Дүниетану 3- сынып 10.04.2014
Сабақтың тақырыбы: Ауыл және қала адамдарының еңбегі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырыпты оқушыға жеткізу арқылы ауыл мен қала еңбектерінің айырмашылығы және маңызы туралы түсінік беру ; «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Мәтіннің мазмұны арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік: Мәтіндегі негізгі ой мен түйінді идея арқылы еңбек сүйгіштік қасиетті бойға сіңіре білуге үйрету;
Түйінді идеялар:
Оқушы ЖАДА да когнитивтік ойлауын дамыту, дербес оқудың мәнін түсініп, бірлесе оқуды қалыптастыру
Сабақтың көрнекілігі: ватман қағаз, PowerPoint таныстырылымы
Күтілетін нәтиже: диалог арқылы бірлесе мақсатқа жетудің жолдарын қарастырады, топтық жұмыстағы өз ролін мінсіз атқарады, серіктестерінің алдындағы жауапкершілік орнығады, белсенді оқушылар басқа оқушылардың танымдық іс әрекетке тартылуын қадағалайды
Достарыңызбен бөлісу: |