Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет46/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61

168
8.16-суретҚазақстан территориясындағы биомассаның мезгілдік 
өсіп-өну динмикасы
8.15-сурет. Қазақстан территориясындағы өсімдіктер жағдайының 
мезгілдік динамикасы (2005 жыл)


169
са 
ты 
ларынан тұрады. Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) мəлі-
меттері қабылданып алынғаннан кейін, ҒС-ге геометриялық, 
радиометриялық түзетулер жəне географиялық байланыстырулар 
жасалынады.
Карталаудың келесі сатысында, бейнелерге атмосфералық 
түзетулер енгізіліп, стандартты жағдайға келтіріледі. Əрі қарай 
суреттер дешифрленіп, тақырыптық өңдеуге жіберіледі. Бүгінде 
ҒЗИ-да Қазақстан территориясының мерзімдік NDVI жəне VCI 
карталарының 1985 жылдан бастаптқы архиві жасалынған. 
Осы көпжылғы архив деректерінің негізінде Қазақстан жері 
құнарлылығының картасы да жасалынған (8.17- сурет).
8.17-сурет. Қазақстан жерінің құнарлылық картасы
Осы ЖРМЖ жəне АЖТПАЖ əрі қарай дамытудың кезекті 
үш сатысы бар. Бірінші сатысында ғарыштық мониторинг 
блогі жүзеге асырылады да, жердің құнарлылығы алдын ала 
бағаланады. Ауыл шаруашылығының өнімділігі табиғи фак-
торлармен қатар, əлеуметтік-экономикалық факторларға да 
байланысты. Табиғи факторларға (климат, жер бедері, судың 
жеткіліктігі, топырақтың сапасы жəне т.с.с.) бірқалыпты болып 
келсе, əлеуметтік-экономикалық факторлар (жерді өңдеу техно-
логиялары, коммуналдық желілер, суды тарату каналдары, ауыл 
шаруашылық өнімдерін сақтау, сату бағалары, несие алу жол- 
дары т.б.) негізінде динамикалық болады.


170
Сондықтан да екінші сатыда, ғарыштық мониторинг нəти-
жесінде айқындалған аудандарды бағалаудың табиғи жəне əлеу-
меттік-экономикалық факторлары ескерілген ғылыми-əдістеме-
лік базасы жасалады. Мұндай бірсыпыра деректерді талдау жə не 
бағалау тек ГАЖ арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми-зерттеу 
жұмыстары арнайы сынақ стансаларында (Батыс Қазақстан 
облысының Зеленовский ауданында, Ақмола облысының Шортан-
ды ауданындағы Бараев атындағы институттың егіс алқабында) 
жүргізілді. 
Жүйенің соңғы қорытынды сатысында егістік жерлердің 
өнімдерін жоғарылату, ауыл шаруашылығы тауарларының сапа-
сын арттыру, жаңа құрал-жабдықтар мен жаңа технологияларды 
енгізу, əлемдік тəжірибені пайдалану мəселелеріне баса көңіл ау-
дарылады.Сөйтіп, бүгінгі таңда егістік жердің өнімділігін көтеру 
үшін топырақтың құнарлылығын арттыру, экологиялық жағдайды 
жақсарту өте маңызды. Міне, сондықтан, ЖРМЖ жəне АЖТПАЖ 
жүзеге асыру - аса маңызды мəселелердің бірі. Ол жер ресур-
старын, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді 
ұтымды əрі нысаналы пайдалану, оны бақылау жəне қорғау, азық-
түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі. 
Бақылау сұрақтары:
1.  Жерді қашықтан зондылау деген не?
2.  Ғарыштық табиғи-ресурстық мониторинг қалай жүргіледі?
3.  Ғарыштық мониторинг жүйесі жəне ГАЖ қалай құрылады?
4.  Кеңістіктік шешім деген не?
5. Түрлі-түсті жəне үшмөлшерлі бейнелер қандай құрал-жабдық-
тармен алынады?


171
9. ҒАРЫШТЫҚ СУРЕТТЕРДІ ӨҢДЕУ
9.1. Қашықтан зондтаудың мəліметтерін 
дешифрлеу (бажайлау)
Ғарыштық түсірімдерді дешифрлеу дегеніміз - ғарыш ке-
мелері мен автоматтандырылған ғарыштық станциялардан, шама-
мен алғанда, 150-1000 км биіктіктерден түсірілген бейнесуреттер 
мен теледидар суреттерін зерттеу арқылы сол суреттерде бей-
неленген өңірлердің өзіңдік ерекшеліктерін анықтау. Ғарыштан 
алынған бастапқы деректер өңделмесе, яғни дешифрленбесе, 
онда алынған мəлімет жайлы ештеңе де айтуға болмайды.
Қазақстанда соңғы онжылдықта ғарыштық ақпараттарды қа-
былдау жəне өңдеу, Жердi қашықтықтан зондтау деректерiн пай-
далана отырып, маңызды мəселелерді шешу саласындағы қазiргі 
отандық технологиялар мен бағдарламалар əзiрленіп, күнделікті 
өмірге енгiзiлуде. 2003 жылы ғарыштық ақпараттық техно-
логияларды дамыту отандық ғылымды дамытудың ең басым 
бағыттарының тiзбесiне енгізiлдi. 
Мейлінше ауқымды аймақтарды зерттеудің бұл тəсілі ғылым 
мен шаруашылықтың көптеген келелі мəселелерін тиімді шешу-
ге мүмкіндік береді. Ғарыштық түсірімдерді бажайлау көмегі мен 
аймақтық жəне əлемдік тектоникалық құрылымдардың ерек-
шеліктерін, тектоникалық процестер динамикасын, терең қо-
йнаулар құрылысын, пайдалы қазба кен орындары таралуының 
құрылымдық ерекшеліктерін, т.с.с. геология ғылымы мен іс-
тəжірибесінің маңызды мəселелерін табысты түрде шешуге бо-
лады.
Ғарыштық түсірімдердің жіктемесі.  Ғарыштық суреттер 
өзіндік белгілері бойынша жіктелінеді. Оларды қолдану мүм-
кіншіліктері мен дешифрлеу ерекшеліктері бойынша анықтайды. 
Түсірім көрінісі бойынша төрт түрге бөлінеді:
- əлемдік көрініс планетаның жарықтанған бөлігін немесе 
түгел материкті қамтитынды 1:100000000 - ең ұсақ масштаб-
ты, түсіру биіктігі 20-30 мың км түсірім, ол МЛС «Зонд» жəне 


172
И-СЗ»молния» жəне т.б. аппараттармен жүргізеді. Ал генерали-
зация деңгейі масштабы 1:10000000 аз түсірім көрінісіне сəйкес 
бөліктері жəне жалпы географиялық масштабтармен анықталады.
- аумақтық түсірімдер - көріну аумағы 100 мың км
2
-тен көп 
жəне масштабы 1:5000000-1:10000000 дейінгі анықтауларымен 
сипатталады.
- жергілікті жердің бейнесі, ол 1:1000000-1:5000 000 мас-
штабтағы, географиялық аудан бөлігі мыңдаған км

болатын 
аумақты қамтиды.
- жан-жақты, толық көрініс, оның түсіру ауданы 1:1000000-
1:100000 масштабты жер аумағын қамтиды.
Сонымен қатар, ғарыштық суреттер өзіндік белгілері мен жеке 
көрсеткіштеріне қарай: масштабы мен шолулығы; мүмкіндігі мен 
дəлдігі; түсірімнің қайталануы; жарық немесе жылу инфрақызыл 
диапазондарындағы сурет түрлері болып та жіктеледі.
Қашықтықтан зондтылаудың деректерін пайдаланылудағы 
ең қиын мəселе геометриялық корреляция жəне дешифрлеу-
ден пайдалы ақпарат алу. Мұндағы басты көңіл аударатын 
мəселе - зондтаудың кеңістіктік шешімділігі, яғни мүмкіншігі. 
Шешімділік  - пикселмен жабылған жер беті проекциясының 
мөлшері. Пикселдің мөлшері кіші болған сайын, кеңістіктік 
шешімінің мөлшері жоғары болады.
Дешифрлеу орындаушының квалификациясы мен картог-
рафиялық материалдардың маңыздылығын қажет етеді. Жұ-
мыстың түрінде байланысты суреттерді талдау, тану, оның кейбір 
ерекше жерлерін ескеру өте маңызды.
Гидрография элементтерін дешифрлер.  Ірі масштабты ға-
рыштық суреттерде теңіз, көл жəне өзен жағалаулары гере-
рализацияланған түрде болады, оларды дешифрлеу қиындық 
туғызбайды. Судың беті суреттерде қоңырдан ашық түске 
дейінгі аралықта кескінделетінін көре білу. Мұнда нысан-
дар мен құрылыстар, яғни тұрақты жəне кезеңді кеуіп қалатын 
каналдар мен су қоймаларын калькаға дешифрлеп түсіру ке-
рек. Су жиынтықтарының элементтерін, мұздықтар мен қар 
жамылғыларды контурлап көрсету керек.  Бедер элементтерін 
дешифрлеу. 1:200000 масштабты ғарыштық суреттерде бе-


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау