Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет164/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   176

332 
 
екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім 
берудің  қалыптасқан  әдістемесіне  оқытудың  жаңа  технологиясы  тұрғысынан  өзгерістер 
енгізілсе, білім сапасы да арта түспек. 
Яғни орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім 
өз  білімін  жетілдіріп,  ескі  бірсарынды  сабақтардан  гөрі,  жаңа  талапқа  сай  инновациялық 
технологияларды  өз  сабақтарында  күнделікті  пайдаланса,  сабақ  тартымды  да,  мәнді, 
қонымды  болары  сөзсіз  деген  пікірмен  толықтай  келісуге  болады.  Мұғалімнің  айтқанын 
өзіне  қайталаудан  гөрі,  оқушыларды  іздендіре  отырып,  ой  -  пікірін  тайсалмай  айтуға 
ұмтылдыру  баланың  ойлау  қабілетін  дамытады.  Яғни  жаңа  технология  қарыштап  дамып 
жатқан қоғамда мектеп немесе кәсіптік білім беру тұрғысынан осы әдістерді пайдаланудың 
тиімділігі мол. 
Қазақ тілі сабағынан жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, өз іс - 
тәжірибемде мынадай құрылым жүйесін түземін. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2012ж. 
2. Бұзаубақова К.Ж. «Жаңа педагогикалық технологиялар» Тараз 2003ж. 
 
 
ӘОК 541.124 
 
ОҚУШЫЛАРДЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ 
 
Утемуратова Гулимхан Дошановна 
«Орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ, Қапшағай қаласы, 
zzzvvgg@mail.ru
 
 
Орта  білім  беру  жүйесінде  әлемдік  жоғары  деңгейге  қол  жеткізген  анағұрлым 
танымал  оқыту  әдістемелері  арасында  сындарлы  оқыту  теориясына  негізделген  тәсіл  кең 
тараған. Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту 
жұмысын  ұйымдастыру  мен  жоспарлаудың  негізгі  қағидаттарын  қолдану  орынды  да 
нәтижелі  екендігін  дәлелдейтін  фактілер  бүгінгі  таңда  ғылыми-педагогикалық  әдебиетте 
жеткілікті  деңгейде  кездеседі.  Аталған  теория  оқушылардың  ойлауын  дамыту  олардың 
бұрынғы  алған  білімдері  мен  жаңа  немесе  сыныптағы  түрлі  дереккөздерінен,  мұғалімнен, 
оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға 
негізделеді.  Сындарлы  теорияның  тиімділігін  жақтаушылардың  басым  бөлігі  оны  дайын 
білімді  беруге  негізделген  оқыту  тәсілдерімен  салыстыра  қарап,  дайын  білім  беруге 
негізделген  оқыту  тәсілдерінің  білімді  меңгеру  былай  тұрсын,  олар  бойынша  терең  түсінік 
қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра 
бермейтінін тілге тиек етеді. .[1,7-8бб.] 
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың 
жинақтаған  өзге  білімдерімен  тиімді  сіңісе  алмайды,  сондықтан  механикалық  есте 
сақтау,үстірт  білім  алу  жағдайлары  орын    алады.  Дәстүрлі  оқытудан  алынған  механикалық 
түрде  есте  сақталған  мәліметтерді  емтихан  кездерінде  ұтымды  пайдалануға  болады,  бірақ 
мән-мағынасы  терең  меңгерілмей,  жай  ғана  жатталғандықтан,  тақырыпты  оқыту  аяқталған 
соң  немесе  емтихан  біткен  соң  керексіз  болып  қалады  және  оқушы  оны  өмірде  тиімді 
пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін 
дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін 
қамтамасыз ету. 
Оқыту  туралы  сындарлы  түсінік  оқушыға  нақты  білім  беруді  мақсат  тұтқан 
мұғалімнің  өз  сабақтарын  оқушының  идеясы  мен  білім-біліктілігін  дамытуға  ықпал  ететін 
міндеттерге  сай  ұйымдастыруын  талап  етеді.  Бұндай  міндеттер  оқушылардың  оқыған 


333 
 
тақырып  бойынша  білімдерін  өз  деңгейінде  көрсетіп,кейбір  болжамдар  бойынша  күмәнді 
ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістете 
алатындай  етіп  орайластырылып  құрылады.  Мұғалім  қызметіндегі  маңызды  дүние  – 
жекелеген  оқушылардың  тақырыпты  қабылдау  ерекшеліктерін,  оқушылардың  түсінігін 
жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы ,сондай-
ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете 
түсінуі. 
 Сындарлы оқытудың жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой-пайымы 
мен негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар баламалы 
шешімдерді білуін де көздейді.[1,10б.] 
Қалай дегенде де мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – 
мұғалім  болып қала беретіні рас. 
Мұғалім  оқытудың  қандай  жолы  қолданылса  да,  қарастырылатын  екі  көзқарас  бар. 
Біріншіден,  оқушының  жеке  тұлға  және  әлеуметтік  нысан  ретіндегі  келешегі,  екіншіден, 
оқытудың  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  қарым-қатынас  нәтижесі  ретінде 
қарастырылуы.Сындарлы  оқыту  теориясы  әлемдік  деңгейде  тәжірибеден  өтіп,білім  берудің 
ең  оңтайлы  ,тиімді  жолдарын  біріктіретін  әдіс-тәсілдер  жиынтығы  екені  дәлелденген.Бұл 
педогогикалық теория  оқытудың жеті  модулін қамтиды. Заманауи білім беру тәжірибесіде 
сыни  ойлау  жолдарын  үйрету  немесе  оған  бағыттау-тиімді,табысты  оқытудың  көзі  болып 
отыр. 
Сындарлы  оқытуға  негізделген  сабақтар  оқушыларға  өз  білімдері  мен  ұстанымдары 
жайында  ойланып,  сұрақтар  қойып,  білімін  толықтырып,  белгілі  бір  тақырыпты  оқып-білу 
кезеңінде  өз  түсінігін  өзгертуге  мүмкіндік  береді.  Бұл  үдеріс  оқушының  өз  болжамдарына 
күмәнмен,сын  тұрғысынан  қарай  отырып,  сол  арқылы  әлем,  тіршілік,  жаратылыс  туралы 
өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. 
Оқытудың  бұл  түрінде  оқушылар  өте  маңызды  рөл  атқарады:  олар  құрбы-
құрдастарымен  әлеуметтік  байланыс  жасау  арқылы  белсенді  түрде  білім  жинақтайды. 
Мұғалім  оқушылардың  оқуына  мүмкіндік  тудырып,  оқу  материалы  және  өзге  де  қажетті 
құралдармен  қамтамасыз  етеді,  ал  оқушылар  өз  кезегінде  пән  бойынша  өз  түсініктерін 
арттыру  іс-әрекеттеріне  ынталы  болғаны  абзал.  Құзырлы  оқытудың  маңызды  факторы 
мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып 
табылады. 
Мұндай  тәсіл  бұл  үдеріске  оқушының  өзінің  де  қатысуын  талап  етеді.  Осылайша, 
оқушы да өзінің оқуы  үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ 
беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. 
Сын  тұрғысынан  ойлау  –  Қазақстандағы  білім  беруді  дамыту  үшін  маңызды  болып 
табылатын  қазіргі  ең  басты  педагогикалық  түсінік.  Бұл  модуль  оқушылардың  да, 
мұғалімдердің  де  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамытуды  саналы  және  оймен  қабылдауын 
көздейді. 
Сын  тұрғысынан  ойлау  «ойлау  туралы  ойлану»  деп  сипатталған.  Ол  маңызды 
мәселелерді  талқылау  және  тәжірибені  ой  елегінен  өткізуді  қамтиды.  Мұғалімдер 
педагогикалық  білімі  бар  және  қосымша  оқыту  мен  өз  біліктілігін  арттырушы  субъектілер 
болғандықтан,  оларда  бұл  дағдылар  дамыған  және  іс-тәжірибеде  қолданылады  деп 
болжанады  Сын  тұрғысынан  ойлау  ой  жүгірту,  тұжырым  жасау  немесе  проблеманы  шешу 
үдерісі жүрген 
барлық  жағдайларда,  яғни  неге  сенуге  болады,  не  істеу  керек  және  бұны 
ойластырылған әрі рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған 
жағдайлардың барлығында орын алады. [1,17б.] 
Сын  тұрғысынан  ойлау  дағдыларының  негізгі  тізбесіне  қадағалау,  интерпретация, 
талдау, қорытынды жасау, бағалау, түсіндіру, метатану кіреді.(слайд-2) 
Сын тұрғысынан ойлау дағдысы мынадай бөлшектерден құрылады: 
• проблемаларды анықтау және оларды шешудің шынайы құралдарын айқындау; 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау