334
• проблемаларды шешудегі басымдықтардың, иерархияның және кезектіліктің
маңызын түсіну;
• тиісті ақпаратты жинау;
• мәнмәтіндік алғышарттар мен басымдықтарды белгілеу;
• нақтылықты, анықтық пен объективтілікті сақтай отырып, сөзді түсіну және
пайдалану;
• дәлелдер мен дәйектерді бағалау мақсатында деректерді интерпретациялау
(түсініктеме беру);
• сөйлемдер арасындағы логикалық байланыстардың болуын (немесе болмауын)
белгілеу;
• қорытындылар мен шолу жасау;
• алынған қорытындылар мен шолуларды сараптау;
• өз ұстанымдарының бастапқы моделін алынған тәжірибенің нәтижелері жүйесіне
енгізу;
• күнделікті шынайы өмір тұрғысынан нақты нәрсе туралы барабар пікір
қалыптастыру.
Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі(слайд-3)
• тиісті ақпарат жинауды;
• дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды;
• кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;
• ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.
Мұғалім оқушыға қолдау көрсететін ересек адам ретінде жұмыс істей отырып,
оқушының әрекетіне жауап береді және оның оқуының дамуын қамтамасыз етеді. Оқудың
дамуы барысында жетекшінің қолдау көрсетуінің түрі мен деңгейі өзгеріп отырады, сонымен
бірге түрткі болу, бағытталушылық, дамудың тұжырымдамалық негіздерінің тиімділігін
қамтамасыз ету мақсатында түрленеді.
Бұл үрдісті Жером Брунер «көпіршелер тұрғызу» деп тауып айтқан. «Көпіршелер
тұрғызу» ұғымының астарында жетекшінің оқушыларды біртіндеп тапсырманы орындауды
аяқтауға «итермелеуінде» көрініс беретін, үнемі ұлғайып артып отыратын қолдауы деген
түсінік жатыр. Жетекшінің оқушы жетістігіне деген реакциясы да қолдау ретінде
қарастырылады. Оқудың дамуы барысында оқушыға жол көрсету біртіндеп азайтылуы
қажет, себебі оқу үдерісін дамыту арқылы оның мәні де айқындала бастайды: оқу тәуелсіз
сипат алып, өздігінен реттелетін болады. [1,21б.]
Әлемдік тәжірибе аса маңызды деп табылатын өздігінен реттелетін оқудың үш
элементін айқындап береді:
• тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы;
• оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы,
• проблеманы шешу және мақсатқа жету үшін әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы.
[2,3б.]
Таңдалып алынған тапсырмалар өзін өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруға ықпал етуі
қажет.Өздігінен реттелу тапсырмаға қызығушылықтың неғұрлым жоғары деңгейіне өтуге
ықпал етеді.
Балаларға таңдау жасауға мұрсат беріліп, бұл оларға өз таңдауларын тапсырманың
күрделілігімен, өз жұмысын және басқа балалардың жұмысын бағалау жолымен байланысты
түсіндіруге мүмкіндік берді. Бақылау жұмыстары балалардың оқу және жазу жұмыстарына
қатысты өткізіліп, оқу бағдарламасының өн бойында қолдануға болатын және метатану
үдерісі кезінде сөйлеуді дамытуға үлес қосатын тәжірибелі педагогтік әдіс-тәсілдер дәлелі
болып табылады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту үдерісі сабақ барысында бір - бірінің пікірін
тыңдауға, сыйлауға ынтымақты қарым - қатынастың орнауына негіз болады. Мұғаліммен
еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға және өзін - өзі, бірін - бірі бағалауға,өз ойын ашық, еркін
335
айтуға, пікір алмасуға бейімделеді. Достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу
жолдарын іздейді, қиындықты шешуге, көмектесуге икемді болады.
Өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашады,бір - біріне құрметпен
қарауға,белсенді ойлауға негіз қаланады.
Мұғалім - сабақты ұйымдастырушы, бағыттаушы. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға
мүмкіндік беріп, ,жауаптардың дұрыс-бұрысын саралауға,жол сілтеуші ғана. Оқушының
жеке басын,пікірін,еңбегін құрметтей отырып білім беру - қазіргі оқытудың негізгі талабы.
Өйткені оқушылардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге
психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен келу керек.
Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс –
тәсілдері білім алушыларға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен
заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылымдағы орнын аңғаруға қолайлы
жағдаяаттар жасайды. Мұндай әдістер, әсіресе, табиғатынан тұйық, өз ойын тәптіштеп
түсіндіруге шалағай, талданған мәселелерден, баяндалған тақырып мазмұнынан тиімді
байлам, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға ортада өзін жақсы сезінуге
пайдасын тигізері сөзсіз.
Сыни ойлау әдіс-тәсілдері - оқушыны жаңа өмірге , өзгөзгермелі,қарқындап дамып
бара заман көшіне ілесе алатын тиісті білімді өзі керегіне жарата алатын дағдыларды
қалыптастыратын оқытудың бірегей түрі. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді айқындады:
1. Әдістердің түрлілігі.
2. Белсенді практикалық іс - әрекетте болу.
3. Басқалармен қарым - қатынас жасай білу, басқаларды тыңдай білу.
4. Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.
5. Топтық тұжырымға келе білу.
6. Топ алдына шығып, өз ойын айта білу, қорғай білу.
Осының бәрі де:
- өздігінен білім ала білуін
- сын тұрғысынан ойлау іскерлігін,
- кейбір әдістемелік тәсілдерді дағдыға айналдыруын қалыптастырады. [3,2б.]
Жоғарыда берілген мәліметтерден әріптесітеріміз байқағандай,сабақ барысында
қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің оқушының сын тұрғысынан ойлау қабілетін шыңдап,оның
жеке бір қырлары,қасиеттері көрініс беріп,тың ойлар айтуға талпынып жатқандары
қуантады.
Өз іс- тәжірибемде қолданып жүрген оқушыны сыни ойлауға жетелейтін, ,топтық
жұмыс барысында бірлескен белсенді әрекетке жұмылдыратын бірнеше әдіс-тәсілдерді
ұсынамын. (слайдтар)
«Балалар философиясы»
Мұғалім тақырыппен таныстырып, үдерісті түсіндіреді. Оқушыларға дереккөздерді
пайдалана отырып толығымен талқылап, сұрақтар құрастырады.Ойды дамытатын жоғары
деңгейлі сұрақтар құрауға да мүмкіндік алады. Бір-біріне сұрақ қою арқылы оқушы ойы
тереңдей түсіді.Оқушлар арасында бірлескен әрекет орнайды.
«Тікелей радиоэфир»
Оқушыларды белсенді тыңдау,көптеген талқылау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
«Айналмалы бекет»
Оқушылар өзгелердің идеясына сүйеніп,проблеманы немесе мәселені толығымен
қамтуын көздейді, сондай-ақ олар жылдам белсенді болуға ұмтылады.
«Жаялық» немесе «Пирамидалық талқылау» әдісі
Флипчарт қағазының ортасына кіші төртбұрыш салып,қағаз бетіндегі бөліктерге әр
оқушы тақырыпқа қатысты сұрақ жазып,оған жанындағы оқушының жауап беруі
күтіледі.Негізгі сұрақты мұғалім береді.Сұрақ талқыланады. Бұл әдіс оқушылардыңпікір
айту, сөйлеу дағдысын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |