Экспресс-психотерапия технологиясы
Экспресс-психотерапия – клиенттердің шектелген уақыт кезеңдерінде маңызды, тұрақты және жалғасатын құрылымдық өзгерістердің болуына жету мақсатында кәсіби психотерапияның ерекше әдістері мен құралдарын қолдану (1 - 3 терапевтикалық сессиялар).
Технологиялық жоспардағы экспресс-психотерапия – екі деңгейлі коммуникация, оның барысында сыртқы технологиялық деңгейде полимодалді психотерапияның құрылымдық техникалары, ал терең деңгейде терапевтикалық өзгерістердің әмбебап тетіктері іске асырылады. Тиісінше, клиенттің саналы белсенділігі де (сыртқы құрылымдық-технологиялық деңгейі), терапевтикалық өзгерістер үшін қажет гиперпластиканы қамтамасыз ететін ұғымсыз инстанциялардың синергетикалық белсенділігі де (коммуникациялардың терең деңгейі), өте маңызды. Соңғысы арнайы мета-технологиялар арқылы түсіндіріледі, бұнда психотрапевт-маманның арнайы дайындығы талап етіледі.
Аддиктологиялық көмектің қарастырылып отырған кезеңінде экспресс-психотерапияның (ЭП) басты міндеті тәуекелдерді төмендету және екінші түрдегі интернет-тәуелділігінің қалыптасу белгілері бар адамдардың бастапқы көріністерін жойып кетіру болып табылады. Тиісінше, соңғылар осы техногияларда қамтылатын негізгі топтарға жатады.
2-ші түрдегі интернет-тәуелділігіне тартылудың бастапқы белгілері бар клиенттермен ЭП өткізу әдістемесінің өзінің ерекшеліктері бар. Олар, көбінесе, қамтылатын контингенттің үлкен мектеп жасындағы балалардан және жасөспірімдерден, яғни жетілмеген психикасы бар адамдардан тұратындығына байланысты болып отыр. Осы себептен нысаналардың екі түрімен қарқынды терапевтикалық жұмыс қажет: әмбебап (әлеуетті және психологиялық денсаулық-тұрақтылығының белгілерін өзектендіру) және өзекті (тәуелді әрекеттен бас тартудың тұрақты уәжін қалыптастыру; баламалы өмірлік сценарийлерін әзірлеп, бекіту; соңғыларды іске асыруға байланысты өзекті проблемаларды шешу). Компьютерлік тәуелділігі қалыптасуының бастапқы белгілері клиенттерде, әдеттегідей, сол тәуелділіктің зиян салдары білінбейді (мысалы, психикалық, соматикалық сәтсіздіктер, мектептегі, отбасындағы ауыр проблемалар, әлеуметтік аут белгілері және т.б.). Бұл жағдай, бір жағынан, денсаулыққа үлкен әсерін тигізетін және әлеуметтік жағдайларға әкелетін үстеме компьютерлік жұмысты тоқтату жөніндегі контраргументтердің саралап меңгерілмеуіне байланысты психотерапия үдерісін біршама қиындатады. Екінші жағынан, позитивті жағдайды айтып кетуге болады – клиентті патологиялық бейімделудің үйреншікті әдісіне қайтаратын негізгі тетігі болып табылатын патологиялық тартылуының биологиялық тетіктерінің қалыптаспауы немесе толық қалыптаспауы. Жоғарыда айтылғанның негізінде аталған контингентпен жүргізілетін экспресс-психотерапияның негізгі идеясы мынаған негізделеді: қиын жағдайда саналы таңдау жасауға мүмкіндік беретін, тәуелді әрекеті тәжірибесін жалғастыру жағдайында шарасыз зиынды салдардың мәнзарасын және тұрақтануын білдіретін жеке қасиеттердің одан әрі құрып, өзектендіру; шиеленістің драмалық тұрақтануы, келесі дезактуализация мен клиент психикасының саналы және санасыз мүмкіншіліктерінен құрылымсыз сценарийді алып тастау арқылы жүргізілетін терапевтикалық конфронтациясы: бір жағынан, позитивті сценарий мен оның құндылықтары, екінші жағынан, компьютерлік тәуелділікті дамыту сценарийі арасында. Оған қоса жағдайдың негізгі агенттерімен әрекет ету саласында құрылымдық копингтер мен ресурстық мета-ұстанымдарын қалыптастыру проблемалары шешілу керек.
Бейінді клиенттермен жүргізілетін ЭП негізгі кезеңдері мен технологиялық топтамасы:
Бірінші кезеңде сенімді контакт орнатылып, терапевтикалық қатынастар қалыптасады. ЭП-тың мета-технологияларын қолдану арқылы терапевтикалық коммуникациялардың терең деңгейі өзектендіріледі, клиенттің гиперпластикалық сипаттамалардың толық жиынтығымен «психотерапия кеңістігі» қалыптастырылады.
Екінші кезеңде клиенттің жеке мәртебесінің диссоциациясы жүргізіледі, ұзақ мерзімді нәтижелерге жетуге және проблемалардың маңызды шешілуіне бағытталған «жоғары мен» ұстанымы өзектендіріліп, бекітіледі. Осы мақсатта полимодальді экспресс-психотерапияның құрылымдық техникалары қолданылады (мысалы: клиенттің бірізді өзгеріп отыратын образдары көрсетілген бейнеклиптің рөлдік сценарийін ойнатуға арналған «матрешка»): 1) ата-аналар мені көргісі келеді..., 2) мұғалімдер мені көргісі келеді..., 3) жолдастар мені көргісі келеді..., 4) компьютер мені көргісі келеді... (мұнда клиенттің образын компьютердің қосымшасы түрінде, яғни басқарылатын тәуелді адам ретінде қолдануға болады), 5) ал шындыққа келгенде мен… (мұнда өзіне сенімді, болашаққа ұмтылатын, өмірде не керек екенін, өз мақсаттарына жете алатын қалыптастырған өте маңызды; образ барынша жарқын, бедерлі, есте қалатын болу керек). Аталған техниканы іске асыру барысында клиент біртіндеп режиссёр, суфлёр, дублёр, негізгі актёр рөлдерін атқарады. Сонымен, түрлі ұстанымдар арқылы мәжбүрлеген сценаралық рөлдерден ерекшеленетін және тәуелділіктің қалыптасуына қарсы тұра алатын ресурстық «өзім» образы қалыптасады. Осы техниканы жалғастыру ретінде құзырет, жауапкершік пен бағыну салаларын анықтау арқылы клиенттің жоғары ресурстық МЕН және оның осал тәуелді МЕН арасында диалог ойнауды қолдануға болады. Бірақ осындай түрдегі конфронтация клиенттің бұл бағытта жағдайларды ашуға дайын болған кезде ғана пайдалы болады. Мүдделік белгілері болмаған жағдайда, келесі кезеңге ауысқан жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |