Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет42/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61

151
Шілік-Шарын полигоны аумағын қашықтан зондтау, Wild 
Heerbug RS-30 əуе камерасы жəне Daedalus AMS 3600 түрлі-түсті 
сканермен жабдықталған, АҚШ-тың əскери ұшағынан жүргізілді. 
Ал позициялау Trimble GPS жүйесімен жүзеге асырылды. 
Қашықтан зондтау деректерін өңдеу жəне ГАЖ-ды құру 
ERDAS Imagine 8.2-бағдарламасы бойынша Pentium III 1100 Mhz 
класты компьютерде жүргізілді. Шарын профилінің Daedalus 
AMS 3600 сканерінімен түсірілген түрлі-түсті бейнесінің бір 
ойығы 8.4, а-суретінде көрсетілген.
Алынған спектрлік бейнелері мен ГАЖ жүйесін қолдану 
негізінде ұшу сызықтарының үшкескінді моделдері (8.4, ə-сурет) 
алынды жəне олар жердің бедерін жақсы көрсетуге мүмкіндік 
берді.
«Шарын» ұшу сызығы - Шарын өзені бойындағы коньон 
тəрізді алқапты жəне оған қарасты шөл аймақтарын көрсетеді. 
Онда мұзбасу периодына дейінгі өсімдік фрагменті болып та-
былатын, осы уақытқа дейін сақталып келген, флорасы ескі-
ден қалған, үшінші флоралы шетен орманы сақталған, соны мен 
қатар, экожүйелердің тұрақтылығын зерттеуге арналған, өте 
үлкен ғылыми қызығушылық туғызатын бай өлке (8.4, б-сурет)
8.4-сурет. «Шарын» ұшу сызығы бойынша алынған мəліметтер 
Ғарыштық суреттерді дешифреу кезінде Land cover кластарға 
бөлу жүйесі қолданылады жəне ол табиғи-ресурстардың эко-
логиялық жағдайын бағалаудың ірі масштабты карталарын жа-
сауға мүмкіндік туғызады. Мұнда класификация класы Land 
cover жүйесімен алынған сурет бейнелеудің кейін бөлінбейтін ең 
кіші құраушысы, яғни пиксел өлшем бірлігіне сəйкес келуі керек. 


152
Картаның тақырыптық мазмұнына байланысты мынадай кластар 
ба: фитоценоздық (өсімдік картасы), биогеоценоздық (экожүйе 
картасы), жергілікті мекендік (ланшафтық карта), табиғи-ау-
мақтық комплекстік жəне т.б.
Келесі бөліну - жоғары рангтің ірі бөлінулерге ұқсас прин-
цип (бедер, топырақ, өсімдік туралы мəліметтерді құрайтын бағ-
дарлама) бойынша жүзеге асырылады. Land cover жүйесі ыл-
ғалдану режиміне қатысты, литологиялық немесе тұздалулық, 
өсімдіктер, экотоп сипаттамалары туралы қосымша мəліметтерді 
де құрайды жəне барлық параметрлердің өзара қатынасын тал-
дайтын база ретінде, инвертаризациялық типтегі экожүйе карта-
сын жасау қызметін атқарады.
ГАЖ өңдеу Arc View GIS 3.0 бағдарламасын қолдану арқылы 
орындалады. Бүкіл зерттелген полигон экожүйесінің кеңістіктік 
құрылымы туралы ақпаратты алу үшін «Ресурс» спутнигінің 
МСУ-СК мəліметтері алынады жəне солардың негізінде ұсақ мас-
штабты табиғи аймақттық шолу картасы жасалады. Ақпараттарды 
толығырақ алу үшін Daedalus сканері жəне Wild Heerbug RS-30 
камерасындағы мəліметтер автоматты түрде өңделеді.
ГАЖ-дың картографиялық негізін инвентаризациялық жəне 
тақырыптық блоктар құрайды.
ГАЖ-дың инвентаризациялық блогы 1:50000 масштабты 
топографиялық карта негізінде құрылды жəне ол келесі тақы-
рыптарды құрайды: а) гипсометрия; б) биіктік нүктелері; в) тірек 
пунктері; г) жол тораптары; д) гидрография; е) құдықтар; ж) елді-
мекен пунктері; з) құмдар т.б. Əрбір тақырыптың dbf форматта 
жеке мəліметтер базасы бар.
ГАЖ-дың тақырыптық блогы  далалық бақылаулар деректері 
жəне қашықтан зондтау профилдерінің спектрлік бейнелері 
негізінде жасалады. Бейнелерді жүйелеу Басқарма классификация 
əдісімен орындалады. Экожүйелер класын бөлу ERDAS Imagine 
редакторлық бағдарламасы арқылы орындалады, бұл ГАЖ-дың 
инвентаризаациялық қабаттары үшін класс жағдайын нақтырақ 
бағалауға мүмкіндік береді жəне ұшу сызықтарының үшкескінді 
моделін құру арқылы бедерді жақсы көрсетуге мүмкіндік береді.
Деректер қорының атрибуттар базасы (ДҚАБ) табиғи-ре-
сурстар құрастырушыларының жай-күйі туралы жан-жақты 


153
мəліметтерден тұрады жəне олар мынандай тақырыптық топтарға 
бөлінген: 
1. шөгінділер геназисі;
2. бедер смпаттамасы;
3. топырақ жамылғысы;
4. өсімдік
Мұндай бөліну құрылымы өсімдіктер жамылғысы мəлі мет-
терін талдау негізінде IDW (Inverse distance weighted) əдісімен 
ArcView GIS 3.0 бағдарламасында тақырыптық карталар се-
рияларын құруға мүмкіндік берді, сонымен қатар, зерттелген 
аумақтағы өсімдік жамылғысының көлденең құрылымының 
интерполяциондық картасы құрылды.
Жерді қашықтан зондтаудың AMPS миссиясы арқылы жұ-
мыс тəжірибесі – қолданбалы экология, биология, жер тура-
лы ғылымдағы көптеген практикалық жəне ғылыми есептердің 
шешілуіне өте бағалы екенін көрсетті. 
Əлемде көлемі жағынан тоғызыншы орын алатын алып ау-
мағымызды тиімді пайдалануға жеткізетін даңғыл жолдың бірі 
осы ЖҚЗ ғарыштық жүйесі. Егер жіліктей айтатын болсақ, ЖҚЗ 
ғарыштық жүйесінсіз мемлекеттік стратегиялық басымдықтар 
болып табылатын ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, энергетика, 
жер 
дің қойнауы мен бетіндегі байлықтарын пайдалану мə 
се-
лелерін толыққанды, заман ағымына сай шешу қиын. Ал қазіргі 
жағдайға келетін болсақ, мемлекетімізде əлі күнге дейін əлемдік 
дəрежеге сай электронды түрдегі ұлттық кеңістіктік деректер 
инфрақұрылымы (ҰКДИ) жасалмаған. ЖҚЗ ғарыштық жүйесі, 
ең алдымен, осы ұлттық ауқымдағы проблемаларды шешуге се-
бепкер болатынына Қазғарыш жəне ҚҒС жетешіліктері сенімді.
ЖҚЗ ғарыштық жүйесі экономикалық жағынан аса тиімді бо-
латыны қазірдің өзінде анық болып отыр. Мысалы, ұлан-ғайыр 
жерімізде үлкенді-кішілі, жиі-жиі болып тұратын табиғи жəне 
адам қолымен пайда болатын апаттардың алдын алып, реттеп 
отыруда ЖҚЗ жүйесіне сенім өте мол. Бүгінгі ғылымның соңғы 
жетістіктері ЖҚЗ жүйесін жер қойнауындағы байлықтарды 
анықтауға пайдалануға болатынын дəлелдеп отыр. ЖҚЗ ғарыштық 
жүйесін пайдалану ауыл шаруашылығына қыруар пайда əкелетіні 


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау