Қарағанды қаласы



жүктеу 30,5 Kb.
Дата27.12.2019
өлшемі30,5 Kb.
#25151

Қарағанды қаласы

№33 МБК-нің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Исағұл Қ.Е.

«Сөздік жұмысы арқылы оқушылардың тілін дамыту» мақала




Сөздік арқылы тіл дамыту
Білім беру жүйесі орыс тілінде жүретін мектептерде оқушының тілін қазақ тілінде дамыту ұғымына қазақ тілінің лексикалық,грамматикалық тұлғаларын меңгерту,оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру,яғни қазақ тілінде сөйлеуге үйрету жатады.

Қазақ тілінің орфографиялық нормасын оқытуды қалыптастыру,қазақша сауатты жазу,сөздерді бір-бірімен дұрыс орналастырып /сөз тіркесін/,сөйлем құрау,сөйлем арқылы ойын басқаға жеткізу,басқаның сөзін түсіну де тіл дамыту ұғымына жатады.

Адам ойын жазбаша және ауызша жеткізеді.Сондықтан оқушының тілін дамыту екі бағытта жүргізіледі.Ауызша және жазбаша жалпы алғанда тілді оқытуда бұл екі бағытта қатар байланыста жүргізіледі.

Бірақ қазақ тілін оқытудың ең алғашқы кезеңінде ауызша тіл дамыту басымырақ келеді.Сөйлеу тілді кейінірек жазба тілді дамытуға негіз болады.Адамның сөйлеуінде қолданатын тілдік нұсқаулар дыбыс,сөз,сөз тіркесі,сөйлем.Бұлар тілді оқытудағы негізгі мәселелер.тіл дамытуда тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру,қазақ сөздерінің айтылу нормасын қалыптастыру,қазақ тілінің орфоэпиясын меңгерту жұмыстарын жүргізеді.

Қазақша сөйлеу үшін оқушының жеткілікті сөйлеу қоры болу керек,сөздерді байланыстыруды,сөз тіркестерін құрастырудың заңдылықтарын білу қажет.Сонда ғана байланысты ойды басқаға білдіруге,басқаның сөйлемдерін түсінуге болады.Сөйтіп,сөз және сөз тіркестері бірігіп сөйлем құрамына кіріп,байланысты ойды білдіреді.Сөйлеудің заңдылықтарын оқушыға жаттанды түрде емес,іс жүзінде ,яғни ауызекі сөйлеуде жаттықтыру дағдысын оқушыда қалыптастыру-тіл дамытудағы негізгі мақсат болып табылады.

Оқушы қазақ тілінің тілдік материалдарын білмей,ойын байланысты түрде басқаға жеткізе алмайды.Сондықтан да орыс мектептерінде орыс тілді оқушылардың қазақша тілін дамытуда мынандай әдістермен жұмыс жүргізуге болады.



1.Сөздік жұмысын жүргізу арқылы оқушының тілін дамыту.

2.Мәтінді оқыту арқылы тіл дамыту.

3.Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы тіл дамыту.

4.Жаттығулар арқылы тіл дамыту.

5.Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушының тілін дамыту.

Сөздік қоры бай адам ойын жеткізуге ең керек сөзді таңдап, қолдана алады .Сондықтан да оқушылардың сөздік қорын байытып,тіл дамытуда шешуші рөл атқаратын жұмыстардың бірі-сөздік жұмысы.Сөздік жұмысы арқылы оқушының тіл байлығын молайтумен қатар,дұрыс жазуға да дағдыландыра аламыз.Балаларға үйрететін жаңа сөздің мағынасын мына жолдармен меңгертуге болады:



1.Затты көрсете отырып,оның атын алдымен қазақша соңынан орысша айту.

2.Сөздің орысша баламасын беру /суретін көрсетуге келмейтін,дерексіз зат есімдер,оның түсін білдіретін,не қимылды білдіретін сөздер,т.б./.

3.Сөздердің мағынасын антоним сөздер арқылы түсіндіру.

4.Омоним сөздердің мағыналық айырмашылықтарын сөйлем ішінде келтіріп,түсіндіру.

5.Мәтіннің мазмұнын түсіндіру,алдыңғы сұрақ-жауап түріндегі әңгіме арқылы жаңа сөздің мағынасын ұғындыру.

Және де осы жаңа сөздерді тек сол сабақта ғана пайдаланып қана қоймай,күнделікті өмірде,қарым-қатынаста қолданатын белсенді сөздігіне айналдыру,оқушының сөздік қорын байытудағы негізгі мақсат болып саналады.Осы мақсатқа жету үшін мынандай жұмыстар жүргізілуі керек:



1.Жаңа сөздердің мағынасын оқушыларға анық түсіндіру.

2.Жаңа сөздердің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз ету.

3.Жаңа сөздерді қолданыста меңгеру,яғни жаңа сөздерді қолдану дағдысын қалыптастыру.

4.Жаңа сөздердің айтылуы мен жазылуын меңгерту.
Жаңа сөздердің мағынасын оқушыларға түсіндіруде оқушыға бұрын таныс синоним сөздерді пайдалану,заттардың өзін көрсету алғашқы кезенде көбірек орын алады,бірақ мүмкіндігіне қарай ол кейін де қолдана береді.

Мұғалім әр мәтін арқылы үйретілген жаңа сөздерді сөздікке жазғызып қоюмен шектелмей,оларды естеріне тұрақтандыруға арналған жаттығулар жүргізу қажет.Онда мына сияқты жұмыстар орындалады : сол сөздерді қатыстырып,бір-біріне сұрақ қойғызу,оған жауап бергізу,/ол сұрақ-жауаптарын жазғызу/,сол сөздерді дұрыс оқуға көңіл бөлу,сурет бойынша сөйлем құрату.



Сабақ сайын үйретілген сөз сол сабақпен тынбай ,кейінгі сабақтардағы жұмыстарда да қайталанып отырғанда ғана оқушылардың сөздік қорын тұрақтандыруға болады.Оқушылардың сөздік дәптері болуын мұғалім бірінші күннен бастап қадағалап отыруы керек.Осы сөздіктен мазмұндама ,шығарма және басқа да жазбаша жұмыстар жүгізгенде сөздерді пайдалануға да болады.

Міне,сондықтан да орыс тілді оқушының қазақша ойын жеткізуде,яғни тілін дамытуда сөздікпен жұмыс жүргізудің маңызы өте зор.
жүктеу 30,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау