354
қажетті білім, білік, дағдылармен қаруланған, талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға
қалыптастыру екені атап айтылған
12.216
.
Оқушылaр өзін-өзі реттеген жағдайда ғана зaмaн тaлaбынa қaрaй өзгеруе алу
мүмкіндігі бар. Ал, бұл бүгінгі жaһaндaну зaмaнының бaсты тaлaбы болып отыр.
Бүгінгі таңда оқушыны сын тұрғысынан ойлауға үйретудің маңызы мынада:
-оқушының ойлау, талдау, іздену қабілеттерін арттыру;
-сабақта шешуші рөль атқаратын мұғалім емес, керісінше, оқушылар екені туралы
пікір қалыптастыру;
-оқушылардың өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін құрметтеу;
-әрбір оқушының білім дәрежесін басқа оқушымен салыстыру емес, оқушының кешегі
нәтижесін, бүгінгі және ертеңгі нәтижелерімен салыстыру арқылы оқыту;
- оқушының функциональдық сауаттылығын арттыру.
Осы мақсатты жүзеге асыруда бүгінгі күні сабақтарымда кембридждік 7 модульды
өзара ықпалдастыра қолданудамын. Мұндағы негізгі мақсатым: сабақ барысында топтық,
жұптық тапсырмалар арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту,топта
проблемаларды бірлесіп шешуге үйрету;
Оқушылaрдың әдебиет пәніне деген көзқaрaсын білу мaқсaтындa «Мaльс»
сaуaлнaмaсын aлдым. Себебі: оқу үрдісіне енгізгелі отырғaн инновациялық әдіс-тәсілдер
оқушының өзіндік білім алуына қаншалықты тиімді екендігін байқау.
Осы сауалнамадан кейін оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді
енгізу- оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен
ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салатындығы байқалды.
Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңнен тұрады:
І. Жаңа идеяны іздеу
Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру
ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру
ІІІ. Жаңалықтарды енгізу
Оқу - тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану
IV.Жаңалықтарды бекіту
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін,
технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің
педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен
шеберлікті талап етеді. [3,5бет]
Мектептегі білім сапасын арттыру үшін:
• Әр сабақта интерактивті әдістерді қолдану;
• Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
• Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;
• Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп
жағдайына бейімдеу;
Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады.
Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.
Сөзімнің дәлелі ретінде инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өткен өткен
төмендегідей сабақтарымнан мысалдар келтіруді жөн көріп отырмын.
6- сыныпта өткен «Алпамыс батыр» жыры сабағының білу кезеңінде: оқушылардың
қызығушылығын ояту мақсатында «топтастыру стратегиясын» төмендегі сұрақтар
төңірегінде өткіздім.
1. «Батырлар жыры» жайлы өз тұжырымдарыңды жазыңдар?
2. «Батырлар жыры» жайлы не білеміз немесе не білемін деп ойлайсыңдар?
Оқушылар өзара жұптасып, оны топта талдады. Жұптық талдауда өзара біріге
отырып, бір–бірін тыңдай білді. Топта бір-біріне сұрақ қою арқылы батырлар жыры туралы
нақты деректер алды. Сабаққа қызығушылықпен қатыса қоймайтын оқушылар да сабаққа
қызыға кірісті.
355
Түсіну кезеңінде:
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлай отырып, жоғары ойлауын қалыптастыратын
диалогтық оқытумен ықпалдастырдым. Бірінші кезекте, «ДЖИГСО» стратегиясымен
батырлар жырының мазмұнын талдаттым.
Қолдану кезеңінде: сабақ барысында оқушыларға сәйкестендіру кестесінде
«Алпамыс батыр» жырын, ондағы кейіпкерлер мен олардың іс-әрекеттерін ретіне қарай
орналастыра отырып, дәйектер келтіріп, өз пікірлерін білдірді. Оқушылардың дәйекті
дәлелдеріне сүйене отырып, «Сіз қалай ойлайсыз?» атты тапсырмада Алпамыс батыр
жырының Қобыланды батыр жырынан ерекшелігін анықтау берілді.
Талдау кезеңінде: «Рөлдік ойын» ойнатылды. Оқушылар «Алпамыс батыр»
жырындағы кейіпкерлерді талдап, олардың іс-әрекетін Алпамыс пен Тайшықтың, Алпамыс
пен Гүлбаршынның образдарын сомдады. Ол есте сақтау жадысын дамытуға көмектесті. Бұл
ойындар оқушыларға үлкен ой салды. Сабақта бейжай отыратын оқушылардың өзі
сыныптастарының сомдаған кейіпкерлерін талдап, қызығушылық танытты.
Жинақтау кезінде: Топтарға екі жақты күнделік толтыру, шығарманың көркемдік
ерекшелігін көрсету мақсатында кесте толтыру сынды тапсырмалар алынды. Осы кезеңде
оқушылардың топта белсене жұмыс істегеніне қарап, олардың сабаққа белсенділігінің
артқанын байқадым. Бірақ кейбір оқушылардың сабаққа қатыспай отырғаны да көрініп
тұрды. Енді топ жетекшісіне «Қалам тастау» стратегиясын ұсынып, оларды да сабаққа
қатыстыруға әрекет жасадым.
Бағалау кезеңінде: «Ел қорғаны- батыр» деген пікірге келісесіңдер ме?
Отанымызды сыртқы жаудан қорғайтын, өз елін басқаларға тәуелді етпейтін қазақ
батырларын бағалаңдаршы,- деп бағалатып алдым .
«Екі жұлдыз, бір тілек» «Инсерт» әдістері арқылы кері байланыс жүргізіп, келесі
сабақтарыма нені жақсарту керек екенінде байқап отыруға болатынын ескерте кетемін.
Сондай-ақ оқушылардың сыни ойлауын қалыптастыру мақсатында әдебиет
сабақтарында «Кубизм» стратегиясын пайдалану да өте тиімді . Кубтың алты қырына алты
түрлі тақырып жазып оқушыларды сөйлету – олардың сөйлеу, ойлау дағдысын дамытады.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы
оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту,
шығармашылығын кеңейту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман
сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Қорыта айтқанда, оқыту процесінің
нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін
қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да
болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып,
шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне
ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту технологияларын сабақта қолдану
оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде
қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне
қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Егемен Қазақстан газеті
2. Нұрғазина «Қазақ әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы»
3. Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технология. Қазақстан мектебі
4. Мұғалімге арналған нұсқаулық - 2012жыл
Достарыңызбен бөлісу: |