Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет43/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61

154
күмəнсіз екенін əлемдік тəжірибе көрсетіп берді. ЖҚЗ ғарыштық 
жүйесі елімізде қордаланып қалған көптеген экологиялық пробле-
маларды шешуге себебін тигізетініне зерделі жұрт берік сенімде. 
ЖҚЗ ғарыштық жүйесі жер, орман, су ресурстарын қадағалауда, 
кадастр, картография, мониторинг жəне т.б. салалардағы еңбек 
өнімділігін аса тиімді ете алады.
8.3. Арал теңізі жағалауындағы тұзды-шаң 
борамаларын мониторгтеу
Қазақстан - аумағы бойынша (2717,3 млн.км
2
) тоғызыншы 
орындағы, халық тығыздығы 1км
2
-қа 6,1 адам, əлемдегі халқы 
аз (16,5 млн.адам) бірден-бір мемлекет екені мəлім. Бүгінде 
Қазақстан дүниежүзіндегі экологиялық жағдайы ең қиын елдер-
дің бірі болып отыр. Еліміздің кеңестер өкіметінің кезінде Семей-
дің ядролық полигонындағы жүздеген ядролық жарылыстар, 
Арал өңіріндегі экологиялық апат секілді жойқын зардаптарға 
ұшырағаны осыған себепкер болып отыр. Арал өңірі мен Се-
мей полигонынан басқа еліміздің бірқатар аймақтары (Байқоңыр 
ғарыш айлағы, Каспий теңізі мен Балхаш көлі, Шарын Коньоны 
т.б.) экологиялық ахуалдар жағынан күн тəртібінде тұр.  
Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдемін-
дегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға 
дейін көлемі – 1066 км
2
, тереңдігі – 30-60 метр, ұзындығы – 10-12 
км болған. Қойнауы кəсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға 
мен қамысты теңіз еді. 
Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауына, соңғы 
15-20 жылдар аралығында халық санының көбеюі, суармалы жер-
лер аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы, Арал өңірінде су тұтынудың 
едəуір артуы теңіз деңгейінің төмендеуіне басты себеп болды. 
Бүгінде Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның 
су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 3 
еседен асты. 
Арал теңізінің суы тартылып, орасан зор аумақ тұзды шөлге 
айналды. Теңізден жылына 40 млн. тоннадан 150 млн. тоннаға 
дейін тұзды жел борасын көтеріліп, мыңдаған шақырым шал- 
ғайға дейін тарауда. Арал төңірегіндегі шөлдену процесі же-


155
дел өршіп, шаңды дауылдар жиілеп, топырақ қабаты, өсімдік 
жамылғысы күрт нашарлады. Табиғи орта сапасының нашарла-
уынан жер 
гі 
лікті халықтың денсаулығына қауіпті экологиялық 
жағдай қа лыптасты. Сөйтіп, бүгінде Арал апаты планеталық си-
пат алды. Оның зиянды əсерін қазірдің өзінде көптеген мемлекет-
тер басынан кешуде. 
Міне, осындай жағдайдағы Арал теңізі жағалауын монито-
рингтеу арнайы ғарыштық экологиялық мониторингтеу жүйесі 
бойынша жүргізілді. 
Арал теңіз бассейінің экологиялық мониторингінің жүйесін 
жасау үшін бірнеше кезеңнен тұратын арнайы жоба жасалынды. 
Арал теңіз бассейінінің экологиялық мониторинг жүйесінің 
құрылу ұстанымдары. Ақпараттық технологиялық дамуының қа-
зіргі кезеңінде мониторингтік жүйе құру, əсіресе, экологиялық 
тұрақсыз ортада орындау, тек ашық жүйенің ұстанымдарына 
сүйенгенде ғана жүзеге асады. Ашық жүйенің ең маңызды сипат-
тары – модульдік, деңгейлік жəне модуль мен деңгей арасындағы 
интерфейстер стандарттары. Модуль деп «жүйеге кіру – өңдеу - 
шығу» құрылымдарынан тұратын əртүрлі бағдарламаларды не-
месе олардың блоктарын атайды. Деңгейдің ажырауына жүйенің 
функциялық мақсатқа бөлінуі себеп болады. Жүйенің əр деңгейі 
атқарылатын қызметтерді жүзеге асырады.
Қолданбалылық деңгейдегі жобалауда келесі талаптар ес-
керіледі: 
- құрылымды бұзбай даму жəне қысқарту қабілеттілігі;
- əртүрлі функциялық мақсатқа есептерді шешуге беімділігі;
- барлық технологиялық қатардың модульдік құрылысы, опе-
ратор əрекетінің тиянақты сипттамалары көзделгендігі;
- əртүрлі деңгейлердегі пайдаланушыларға жəне ескі қол-
дан балылық бағдарламаның модификациясын əзірлеушілерге 
жүйенің ашықтығы;
- заманауи геоақпараттық технологияларды қолданатын қол-
данбалы бағдарламалары əзірленген кəсіби интерфейсі барлығы;
- варианттардың есептеулері мен нəтижелерін өздігінен көру-
ді қамтамасыз ететін қолданушымен тату интерфейсі барлығы.
Осы жоғарыдағы талаптар ескерілген «Арал» экологиялық 
ғарыштық жүйесі екі блоктан тұрады: біріншісі – шешілетін есеп-


156
тер пакеті, ал екіншісі – жүйені əрі қарай дамытатын, жетілдіретін, 
əртүрлі ішкі жəне сыртқы интервейстық қабықтар (8.5-сурет). 
«Арал» ғарыштық мониторинг жүйесінің жемісті жұмыс іс-
теуінің кепілі - мониторинг мəселелерін шешетін жалпы техно-
логиялық жүйесін құру. Жалпы технологиялық жүйе мына ке-
зеңдерден тұрады:
- ғарыштық жəне жер беті түсірістері деректерінің жиыны:
- деректерді алғашқы өңдеу жəне жəне ғарыштық суреттерді 
архивтеу:
- əртүрлі жедел карталарды құрастыру;
-  «Арал» ГАЖ-ың қолданбалы есептерін шешу жəне оның 
нəтижелерін жинақтау.
8.5-сурет. «Арал» ғарыштық экологиялық жүйесінің схемасы
Алынған ғарыштық суреттер арқылы Арал теңізі жағалау 
сызықтарының мезгілді өзгерулері жəне теңіз айдынының 
кішіреюі туралы мəліметтер алуға мүмкіндік туғызды. 1996 - 
2004 жылдар аралығында Арал жағалауы өзгерісінің ғарыштық 
суреттері алынды (8.6-сурет). Суреттерден су айдыны ауданының 
мезгілге қарай өзгеріске ұшырағанын жəне теңіздің екіге 
бөлінгенін айқын көруге байқауға болады.


157
Ғарыштық мониториг нəтижелері теңіз акваториясы ауда-
нын анықтаумен шектелмейді, олар теңіз суының басқа белгісіз 
сипаттамаларын есептеуге, сонымен қатар, құрғап бара жатқан 
теңіз түбіндегі тұзды шаң борамасының ауаға көтерілуінің заң-
дылықтарын анықтауға септігін тигізеді. 
Алғаш рет Арал теңізі өңірін қашықтан зондтау 1991 
жылы «Союз ТМ-13» ғарыш кемесінде жүргізілді. Мəселен, 
Т. Əубəкіров ғарышта ұшу кезінде 
8.6-сурет. Арал теңізінің ғарыштық суреттері (1996-2004 жж)


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау