180
Нысандық деңгейге 1:500 масштабтағы векторлық карта-
лар жатады. Актау, Жетыбай, Узень мұнай құбырларының 1:500
масштабтағы карталары 9.6-суретте келтірілген.
9.5-сурет. 1:10.000 масштабтағы векторлық картадан ойыс.
9.6-сурет. Жетібай учаскесіндегі мұнай тасымалдау
құбырларының векторлық картасы
181
Экологиялық мониторинг жүргізуде Жерді қашықтан зон-
дылау (ЖҚЗ) мəліметтері топаграфиялық негізбен беттестірі-
луі қажет. Соның бір мысалы, Каспий аймағын қашықтан
зондылаудың мəліметтерін өңдеудің нəтижелері (9.7 жəне 9.8-су-
реттер).
9.7-сурет. Теңіз аймағының 1:200.000 масштабты топографиялық
картаға салынған ғарыштық суреті
9.8-сурет. «Теңіз» аймағындағы су басып кеткен зоналарды айқындау.
182
Ғарыштық мониторингтен алынған суреттерді өңдеуге топо-
графиялық карталар негіз болады жəне ол келесі тақырыптарды
құрайды: а) гипсометрия; б) биіктік нүктелері; в) тірек пункттері;
г) жол тораптары; д) гидрография; е) құдықтар; ж) елді-мекен
пункттері; з) құмдар т.б.
9.9-суретте «Өзен» мұнай тасымалдау құбыры терри
тория-
сының ғарыштық суреті берілген, ал оның өңделген цифрлы
бейнесі 9.10-суретте келтірілген.
9.9-сурет. «Өзен» мұнай тасымалдау құбыры территориясының
ғарыштық суреті.
Бүгінде Каспий мұнайын игеру жоғары қарқынмен жүргізіліп,
ұзақ жылдарға жоспарлануда. Бұл проблема тек Қазақстан ғана
емес Ресей, Əзірбайжан, Түркіменстан жəне Иран республикала-
рына да тəн ортақ іс. Ең бастысы, Каспий теңізінің фаунасы мен
флорасының əртүрлілігін сақтап қалу, экологиялық проблемалар-
ды шешудің ең тиімді жолдарын қарастыру. Сөйтіп, қарастырып
отырған осы экологиялық мониторинг жүйесінің мақсаты –
қоршаған ортаның ластануын қадағалау, оның ластану дəрежесін
төмендету жəне қауіпті жағдайларды болдырмаудың шараларын
жасау.
183
9.3. Семей ядролық полигоны территориясының
экологиялық карталарын жасау
20 жыл бұрын Қазақстанда Семей ядролық сынақ полиго-
нында сынақ жүргізу тоқтатылды. Ядролық сынақ сұмдығын
жақсы білетін Қазақстан халқы үшін полигонның жабылуы ту-
ралы мəселелер өте маңызды. Əрине, 50 жыл ішінде Семей по-
лигонында 500-ден астам жерасты жəне жер бетінде əртүрлі
жарылыстар болып, жарылған заттардың қуаты Чернобыль апа-
ты кезіндегі жарылғыш заттардың қуатынан бірнеше мың есе
асып кеткен. Осы жарылыстардың 27-сі атмосферада, 113-і жер
бетінде, ал қалғаны жерастында жүргізілген. СИЯП елесімен та-
нысар болсақ, ол мынау: Курчатов – Тəжірибе алаңы – «Атом»
көлі – Ластанған дала - Қираған қала – Ауру бала (9.11-сурет).
1965 жылы СЯП-та қуаттылығы 140 килотонна жары-
лыс жасалды. Осының салдарынан тереңдігі 100 метрден аса-
тын, диаметрі 400 метрлік «Атом көлі» пайда болды. Соңғы
9.10-сурет. Ғарыштық суретті цифрлеп өңдеудің нəтижесі
184
сынақтардан бері 20 жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан,
Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін эко-
логиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ
сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында
күні бүгінге дейін топырақ жəне өсімдіктер ластанған, 1,7 млн
адам мекендейтін 304 мың км
2
жер (Семей, Павлодар, Қарағанды
облыс аумақтары) шөлейттенген, адамдар денсаулығына орасан
зиян келген. Семей ядролық полигонындағы «Балапан» сынақ
алаңы осындай болған (9.12-сурет).
9.11-сурет. Семей ядролық сынақ полигоны
9.12- сурет «Балапан» сынақ алаңы
185
Сол уақыттан бастап-ақ, ғалымдар бұрынғы Одақ пен Рес-
публикамыздың жағдайының ақсауы мүмкіндігін ескертті, жер
жүзінде ядролық сынақтарға қарсы «Семей-Невада» халықа-
ралық қоғамдық қозғалысы ядролық қаруды сынаушыларды
тоқтату туралы талптар көтерді.
Дүниежүзінде тұңғыш рет 1991 жылы 29 тамызда Елба-
сы Н. Ə. Назарбаевтың бұйрығымен Қазақстан жерінде атом
қаруын сынау біржола тоқтатылды. Бұл оқиғаны дүниежүзінің
қауымдастығы қуана қарсы алды. Содан бері 20 жыл өтті десек те,
Семей полигонының жері əлі де байырғы табиғи қалпына келген
жоқ. Экологтардың 2011 жылғы мəліметтеріне жүгінсек, поли-
гон құрамына жататын жердің 95 пайызы ауыл шаруашылығына
беру туралы жобаға (ҚР ҰЯО даярлаған) қарсы екендіктерін
мəлімдейді. Себебі жоба даярлаушылар радиоактивті нуклид-
тер (цезий, стронций, тритий жəне плутоний) мөлшері азайды
деген пікірде. Солардың ішіндегі ең қауіптісі жəне ұзақ жыл-
дар бойы сақталатыны – «плутоний» элементі екендігі баршаға
мəлім. Мəселен, «плутоний-240», толық ыдырап кетуі үшін 6500
жыл қажет, ал ол ыдыраған кезде жаңадан альфа-сəуле пайда
болатындығын Курчатовтағылар елемей отыр.
Семей полигоны территориясында 2005-2008 жж. жүргізілген
радиоэкологогиялық зерттеу нəтижелері жердің радиоактивті ну-
клидтермен ластанған учаскелерін айқындады (9,13-сурет).
9.13-сурет. Семей полигоны жерінің ластану дəрежесі
186
Суретте тек «цезий» жəне «строний» радионуклидтермен лас-
тану ғана көрсетілген. Ал ең қауіпті «плутоний» туралы деректер
əлі жоқтың қасы.
Міне, сондықтан да Қазақстан Үкіметі АҚШ жəне Ресей
үкіметтерімен бірігіп, Семей ядролық полигоны аймағында
эко
логиялық зерттеулерді жүргізуге қол қойды. Ол жұмыстар
Семей полигоны территориясын ғарыштық мониторингтеудің
бірыңғай ақпараттық жүйесін құрып, зерттеу жұмыстарын адам-
зат тіршілігіне қажетті практикалық мəселелерді шешуге негіздеп
отыр.
Семей сынақ полигоны территориясын экологиялық тұрғы-
дан зерттеу ғарыштық «Семей» жəне «Жер» бағдарламалары ая-
сында жүргізілді. Полигон аумағын қашықтан зондтауда АҚШ-
тың NOAA, EOS AM (Terra) жəне Ресейдің «Ресурс-01» жасанды
серіктерінен алынған деректер қолданылды. Сонымен қатар,
шешімділігі жоғары SPOT, Landsat жəне МСР-Э («Ресурс-01»)
мəліметтері пайдаланылды. «Семей» геоақпараттық жүйесінің
қайқұрамында қай елдің ЖЖС-нің деректері пайдаланылған-
дығын 9.14-суреттен байқауға болады.
9.14- сурет. Семей ядролық полигонының геоақпараттық жүйесі
Полигон аумағын мониторингтаудың əдістемесін жасауда
өзіміздің «Мир» ОК-нің «Табиғат» модулінен алынған деректер-
Достарыңызбен бөлісу: |