Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Медеу» мұз айдыны туралы мәлімет беру



жүктеу 60,25 Kb.
Дата01.02.2018
өлшемі60,25 Kb.
#8275
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: «Медеу» мұз айдыны.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға «Медеу» мұз

айдыны туралы мәлімет беру.

2. Алған білімдерін жеткізе алу

қабілеттерін қалыптастыру, сөздік

қорын дамыту.

3. Тапсырмаларды ұқыпты

Орындауды талап ету. Тілге деген

қызығушылығын арттыруға

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: баяндау, оқу, сұрақ- жауап.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер,

кесте.
Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу. Түгендеу.

  1. Мақсат қою кезеңі.

Оқушылардың назарын интерактивті тақтадағы медеу мұз айдыны суретіне аудару.

Балалар, тақтада не көрсетілген? Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Медеу» мұз айдыны.

Компьютерге бүгінгі күнді және тақырыпты жазыңыздар.

Сабақта біз Медеу туралы мағлұмат аламыз. Неліктен мұз айдыны- Медеу деп аталғаны туралы білеміз. Жаңа сөздермен танысамыз, септіктер мен тұрлаулы мүшелерді қайталаймыз.



  1. Жаңа білімді меңгерту.

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.

«Медеу» мұз айдыны.

 Биік шың, шырша - таулардың көркі, байлығы,



Ұмытар мұнда келгендер мұң мен қайғыны.

Делебең қозып тұрасың елтіп бұл жерде

Жарқырап жатқан шақырып мұздың айдыны.

Шарпиды жігер денеңді бір от қыздырып,

Айдынға тұрсаң арманның құсын жүздіріп,

Мәңгіге бейне айнымас сертін бергендей

Барады сырғып жазбастан жұбын қыз-жігіт.

Өлеңді талдау, орыс тілінде айтқызу.



  • Медеу тақырыбына дайындалып келген оқушыны тыңдайық.

  • Слайдтармен жұмыс.

1. Медеу — тауда орналасқан әлемдегі ең биік мұз айдыны.

2. Биіктігі 1691,2 м орналасқан Медеу мұз айдынын бүкіл ел біледі.

3. “Медеу” мұз айдыны 1972жылы салынған.

4. Алматы қаласының тұрғындары және қонақтары үшін демалыс күндері кезінде конькиде серуендеп қайту жақсы ермекке айналды.

5. Өткен ғасырдың басында осы аймақта монастырь болатын. Әлі күнге дейін адамдар келіп осы жерде Құдайға сыйынады.

6. Ауа райы әрқашанда керемет. Мохнатка тауында орналасқан баспалдақ арқылы, табиғатының әдемілігін байқауға болады.

7. Мұздың беті 10,5 мың шаршы километрді құрайды.

8. «Азия Дауысы» деп аталатын халықаралық фестиваль осы мұз айдынында бірнеше жыл бойы өткізілетін, осыған орай көптеген мемлекеттің әншілері қатысатын.

9.Медеу плотинасы Алматы қаласынан 25 км қашықтықта, 1733 м биіктікте орналасқан.

10. 842 баспалдақтан тұратын жол, плотинаға апарады. Әруақытта осы баспалдаққа шығу жарыстары өткізіліп отырады.



11. Медеу деп өткен ғасырдағы өз ауылын осы тауға көшіріп әкелген көшпендінің құрметіне атаған.

  • Медеу Пұсұрманұлының портретін көрсетіп, сол т
    уралы мағлұмат беру.

Медеу Пұсұрманұлы өткен ғасырда өмір сүрген. Ол өз заманындағы ірі ағартушы, егін шаруашылығымен айналасу, сол сияқты қазақтарды қоныстандыруға бірінші шақырушы болған.

Сонымен қатар ол Верный қаласына бірінші қайырымдылық қорын ұйымдастырушы, көмек көрсетуші, қаладағы жер сілкінуден соң және су тасқыны мен ашаршылық кезінде қаржы жағынан қаланың құрылуына көп көмек көрсеткен. Сол кездегі кез келген адам жете алмайтын еңбекке Медеу Пұсұрманұлы жетіп, Верный қалалық үкімет алдында бедел, абырой атаққа ие болған.
12. Медеуде коньки спортынан, хоккейден және мәнерлеп сырғанаудан жарыстар өткізіледі.

13. Даңқты спортсмендердің арқасында 120 дүниежүзілік рекордтар орнатылды.




  • 2011жылы Қазақстанда бірінші рет қысқы Азиада ойындары болады. ( Азиада ойындары туралы айтып кету)

Келесі жылдың 30-қаңтары мен 6-ақпаны аралығында біздің елімізде бірінші рет 7-қысқы Азияда ойындары болады. Осыған дейін қысқы Азия ойындары Жапония, Қытай және Оңтүстік Кореяда өткізілді. Олимпиадаға Азияның 30 мемлекетінің спортсмендері қатысайын деп отыр. Азияданың ашылуы Астанада , ал жабылуы Алматы қалаларында болады. Жарыстар спорттың 11 түрінен өтеді.

Шайбалы хоккей ойыны-«Қазақстан» спорт кешенінде, тау шаңғысы жарыстары-«Шымбұлақ» базасында, допты хоккей-«Медеу» мұз айдынында, фристайыл бәсекелері-«Табаған» спорттық сауықтыру кешенінде, әйелдер арасында өтетін хоккей ойындары- «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында өтеді.

Азияданың ашылуы Астана қаласындағы 30 мың көрермені бар жабық футбол стадионында өтеді. Ал жабылуы Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» стадионында өтеді.

  • Оқулықпен жұмыс.

63-беттегі мәтінмен жұмыс жүргізу.

Меңгерілетін сөздер:

Мұз айдыны- ледовый каток


  • Кешен- комплекс

  • Айдын- каток

  • Тынбай- беспрерывно

  • Зулайды- мчатся

  • Көрермен- зритель

  • Көлемі- площадь

  • Теңдесі жоқ - нет равных

  • Шаршы метр- квадратный метр

  • Шаңырақ көтерді- открылся

  • Мәнерлеп сырғанау- фигурное катание

Сөздерді сөздікке жазғызу.

Мәтінді мәнерлеп оқыту, орыс тіліне аударту.



4. Тексеру кезеңі.

Мәтін бойынша сұрақтар құрғызу.(ауызша)



  • Компьютермен жұмыс.

Тапсырмаларды орындату.

1.Көп нүктенің орнына керекті дыбыстарды қойыңыздар. (ы, ұ, ғ, і, е. )


А) Медеу м...з айдыны 1972 жылы салын...ан.

Ә) Даңқты спортсм...ндердің арқасында 120 дүниежүз...лік рекордтар орнат...лды.

2. Сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар.

1-нұсқа – Медеу, 2-нұсқа - айдын

3. Сөйлемді оқып, тұрлаулы мүшелерді табыңыздар.

1).Медеу плотинасы Алматы қаласынан 25 км қашықтықта орналасқан.


2). Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары бұл жерге демалуға барады.

4.Сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыздар. Сөздерді септеңіздер.

842 баспалдақтан тұратын жол, плотинаға апарады. Әруақытта осы баспалдаққа шығу жарыстары өткізіліп отырады.

1-нұсқа- баспалдақ, 2-нұсқа- плотинасы

5.Асты сызылған сөздердің септіктерін анықтаңыздар.

Ауа райы әрқашанда керемет. Мохнатка тауында орналасқан баспалдақ арқылы, табиғатының әдемілігін байқауға болады. Өткен ғасырдың басында осы аймақта монастырь болатын. Әлі күнге дейін адамдар келіп осы жерде Құдайға сыйынады.



5. Бекіту кезеңі.

Сандар нені айтады?
1972 жыл-?

1691,2 м.-?

842-?

12 мың-?

120-ға жуық-?
6.Қорытындылау.

1-оқушы «Медеу» мұз айдыны туралы айтады.

2-оқушы Медеу Пұсырманұлы туралы айтады.

3-оқушы 7-Қысқы Азиада ойындары туралы айтады.

Үйге тапсырма беру:



  • 1-деңгей. «Медеу» мұз айдыны- тақырыбына шағын шығарма жазу.

  • 2-деңгей. Мәтін бойынша диалог құрастыру.

  • 3-деңгей. 63 бет. мәтінді мазмұндау.

жүктеу 60,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау