Патологическое пристрастие к азартным играм (игромания), интернет-зависимость


Отбасымен жұмыс істеуге арналған «Отбасы мен мектеп бірге» технологиясы (FAST)



жүктеу 0,65 Mb.
бет22/31
Дата25.08.2020
өлшемі0,65 Mb.
#31263
түріНұсқаулар
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Отбасымен жұмыс істеуге арналған «Отбасы мен мектеп бірге» технологиясы (FAST)
Осы технология ҚР орта білім беру жүйесінде енгізуге ұсынылатын балалар мен жасөспірімдердің құрылымсыз әлеуметті індеттерге тартылуының алғашқы алдын алу стандартының басты әмбебап құралдарының бірі болып табылады.

Бірақ одан басқа FAST технологиясы тиісті нұсқасы болған жағдайда, (осы жағдайда стандартты бағдарлама ата-аналар тарапынан компьютерлік уақытты бақылау мәселелері бойынша тақырыптық отбасылық кеңес берудің көріністерімен толықтырылады) екінші түрдегі интернет-тәуелділігінің тиімді алғашқы алды алудың негізгі құраушысы болып табылады, себебі FAST–ты іске асырудың мақсаттары, міндеттері, қағидалары мен әдістері екінші түрдегі интернет-тәуелділігінің қалыптасуы кезінде ерекше мәні бар басымды нысаналарға сәйкес келеді.

«FAST – отбасы мен мектеп бірге» бағдарламасына оқу орындарында тәрбие жұмысымен айналысатын мектеп психологтерінің, әлеуметтік педагогтердің, басқа да мамандардың осы оқу орнында оқитын балалармен және ата-аналармен кешенді жоғары құрылымдық әрекет етуі кіреді.

FAST–тың түпкі мақсаты - бағдарламаның негізгі міндеттері мен құраушыларын іске асыру есебінен бейімделу, әлеуметтену және тұрмыстағы табыстылықтың деңгейлерін арттыру болып табылады:

- балалар үшін тыйым салынатын факторлар жүйесін құру;

- ата-аналарды қолдау және ата-аналар ұстанымдарының күшеюі;

- ата-аналардың мектеп шараларына қатысуын кеңейту, мектепте басқа ата-аналармен және мұғалімдермен әлеуметтік қарым-қатынастарды нығайту;

- балалар мен ата-аналардың күнделікті күйзеліс тәуекелдерін төмендету;

- ішімдік, есірткі, басқа да психикалық белсенді заттарға салыну тәуекелін төмендету;

- психологиялық тәуелділікке тартылу тәуекелін төмендету (ойын құмарлық пен интернет-тәуелділігін қосқанда).

FAST бағдарламасын балалар дамуының әлеуметтік-экологиялық теориясы негізінде Мидлсекс (Ұлы Британия) университетінің докторы, әлеуметтік жұмыс зерттеулері жөніндегі профессор Линн МакДональд әзірледі.

Бағдарламаға ата-аналар мен балалар, ата-аналар мен мектеп, сондай-ақ ата-аналар мен жергілікті қауымдастық арасында қатынастар құруға арналған сегіз апталық әмбебап оқу жоспары енгізілген. Бағдарлама сәтті аяқталғаннан кейін, ата-аналар ай сайын кездесе береді. Бұл қол жеткізілген нәтижелерді тоқтатпайды және одан әрі оң өзгерістердің болуына мүмкіндік береді.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде, күнделікті сабақ барысында, балалар мен ата-аналар бағдарламаның барлық бағыттары мен құраушылары бойынша нәтижелерді жақсарту үшін әзірленген шараларға қатысады. Бұл шараларға мыналар кіреді:

- бірлескен топтары қатысушыларының рөлдері мен міндеттерін түсіндіру;

- арнайы кестелерді қолдану арқылы тәлімгерлік жүргізу;

- отбасының жалауларын әзірлеу;

- бірлескен топтарда арнайы тағам дайындау және отбасылар арасында қатынастар құру;

- FAST алғысөз жаттау;

- арнайы имитациялық жаттығуларды жаттау: «каракули», «сезімдер шарадалары», «жолдастық уақыт», «ата-аналар сағаты», «балалар сағаты», «ерекше ойын», «жаңбыр»;

- отбасылық кешкі ас;

- отбасылық ойындар;

- тыңдау және әңгімелесу;

- ата-аналардың балаларымен тікелей әңгімелесуі;

- басқа ата-аналармен және қоғаммен қатынастарды жақсарту.

FAST бағдарламасы алға қойған мақсаттарға жетуде дәлелді тиімділігі мен дүниежүзінде белгілі тәжірибесі бар екенін көрсетті. Осы бағдарламаны қолдану тарихына келетін болсақ, ол көп мемлекеттерде (Австрия, Австралия, Ұлы Британия, Германия, Голландия, Канада, Ресей, АҚШ және т.б.) ұқсас бағдарламалар арасында ең жоғары нәтижелер мен көрсеткіштерге ие болды. Аталған бағдарламаны химиялық және психологиялық тәуелділігі таралуының алғашқы алдын алудың тиімді құралы ретінде ресми түрде Біріккен Ұлттар Ұйымының UNODC беделді агенттігі ұсынады.

Қазақстанда FAST-ты енгізу 4 мектептегі UNODC пилоттық жобасы шеңберінде 2010 жылы басталды. Бағдарламаны іске асырудың аралық нәтижелерін бағалау, оның жоғары тиімділігін көрсетті. Пилоттық жобаны іске асыру барысында нақты білім беру мекемелерінде FAST-ты енгізу үшін тиісті семинар-тренингтер ұйымдастыра алатын аймақтық жаттығушылар командасы (6 маман) дайындалды.



жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау