143
ғылымның осы саласының жетістіктерін
шаруашылық қызметіне
енгізудің экономикалық маңызы үлкен. Қазірдің өзінде халық
шаруашылығының əртүрлі салалары ғарыштық зерттеулердің
арқасында ғылыми жəне техникалық сипаттағы көптеген пайда-
лы ақпараттарға ие болды. Осы заманғы экономикалық өсімнің
басты факторлары микроэлектроника, сандық жəне ақпараттық
жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету, байланыс жəне комму-
никация, жаңа композиттық материалдар жəне т.б. салалардағы
инновациялық технологиялар болып отырғаны баршаға белгілі.
Ал бұл жасалымдардың бастауы
ғарыштық индустрия саласында
тұнып тұр жəне олар заманауи өмірімізге елеулі ықпал етуде.
Заманауи ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуына
жаһандық телефония, Интернет желісіне қол жеткізудің спут-
никтік жүйелері, тікелей сандық теле жəне радиохабар тарату,
шұғыл корпоративтік жəне кеңжолақты байланыс, навигация
жəрдемдесіп отырғаны жасырын емес. Осынау өмірлік қажетті
бағыттардың дамуы ғарыш техникасынсыз мүмкін бе?!
Шындығында, кез келген үкімет қызметіндегі метеороло-
гия,
Жерді қашықтан зондтау, жаңа жоғары сапалы берік ма-
териалдар жасау, экологиялық мониторинг, табиғаттың тосын
құбылыстарының алдын алу сияқты маңызды өмірлік жағдаяттар
ғарыш қызметінсіз тіптен мүмкін емес.
Бүгінде ол Қазғарышты басқара отырып, қазақстандық ғы-
лымды жаңа өрістерге шығаруға жан аямай қызмет етуде. Бұл
орайда Қазғарыш мамандары халықаралық ынтымақтастықты да-
мытуда, берік əріптестік байланыстарды жолға қоюда,
Қазақстанға
қажетті алдыңғы қатарлы техникологиялары бар ғарыштық мем-
лекеттермен жəне трансұлттық корпорациялармен өзара тиімді
ықпалдастыққа зор маңыз беруде. «Қазсат» спутник топтары
жүйесін қалыптастыруда, Жерді қашықтан зондтаудың ғарыштық
жүйесін жасаумен айналысуда. Бүгінде қазақстандық ғарыш
саласының мамандары Ресеймен ынтымақтастықты тереңдетіп,
Украинамен өзара іс-қимылды күшейтуде, Еуропаның жетекші
елдерімен, Үндістанмен, Канадамен, Қытаймен жəне
Жапония-
мен əріптестікке ынта білдіріп отыр.
Тұтастай алғанда, ғарыштық менеджмент дəйекті іс-қи-
145
8. ҒАРЫШТЫҚ ТАБИҒИ-РЕСУРСТЫҚ МОНИТОРИНГ
8.1. Қазақстан территориясын қашықтан зондылау
Жерді қашықтан зондылау (ЖҚЗ) - екі құрылымнан тұратын
Жер бетіндегі өзгерістерді бақылауға бағытталған осы заманғы
жүйе немесе технологиялар жиынтығы.
Оның бірінші сегменті ғарышта белгілі бір орбитада ұшып
жүрген ғарыштық кеме не олардың тобы. Ол кеме Жер суретін
түсіретін аппаратуралармен, бағдарламалармен жəне
кеменің
қызмет етуіне қажет басқа да құралдарымен жабдықталады.
Кеменің жұмысы жерден белгілі бір каналда орналасқан жоғары
жиіліктегі радиотолқындар арқылы басқарылады жəне Жер
беті туралы жинаған ақпараттары басқа бір жоғары жиіліктегі
радиотолқындар арқылы алынып отырады.
ЖҚЗ-ның екінші бөлігі жер сегменті деп аталатын күрделі
жүйе. Жер сегменті өз кезегінде екі орталықтан тұрады: ұшуды
басқару орталығы жəне ғарытық кемеден ақпараттар алу, олар-
ды өңдеу, сақтау жəне тарату орталығы. Бұл екі орталықта да
8.1-сурет. ЖҚЗ ғарыштық жүйесінің құрылымы
10–246
146
істің қыр-сырын терең меңгерген білікті мамандар ғана тиімді
жұмыс істей алады. Мысалы, жеткілікті дəрежеде дайындалмаған
маманның ғарыштағы ақпаратты жоғалтып алуы да əбден мүмкін.
Төмендегі 8.1-суретте Жерді қашықтан зондылаудың құрылымы
көрсетілген.
Жалпы, ғарыштағы ЖҚЗ аппаратынан
келетін ақпаратты
бей-берекет жатқан цифрлар жиынтығы ретінде қарастыруға бо-
лады. Ол мəліметтерді өңдеудің бірнеше сатыларынан өткізіп
барып, пайдаланушыға жеткізу үлкен интеллектуалдық жəне
материалдық ресурстарды талап етеді. Мысалы, түсірілімдердің
саны жылдам көбейіп кетеді де, тек бір ғана аппараттан алына-
тын суреттер мыңдап, тіптен миллиондап саналады. Оларды əр
түрлі дəрежеде өңдеу жəне сақтау арнайы аппараттарды, арнаулы
кəсіптік бағдарламаларды жəне білікті кəсіпқой мамандарды та-
лап етеді.
Ал енді сол суреттерді
соңғы пайдаланушыға жеткізу
негізінен ғаламтор арқылы жүргізілетінін айтсақ, бұл істің де
оңайға соқпайтындығын түсінуге болады. Қазіргі кезде ғарышта
жүзге тарта ЖҚЗ-мен айналысатын кемелер жұмыс істеуде.
Əрине олардың ешқайсысы бірін-бірі дəлме-дəл қайталамайды,
əрқайсысының өзіндік конструкциялық ерекшеліктері жəне
жеке мақсаттары мен міндеттері, бағдарламаланған қызметтері
бар. Сондықтан олардан алынатын суреттер де өзіндік ерек-
шеліктерімен сипатталады.
Жерді қашықтан түсіретін аппаратуралардың қолдану түрі не
қарай: электронды-оптикалық (фотографиялық, телевизиялық,
ска нерлік, лазерлік, радиолокациялық) жəне радарлық түсірімдер
деп ажыратылады (8.2-сурет).
Жер бетіндегі кез келген құбылыс
белгілі бір оптикалық
спектр сипаттамасының өзгеруі аясында жүретіні белгілі. Мы-
салы, егістіктегі өсіп келе жатқан өсімдіктер пісіп-жетілгенше
талай спектрлік өзгерістерге душар болады. Оптиканың осын-
дай заңдылығына сүйене отырып, арнайы дайындалған маман
миллиондаған шаршы километрді алып жатқан егістіктердің
қасиеттеріне, жұмыс орнында отырып-ақ талдау жасап, ондағы
өзгерістерге баға бере алады. Жалғыз талап – қашықтан суретке
түсірген кезде атмосфера, яғни ауа қабаты үнемі
мөлдір болып
тұруы керек.