176
Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі
теңіз жағалауындағы
та
биғи жайылымдардьщ көлемін тарылтып, құстар мен жа-
нуарлардың мекенін басып қалды. Суға тосқауыл үшін соғылған
бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын
келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен қүстардың ұя
салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайып кету проблема-
сын туғызып отыр.
Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың,
ауа мен то-
пырақтың ластануына, одан əрі экологиялық апатқа апарады.
Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе
түсті. Су құрамында пестицид жəне ауыр металдардың көбеюі
бекіре сияқты бағалы балықтар, теңіз мысығы, құстардың жап-
пай ауруларға ұшырап, қырылып калу фактілерін жиілетті. Соңғы
мəліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40%-ға азайды.
Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауларындағы
мұнай ұнғыларын,
мұнай қоймаларын, мұнай өндейтін өнеркəсіп
орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып,
орасан зор шығын келтіре бастады.
Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тар-
ту Каспий теңізінің экологиясын одан əрі шиеленістіре түсуде.
Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі
аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр.
Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді жылдам-
датып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр.
Мұнай өндіру процесі жер бетінде жəне теңізде де жүргізілуде
(9.1-сурет). Сондықтан, Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемле-
кет (Əзербайжан, Иран, Ресей, Түркіменстан жөне Қазақстан)
Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ-ның Адамды қоршаған орта жө-
ніндегі
бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий экологиялық
бағдарламасын (КЭБ) жасап, оны іске асыруда. Бұл бағдарла-
маның негізгі мақсаты – экологиялық тұрақтылықты дамыту
жəне Каспий аймағының табиғи ресурстарын тиімді басқаруды
қамтамасыз ету.
Мінекей, осындай халықаралық бағдарлама аясында «Қаз-
ғарыш» ҰҒА институттары 1998 жылдан бастап «Эко» жəне
«Каспий» атты ғарыштық мониторингтік зерттеулер жүргізіле
бастады.
177
Осындай үлкен аймақтарды ғарыштан мониторингтеу «Кас-
пий» бағдарламасының ГАЖ-ына негізделеді (9.2-сурет). Бұл
жүйе экологиялық процестер мəселелерін шешуді модельдеу
жəне алдын ала болжау мақсатымен мониторинг жүргізілетін
аймақтың кеңістіктік координаталары бейнеленген мəліметтерді
базаға кіргізу, сақтау, өңдеу, талдауды қамтамасыз етеді.
9.1-сурет. Мұнай өндіру:
а - құрлықта;
ə - теңізде;
б – Каспий теңізінің
ғарыштан түсірілген суреті
9,2-сурет. Каспий бағдарламасының
ГАЖ-дағы схемасы
Сонымен қатар, ГАЖ экологиялық мониторинг жүйесін қол-
данушыларға экологиялық жағдай бейнеленген карталарды да
дайындап бере алады. Ғарыштық «Каспий» бағдарламасының
ГАЖ-ы мынадай кезеңдерден тұрады:
12–246
178
- мəліметтерді алғашқы өңдеу жəне оларды архивтеу. Мұнда
мəліметтер уақыттық, территориялық, нысандық т.б. көрсет
кі-
штеріне қарай жəне дəлдігіне сəйкес құрылымдарға бөлінеді.
- карталау кезеңі. Бұл карта жасау, ондағы нысандарды коор-
динаталық
байланыстыру, нақтылы мəселені шешу туралы жаз-
баша түсініктеме беруді қамтамасыз ететін ГАЖ-дың қызыметі.
Бұл кезеңнің мəліметтері баршаға ашық жəне нақтылы тұ-
тынушыларға бағытталады.
«Каспий» экологиялық мониторингтеу жүйесінің негізгі құ-
растырушылары бір-бірімен тығыз байланысқан. Бұл жүйе-
дегі ең негізгі шешуші рөлді географиялық ақпараттық жүйе
атқаратындығын 9.2-суреттен байқауға болады. Мұндағы мо-
ниторингтеу жүйесін қашықтан зондтау мен жер беті бақы лау-
ларының деректерін өңдеуді ғана емес, сонымен қатар,
сыртқы
жүйелер интерфейсін жəне қолданушыларды қамтамасыз ететін
ақпараттық бірден-бір жүйе деп қараған жөн.
Қарастырып отырған осы экологиялық мониторинг жүйесі-
нің мақсаты қоршаған ортаның ластануын қадағалау, оның ласта-
ну дəрежесін төмендету жəне қауіпті жағдайларды болдырмаудың
шараларын жасау.
Сондықтан да «Қазғарыш» ҰҒА алдына да Каспий теңізі эко-
жүйесінде туындап отырған проблемаларды саралап жəне баға
бере отырып, экологиялық аппараттарға жол бермеу жəне оны тез
арада шешу міндеттері жүктелді. Бұл игі істер - адам баласының
дүниежүзілік маңызы бар Каспий сияқты
су айдынын сақтап қалу
шараларын жасауы.
Мониторинг жүргізу ГАЖ-дың бірнеше сатыларға бөлін-
ген картографиялық мəліметтеріне негізделеді. Мəселен, «Қаз-
ТрансОйл» ЖАҚ-ның Актау-Жетібай-Өзен мұнай тасымалдай-
тын учаскесін басқарудың иерархиялық деңгейлеріне байланысты
катографиялық мəліметтер де аймақтық, территориялық жəне
нысандық деңгейлерде жасалынатындығын төмендегі суреттер
бейнелейді.
Аймақтық деңгейге мониторинг жүргізілетін ауданның
М1:200.000 масштабтағы цифрлы картасы кіреді.
Аймақтық
деңгейдегі карталар шолу сипатты жəне көбінесе сол учаске-
нің орнын, координаталарын жəне географиясын айқындайды
(9.3-сурет).