., 1998).

Интернет-тәуелділіктің ең жиі кездесетін психопатологиялық белгілері:



  • қалыптасқан интернет-тәуелділіктің аталған белгілерін қайталайтын, сонымен қатар бас қатыратын ойлар мен виртуалдық объектілер, компьютерлік қимылдар, компьютерлік уақытты шектеген кезде үрейлі-депрессиялық реакциялардың пайда болуы, виртуалдық белсенділікке деген қызығушылықты басу жағдайларында шаршау мен ұйқышылдықтың күшейгенін сезіну сияқты қосымша белгілерге ие бола алатын тәуелділіктің базалық синдромы;

  • өзгерген сана-сезім синдромы (компьютерлік қызметке толық енген кезде);

  • депрессиялық синдром;

  • астениялық синдром (А.В. Урсу, А.В. Худяков, 2009).

2 Таралуы

Интернет-тәуелділіктің тұрғындардың арасында 1%-дан 5%-ға дейін таралуы туралы K.S. Young (1998), M. Griffits (2000) хабарлайды. Тәуелділіктің осы түріне компьютерлік желі жөніндегі мамандармен салыстырғанда көбінесе гумантиралық саладағы адамдар және жоғары білімі жоқ адамдар шалдығады.

Ең осалдау контингент – бұл жоғары сынып оқушылары, олардың арасында интернет-аддикция бар болу мүмкіндігін көрсететін белгілердің таралуы кейбір аймақтарда 38%-ға дейін құрайды (Kim K., Ryn E., Chon M.Y. et al., 2005).


3 Зиянды салдары

Интернет-тәуелділігі қалыптасуының теріс салдарынан мыналар анықталды:



Дене бітіміндегі белгілер:

  • карпаль каналы синдромы (бұлшықетке ұзақ артық күш түсірумен байланысты қолдың нерв діңгегі жолының зақымдануы);

  • көз құрғақтылығы;

  • бас сақинасындай ауырсыну;

  • арқадағы ауырсыну;

  • уақытында тамақтанбау, тамақ ішу мерзімін босату;

  • жеке гигиенаны елемеу;

  • ұйқының бұзылуы, ұйықтау тәртібінің өзгеруі (Orzack M., 1998).

Әлеуметтік-психологиялық ауытқулар:

  • тәуелдінің мінез-құлқындағы өзгерістерге байланысты туыстар мен жақындардың күйзелуі;

  • ата-аналарында күйзелістің пайда болуы және осы себепке байланысты отбасы ішіндегі тұрақты түрде дау-дамайлардың орын алуы;

  • академиялық үлгермеушілік және мұғалімдермен сөзге келіп қалу;

  • дау-дамай жағдайларда оқу орнын жиі ауыстыру;

  • сыныптастардың дұрыс қабылдамауы және олармен сөзге келіп қалу;

  • экстернаттық оқыту;

  • құрдастардың теріс айналуы;

  • компьютерлік субмәдениеттің қысымы;

  • құндылықтарын, тілін, ерекше белгілерін қабылдау арқылы виртуалдық топқа еліктірілуі.

Жасөспірімдерде психикалық жас ерекшелік дамуындағы ауытқулар:

  • жеке тұлғалық инфантилизм орын алған дамудағы тежелудің байқалуы;

  • сәйкестендірілудің бұзылуы (рөлдік, жыныстық, өзін-өзі сәйкестендіру);

  • өзі және өмірдегі өз орны туралы түсініктің шындықпен жанаспауы және нақты болмауы;

  • өзін-өзі дұрыс бағаламау (көбінесе төмен бағалау);

  • ынтықтық сезімінің бұзылуы;

  • қамқорлық жетіспеушілігінің синдромы және аса белсенділік (оның ойы бойынша, қамқорлықтың жетіспеушілігіне байланысты);

  • мінез-құлығындағы оппозициялық-қиқарлану бұзылыстары (Л.О. Пережогин, Н.В. Вострокнутов, 2009).

Интернт-тәуелділігі басқа химиялық және химиялық емес тәуелділіктер сияқты бірі екіншісіне әртүрлі үйлесімділікте ауыса беретінін ерекше атап өткен жөн.

Интернет-коммуникацияларын қарқынды пайдалану осындай үйлесімділіктің болуын жоғарылатады (А.Ю. Егоров, 2007).


4 Әлеуметтік залал

Киберэкстримизм және кибер лаңкестігінің таралу саласындағы қазіргі жағдай интернет-тәуелділігі саласындағы басқа басымдықтарды ерекшелеуді қажет етеді. Мұндағы тәуелді тұлғалар біріншіден, қоғамдық резонансқа қол жеткізу, екіншіден – желінің тұрақты пайдаланушылары арасында өздерінің ізбасарларын тарту мақсатындағы киберэкстремистер мен киберлаңкестердің шабуылдары үшін осал топ болып табылады. Бұл көп күш жұмсауды қажет етпейді, себебі айтып өткеніміздей, интернет-тәуелді тұлғалар әмбебап аддиктивті әлеуетке ие болады және аддикцияларды «жинақтауға» бейім болады.

Сонымен қатар әлеуметтік желілердің осындай пайдаланушылары желі ішіндегі көптеген серіктестер арасында тиісті хабарламалар мен түсіндірмелерді тарататын айлалы экстремистік және сектанттық технологияларды қолдаудың резонанстық тобы ретінде болуы мүмкін.

Осы мәселенің тағы бір маңызды аспектісі – интернет-тәуелді тұлғалар тобынан заңсыз әрекет ететін экстремистік ұйымдар мен олардың лаңкес жасақтарына қызмет ететін болашақ киберэкстремистер, хаккерлер және компьютер желілерінің бұзушылары бәрінен оңай тартылады.


5 Тарту механизмдері

Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, интернет-тәуелділікке тартылудың жетекші механизмі интернет-тәуелділердің тұлғалық ерекшеліктерінің, осындай тұлғаларға тән іске аспай қалған қажеттіліктердің және виртуалдық кеңістік туғызып отырған өзін-өзі іске асырудың шектелмеген мүмкіндіктерінің сәйкес қатынасы болып табылады.

Осылайша, интернет-аддиктілерді бақылаған кезде осы тұлғалар тобындағы басымды қажеттілік - жақын, сенімді қарым-қатынас іздеу қажеттілігі екені анықталды. Бірақ олар шынайы өмірде қоршаған адамдармен осындай қарым-қатынасты орнату үшін жеткілікті әлеуметтік батылдыққа ие болған жоқ. Интернет-аддиктілер – бұлар көбінесе бейімделу қабілеті төмен, ұялшақ адамдар, олардың өзін-өзі бағалауы жас ерекшелігі бойынша тұрғындардың орта статистикалық топтарындағы бағалаудан біршама төмен.

Интернет-кеңістігі осындай тұлғалар үшін – іске аспай қалған, «тұйықталған» қажеттіліктерді қанағаттандыру, қолдау, мақұлдау, қарым-қатынас жасаудың тамаша орны болып табылады. Соның салдарынан интернет-аддиктілерде келесі түсініктер жиі пайда болады: «интернет- мені сыйлайтын бірден-бір орын болып табылады», «интернеттен тыс жерде мені ешкім жақсы көрмейді», «интернет- менің жалғыз досым» және т.б.

Осылайша, виртуалдық шынайылық интернет-аддиктілер үшін бейімделу мен өтеу қызметін атқарады, бұл өз кезегінде аддиктінің күнделікті өмір белсенділігі шеңберінен виртуалдық өмірге ауысу үрдісіне жағдай жасайды (А.Ю. Егоров, 2007).
6 Әлеуметтік қарсы тұру

Интернет-тәуелділіктің таралуына ұйымдасқан түрде қарсы тұру мәселелері жеткілікті түрде әзірленбеген. Бұл жағдай қарастырылып отырған психологиялық тәуелділік түрінің салыстырмалы түрде қысқа «проблемалық өтіліне» байланысты.

Интернет-тәуелділігінің белгілері бар балалардың (жас өспірімдер, жастар) отбасыларына кәсіби көмек көрсетіп жүрген негізгі институттар психологиялық және отбасы кеңесі орталықтары болып табылады.

Осы орталықтарда берілетін ұсыныстар ата-аналар тарапынан балалар мен жасөспірімдердің компьютерлік уақытын қатаң бақылау қажеттілігіне байланысты. Бұдан басқа ата-аналарды қатаң шектеулерді енгізуге байланысты жауап ретіндегі белсенді қиқарлану және теріс реакциялардың алдын алу дағдыларына, сәйкес «отбасы шартын» құру тәжірибесіне үйретеді.

Соңғы жылдары бір қатар тізбекті терапиялық кезеңдерден өткізуді көздейтін интернет-тәуелділігі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы түзету бағдарламалары әзірленуде. Осындай бағдарламалардан өтуге балалар және сонымен қатар оның ата-аналары қатыстырылады. Мұнда оңалту үрдісінің тиімділігін біршама жоғарылататын отбасылық терапия ерекше орын алуда (Л.О. Пережогин, Н.В. Вострокнутов).
7 Тиімділікті жалпы бағалау

Қазақстан Республикасы мен бұрынғы кеңестік республикаларда құмар ойындарына, интернет-тәуелділікке патологиялық құштарлықтың таралуына қарсы тұру тиімділігін бағалау.



қолданыстағы:

  • қызметі заңды негізде мүмкін болатын арнайы белгіленген аймақтарды есепке алмағанда, ірі қалалар мен елді мекендерде құмар ойындарын жүзеге асыратын кез келген ұйымдардың қызметіне тыйым салу туралы мемлекеттік шешім;

  • құмар ойындарын заңсыз ұйымдастырғаны үшін қылмыстық қудалауды көздейтін заңнамалар;

  • жоғарыда аталған шешімдер мен заңнамалық ережелердің орындалуына жауап беретін мемлекеттік билік орындарында арнайы ведомстволар мен құрылымдық бөлімшелер;

  • ойын тәуелділігіне тартудың жағымсыз салдары туралы ақпаратқа еркін қол жеткізу;

  • кәсіби кеңестік, психотерапиялық және кешенді көмек алу мақсатында мемлекеттік және жеке меншік емдеу ұйымдарына еркін жолығу;

тапшылық:

  • үрдісінің әр түрлі деңгейлеріндегі ойынға құмарлық және интернет-тәуелділік белгілері қалыптасқан тұлғаларға алғашқы және арнайы көмектің ғылыми негізделген және дәлелденген тиімді технологиялары;

  • мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінде әрекет ететін ойын және интернет-тәуелділігі бейіні бойынша мамандандырылған сәйкес мамандар, кабинеттер және құрылымдық бөлімшелер;

қалыптаспағаны:

  • тұрғындардың осал топтары арасында ойын және интернет-тәуелділіктеріне тарту тәуекелі мен фактілерінің технологиялары және қолданыстағы мониторинг жүйесі;

  • ойын құмарлыққа және интернет-тәуелділігіне тартудың алғашқы тиімді алдын-алу технологиялары мен қолданыстағы жүйесі;

  • осы әлеуметтік дерттің таралуына мультисекторлық қарсы тұруға әзірленген, ғылыми негізделген тұжырымдама мен стратегия;

  • жалпы алғандағы және жеке әрбір бағыт бойынша қарсы тұру күштері тиімділігінің әзірленген мониторинг жүйесі.

Осылайша, құмар ойындары мен интернет-тәуелділігіне патологиялық құштарлық әлеуметтік дертті бақылаудың бірінші деңгейі туралы ғана сөз болып отыр, мұндағы оның таралуы туралы нақты деректер жоқ, ал қарсы тұру күштерінің түрлері, ауқымы және тиімділігі әлі де жеткіліксіз.
8 Инновациялық тәсілдер

2001-2011 жылдар аралығында НМӘМ РҒПО ғылыми ұжымымен әлеуметтік дерттердің таралуына тиімді қарсы тұру стратегиялары мен технологиялары әзірленді, оның ішінде – құмар ойындары мен интернет-тәуелділігіне патологиялық құштарлану дерті. Осы тәсілдің ерекшелігі әзірленген және тексерілген технологиялық жаңалықтарды енгізуге дайын және штатта психологтері, психотерапевтері, әлеуметтік қызметкерлері сияқты қажетті мамандар тобы бар ҚР-дың әлеуметтік-гуманитарлық секторын (орта және жоғары білім жүйесі, денсаулық сақтау жүйесі) барынша тарту болып табылады. Сонымен қатар ұсынылып отырған диагностикалық, алдын алу және емдеу-оңалту технологиялары (ерекше және басқа елдерден алынған) дұрыс зерттеулер мен эксперименттерде өздерінің орнықты екенін дәлелдеді.

Осы стратегияның негізгі идеологиялық өзегі келесі сипаттамаларға ие психологиялық саулық тұжырымдамасы болып табылады:

- осы тұжырымдаманың жеке және әлеуметтік психологиялық саулық базистік санаттары ең деструктивті әлеуметтік дерттерге шалдығу қауіп-қатерімен антагонистикалық байланысы қағидаты бойынша тізіледі, оның ішінде құмар ойындарына, интернет-тәуелділігіне құштарлану да бар;

- шекті-прагматикалық бағдар құмар ойындарына, интернет-тәуелділігіне патологиялық құштарлығын қамтитын тұрғындардың деструктивті үрдістерге тартылуының елеулі қауіп-қатер ықпалы бар тәуелді айнымалылар (яғни қысқа мерзімді және орташа мерзімді уақытта әсер етуге болатын психологиялық сипаттамалар) осы тұжырымдаманың ерекше назарында болу жағдайымен қамтамасыз етіледі;

- осы психологиялық сипаттамалар – жеке тұлға жүйкесінің жоғары деңгейде дамыған белгілі бір қасиеттері агрессивті орта жағдайларында әлеуметтік дерттерге тартылуға тиімді кедергі жасайды, ал төмен деңгейде дамыса, керісінше осы дерттерге шалдығуға ықпал жасайды. Бұл психологиялық сипаттамалар тексерілген тестілер мен әдістемелер арқылы өлшенетін, дәлелденген химиялық және деструктивті психологиялық тәуелділікке тартылудың дәлелденген қауіп-қатерлері мен фактілеріне қатысты статистикалық дұрыс және айқын көрінетін антагонистикалық сипатқа ие белгілі психологиялық терминдер мен анықтамалар көмегімен нақты сәйкестендірілген.

Осылайша, осы тұжырымдама тұрғысынан психологиялық саулық (осы терминнің қызметтік мәнінде) агрессиялы ортада адамның тұрақтылығы мен дұрыс бейімделуін қамтамасыз ететін өзін-өзі тиімді іске асыру болып табылады.

Ауқымды эпидемиологиялық, эксперименталдық-психологиялық және клиникалық зерттеулерді (А.Л. Катков, 2001; А.Л. Катков, Ю.А. Россинский, 2003; А.Л. Катков, Ю.А. Россинский, 2004; Н.А. Бохан, А.Л. Катков, Ю.А. Россинский, 2005) жүргізу барысында жоғары дамуы агрессивті ортада тұрақтылықты қамтамасыз ететін келесі жеке тұлғалық қасиеттер сәйкестендірілді:



  • жеке тұлғалық сәйкестендірулердің толық аяқталуы;

  • оң (сәйкестендірілген) өмірлік ұстанымның бар болуы;

  • еркін және жауапкершілікпен таңдау дағдыларының қалыптасқандығы;

  • бақылаудың ішкі локусының қалыптасқандығы;

  • оң өмірлік ұстанымды іске асыру үшін қажетті психологиялық ресурстардың бар болуы;

  • негізгі өмірлік ұстанымдарға қатысты агрессивті және деструктивті агенттер туралы дұрыс ақпараттың бар болуы.

Сәйкес алдын алу және емдеу-оңалту бағдарламаларының толассыз өзегі болып табылатын, ортаның агрессивті ықпалында толыққұнды психологиялық тұрақтылықты қалыптастырудың әмбебап алгоритмі анықталды:

  • негізгі өмір ұстанымдарына қатысты аддиктивті мінез-құлықтың зияндылығы туралы ақпараттың дұрыс қабылдануын қамтамасыз ететін жеке тұлғалық қасиеттердің алғашқы кешенін толыққұнды дамыту кезеңі, сондай-ақ айналымның келесі кезеңдерінен сәтті өту;

  • негізгі (сәйкестендірілген) өмірлік ұстанымдардың бәсекелес деструктивті өмір ұстанымдары үлесақыларымен шынайы дау-дамай кезеңі;

  • осы ұстанымдарды іске асыру уәждемесін толық немесе ішінара жою арқылы деструктивті ұстанымдарды бейтараптандыру кезеңі;

  • агрессивті ортамен өзара әрекеттесудің (дұрыс қорғаныс, жауап берудің ассертивті әдістері) конструктивті түрі арқылы оң өмірлік ұстанымды іске асыру кезеңі.

Сонымен қатар, толыққұнды психологиялық тұрақтылықты қалыптастырудың негізгі түрлері белгіленді, оларды тиімді іске асыру шарттары талданды:

  • нормативті-эволюциялық (жеке тұлғаның өмірлік дағдарыстарды Э. Эриксон бойынша конструктивті өту шарттарында іске асырылады);

  • күшейтілген-эволюциялық (сайма-сай алғашқы алдын-алу және сақтандыру технологияларын белсенді пайдалану кезінде жүзеге асырылады);

  • оңалту (сәйкес оңалту бағдарламалары шеңберінде психо-терапиялық, жаттығу және тағы басқа дамыту технологияларын белсенді пайдалану кезінде жүзеге асырылады).

Әлеуметтік-гуманитарлық секторда әлеуметтік дерттерге тиімді қарсы тұру стратегиясының негізгі ұйымдастырушылық өзегі әлеуметтік психотерапияның мета-үлгісі болып табылады (А.Л. Катков, 2002, 2004, 2010). Осы үлгінің шеңберінде 4 кәсіби кластердің өзара тиімді ықпалдасуы көзделіп отыр: 1) алғашқы медициналық-санитарлық көмек кабинеті (АМСК); 2) аддиктологиялық – наркологиялық көмек; 3) психологиялық-психотерапиялық көмек; 4) саногенді қызметтері бар мекемелер (денсаулық, салауатты өмір салты орталықтары) – бұлар әлеуметтік дертке, оның ішінде құмар ойындарына және интернет-тәуелділікке шалдығудың жоғары қауіп-қатеріне және белгілеріне ие тұлғаларға көрсетіліп жатқан кәсіби көмектің толық қамтылуын және жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді. Осы құрылымдағы ең басты құраушысы химиялық және деструктивті психологиялық тәуелділікке тартылудың жоғары қауіп-қатері және белгілері бар тұрғындардың осал жіктеріне аддиктологиялық көмектің 5 кезеңдік үлгісі болып табылады. Мұндағы бейіндік көмектің келесі кезеңдерін ұйымдастыру көзделіп отыр.

    • алғашқы алдын алу аддиктологиялық көмек кезеңі;

    • алғашқы аддиктологиялық көмек кезеңі;

    • амбулаторлық емдеу және оңалту кезеңі;

    • стационарлық емдеу және оңалту кезеңі;

    • аурудың қайтадан өршуіне қарсы және терапияны қолдау кезеңі.

Алғашқы алдын-алудың аддиктологиялық көмектің ең маңызды кезеңі орта және жоғарғы білім беру жүйелерінде жүзеге асатынын ерекше атап өткен жөн. Мұндағы негізгі мамандар аддиктологиялық көмектің осы кезеңін іске асыру үшін жауапты сәйкес аймақтық аддиктологиялық (наркологиялық) орталықтың арнайы қызметкерлер тобымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін дайындалған мектеп психологтері және әлеуметтік педагогтер болып табылады. Негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар мыналар болуы тиіс:

1) оқушылар арасында негізгі әлеуметтік дерттерге тартылудың қауіп-қатерін диагностикалау және түзету жөніндегі арнайы сабақтардың (мектеп бағдарламасындағы сағаттардың) бөлінуін көздейтін сәйкес білім беру стандарттарын әзірлеу және бекіту;

2) арнайы құжат - оқушының әлеуметтік дерттерге (нашақорлық, алкоголизм, токсикомания, деструктивті секталар, экстремистік ұйымдар, ойынға құмарлықтар, интернет-тәуелділіктер және т.б.) тартылу қауіп-қатерін төмендетіп, қауіпсіздігін жоғарылататын шараларға келісім беру туралы оқу орны мен ата-аналар арасындағы шартты әзірлеу, бекіту және қолданысқа енгізу. Осы шартта оқушының психологиялық саулық деңгейін – деструктивті әлеуметік дерттерге тартылуға қарсы тұру төзімділігін анықтау мақсатында психологиялық тестілеуден өткізу мүмкіндігі көзделген жөн. Бұл келесі түзету жұмыстарының тиімділігін біршама жоғарылатады. Сонымен қатар екі маңызды жағдай туралы арнайы келісіп алған жөн: белгілі бір медициналық диагноз қою туралы мәселе сөз болып отырған жоқ – мұндай әрекет жасалмайды; тестілеу нәтижелері туралы кез келген ақпарат құпиялы болып табылады және оқушының ата-анасына олардың өтініштері бойынша маманның – мектеп психологінің сәйкес түсіндірулерімен ұсынылуы мүмкін. Содан соң, осы шарттың негізгі тармағы - оқушы ата-анасының ата-ана мен бала арасындағы отбасылық қарым-қатынастарды үйлестіруге бағытталған «Отбасы және мектеп бірге» (FAST) атты арнайы бағдарламаға қатысу мүмкіндігі туралы алдын-ала келісу.

3) білім беру ұйымдарының психологиялық саулық деңгейін – әлеуметтік дерттерге, оның ішінде құмар ойындарына және интернет-тәуелділікке патологиялық құштарланудың дерттеріне қарсы тұру төзімділігін анықтау жөніндегі компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыздандырылуы;

4) мамандарды – мектеп психологтерін және әлеуметтік педагогтерді арнайы компьютерлік бағдарламаларды, балалар, жасөспірімдер, оқушы жастардың деструктивті әлеуметтік дерттерге тартылу қауіп-қатерін тиімді түзету шараларын пайдалана отырып, психологиялық саулық деңгейін-қарсы тұру төзімділігін диагностикалауға және «Отбасы мен мектеп бірге» (FAST) бағдарламасы шеңберінде оқушылардың отбасыларымен кәсіби жұмыс жасауға оқыту.

Жоғарыда аталған осы тармақтардың біріншісін іске асыру 2011-2013 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бекітілген «Қазақстан Республикасында әлеуметтік дерттердің (нашақорлыққа тәуелділік, экстремизм, лаңкестік, қылмыстық қауымдастықтарға, деструктивті секталарға, ойын құмарлыққа тартылу) таралуын алдын-алу тиімділігі» ғылыми-техникалық бағдарламасында көзделгенін ерекше атап өткен жөн. 3-ші және 4-ші тармақтарды жүзеге асыру ҚР-дың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен көзделіп отыр.

Сонымен алдағы жылдары Қазақстан Республикасында әлеуметтік індеттер таралуының тиімді алғашқы алдын алу шаралары саласында келесі негізгі ұстанымдарды іске асыру қарастырылуда:


  • ойынға құмарлық пен интернет-тәуелділігін қосқанда халықтың негізгі әлеуметтік індеттердің тартылуына тұрақтылық деңгейлері бойынша үнемі мониторинг жүргізу;

  • арнайы диагностикалық құралдарды қолдану арқылы халықтың жас шамасы бойынша түрлі топтарында жоғары тәуекелді факторлардың (тәуелді айнымалы) тиімді және ауқымды диагностикасы;

  • мектеп психологтарының, әлеуметтік педагогтердің институттарын реформалау (аталған мамандарды даярлау бағдарламаларын кеңейту мен кәсіби қызметтерінің жаңартылған стандарттарын бекітуді қосқанда);

  • психологиялық денсаулықтың деңгейін – құрылымсыздық әлеуметтік індеттердің тартылуына тұрақтылықты арттыру мақсатында оқушылармен ауқымды және тиімді кеңестік, тренингтік, психотерапевтік жұмыс жүргізу;

  • үнемі қолданыстағы «Отбасы және мектеп бірге» (FAST) бағдарламасы шеңберінде «отбасы – мектеп» ұғымдарының тұрақты және құрылымдық әрекет етуін қалыптастыру, отбасылық психотерапия мен кеңес беру институтын дамыту;

  • ата-аналар – балалар жүйесіндегі отбасылық қатынастарды түзету, аталған қатынастарды үйлестіру және әрекетсізді отбасыларының балалары мен жасөспірімдерінде химиялық және құрылымсыздық психологиялық тәуелділіктің қалыптасу тәуекелін тиімді түзету бойынша ауқымды мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізу.

Аддиктологиялық көмектің келесі 4 кезеңіне тоқталатын болсақ, (алғашқы аддиктологиялық көмек, амбулаториялық, стационарлық оңалту; рецедивке қарсы қалыпты терапия), оның ойдағыдай ұйымдастырылуы мен іске асырылуы ҚР ДМ «Наркологиялық көмекті ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығының қолданысқа енгізілуімен байланысты. Бұл Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 27 мамырдағы «2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес бағдарламасы туралы» № 784 Қаулысында қарастырылған. Аталған стандарттар шеңберінде қызмет көрсету саласына құрылымсыздық психологиялық тәуелділігі бар адамдарға (құрылымсыздық секталарға, экстремистік ұйымдарға тартылу, ойынқұмарлық, интернет- тәуелділігі), арнайы көмек көрсетуді енгізу арқылы ҚР наркологиялық көмектің қолданыстағы жүйесінің саласын кеңейту, сондай-ақ жоғары тәуекелді және әлеуметтік індеттерге тартылу белгілері бар халыққа 4-секторалді және 5-кезеңді көмек ұйымдастыру қарастырылады.

Сонымен 2015 жылдың соңына Қазақстан Республикасында әлеуметтік-гуманитарлық секторында іске асырылатын, мүмкіндіктері мен тиімділігі бойынша ерекшеленетін, әлеуметтік індеттердің таралуына қарсы жүйенің аяқталуы қарастырылуда.


9 Тиімді алдын алу технологиялары

Интернет-тәуелділігі бар адамдарға арналған алғашқы профилактикалық көмек келесі техникалық топтамалардың кезеңді қолдануын қарастырады:



  • арнайы диагностикалық технологиялар;

  • тренингтік технологиялар;

  • жеке және отбасылық аддиктологиялық кеңес беру тәжірибесі;

  • «FAST«Отбасы және мектеп бірге» технологиясы;

  • интернет-тәуелділігі бастапқы белгілерінің экспресс-психотерапиясы.

Бұл ретте диагностикалық кезенде: 1) психологиялық денсаулықтың -құрылымсыздық әлеуметтік індеттерге тартылуына тұрақтылықтың деңгейлері, оның ішінде интернет-тәуелділігі анықталады; 2) интернет-аддикция белгілері бар негізгі топтар саралап жіктеледі: компьютердің, интернеттің техникалық мүмкіндіктерін негізгі аддиктивті құрамға – құмар ойындарға, шопингке, порнографияға және басқаларға қол жеткізу құралы ретінде қолданатын интернет-геймерлер, сатып алушылар, сексоголиктер (осы топтағы адамдарға алдыңғы тармақта көрсетілген алғашқы алдын алу көмегі кешені көрсетіледі); кибер-қатынастарға, ақпарат бастылығына, кибер-зерттеулерге, хакерлікке, зиянды бағдарламаларды құруға құштарлығы қалыптасқан интернет-аддиктер және басқалар.

Қалыптасудағы интернет-аддиктердің екінші топқа жататындығының маңызды белгісі компьютер мен оның мүмкіндіктерін нақты проблемалардан қашқақтау және гиперкомпенсация мақсатында қолданылатыны болып табылады (көбінесе айналасындағы адамдардың қабылдамауы, өзін-өзі бағалауының төмен болуы, коммуникативті проблемалардың, дене кемістігінің болуы және т.б.); 3) интернет-тәуелділігіне тартылу деңгейі бағаланады: жоғары деңгейлі әлеуметтенуі бар әдеттегі елігу, қалыптасудағы тәуелділік белгілерінің бар болуы; интернет-тәуелділігінің айқын белгілерінің болуы.

Осы тарауда көрсетілген алғашқы профилактикалық көмектің технологиялық топтамасының мақсатты тобына психологиялық денсаулықтың - әлеуметтік індеттерге (оны ішінде интернет-тәуелділігі) тартылуына тұрақтылық деңгейлері төмен балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ екінші тобына тәуелділікке тартылудың бастапқы белгілері бар интернет-аддиктілер жатады. Интернет-тәуелділігінің айқын белгілері бар адамдарға аддиктологиялық көмектің келесі кезеңдерінен өту ұсынылады.

Төменде осы кезеңде қолданылатын аддиктологиялық көмек технологияларының әрбіреуіне қысқаша сипаттама беріледі.



жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау