Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет163/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   176

330 
 
инновациялық  әдіс-тәсілдер  жайлы  білім;  инновациялық  әдіс-тәсілдерінің  тиімді  жолдарын 
қарастыру; инновациялық  әдістерді меңгеру;  инновациялық  әдіс-тәсілдерді  пайдалану және 
білім  беруді  ұйымдастыру  формалары;  инновациялық  әдіс-тәсілдерінін  нәтижесінің  болуы; 
инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті 
басшылыққа 
ала 
отырып, 
педагогикалық 
шеберліктің 
басқа 
құрауыштарының 
маңыздылығын жоққа шығармаймыз.  
Адам  қажырлы  еңбегімен  табиғатты  өзгертсе,    мұғалім  жалпы  жасампаз  еңбегімен 
жаңа  адамды  қалыптастырып,  дамытып,  жетілдіріп  өмірге  дайындайды.  Оқушыларын  тек 
біліммен  қаруландырып  қана  қоймай,  назарын,  білгендерін  жадында  сақтауға,  қабілетін, 
ойлауын,  тіл  шеберлігін  ұштауға,  дүниеге  деген  құштарлығын,  өмірге  деген  көзқарасын 
дұрыс  қалыптастырып,  ықыласын,  сенімін,  төзімділігін,  іскерлігін,  ізденімпаздығын  тағы 
басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің 
өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды. Педагог — өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, 
өз  пәнін  терең  меңгерген,  ғылым  мен  өнердің  тиісті  салаларынан  хабардар,  жалпы,  әсіресе 
балалар  психологиясының  мәселелеріне  қанық,  оқыту  мен  тәрбиенің  әдістемесін  жетік 
игерген маман  болуы  тиіс. 
Аймақтық    білім    мекемелерінде      инновациялық    әдістер    мен    оқу    формаларын  
пайдалануда  білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру  –  жаңа  инновациялық  әдістер  мен  оқыту 
технологияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын 
жүзеге  асыра  отырып,  оқу-  тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен  сапасын 
жоғарылатуды  көздейді.  Бүгінгі  күннің  талабына  сай  білім  саласында  жаңа  технологиялар 
қолданудың маңызы зор. 
Қазіргі заманның әлеуметтік экономикалық жағдайында оқушылардың білім деңгейін 
көтеру  белгілі  бір  дәрежеде  жеке  тұлғаның  өзін  –  өзі  жан  –  жақты  танып  білуі  мен 
қалыптасуына  жағдай  жасауға  бағытталған.  Осыған  орай  оқушылардың  білімін  тереңдету 
мақсатында жаңа технологиялық бағдарламалар қосылуда.       
Сабақ  барысында  бір  ғана  тәсілмен  шектелмей,  өз  сабақтарымда  қазіргі  таңдағы 
инновациялық  технологияларды  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  байланысты  таңдап 
қолданамын.  Атап  айтсақ,  модульдік  технология,  сын  тұрғысынан  ойлау,  тірек-  сызба, 
дамыта  оқыту,  деңгейлеп-саралап  оқыту  т.б.  Мен  үшін  әрбір  сабаққа  жаңалықтарды,  озық 
тәжірибелерді  пайдалану  үлкен  жетістіктерге  жетелейді.  Өзімнің  әрбір  сабағымда  озық 
технологияларды  пайдалану  жақсы  нәтижелер  бергенін  көрудемін.  Кез  келген  сабағымда 
тақырып  бойынша  жаңалықтармен  таныстыру  арқылы  бастау  дәстүрге  айналды. 
Қызығушылықты арттыру арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін қызық  өтуіне 
себеп. 
Қазақ  тілі  пәнін  оқытуда  жаңа  технологиялардың  элементтерін  қолдана  отырып, 
деңгейлеп  оқыту  технологиясына    да    ерекше  көңіл  бөлемін.  Өйткені,  бұл  технология 
баланың  жеке  мүмкіндігіне бағытталған. Ғалымдар Л.Выготский, В.Давыдов, Д.Эльконин 
т.б.  осыны  түбегейлі  зерттеп,  оқыту  мен  даму  арасындағы  тығыз  байланысты  анықтаған. 
Сабақ барысында қандай оқушы болмасын І деңгей тапсырмасын орындайды, Әрбір оқушы І 
деңгей  тапсырмасын  орындауға  міндетті  және  одан  жоғары  деңгейдің  тапсырмаларын 
орындауға  құқылы.  Деңгейлеп  –  саралап  оқытудың  тағы  басты  қажеттілігі,  оқушыны  өз 
бетімен ізденуге үйрету, олардың шығармашылық бейімділіктері мен икемділіктерін дамыту.  
Жеке  тұлғаның  қалыптасып,  ой  –  өрісінің  дамуы,  белсенділігіні,  білім  алу  қажеттілігі,  оны 
өмірде  іс  –  тәжірибеде  қолдану,  шығармашылық  міндеттерді  ойдағыдай  шешудің  негізгі 
құралының бірі – оқушылардың өзіндік жұмысы болып табылады. 
Деңгейлеп – саралап оқытудың және бір бағыты – тәрбиелік. «Адамға ең бірінші білім 
емес, тәрбие берілуі тиіс. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», деп Әбу – Насыр 
әл – Фараби айтқан. 
Қазіргі  педагогикада  пайдаланып  жүрген  технологиялардың  бірі  және  бірегейі  – 
модульдік оқыту технологиясы. Бұл технология қазіргі қазақ тілі пәнін оқытудағы тиімді әдіс 
болып  саналады.  Осы  мақсаттың  орындалу  жолында  тілдік  материалдарды  модульдік 


331 
 
жолмен ұсыну уақытты да үнемдейді, әрі оқушылардың  практикалық  жолмен жұмыс істеу 
дағдысын  жетілдіреді.  Олар  түрлі  тараулар  мен  тақырыптар  бойынша  дайындалған  тірек 
кестелерімен,  мәтінмен,  басқа  да  ізденімпаздық,  шығармашылық  бағытта  орындалатын 
жұмыс  түрлерімен  өздерінің  іскерлік  дағдыларын  қалыптастыра    алады.        Осы  орайда 
шығармашылық жұмыс түрлерін көбірек ұсыну, ойын түрлерін беру, оны кейін практикалық 
тұрғыда  қолдана  білуге  үйрету  жұмыстары,    оқушыларды  шығармашылыққа, 
ізденімпаздыққа жетелейді. 
Жас ұрпаққа саналы білім беру үшін мұғалімдер қауымдастығының қосатын үлесі зор. 
Ал білім мен тәрбие негізі тіл арқылы беріледі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, 
Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан 
да 
мемлекеттік 
тілдің 
оқытылу 
жағдайына 
көп 
көңіл 
бөлініп 
отыр. 
Мемлекеттік  тіл  мәртебесін  асқақтатып,  дәріптеу,  қолдану  аясын  кеңейту  жолында 
қолданысқа  еніп  жатқан  оқытудың  жаңа  технологияларының  ықпалы  зор.  Осы  тұрғыдан 
келгенде  қазақ  тілі  сабақтарында  инновациялық  технологияларды,  әсіресе  интерактивті 
тақтаны  жиі  қолданамыз.  Инновация  терминінің  өзі  ағылшын  тілінің  «innovation»  деген 
сөзінен 
шыққан, 
«жаңашылдықты 
енгізу» 
деген 
мағынаны 
білдіреді. 
«Жаңа» деген түсінік, жақында пайда болған. Ашылмаған, ғылым аймағына және практикаға 
қатысты,  жаңалық  әртүрлі  түрде  қолдануы.  Практикалық  идея,  лабораториялық  іс  – 
тәжірибе,  мекемелер  мен  ұйымдарда  жаңа  идеяны  іске  асыру.  Соңғы  кезде  жаңалық 
«новация»  ұғымы  ретінде  кездеседі.  Новация  дегеніміз  –  бұл  лабораториялық  емес  жаңа 
идеяны  бірінші  рет  жүзеге  асыру,  ғылым  жүзінде  пайда  болса  да,  практикада  негізделген. 
Жаңалық  енгізу  –  мекемеге,  ұйымға  және  жергілікті  аймақтық,  мемлекеттік  мекемелерге 
енгізілген  үлгіге  бағытталған.  Инновацияда,  жаңалық  енгізу,  новация  бір  –  бірімен  тікелей 
пән  ретінде  байланысты.  Инновациялық  процесс  түсінігі,  ол  барлық  динамикалық 
процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілер, барлық жаңалықтардың 
өзгеруіне  байланысты.  Білім  беру  жүйесіндегі  инновация  -  білім  мақсатына  жаңашылықты 
енгізуді  көздейді,  оқыту  мен  тәрбиенің  жаңа  әдісі  мен  түрлерін,  жаңа  мазмұнын  әзірлеуге, 
қолданылып  отырған  педагогикалық  жүйені  тарату  мен  енгізу  мектепті  басқарудың  жаңа 
технологияларын  әзірлеу,  мектеп  тәжірибелік  орын  ретінде  мектептің  принципі  жаңа 
білімділік бағдары мақсатын, мазмұнын, әдісін түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін 
жүйелі сипаттама білім мен тәрбие беруді көздейді. 
Инновациялық  процестің  дамуына  2  -  фактор  ықпал  етеді:  Объективті  фактор  – 
инновациялық қызметтің дамуына ықпал ететін және оның нәтижесінің ұғымын қамтамасыз 
ететін  жағдай  жасау.  Субъективті  фактор  –  инновациялық  процестің  субъектісімен 
байланысты,  ол  инновациялық  процестердің  субъектілері  педагог  -  ғалымдар,  мұғалімдер 
мен инновациялық бағыттағы білім саласының қызметкері болып табылады. Педагогикалық 
инновацияларды  классификациялау  нәтижесінде  біз  әдістемелік  инновацияларды  көбірек 
қолданамыз. 
Әдістемелік  инновациялар  -  бұл  оқыту  мен  тәрбие  беру,  сабақ  беру  мен  оқу,  оқу  – 
тәрбиелік  процесті  ұйымдастыру  әдістемесі  саласындағы  инновация.  Олар  табиғи-ғылыми 
және  гуманитарлық  пәндерді  қамтитын  мектепке  дейінгі  тәрбиеден  жоғары  білім  беруге 
дейінгі  оқыту  процесін,  кадрларды  даярлау  және  қайта  дайындауды  қамтитын  білім  беру 
саласында кең тараған. 
Жаңа  нәтижеге  бағытталған  білім  –  инновациялық  білім.  Құзіреттілік  білім  беру 
жағдайында  қоғамның  мәдени,  әлеуметтік,  экономикалық  сұранысты  қанағаттандыратын, 
әлемдік  бәсекеге  төтеп  бере  алатын,  теориялық  білімін  кез  келген  жағдайда  өз  іс  - 
тәжірибесінде пайдалана алатын білім.  
Инновациялық  білім  беру  –  іскерліктің  жаңа  түрі.  Инновациялық  қызмет  оқу  ісін 
дамытуға,  пәндердің  мәнін  тереңдетуге,  оқытушының  кәсіптік  шеберлігін  арттыруға  басқа 
жаңа  технологияларды  енгізуге,  пайдалануға  және  шығармашылық  жұмыстар  жүргізуге 
бағытталған.  Мұндай  технологияларды  қолдану  –  біріншіден,  оқытушы  ұтады,  яғни  ол 
сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау