- №6 А.Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Сабақтың мақсаты: - Білімділік: Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей білу, жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жаза білу, берілген құрама санның жіктелуіндегі жай көбейткіштер құрамы бір ғана түрде болып, тек қана олардың орналасуы әр түрлі болуы мүмкін екендігін үйрету.
- Дамытушылық: Оқыған материалды қорытындылай салыстыра білу дағдыларын дамыту. Өз ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру
- Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа,дәлдікке үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру - Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
- Сабақтың әдісі: Сайыс сабақ, топпен жұмыс,өзін-өзі бағалау,сұрақ-жауап
- Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,үлестірмелі тапсырма,слайд,флипчарт, маркер
Сабақтың барысы: - 1.Ұйымдастыру кезеңі
- 2.Үй тапсырмасын тексеру
- 3. “Ұшқыр ойдан ұтымды жауап”
- (өткен тақырыпты еске түсіру, пысықтау)
- 4. “Кім тапқыр”(ауызша есептеу)
- 5 “Ой толғаныс”( жаңа сабақты оқушылармен бірлесе отырып түсіндіру)
- 6. “Ойлау мен есептеу логикалық ойлаудың негізі” (Деңгейлік тапсырмалар, оқулықпен жұмыс)
- 7. Математикалық диктант (сабақты бекіту)
- 8. Қорытындылау. Үйге тапсырма, оқушыларды бағалау
І.Ұйымдастыру кезеңі: Қайырлы күн балалар! Мен сендермен бірге сабақ өткізуге қуаныштымын. ІІ. а)Үй жұмысын тексеру.(Оқушылар дәптерлерін алмастыру арқылы тексереді) ә)Сыныпты топқа бөлу. Ал енді оқушылар дәптерлеріңді ашыпбүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазайық. - Балалар, бүгінгі сабақта өзін –өзі бағалау тәсілін қолданамыз. Әр жауаптарға , ,геометриялық фигуралар арқылы бағаланады. - 3.“Ұшқыр ойдан ұтымды жауап”
- Бұл кезеңде сұрақтарға жауап береміз:
- 1.Қандай санды берілген натурал санныңбөлгіші деп атаймыз?
- 2. Қандай санды берілген натурал санға еселік деп атайды?
- 3. Қосындының берілген натурал санға бөлінгіштігін қалай білеміз?
- 4. Жай сан дегеніміз не?
- 5.Құрама сандар дегеніміз не?
- 6.Егіз сан дегеніміз не?
4.Кім тапқыр (ауызша есептеу) - 117, 122, 205,310,390, 555 сандары 2-ге ,3-ке,5-ке,9-ға,10-ға бөлінеді ме?.
- 17, 37, 59 сандарының бөлгіштерін ата?.
- 25,49, 64 сандарының бөлгіштерін ата?
5.“Ой толғаныс”Жаңа сабақты оқушылар мен бірге сұрақ жауапт ы түсіндіру - Мысалы: 462 –нің бөлгіштері
- 1.2.3.6.7.11.21.22.42.77.154.231.462
- 462 462
Бұдан мынандай қорытынды шығады. - Бұдан мынандай қорытынды шығады.
- 462=2*3*7*11 тек қана жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жазылды.
- Анықтама Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу-оны тек қана жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу
2 тәсіл баған түрінде жіктеу - 2 тәсіл баған түрінде жіктеу
- 462= 2*3*11*7
6.“Ойлау мен есептеу логикалық ойлаудың негізі” - 6.“Ойлау мен есептеу логикалық ойлаудың негізі”
- (Деңгейлік тапсырмалар, оқулықпен жұмыс)
- 1 топ А деңгей- 278
- В деңгей-290(1)
- С деңгей-296(1)
- 2 топ А деңгей- 279
- В деңгей-290(2)
- С деңгей-296(2)
- 3 топ А деңгей- 280
- В деңгей-290(3)
- С деңгей-296(3)
7.Математикалық диктант(сөйлемді аяқтау) - 1. 2-ден көп бөлгіштері бар натурал сандарды---------------
- 2.1-ге және өзінеғана бөлінетін натурал санды---------------------------
- 3. Айырмасы 2-ге тең екі жай санды----------------------------------------------------
- 4. Өзінен басқа бөлгіштерінің қосындысына тең құрама санды------------------------------------------
- 5. 2-ге бөлінетін натурал сандарды -----------------------------------
- 6. 2-ге бөлінбейтін натурал сандарды -------------------------------
8.Қорытындылау Үйге тапсырма: 266. 277 - Оқушылардың білімін бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |