339
жетілдіру, жан-жақты ізденушілікті қажет етеді. Инновациялық технологияны жүзеге
асырудағы ағылшын сабағындағы міндеттеріміз:
- Ағылшын тілі сабағында оқытудың интерактивті әдістерін қолдану;
- Әр
оқушының шет тілінде сөйлеу, грамматикалық
ерекшеліктерін ескеру;
- Ағылшын тілі сабағында деңгейлік тапсырма беріп, оқушының мүмкіндік
деңгейлерін ашу.
Осыған орай ұстаз оқушыларыдың тілін дамытуда өзіндік жұмыс жасауда, туған елі
туралы өз ойларын еркін жеткізуге баулуы тиіс. Осы тұста Давыдовтың «дамыта оқыту»
технологиясын, оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдана
отырып, оқушылармен шығармашылық жұмыс жасауға мүмкіндік туады. Әрине, баланың
шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту бағытындағы іс-әрекет педагогқа үздіксіз
ізденісті талап ететіні белгілі. Оларды тиімді етіп шет тілі сабағында қолдану мұғалім
шеберлігіне байланысты. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып отырған
ортақ міндет – тілді коммуникативтік бағытта оқыту. Ондағы мақсат оқушылардың өз
ойларын жеткізумен шектеліп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алмасуға үйрету, өз
жұмысына, топтағы немесе жұптасқан оқушының жұмысына, жауабына сыни тұрғыдан
ойлап талдау жасай алу,
өз ойын қорытындылай білу, интерактивті жұмыс жүргізу.
Жақсы қабілеті дами білген оқушы ол ағылшын тілі ма, қазақ тілі ма, математика,
физика ма қарамай барлық сабақтарды жақсы игеріп, бірңлген тапсырманы уақытында, сәтті
орындап отырады. Оқушының жан-жақты дамына ағылшын тілінің алатын орны ерекше
екенін қазіргі қоғам өзі көрсетіп отыр. Демек, ағылшын тілі – оқушының дұрыс ойлап, жан-
жақты дамуына, сөйлеу мәдинетін қалыптасуына ықпал етіп қана қоймай, білімнің шыңдай
түсуіне және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді. Ағылшын
тілі сабағында оқытудың түрлі инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың
шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында
теориялық білімдерін кеңейтіп, еркін сөйлеу қабілеттерін дамытуға болады. Ағылшын тілін
жақсы білетін, терең түсінетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны
оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындай білуі, оқытудың
дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгерген,
оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыра отырып, дарындылығын дамытудағы
әздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну заман талабы.
Жаңа технологияларды жеке пайдалану барысында, ұстаз әр оқушының нені
білетінін,
нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтай біледі. Оқушылар білуге деген құлшыныс
пайда болып, басқалардан қалып қалмауды ойлап, өз мүмкіндіктеріне қарай тырысады.
Мысалы, ағылшынша сурет бойынша мәтін құрастырып, мәтінде неше сөйлем бар екенін
анықтап, сөзді буынға, дыбысқа талдау барысында оқушылар өз білімдерін көрсете алады.
Оқушылар тілін дамыту үшін түрлі өлеңдер, тақпақтар айтып, бір-біріне сөздіктер қояды
және оның шешімін өздері тауып, сабақты қорытындылауға оқушының өзі мүмкіндік алады.
Оқушылар өз ой-пікірлерін айтып, қорытынды жасайды. Сөйтіп әр оқушы өз бетімен жұмыс
жасауға дағдыланады.
Қазіргі
инновациялық
технологиялардың
жиі
қолданылатыны
–ақпараттық
технологиялар. Оларды пайдалану барысында бұрыннан біз көбінесе компьютерді қолданып,
сабақты түрлендіріп, студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын дамытамыз. Осындай
сабақтар өткізгенде, оқыту процесін дараландырады және студенттердің ойын дербестігі мен
белсенділігін арттырады.
Компьютердің әдістемелік және дидактикалық мүмкіншіліктерін пайдаланып,
ақпараттық технологияларды қолдану оқушылардың танымдық және өзіндік белсенділігін
арттыратын ойын элементтері арқылы үйрету оқыту процесін тұрақтандыруға мүмкіншілік
береді.
Инновациялық технологияларға бүгінгі кезде – электрондық оқулықтар да жиі
қолданылуда. Мұғалім бағдарламаға сай өз электрондық оқулығын дайындайды. Білім