Патологическое пристрастие к азартным играм (игромания), интернет-зависимость



жүктеу 0,65 Mb.
бет26/31
Дата25.08.2020
өлшемі0,65 Mb.
#31263
түріНұсқаулар
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Бесінші кезеңде клиентке ЭП-тың үшінші кезеңінде құрылған «өмір жолына» - оның кәсіби мансабына, жеке өміріне қатысты және басқа да жоспарлары орындалған үдемелі нүктеге қайтып келу ұсынылады. Мұнда өмір жолынан қайта өтіп, болашақта жоспарланған негізгі жағдайларды айтып кету артық болмайды. Сонымен қатар мұнда өтуді қажет ететін кедергілер де айтылады (сол учаскелерді орындықтармен белгілеуге болады). Осы «тармақтарды» құру кезінде терапевт клиентті болашаққа негіздеп, проблеманы қалай шешуге болатындығы туралы сұрайды (бұл ретте жауапкершілік жүгі мен бастапқы қобалжушылық төмендейді). Бұған қоса алдыңғы кезеңде қабылданған тәуелді әрекетке қарсы шешімнің тұрақтылығы анықталады. Үдемелі нүктеге жету және маңызды жетістіктерге жеткен адамға тән ресурстық түйсіктерді өзектендіру кезінде клиентке өткен жолды қайта қарап, тиісті кезеңдерде белгіленген проблемаларды қалай шешкендігін еске түсіру ұсынылады (белгіленген проблемалардың шешілуін өткен өмірге жіберу арқылы). Ресурстық жағдайда бола тұра клиент бұрын проблема мен қиындық болып көрінген, «ал қазір олардың барлығы болмаған сияқты» жайттарды көбінесе жеңіл айтып шығады. Осындай тұжырымдамалар бар қиындықтардан өту сценарийін толығымен меңгергенін және олар «проблемалар» тобынан соңына қалдырмай шешуге болатын «үйреншікті өмірлік жағдайларға» ауысқанын көрсетеді.

Алтыншы кезеңде клиентке қазіргі және болашақ өмірдің жаңартылған саласында (бұл ретте психотерапия сеансы өтетін кабинеттің немесе залдың көлемін қолдануға болады) қазіргі уақытта және болашақта араласатын барлық белгілі агенттерді құру ұсынылады – мен өзім, туыстар, жолдастар, бірге оқығандар, қызметтестер, барлық әлем. Содан соң «Ресурстық алаң» техникасы іске асырылады. Клиентке көрнекі түрде мәні көрсетіледі, ал кейін ол өзі коммуникациялар мен әрбір аталған агентпен қатынас орнату нұсқаларын ойнап шығады. Бұл ретте негізгі сабақта келесі түсінік қалыптасады: барлық әлем сияқты адам да жақсы немесе жаман емес – өзіңнің әрекеттеріңмен және агрессивті, конфронтациялық немесе керісінше ынтымақтастықты және дұрыс, жайлы қатынастарды орнатуға бағытталған жақсы сигналдарыңмен өзектендіру жағыңды көрсетсең, ол да саған сол жағыңмен бұрылады. Барлық негізгі персонаждармен араласу барысында клиент коммуникацияның жаңа әдістерін үйренеді және бірден қайта байланысқа шығады, яғни қатысқан адамдардан позитивті әсер алады. Осы техникалық топтаманы аяқтау кезінде терапевт қазіргі және болашақ өмір алаңы бір үлкен ресурстық алаң ретінде көрінетініне назар аударады, онда өзіңді үлкен үйде сияқты жақсы және жайлы сезінуге болады. Бұл ретте әлемді және оның халқын жарқын жаққа қаратуды қалай жасауға болады деген басты құпияны ескерген жөн.

Жетінші кезеңде клиентке болған өзгерістерін бағалау және өмір сүрудің бұрынғы әдістері мен терапевтикалық сессия (немесе 2-3 сессия) барысында меңгерген білім, дағдылары арасындағы конфронтациядан өту үшін қазіргі нүктеге қайтып келу ұсынылады. Осы мақсатта «Ресурстық бұрылыс» техникасы қолданылады. Оның бірінші бөлігінде клиентке өмір жолындағы бұрын компьютерлік экран жарық көрсетіп, сол жерге тартылу жағына «шегіншектемеу» ұсынылады. Бұл ретте клиенттің артында соқтығып қалатын орындықтар қойылады (психотерапевт клиенттің жарақат алып қалмауын қарап отырады). Үнемі жайсыздық сезімі, тіпті тәуекел етіп, жарақат алғысы келмейтін клиенттің агрессиясы күшейеді. Клиенттің жағымсыз ойлар шыңында оны драма барысында болашаққа қаратады (келешекте ашық терезе болған дұрыс) және терапевтің және басқа да қатысушылардың позитивті қолдауы кезінде клиент енді өмір жолында жеңілдік пен жайлылық сезінеді және бұрын неге солай болмағаны жөнінде ойлана бастайды. Бұл ретте терапевт конфронтацияны және өткен өмірдің, қауіпті жылжу әдісінің терістеуін күшейтеді және оны үнемі тәуелді әрекетпен салыстырады. Келесі қолдау формулалары қолданылады: «Бұл енді өткен өмірде… бөгет жасағандардың барлығы кетіп, жойылды… енді одан әрі жылжудың көрінісі түсінікті және айқын». Аталған техниканы аяқтау кезінде алдағы айларда сәттіліктің болуына мүмкіндік беретін қажетті шараларды асықпай жазып беру ұсынылады. Сондай-ақ маңызды істерге және компьютермен жұмыс істеуге жұмсалатын, өзіне зиян келтірмейтін уақытты анықтау ұсынылады.

Клиенттің тыныштығы мен барынша жайлы жағдайы туралы сигнал беретін вербалді емес көріністері бар тиісті жоспарлардағы компьютерлік уақытты күрт шектеу, сондай-ақ күнделікті күн тәртібінде интернет әрекетіне байланысты емес жаңа тармақтардың пайда болуы жақсы тікелей әсер ететін нәтиже болып есептеледі.

Клиенттің құрылымдық әрекетінің басқа да бағыттары бойынша үнемі белсенділікті арттыру арқылы осы тізбені қолдану ұзақ мерзімдегі жоспарда қанағаттанарлық нәтижеге жеткізеді.
10 Емдеу және оңалту технологиялары

Интернет-тәуелділігі (патологиялық компьютерлік тәуелділігі) диагнозы қойылған адамдарды кешенді медициналық-әлеуметтік оңалту (МӘО) – 10-шы қайта қараудың Халықаралық аурулар сыныптамасы» (ХАС) бойынша F 63.8 айдары: «Әдеттер мен әуестіктердің басқа бұзылулары» келесі қағидалар бойынша жүргізіледі:



  • отбасының негізгі оңалту шараларына міндетті түрде қатысуы (отбасылық келісім-шартқа тұру, отбасылық психотерапия, тренингтер, «Отбасы мен мектеп бірге - FAST» бағдарламасы шараларына қатысу;

  • барлық оңалту шараларына ақпаратты түрде қатысу;

  • қызметкерлердің, жасөспірімдердің, оның отбасы мүшелерінің арасында сенімділік пен серіктестік құру (көбінесе даярланған мектеп қызметкерлері – аддиктологиялық кеңес беру саласы, «Отбасы мен мектеп бірге - FAST» кеңейтілген бағдарламасы шеңберінде отбасымен арнайы жұмыс жүргізу бойынша тиісті мамандандырудан өткен мектеп психологі немесе әлеуметтік педагог, сондай-ақ қажет болған жағдайда аймақтық аддиктологиялық орталықтардан шақырылған мамандар: дәрігер–аддиктолог, отбасылық психотерапевт);

  • үйреншікті ортада негізгі шаралар өткізу: баланы (жасөспірімді) оқудан шектемей, отбасылық тұрмыстың салыстырмалы экологиялық түзетуі;

  • кешенді оңалту бағдарламасына қатысуға келіскен тәуелді жасөспірімнің, оның жақын туыстарының тәуелділік қалыптасуының, аталған жағдайдың даму қисыны мен белгілерінің негізгі заңдылықтарын толық түсінуіне алдын ала жетуі (алғашқы аддиктологиялық көмегі кезеңдерінен өту барысында);

  • дәлелдеу тәжірибесі (ДТ) ұстанымымен қолданылатын әлеуметтік, психологиялық, психотерапевтикалық (қажет болған жағдайда биологиялық) әрекет ету әдістерінің дәлелділігі;

  • жеке нысандардың және оңалту шаралары үлгілерінің сан алуандығы.

Кешенді МӘО бағдарламасының негізгі мақсатты тобы – баланы (жасөспірімді) қосқанда 2-ші түрдегі интернет-тәуелділігінің клиникалық-психологиялық көріністері бар отбасы.

Осы бағдарламаның негізіне отбасы мен отбасылық қатынастардың психологиялық денсаулығына әмбебап саногенді әрекет етуіне де (профессор Линн Мак Дональдтың (Ұлы Британия) «Отбасы мен мектеп бірге - FAST» тәжірибесі), компьютерлік тәуелділіктің клиникалық-психологиялық көріністеріне де (Л.О. Пережогинмен, Н.В. Вострокнутовпен әзірленген В.П. Сербский атындағы ӘСПМҒО (Санкт-Петербург қаласы, РФ) және Алдын алудың медицина орталығының (Москва қаласы, РФ) түзету бағдарламасы) қатысты толық дәлелді тиімділігі бар тәжірибелер енгізілді. Аталған бағдарламаның құндылығы оның шекті зиянсыздығы, жасөспірім мен оның ата-аналарына қандай да болсын зақымды әрекет етуі, жалғастырылатын оқу мен реттелген тұрмыс жағдайында іске асыру мүмкіндігі болып табылады.

Аталған кешенді оңалту бағдарламасы жалпы алдын алу «Отбасы мен мектеп бірге - FAST» бағытының енгізілген көрінісі ретінде ресімделеді. Осы бағдарламаны кеңейту келесі шаралар арқылы жүзеге асырылады:


  • компьютерлік технологияларға тым елігу белгілері бар баланың (жасөспірімнің) тереңдетілген клиникалық-психологиялық диагностикасы;

  • отбасылық қатынастардың тереңдетілген диагностикасы (Э.Г. Эйдемиллердің ата-аналарға арналған «Отбасылық қарым-қатынастарды талдау» сұрақ-жауабы ұсынылады (ОҚТ);

  • алғашқы аддиктологиялық көмегінің кезеңі шеңберінде өткізілетін отбасылық және жеке аддиктологиялық кеңес беру, ол мыналарды қалыптастыруға бағытталған: 1) компьютерлік тәуелділігі, психологиялық денсаулығы - тәуелділікке қайта тартылуына тұрақтылық туралы барабар ұғымдар, 2) балада - жасөспірімде тұрақтылықтың жоғары деңгейлерін қалыптастыру әдістері;

  • отбасылық келісім-шартын әзірлеу және бекіту (яғни отбасылық қатынастардағы жаңа ережелер, баланың (жасөспірімнің) компьютерлік уақытын шектеу мен қызықты және маңызды болып табылатын белсенділік әрекетінің басқа түрлеріне ауыстыруға бағытталған жаңа күн тәртібі);

  • медикаментоз терапиясы (түсініктер бойынша);

  • терең шиеленістерді шешуге және терапевтикалық үдеріске қатысушылар арасындағы қатынастарды түзетуге бағытталған отбасылық психотерапия;

  • баланың (жасөспірімнің) бейімделу, коммуникация, әлеуметтену, өзін-өзі бағалау саласында анықталатын проблемалардың полимодалді психотерапиясы және т.б.;

  • психологиялық денсаулық - компьютерлік тәуелділігіне қайта тартылуына тұрақтылық белгілерінің үдемелі қалыптасуы бойынша тренингтік бағдарламаны кеңейту және жалғастыру;

  • психологиялық денсаулық – құрылымсыздық әлеуметтік індеттерге тартылуына тұрақтылық деңгейлерінің қайта компьютерлік диагностикасы.

Көрсетілген қосымша шаралардың ішінен тек тереңдетілген клиникалық-психопатологиялық диагностика, жүйелі отбасылық психологиясы және жеке полимодалді психотерапиясы, сараланған медикаментоз терапиясы (қажеттілік анықталған жағдайда) аймақтық аддиктологиялық орталықтың тиісті мамандардың тартылуын талап етеді, бұл оқу орны мен аймақтық аддиктологиялық орталықтың арасында тиісті шарттар жасалған жағдайда күрделі ұйымдастырушылық міндетке жатпайды. Жағдайлардың көбінде арнайы араласу қажет етілмейді. Сонымен, «Отбасы мен мектеп бірге - FAST» жалпы бағдарламасының оңалту көрінісін, көбінесе, аддиктологиялық саласы бойынша курстан өткен мамандар - мектеп психологтері мен әлеуметтік педагогтер іске асырады.

Жоғарыда көрсетілген мамандар жұмыс істейтін негізгі нысаналар мыналар болып табылады:



  • тәуелді адамдар мен олардың отбасы мүшелерін уәждеу;

  • патологиялық тартылу (тәуелділіктің жалпы синдромының басты сипаттамасы ретінде);

  • ілеспелі психопатологиялық синдромдар – ұйқының бұзылуы, астения, қорқыныш, депрессия;

  • патологиялық жеке мәртебе (жиі кездесетін жеке адамның бұзылуы, эмоционалды тұрақсыздық, шизоизм, нарциссизм радикалдары, жеке адамның органикалық бұзылу белгілері);

  • туыстық-отбасылық қатынастар мәртебесі;

  • неоабилитациялық жеке мәртебе (психологиялық денсаулық –тәуелділікке тартылуына тұрақтылық белгілерінің жоғары деңгейде дамуына мақсат қою).

Жоғарыда көрсетілген нысаналар қатысушылардың оңалту үдерісінің негізгі кезеңдерінде жұмыс істеген реттілігі бойынша көрсетілді.

Барлығы 3 кезеңге бөлінеді:



  • бірінші кезең – кеңестік-диагностикалық (немесе алғашқы аддиктологиялық көмектің кезеңі), бұнда бар бұзылулардың сипаты мен дәрежесі белгіленеді, бар бұзылуларды құмар ойындарға деген патологиялық құмарлықпен саралап, компьютерлік тәуелділіктің диагнозы қойылады. Қалыптасқан ойын құмарлықтың болуына байланысты 1-ші түрдегі компьютерлік тәуелділіктің белгілері анықталған жағдайда, пациенттер мен оның отбасы мүшелеріне арналған кешенді медициналық-әлеуметтік оңалтудың алгоритміне көшеді. Содан кейін, осы кезең шеңберінде, ерекше когнитивті-әрекеттік және уәждеу жолдарын қолдану арқылы отбасылық және аддиктологиялық кеңес беру емшарасын өткізеді. Оны өткізу барысында балада (жасөспірімде), оның ата-аналарында тәуелділік пен одан босау әдістері туралы барынша барабар ұғымдар қалыптасу керек. Бұл ретте (өте маңызды кезең!) отбасылық келісімшартты жасау және компьютерлік уақытты қатаң бақылау мен өзін-өзі бақылауға бағытталған жасөспірімнің күн тәртібін қабылдау идеясын толығымен іске асыру қажет. «Отбасы мен мектеп бірге - FAST» бағдарламасының тиісті оңалту көрінісіне қатысу уәжінің жоғары деңгейін қалыптастырған жөн. Аталған кезеңнен өту ұзақтығы жеке анықталады. Әдеттегідей, жоспарланған мақсаттарға жету үшін тиісті оңалту бағдарламасына қатысуға бағытталған және даярлықтан өткен мамандармен – аддиктологтермен, психологтермен қосымша 2-4 кездесу өткізу керек;

  • екінші кезең - түзету-терапевтикалық – оған қажеттілігіне байланысты бар бұзылулардың медикаментоз түзетуі кіреді. Невротикалық сипаттағы жеңіл бұзылулар кезінде түнгіге 20-30 тамшы сасықшөп береді. Обсессивті-компульсивті симптоматикаға (патологиялық тартылу синдромы), сондай-ақ бұзылулардың қорқынышты депрессиялық спектрге әсер ету мақсатында серотониннің қайта басып алудың онселективті ингибиторлары (СИОЗС) – орта мөлшерде флуоксетин, флувоксамин, пароксетин, сертралин, циталопрам қолданылады. Әрекет етудің кең спектрі бар жаңа заманғы нейролептикті қолдану қолайлы деп есептеледі – тәулікте 2,5-5 мг мөлшерінде абилифай. Көңіл күйді тұрақтандыру және импульстік тартылуды редукциялау мақсатында тәулікте 100-200 мг мөлшерінде карбамазепин беріледі. Психофармакотерапевтикалық емді тек дәрігер–аддиктолог береді. Содан кейін пациенттер үнемі дәрігердің байқауында болады. Осы кезеңде отбасылық терапия, полимодальді жеке психотерапиясы, психологиялық денсаулықтың - компьютерлік тәуелділікке қайта тартылуына тұрақтылық белгілерінің қалыптасуы бойынша әлеуметтік-психологиялық бағдарламаның жеке өтуі негізгі терапевтикалық технологиялар болып табылады. Аталған кезеңді іске асырудың бастапқы фазаларында жасөспірімнің жаңа күн тәртібі мен бақылау, өзін-өзі бақылау және жасөспірімді келісімшартта көрсетілген барлық шарттарын орындау бойынша мадақтауға байланысты отбасылық келісімшарт жасау өте дұрыс болады. Компьютерлік тәжірибеге патологиялық тартылуының редукция белгілері, компьютерде өткізген уақыттың біршама төмендеуі, ілеспелі неврозға ұқсас симптоматиканың жойылуы немесе едәуір нашарлауы, жасөспірімнің баламалы сабақтарға қатысты белсенділігі осы кезеңнен өту сәттілігінің критерийлері болып табылады. Аталған кезеңнің ұзақтығы 2-3 ай құруы мүмкін және алға қойған мақсаттарға жету дәрежесімен анықталады;

  • үшінші кезең – рецидивке қарсы және қалыпты терапиясы – мұнда компьютерлік тәуелділігі, психологиялық денсаулықтың – құрылымсыз әлеуметтік індеттерге тартылуына тұрақтылықтың жоғары деңгейлерін қалыптастыру бойынша тренингтік бағдарламаны жалғастыру, отбасы мүшелерінің оқу орнының психологиялық қызметкерлерімен кездесу шеңберінде «Отбасы мен мектеп бірге - FAST» бағдарламасына қатысуды жалғастыру. Осындай кездесулер топтық серпіннің тетіктерін белсендендіру арқылы өткізілетін үлкен терапевтикалық топ ретінде ресімделуі мүмкін. Топтық сабақтар аяқталғаннан кейін оңалту бағдарламасының қатысушылары қол жеткізген нәтижелері туралы айтып, отбасылық кеңес берудің қосымша емшарасына қалады; жасөспірімнің өзін-өзі жетілдіру деңгейі анықталады; оның талпыныстары мен баламалы белсенділігі позитивті бекітіледі; қажет болған жағдайда экспресс-психотерапия технологияларын қолдану арқылы пайда болған проблемалар шешіледі. Жасөспірім өз ынтасын білдірген жағдайда, бұл кезеңде жеке кеңес беру сериялары қарастырылады, онда енді компьютерлік тәуелділік жөнінде айтылмайды, айналасындағы жолдастарымен, сыныптастарымен, мұғалімдерімен болған пробемалар көтеріледі. Аталған факт психолог маманына деген сенімділіктің өсу белгісін, сондай-ақ ашықтықтың, өз проблемаларын шешу үшін сыртқы ресурстарды қолдану қабілеттерінің артқанын көрсетеді. Яғни өмірлік проблемалардан виртуалді қиялдарға (құрылымсыз копинг) қашып кету орнына жасөспірім біртіндеп проблемалық жағдайларды шешудің белсенді әдістерін (құрылымдық копинг) қолдану тәжірибесіне көшеді, бұл міндетті түрде психолог маманның позитивті ойымен белгілену керек.

Психопатологиялық көріністердің редукциясымен және тиісті әдістемелер бойынша байқалатын өмір сапасы көрсеткіштерінің өсуімен қатар компьютерлік уақытқа ұзақ мерзімді бақылау жасау фактілері оңалту кешенінен сәтті өтудің қорытынды индикаторлары болып табылады.

Тиімділіктің аралық индикаторлары – бұл қарсы реакциялардың және компьютерлік уақытты арту жөніндегі талаптардың жиілігі мен қарқындылығының төмендеуімен қатар қайта тестілеу кезінде анықталатын психологиялық денсаулық – тұрақтылық көрсеткіштерінің статистикалық едәуір өсуі.



жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау