Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет47/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61

173
дер элементтері жақсы дешифрленеді. Бердердің түрлерін сте-
реоскопиялық əдіспен танып біледі. 
Елді-мекен пунктерін дешифрлеуҚалалық, қала типті ауыл-
дық тұрғылықты жерлер сапалы, жақсы ғарыштық түсірістер 
арқылы дешифрленеді. Қалалық жерлерді қосымша деректерсіз 
тану өте қиын, ол тұрғылықты жердің орналасуына, жобалық 
құрылымына жəне кіру жолдардың сапасына байланысты.
Ең жақсы дешифрлеуге тура сызықты жобалық пішінді көп 
қатарлы жəне кварталды салынған құрлыстар жатады. Бас-
қаларына қарағанда нашар анықталатын түсірістерге ретсіз, си-
рек салынған құрылыстары бар ауыл-аймақтар жəне де жол бой-
ында қатармен салынған құрлыстар жатады. 
Жол тораптарын дешифрлеу. Сызықты нысандарға жата-
тын транспортық тораптар түсірімдерде көрсетілген объект ау-
данының минималды еніне қарағанда, түсірімдегі жолдардың ені 
4 есе кем болады. Құрлықтық, грунттық жолдар жəне шосселер 
анық көрсетілуі қажет. Темір жолдар түсірімде анық бейнеле неді 
жəне темір жол бойындағы алынған жер немесе төгілген жерлер 
бейнелері бойынша анықталады.
Ұсақ масштабты көріністі көру.  Жер бетіндегі нысандарды 
ғарыштан көру үшін ультракүлгінді көрінетін, жақында, орта 
жəне алыс инфрақызыл диапазонында, микротолқынды радио-
толқындар қолданады. Соңғысы жағдайда генератор энергиясын-
да тасымалданатын құрылғы. Мұндай жүйе активті деп атала-
ды. Өзіндік немесе күн сəулесінің шағылуынан қабылдайтынды 
пассивттік түсірім жүйесі дейді.
Дешифрлеудегі генерализация жəне оның түрлері. Тапсыры-
сына, тақырыбына, нысанның зерттелу жағдайына қарай ірі мас-
штабпен салыстырғанда, ұсақ масштабта деректерді қабылдау 
немесе өңдеуді генерализация дейді. Мысалы, өзеннің көптеген 
бұрылыстары мен салалары болуы мүмкін, алайда, үлкен терри-
торияны қамтитын шолу картасында мұндай өзен тік сызықпен 
бейнеленеді. Осыған сəйкес, шын мəнінде аудандық нысан-
дар болып табылатын қалалардың шолу картасында нүктемен 
көрсетіледі. Басқаша айтқанда, дешифрлеу кезінде географиялық 
нысандар мен құбылыстарды картада ғылыми түрде іріктеп 


174
жəне жинақтап қорыту процесін генрализация деп атайды. Оның 
бірнеше түрлері бар.
Картографиялық генерализация - картаның картографы неме-
се редакторы тағайындайтын ценз жəне нормамен сəйкестендіре 
таңдай отырып, нысанның басты типін айқындап көрсететін түрі.
Қашықтық генерализация  – техникалық фактордың ке 
ше-
німен (түсірім биіктігі мен əдісі, спектрлі диапазон, масштаб, 
шешілім) жəне табиғи ерекшелігі мен жергілікті жердің сипа-
ты, атмосфералық жағдай, т.б. пайда болған бейнені суретте 
геометриялық жəне спектрлі түрде бейнелеу. 
Автоматтық немесе алгоритмдік генерализация - алгоритмді 
жəне формальды критерий мен берілуіне сəйкес ғарыштық 
суретті сұрыптау.
Динамикалық генерализация  – анимацияны механикалық 
жинақтауда, уақытына қарай біршама тұрақты нысан мен құбы-
лыстың бастысын ерекшелеп көрсету.
Кеңістік деректер генерализациясы – геоақпараттық жүйедегі 
кеңістік нысандар туралы позициялық жəне атрибутивті дерек-
терді автоматты немесе интерактивті режимде генерализация-
лық операторды пайдаланып, картографиялық қабылдау жəне 
əдістерін генерализацияға сəйкестендіру. Олардың негізгілеріне 
қарапайымдату, кедір бұдырын реттеу, сызықтарды жіңішке 
түрде беру, сирету, сұрыптау, қайта жіктеу, агрегаттау, қосу, жабу, 
сызықтарды үзіп-үзіп, пішіндерін қарапайым етіп беру.
Ол мəліметтерді өңдеудің бірнеше сатыларынан өткізіп ба-
рып, пайдаланушыға жеткізу үлкен интеллектуалдық жəне ма-
териалдық ресурстарды талап етеді. Мысалы, түсірілімдердің 
саны жылдам көбейіп кетеді де, тек бір ғана аппараттан алына-
тын суреттер мыңдап, тіптен миллиондап саналады. Оларды 
əртүрлі дəрежеде өңдеу жəне сақтау арнайы аппараттарды, арнау-
лы кəсіптік бағдарламаларды жəне білікті кəсіпқой мамандарды 
талап етеді. Ал енді сол суреттерді соңғы пайдаланушыға жеткізу 
негізінен интернет арқылы жүргізілетінін айтсақ, бұл істің де 
оңайға соқпайтындығын түсінуге болады. 


175
9.2. Каспий теңізі жағалауының экологиялық 
карталарын жасау 
Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байла-
нысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын 
маңызы өте зор. Сонымен қатар, сол маңдағы шөлді алапқа 
ылғал əкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі атқарады, соны-
мен қатар, бұл өлке мұнай мен газ өндірудің көзі. Пайдасы мен 
бірге мұнай жəне газ өндірудің қоршаған ортаға тигізетін зиян-
ды əсерлері де аз емес. Жерге төгілген мұнай қалдықтары мен 
алаулы оттықтар төңірегіндегі топырақты барынша ластауда, 
ол өз кезегінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне ғана емес, 
адамдардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде. 
Соңғы жылдары Каспий теңізінде еселеп мұнай өндіруге бай-
ланысты теңіз деңгейінің табиғи көтерілуі аймақтың экологиялық 
тыныс-тіршілігін шиеленістіріп отыр.
Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты да бұл аймақ таби-
ғи апат жағдайына ұшырады. Сөйтіп, табиғат компоненттерінің 
өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:
- экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі əрекет 
етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс 
істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының қүрт 
нашарлауы;
- мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дү-
ниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық ша-
шатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;
- осы теңізге ғана тəн итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;
- аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері əсері (жел 
эрозиясы).
Міне, осындай жағдайларды білу арқылы адамзат ауыл 
шаруашылықты, құрылысты, тіршілікке қауіпті жағдайды бағ-
дарлап, табиғаттың қауіпті құбылыстарын алдын ала біліп, сақ-
тану шараларын жүргізуге көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Қор-
шаған орта жағдайының өзгеруі адамзат тіршілігіне байланысты 
процесстердің əсерінен болатыны сөзсіз. 
Теңіздің көтерілуі тек Қазақстанға ғана емес, оның маңын-
дағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. 


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау