2
УДК 37.0
ББК 74.04
И 67
Редакция алқасы: Ә.Е.Бектұрғанов (бас редактор), М.Т.Кантуреев (бас
редактордың орынбасары), Е.Б.Мукажанов, Х.Т.Наубаева.
И 67 «Инновациялық технологияларды білім беру процесіне ендіру-
сапалы білім негізі» дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік
конференция
материалдары: казақша, орысша.
- Талдықорған: І.Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік университеті. 2015. 362 бет
ISBN 978-601-216-278-8
УДК 37.0
ББК 74.04
Жинак материалдары докторанттарға, магистранттарға, студенттерге және
ғылыми мәселелермен айналысатын окырмандарға арналған.
ISBN 978-601-216-278-8
© І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 2015
3
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры,
ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының (ҰҒА) корреспондент мүшесі,
з.ғ.д., профессор Ә.Е.Бектұрғановтың
АЛҒЫ СӨЗІ
Құрметті әріптестер, конференцияға
қатысушы қонақтар!
І.Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік
университетінде
«Инновациялық
технологияларды
білім беру процесіне ендіру – сапалы
білім негізі» атты аймақтық ғылыми-
әдістемелік
конференциясын
өткізу
дәстүрге айналып отыр. Өздеріңіз жақсы
білесіздер өндірістің, экономиканың,
әлеуметтің қай саласында болмасын
инновациялық негізде ізденіп қызмет
етпесе, елімізде ілгері даму болмайды.
Инновация оқу-тәрбие процесінің
ағымы
мен
нәтижесін
жақсартуда
педагогикалық жүйедегі өзгеріс десек,
қазіргі уақытта инновация деп көбінесе
жаңа технологияларды, әдістер мен
құралдарды жасау және оны қолдануды
айтамыз. Сондықтан оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу,
жаңарту нысаны болып табылады.
Елбасымыздың Қазақстан ғылымы мен білімінің әлемдік беделін арттыру жолындағы
қамқорлығы қазіргі таңда өз нәтижесін беруде. Биылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар
жол» атты халыққа Жолдауында индустрияландыру бағдарламалары негізінде жоғары
білімді мамандар даярлауға көңіл бөліп, жоғары оқу орындарының алдына үлкен мақсат
-
міндеттер қойып отыр.
Оның бірі - бүгінгі күні өзіміз көтеріп отырған инновациялық оқыту технологиясы
арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту. Елдің әлеуметтік
-экономикалық жағдайын
жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, нақты білім беру. Алайда, инновациялық
педагогикалық технологияларды қажетті деңгейде қолдану және осы арқылы жеке тұлғаның
білім деңгейін, шығармашылық қабілетін қоғамдық сұранысқа сай қалыптастыру барлық
білім беретін мекемелердің дағдылы ісіне айнала қойған жоқ. Әлі де болса кейбір
оқытушыларымыз оқыту үрдісін ұйымдастыру мен жүргізуде оқытудың дәстүрлі әдістері
мен тәсілдерін пайдаланумен шектеліп келеді. Осы тұрғыда бүгінгі ұйымдастырып жатқан
семинарымыздың берері, айтар жаңалығы, үйретер тәсілі, жинақтар тәжірибесі мол болады
деп сенемін.
Жалпы, инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану оқу процесін сапалы
түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір білім
мекемесінде өзіндік даму жолын табуға, әрбір мұғалімге өзінің әдістемелік жүйесін құруға
септігін тигізетінін күнделікті көріп жүрміз. Сондықтан оқытудың инновациялық
технологияларын оқу орындарының практикасына белсенді түрде ендіру қажеттілігі күн
санап артып отыр.
Құрметті әріптестер! Өздеріңіз жақсы білесіздер, Елбасы биылғы Жолдауын
жылдағыдан ерте жариялап, жыл басынан Жолдауда көрсетілген бағыттар бойынша іске
4
кірісуді талап еткен болатын. Ел болашағы жастардың бойына отаншылдық қасиетті сіңіріп,
жаңа қазақстандық патриотизмде тәрбиелеуді мақсат етіп отыр.
Тәуелсіз Қазақстанның біз бағалауға тиісті құндылықтары көп. Соның бірі әрі бірегейі
– Тәуелсіздік ұғымы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Қазақстанның тәуелсіздігі
деген өте
қасиетті ұғым. Бабалардың аңсағаны біздің буынның бақытына келді. Оны сақтау бәріміздің
азаматтық парызымыз. Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың
мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады» - деуі көп дүниені аңғартады. Бүгінде
ғаламды мойындатқан қазақ елі осыдан 550 жыл бұрын іргетасын қалаған сол қазақ
хандығының заңды жалғасы екендігін жас буын жүрекпен сезінуі тиіс.
Сонымен қатар тәуелсіз елдің басты айғақтарының бірі Есім ханның ескі жолы,
Қасым ханның жолы, Тәуке ханның жеті жарғысының бүгінгі үлгісі Тәуелсіз Қазақстанның
Ата заңына да 20 жыл толады. Бұл елдіктің, адами құндылықтың, бірліктің, берекенің кепілі.
Конституцияны қастерлеу әр азаматтың қасиетті борышы.
Елбасының тағы бір ерен еңбегінің бірі 130-дан астам ұлттардың басын біріктіріп,
бір шаңырақтың астына жиюы. Елімізде құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы өзге
елдерге, мемлекеттерге үлгі көрсетіп қана қойған жоқ, бірліктің қазақстандық бірегей үлгісін
қалыптастырды. Бүгінде сол Ассамблеяның құрылғанына 20 жыл толды. Осы жерде айта
кеткен жөн болар, Ассамблеяның 20 жылдығына орай университетте «Қазақстан халқы
Ассамблеясы» кафедрасы құрылып, жұмыс істеуде.
Биылғы жыл тарихи құндылықтарға толы, ұлт мүддесін ұлықтайтын берекелі де
мерекелі жыл. Сондықтан Елбасы бастамасын қолдап, ерекше ынтамен аталған Қазақ
хандығының 550 жылдығын, Ата заңымыздың 20 жылдық мерейтойын, Қазақстан халқы
Ассамблеясының 20 жылдығын атап өту, атап қана қоймай жас буынның жадында жаңғырту,
жүректеріне ұялату біздің, әсіресе, білім саласындағы азаматтардың басты міндеті деп
ойлаймын. Жаңашылдыққа ұмтылған жаһандану уақытында осындай құндылықтарымыз
арқылы
елдігімізді еңселі, тәуелсіздігімізді тұғырлы ете аларымыз хақ.
2015 жыл да білім беру саласындағы инновациялық тың жобалардың туындауына
мүмкіндік беретін жыл болады деп сенемін. Сондықтан, қай салада болмасын өз ісіне берік,
білімді, бәсекелестікке қабілетті жаңалықтар әкелетін сапалы мамандар қажет.
Бүгінгі біздің конференциямызда оқылатын баяндамалар, айтылатын пікірлер,
жарыссөздер отандық білімді инновациялық тұрғыда дамытып, ғылыми негіздеп, жаңа
технологиялық әдістерді оқыту процесінде қолдануда тың шешімдерге әкеледі деп сенемін.
Баршаңызды белсенділік танытуға шақырамын. Конференция жұмысы сәтті өтсін!