Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет45/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   61

163
1997-1999 жылғы суреттерден қарсыз учаскелер даму дина-
микасының мен пішінінің бір-біріне ұқсастығы көзге ерекше 
түседі. 
Дəл осындай ұқсастық  1997, 1998  жəне 1999 жылдар  су-
реттеріңдегі қарсыз учаскелер шекараларын бір-бірімен кеңіс-
тіктік қабыстыруда, одан да айқын байқалады (8.12-сурет). 
8.11-сурет. СЯП аумағының қар жамылғысы мен температуралық 
алаңының NOAA/AVHRR каналынан 07.03.1999 жылы алынған суреттері 
8.12-сурет. Семей полигоны аумағының кар жамылғысы мен 
температуралық алаңының   1997, 1998 жəне 1999 жылдардағы қарсыз 
учаске контурларының салыстырмасы.


164
Сөйтіп, жоғарыда көрсетілген фактілерге сүйене отырып, Семей 
ядролық полигоны аумағында жоғары термалды өршу зонасы бар 
деп тұжырымдауға əбден болады. Қардың ерте еріп кетуі жəне 
жер беті температурасының жоғарылығы – ол көптеген ядролық 
жарылыстардан туындаған терең термальды процестердің əсері. 
Оған да себеп бар. Полигон территориясы арқылы бірнеше терең 
қабаттық жарылымдар өтеді. Ядролық көпжылғы жерасты жа-
рылыстары геологиялық ортадағы орныққан тəртіпті мүлдем 
басқаша өзгертіп жіберетіні белгілі. 
Осы анықталған температуралық ауытқуды одан əрі зерттеуде 
Қазақстан ҒЗИ америкалық TERRA ЖЖС-нің MODIS деректе-
рін пайдаланды. 2000-2001 жылдардағы ғарыштық суреттерден 
жер бетінің жалаңаштанған учаскелерін анық көруге болады 
(8.13-сурет).
Бүгінде «Қазғарыш» ҰҒА-нің Ғарыштық зерттеу инсти-
тутында күшті агрометереологиялық цифрлі деректер жəне 
8.13-сурет. а - 11.03.2000 жылы AVHRR/ NOAA жəне б – TERRA 
серіктерінен алынған СЯП ғарыштық суреттері
Қазақстан территориясының 1985-1998 жылдар аралығындағы 
алынған ғарыштық суреттер базасы бар. Міне осындай бай 
ақпараттық деректердің Семей ядролық сынақ полигонындағы 
температуралық ауытқуларды талдауда жəне шығу себептеріне 
баға беруде қолданылатынына күмəн жоқ.


165
8.5. Жер ресурстарын мониторингтеу арқылы жердің 
құнарлылығын бағалау
Қазақстан Республикасы 2 701 млн. гектардай үлкен жер ресур-
старын алып жатыр, оның 220 млн. гектары ауылшаруашылығы 
алаптары, яғни адамдарға қажетті азық-түлік өндіретін бірден-бір 
табиғи ресурс. Біздер əрқашанда жердің өзіне тəн ерекшелігін, 
маңызы мен мəртебесін есте ұстауымыз қажет. Жер – өндіріс 
құралы. Адамдар жерді пайдаланып жұмыс істейді. Оның үстіне 
ол – өндіргіш күш. Себебі жерге бидай тұқымын ексең, ол күзде 
бірнеше есе көбейіп шығады. Енді осылардың сыртында жер – 
табиғи фактор. Бүкіл жаны бар тіршілік оның аясында дамиды, 
одан қуат алады, қоршаған ортаға жағдайына байланысты өзгеріп 
отырады.
Сондықтан да Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стра-
тегиясының қайнар көзінің бірі – жер ресурстарын тиімді пайда-
лану. Осы мəселені шешуге баса көңіл аударылуда. 
Алайда, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі төмен 
жағдайда қалып келеді. Бүгінгі таңда егістік жердің өнімділігін 
көтеру үшін топырақтың құнарлылығын арттыру, экологиялық 
жағдайды жақсарту өте маңызды. Міне, сондықтан, болашаққа 
серпін беретін аса маңызды мəселелердің бірі - ол жер ресур-
старын, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді 
ұтымды əрі нысаналы пайдалану, оны бақылау жəне қорғау. 
Сөз жоқ, ауыл шаруашылығы дамыса, ауылдарымыздың да 
көркейе түсетіні анық. Міне, осы іске үлес қосуда Жер ресур-
старын басқару агенттігіне үлкен міндеттер жүктеліп отыр, яғни 
Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында бірыңғай 
жүйе мен технология бойынша мемлекеттік жер кадастрын 
жүргізу жəне жер туралы ақпарат ресурстарын қалыпқа келтіру, 
жер мониторингін жүргізу. 
Қазақстан территориясының көлемін ескере келе, осы алға 
қойған міндеттерді қысқа мерзімде жəне ең аз шығынмен орын-
дау – тек ең озық технологияларды, яғни Жерді қашықтан зонды-
лау жəне ГАЖ-ды пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.
Сөйтіп, Қазақстанда 1997 жылдан берi ауыл шаруашылығы 
алқаптарының ғарыштық мониторингi жүйесi дамуда, олардың 


166
көмегiмен жыл сайын егiс көлемi мен дəндi дақылдардың жай-
күйі, астық келешегі анықталуда.
2001 жылдан берi Батыс Қазақстан облысының (Ақ Жайық) 
ғарыштық мониторингi жүйесi жұмыс істеуде, олардың шең-
берiнде ауыл шаруашылығы алқаптарының мониторингі, өрт 
ошақтары мен су басқан аймақтарды карталау, Қарашығанақ 
мұнайгазконденсатты кен орындарының жəне бұрынғы Азғыр 
сынақ полигоны аудандарындағы экологиялық жағдайды бақылау 
мiндеттерi шешiлуде.
Қазіргі кезде ҚР ғарышты зерттеу институты Мемлекеттік 
жер ресурстары агенттігімен бірлесе отырып, Жер ресусрста-
рын мониторингтеу жəне ауылшаруашылық жерлерін тиімді 
пайдаланудың ақпараттық жүйесін (ЖРМЖ жəне АЖТПАЖ) 
құрды (8.14-сурет)
8.14-сурет. Жер ресурстарын мониторингтеу мен тиімді пайдаланудың 
ғарыштық жүйесінің (ЖРМЖ АЖТПАЖ) құрылымы
ЖРМЖ жəне АЖТПАЖ Қазақстан Республикасының ұлт-
тық ғарыштық бағдарламасы аясында ақпараттық үш ағымды 
біріктіреді. Олар: Жерді жүйелі түрде ғарыштан зонды-
лаудың мəліметтері, жер пайдаланушылар мен жер кадаст-
рында жинақталатын жер учаскелері жəне жыл сайынғы егіс 


167
алқаптарындағы астық өнімділігі туралы статистикалық мəлі-
меттер. 
Сөйтіп, қазіргі күні Қазақстанда мемлекеттік жер кадастрының 
автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жұмыстары белсенді си-
пат алуда. Бұл жұмыстар инновациялық технологиялар қолдану 
арқылы іске асырылуда. Атап айтқанда, жер телімдерін ғарышта-
ғы спутниктер арқылы межелеу, спутниктерден жердің сапасы ту-
ралы алынатын мəлімет-ақпараттарды пайдалану, географиялық 
ақпарат жүйесінің (ГАЖ) технологиясын пайдалануды кеңейту, 
интернеттік сызу технологиясын пайдалану секілді көптеген 
технологиялық іс-шаралар орындалуда.
Ғарыштық мониторинг жүйесі:
- Қазақстан территориясын əртүрлі биіктіктен (5 метрден 
1000 м) түсірген суреттерін алуға;
- əртүрлі спектрдегі толқындардың (көрініп тұрған, инфра-
қызыл жəне сантиметрлік) диапазонында жəне кез келген уақыт 
тəулігінде түсіруге;
- кез келген аудандарды, оның ішінде қол жетпейтін қиын 
учаскелерді бірнеше рет қайталап түсіруге мүмкіндік береді.
Бүгінде ғарыштық түсірімдерден алынған мəліметтер ауыл 
шаруашылғында, яғни жердің құнарлылығын арттыру, жерді су-
ландыру, агротехникалық т.б. шараларды жүзеге асыруда кеңінен 
колданылуда. Мəселен, жердің өнімділігін бағалау жəне мо-
ниторинг жүргізу үшін өсімдіктердің мезгілдік динамикасын 
көрсететін карталардың екі түрі ең үлкен қызықтылық тудырады. 
Біріншісі, ауылшаруашылық өсімдіктерінің шығымы мен 
жасыл биомассаның өнімділігін апта сайын бақылап отыратын, 
NDVI индекстік картасы (8.15-сурет). 
Бұл карталар егіс алқаптарының аудандарын анықтау, ас-
тық өнімділігін алдын ала болжау, агратехникалық шаралар-
ды жүргізудің мерзімі мен сапасын бақылау жəне басқа да 
мəселелерді шешуге пайдаланылады.
Екіншісі, өсімдік жамылғыларына ауа райының əсерін апта сай-
ын бақылап отыратын VCI индекстік карта (8.16-сурет). 
Бұл суреттерден еліміздегі 1998 жылғы құрғақшылық жə-
не 2002 жылғы өнімділіктің карталарын салыстыруға бола-
ды. Мұндай карталарды жасау технологиясы бірнеше өңдеу 


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау