158
Арал теңізі бассейніндегі құмды шаң борасындарын суретке
түсірді, бұл зерттеулер əлі күнге дейін жалғасын табуда.
Аралдың тұзды шаң борасындарын мониторингтеу Аралды
құтқарудың халықаралық қорының тапсырмасы бойынша жүзеге
асуда. Бұл мəселені шешу жүйесі мынандай блоктардан тұрады:
- тұзды борасынның пайда болу ошағын анықтау;
- тұзды шаң борасынының кезеңдерін ерекшелеу;
- аэрозольдардың көтерілуі мен таралуын математикалық мо-
дельдеу;
- ғарышық суреттер деректері мен математикалық есептеулер
нəтижелерін салыстыру;
- тұтынушымен графиктік интерфейс.
Қашықтан зондтау түрлері ақпараттық жүйенің деректер ба-
засына барған сайын кеңірек пайдаланылуда. Əсіресе, үлкен
аумақты немесе Жер бетіндегі экологиялық өзгерістерді талдауда
өте қажат. Мұнда қашықтан зондтаудың кеңістіктік шешімі үлкен
рөл атқарады.
Кеңістіктік шешім деп бір пиксельмен жабылған жер беті
проекциясының мөлшерін атайды. Пиксель - бейнені дискрети-
зациялау, яғни оны əрі қарай бөлуге болмайтын бейне элементі.
Пикселдің мөлшері кіші болған сайын, кеңістік шешімінің
мөлшері жоғары болады.
Жүргізілген зерттеулер нəтижесінде Арал теңізінің үстіндегі
тұзды шаң борамасының пайда болу процесінің бірнеше сериялы
ғарыштық суреттері алынды. Олардың ішінен кеңістік шешімдігі
жоғары, математикалық модельдеуге лайықтылары таңдалады.
Ғарыштық суреттер өңдегелгеннен кейін теңіз жағалауының
бойлық жəне көлденең профильдері тұрғызылады.
Суреттерді Spatial profi le тəртібі бойынша ERDAS Imagine
бағдарлама пакетінде өңдеу арқылы профильдер алынады. Тұз-
ды шаң борамаларының есептелген шоғыры мен ғарыштық
суреттерді бір-бірімен салыстыру ең кіші квадраттар əдісімен,
корреляция коэффициенттерін анықтау арқылы жүргізіледі.
Тұзды шаң борамаларынан таңдалып алынған суреттерден
метереологиялық жағдайлар ескеріліп моделденеді. Есептеулер
нəтижесінде тұзды-құмды шаң борасындарының шығу көзі жəне
борасындардың күші, таралу динамикасы анықталады, сонымен
159
қатар, олардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының
бағыттары айқындалады (8.7-сурет).
8.7-сурет. Ғарыштық суреттер мен математикалық модельдеу
нəтижелерін салыстыру
Бүгінде Арал жағалауын ғарыштық мониторингтеу бес ка-
налды AVHRR радиометрі арқылы жасанды серіктен тəулігіне
2-3 рет жүргізіледі жəне нəтижелері өңделіп деректер қорын
толықтырады.
160
8.4. Семей ядролық полигонының территориясын
мониторингтеу
Қазір Қазақстанда кешендi жəне мамандандырылған поли-
гондар жүйесi құрылып, онда аймақтық ерекшелiктерiн ескере
отырып, экологиялық мониторингтеумен Республиканың барлық
аумағы қамтылуда. Бiрiншi кезекте Арал, Каспий, Балқаш маңы,
СЯП сияқты жəне басқа да экологиялық апат аудандарында
жұмыс жүргізілуі қажет. Ендігі кезек Семей ядролық аумағы жай-
лы болмақ.
Мұнда 40 жылдан астам уақыт 500-ден астам жерасты жəне
жер бетінде əртүрлі жарылыстар болғаны мəлім. Ол жерде қазір
«Сынақ алаңы», «Балапан» жəне «Дегелен» сынақ-тəжірибе алаң-
дары, «Атом» көлі сияқты ескерткіштер бар. Семей сынақ поли-
гонының табиғатқа, тіршілікке əсері төмендеуі үшін əлі кемінде
үш ғасырдай уақыт керектігін ғалымдар дəлелдеп отыр.
Бүігінде ҒЗИ NOAA (АҚШ) жəне Ресурс-О1 (РФ) жасанды
серіктердің деректерін пайдалана отыра Семей полигоны террито-
риясын ғарыштық мониторингтеу мен жылдам карталар жасауды
қамтамасыз ететін заманауи аппараттары жəне бағдарламалары
баршылық. 1998 жылдан бері ҒЗИ «Изотоп» бірлестігімен, ҚР
Ұлттық ядерлік Орталығының геофизикалық зерттеулер инсти-
8.8-сурет. «Семей» ғарыштық бағдарламасының геоақпараттық жүйесі
тутымен жəне халықаралық қолданбалы жүйелі талдау инсти-
туттарымен (IIASA) бірге Семей ядролық полигонының ГАЖ-ын
жасауға қатысты.
161
Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеу-
лерді Қазақстан Үкіметі АҚШ жəне Ресей үкіметтерімен бірігіп
жүргізеді. Ол зерттеулер Қазақстан полигондары территория-
сын ғарыштық мониторингтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін
құрып, зерттеу жұмыстарынан адамзат тіршілігіне қажетті прак-
тикалық мəселелерді шешуге негізделген (8.8-сурет).
Аталмыш ГАЖ бұрынғы деректерді сақтай отырып, оған
еркін кіру мен модельдеуді қамтамсыз етеді жəне де зерттелетін
аумақтың географиялық мəліметтері мен ғарыштық суреттерін
бір-бірімен қабыстырады. Оған мыналар кіреді:
- географиялық жəне ақпараттық деректер базасы (тақы-
рып тық жəне векторлық карталар: геологиялық, радиологиялық
жəне т.б);
- қашықтан зондтау жүйесі;
- векторлау жəне моделдеу жүйелері;
- айын өнімдер (əртүрлі топографиялық карталар).
Қазақстанның «Ғарыштық зерттеу институты» 1996 жыл-
дан бастап қашықтан зондтаудың деректері негізінде еліміздің
территориясын карталау мақсатымен америкалық NOAA серия-
лы жасанды серіктерден тұрақты түрде мониторинг жүрргізіп
келеді. Сол мониторингтеуден Семей ядролық полигонының
8.9-сурет. СЯП аумағының қар жамылғысы мен температуралық
алаңының 1997 жылы NOAA/AVHRR каналынан алынған суреттері
тем пературалық режимінің нəтижесі экологиялық тұрғыдан қы-
зығушылық тудырады. Қыста қар жамылғысының, ал жазда -
11–246
162
өсімдіктер жағдайы мен топырақ температурасының қалыптасу
карталары жасалынады.
1997 жылдың ақпан айындағы ғарыштық суретте (8.9,
а-сурет) СЯП аумағында үлкен қарсыз учаске бейнеленген. Сол
жерді түрлі-түсті (инфра қызыл) диапазонда түсірген сурет
(8.9, б-сурет), температурасы 10°С жоғары қары жоқ бірнеше
учаскелерді көрсетті.
Март айында сол учаскелердің ауданы өзгере қойған жоқ. Əрі
қарай, ауаның температурасы мен жер бетінің жылуы 25°С-ден
жоғарылағанда, ерекшеленген жер учаскелері жалпы фонмен
бірігіп кетеді. Күз айларында ондай аномалиялар байқалмаған.
1998 жылдың ақпанынан басталған құрғақшылықтың Павло-
дар, Ақмола жəне Солтүстік Қазақстан облыстарының түйіскен
жерлеріндегі ошағы Семей полигоны аумағының температуры-
лық жағдайын мүлдем өзгертіп жіберді жəне наурыз айында,
ол құрғақшылық, СЯП территориясы кіретін Қазақстанның
солтүс
тік-батыс аумағын толығымен қамтыды (8.10, а жəне
б-суреттер).
8.10-сурет. СЯП аумағының қар жамылғысы мен температуралық
алаңының NOAA/AVHRR каналынан 12.03.1998 жылы алынған суреттері
СЯП аумағының температуралық жағдайын мониторингтеу
1999 жылы жалғасты жəне оның нəтижелері полигон террито-
риясында тұрақты температуралық ауытқулық бар екендігін
қайтадан дəлелдеді (8.11-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |