Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет55/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61

209
5. Атом жарылыстары.
Мысалы: “Шаттл” ракетасының бір ұшуы озонның 0,3% 
бұзылуына əкеліп соғады. Озон қабатының осы тесігінің қайта 
жабылуы ұзақ уақытты қажет ететіндігі ғылыми тұрғыдан 
дəлелденген. 
«Қышқыл жаңбырлар» – соңғы 100 жылдан бері белгілі, бірақ 
оған кейінгі жылдарда ғана көңіл аудара бастады. “Қышқыл 
жаңбыры” деген атты бірінші рет 1972 жылы ағылшын ғалымы 
Роберт Ангус Смит қолданды.
Негізінде, қышқыл жаңбыр күкірттің жəне азоттың атмос-
ферадағы химиялық жəне физикалық реакцияларының əсерінен 
туындайтын құбылыс. Нəтижесінде күкірт (H2SO4) жəне азот 
(HNO3) қышқылдары түзіледі. Соңынан соң бу немесе қышқыл-
дың молекуласы бұлттың тамшыларына араласып, құрғақ не-
месе жаңбыр түрінде жерге түседі. Бірақ адамның өмір тіршілігі, 
іс-əрекеті атмосфераға күкірт пен азоттың қосындысының көптеп 
шығуына ықпалын тигізуде.
Алғашқы қышқылдық жаңбырлар 1907-1908 жж. Англияда 
тіркелген. Əсіресе, қышқылдық жаңбырлар Скандиновия елдері 
үшін, Англия, ФРГ, Белгия, Дания, Польша, Канада, АҚШ-тың 
солтүстік аудандарына тəн.
Астериоидтың немесе комета ядросының Жермен соқтығы-
суы. Климаттың жылдам өзгеруінің бір себебі - Жердің астероид-
пен немесе комета ядросымен соқтығысуы болуы мүмкін, оның 
энергиясы жарылыс немесе соқтығысу кезінде ондаған жəне 
жүздеген тротил эквивалентті миллион мега тоннаға жетеді. 
Қазіргі кездегі мəліметтер бойынша диназаврлардың жойылуы 
жəне ғаламшардың басқа да тұрғындарының қырылуына үлкен 
астероидтың құлауы əсер еткен, себебі жарылыс кезінде көп 
мөлшерде шаң бөлініп, жер атмосферасының түссіздігі жүзде-
ген мыңға азайған. Мұндай соқтығысудың мүмкін еместігіне 
қарамастан, адамзаттың мұндай апаттың болып қалу мүмкіндігін 
елемеуге болмайды.
Қазіргі кезде əр апта сайын жер орбитасына кіретін бірнеше 
астериодтар табылған (олардың саны 440), яғни олар жер-
ге жақындағанда қауіп төндіруі мүмкін. Мəселен, 1994 жылы 
14–246


210
Шумейкер-Леви кометасы Күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшар 
– Юпитермен соқтығысқан. Юпитер ғаламшарының оңтүстік 
жартышарындағы қоңыр таңбалар осы соқтығысу жарылысы-
нан туындаған (10.7-сурет). Сондағы соқтығысу энергиясы, 
1908 жылғы Жерге түске Тунгусс метеоритының энергиясынан 
əлдеқайда асып кеткен.
10.7-сурет. Юпитердегі қоңыр таңбалар
«Ғарыштық ластану немесе ғарыштық қоқыстар». Адамзат 
ежелден бері жер бетінде өз тіршілігінің өшпес ізін қалдырып 
келеді. Қоршаған ортаның ластану мəселесі соңғы жылдары 
тым ушыққан ғаламдық проблемалардың біріне айналып отыр. 
Тіпті жерді қойып, ғарыш кеңістігін де қоқыспен толтырудамыз. 
Əрине, Жер Ананың көлемі шектеулі болса да, ғарыштың шегі 
жоқ, оны қоқыспен толтыру мүмкін емес деушілер де бар. 
Алайда жердің тартылыс күшінен адамзаттың ғарышқа 
шығарған қоқыстарының барлығы дерлік жерге жақын орбитаға 
шоғырланып, сыртымыздан тұмшалап барады. Бүйте берсек, 
ертең ғарыштық зымырандар жерден ары шыға алмай, өзіміздің 
сыртқы кеңістікке шығатын жолымызды өз қоқысымызбен-ақ 
«жауып» тастауымыз мүмкін.
Адамзаттың ғарышты «игере» бастағанына бар-жоғы жар-
ты ғасыр, бұл Жаратылыс өлшемі бойынша қас-қағым сəтке де 
татымайтын тым аз уақыт. Бірақ осы уақыттың ішінде-ақ адам-
зат ғарышқа 4 мыңнан астам зымыран ұшырып қана қоймай, 
ғарыштық кеңістікті түрлі қоқыспен ластап үлгерді.


211
Ғарыштық қоқыс дегеніміз - істен шыққан, бірақ орбита-
да қалып қойған жерсеріктері, зымырандардың жоғарғы саты-
лары мен қозғалтқыш-блоктары, жанармайы таусылған бак-
тар, ыдыраған ғарыштық нысандардың бөліктері. Тіпті мұндай 
қоқыстардың тізіміне пружиналар, болттар, гайкалар сияқты 
ұсақ-түйектер те кіреді. Ал бұл қоқыстар ғарыштық кеңістікті 
сағатына 28 мың шақырымдық жылдамдықпен шарлап жүр. 
Мамандардың айтуынша, қазір жерге жақын орбитада, жерден 
2000 шақырымдық қашықтыққа дейінгі кеңістікте көлемі 1см-
ден асатын 200 мыңдай қоқыс, ал көлемі 1 мм-ден асатын 330 
миллионнан астам қоқыс бар екен! Соның кесірінен қазір кез кел-
ген ғарыштық миссияның жүзеге асуы да көп қатерге тігіледі.
Германияның Фрайбург қаласындағы Эрнст Мах атындағы 
жылдам процестер динамикасы институтының қызметкері, ға-
рыштық қоқыстар мəселесімен айналысатын физик Франк 
Шефердің айтуынша, қоқыстың қауіптілігі - оның асқан жыл-
дамдықпен қозғалуы. Ғарыштағы екі бөлшектің қақтығысу жыл-
дамдығы секундына 15 шақырымды құрайды, бұл дегеніміз 
- са ғатына 50 мың шақырым. Сол себепті көлемі 1 см-ге жетер-
жетпес бөлшектің өзі ғарыштық аппаратты істен шығара ала-
ды жəне ішінде адамы бар басқарылатын аппараттар үшін тым 
қауіпті. Көлемі аса ірі немесе ішінде ядролық, улы заттары бар 
материалдар кей жағдайда жерге тікелей қауіп төндіреді - олар 
орбитасынан ауытқып, атмосфераның тығыз қабаттарында толық 
жанбай жерге құлаған жағдайда елді-мекендер, өндірістік нысан-
дар үшін қауіпті. 
Ғарыштың техногендік қоқыспен ластануын азайту жөнін дегі 
шаралардың қажеттігі БҰҰ деңгейінде қаралды. Өйткені, келе-
шекте ғарыштық қоқыстардың өздігінен көбеюі үрдісі ең өткір 
проблемалардың біріне айналуы мүмкін. 
Ғарыштық қоқыстың пайда болуына қосқан «үлесі» бойынша 
Қытай алда келеді екен. Оның үлесіне қоқыстың шамамен 40% 
тиеді. Одан кейін АҚШ - 27,5%, Ресей, (ҚР) - 25,5% пайыз, қалған 
елдер – 7%. 
Ғарыш аппараттарының қоқыспен соқтығысуына қатысты 
оқиғалар тарихта аз болмаған. Оның ішіндегі кейбірін тізбектесек, 


212
1983 ж. диаметрі 1мм-ге де жетпейтін кішкентай тозаң америкалық 
шаттлдың иллюминаторын шытынатып жіберген. 1996 жылы 
француздың жерсерігі франциялық «Arian» зымыранының бөл-
шегімен соғысып қалған.
2001 ж. ХҒС америкалық астронавттар жоғалтып алған 
салмағы жеті килограмдық құралмен соғыла жаздаған. 2006 ж. 
«Экспресс-АМ11» жерсерігінің ғарыштағы қоқыспен соғылуы 
нəтижесінде ғарыш аппараты орнынан қозғалып, тоқтаусыз шыр 
айналып кеткен. Ғарышты қоқыспен толтырудағы үлесі бойынша 
Қытайдың көш бастауына себеп болған оқиға 2007 ж. орын алды. 
865 шақырым биіктікте Қытай өзінің қолданыс мерзімі аяқталған 
«Фэнъюнь» жерсерігін жою үшін, оған қарсы бағытпен жүріп 
соғылатын арнайы зымыранын ұшырды. Нəтижесінде көлемі 
бірнеше сантиметрлік 2 мыңнан астам жаңа қоқыс пайда бол-
ды. Сол мезетте-ақ, ғарыш кеңістігінің ластануы бірден 22%-ға 
көтерілді. 
Қазіргі ғылым қанша дамыса да, 600 шақырымнан астам 
биіктіктегі ғарыштық қоқысты жоюға қатысты ешқандай тиімді 
əдіс əзірге табылмай отыр. Жер бетіне ғарыштан күн сайын 
жүздеген, мыңдаған тонна шаң қонады, біз оны байқамаймыз, 
əрине. Жерге жақындап кеткен қоқыстар тартылыс күшіне сай 
жерге қарай ұмтылады. Содан кейін, атмосфераның тығыз қабат-
тарында үйкеліп, жерге шаң түрінде түседі. 
Бірақ кейде ғарыштық технологиялармен жасалған аппарат-
тардың ірі қалдықтары үйкелістен туындайтын жоғары темпе-
ратураларға төтеп беріп, жерге құлап жатады. 1979 жылы аме-
рикалық ғалымдардың есебі дұрыс болмай, «Скайлэб» ғарыш 
стансасы атмосферада толық жанбай, 20 тонна металл жерге 
түсті.
Міне, осындай қоршаған ортаның, одан əрі ғарыштың ла-
стауы ауа райы мен климатқа əсер етпей қоймайды. Адамның 
қызметі əрдайым ауа райы мен климатқа тəуелді болады. Сон-
дықтан климаттың өзгеруін бағалау мақсатында ДМҰ БҰҰ-
ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы аясында ғарыштық 
ғаламшарлық мониторинг жүзеге асуда. 


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау