147
Электромагниттік сəулелену қабылдауына қарай қашықтан
зондылаудан алынатын суреттер өз кезегінде үш топқа бөліне-
ді: ультракүлгінді – көрінетін, жақында, орташа жəне алыс ин-
фрақызыл диапазонында; микротолқынды радиотолқын диа-
пазондында сияқты түрлері бар. Егер бір уақытта бірнеше
диапазонды пайдаланатын болса (20 жəне одан артық), ондай
түрін гиперспектрлі дейді.
Бірінші топқа тек ақ пен қарадан тұратын түсірілімдер жата-
ды да, оларды панхромдық түсірілімдер деп атайды. Панхромдық
түсірілімдердің жер бетіндегі өзгерістерді байқау қабілеті жоғары.
Екінші топқа үштен жетіге дейін оптикалық каналдары бар
мультиспектрлі түсірілімдер жатады. Бұл түсірілімдер Жер
бетіндегі үдерістерді талдауға арналған аса құнды ғарыштық
материалдар болып саналады. Мультиспектрлі түсірілімдердің
Жердегі нысандарды байқау жітілігі панхромнан төмен келеді.
Ал үшінші топқа жататын гиперспектрді түсірілімдерде 220
каналға дейін болады. Мұндай ғарыштық суреттердің жердегі
өзгерістерді талдау мүмкіндіктері аса зор (8.3-сурет).
8.2-сурет. Жерді қашықтан зондылау
148
Айтылған құндылықтарына қарамай, электронды-оптикалы
аппараттармен жабдықталған ғарыштық кемелер тек Жерден
қайтатын сəулелерді тіркейтін болғандықтан, оларды пассивті
немесе енжар ЖҚЗ аппараттар тобына жатқызады. Мысалы,
электронды-оптикалы түсірілімдер атмосфераны бұлт қап
тап
тұрған жағдайда Жер бетін бақылауға жарамсыз болып қалады.
Радарлық ғарыштық аппараттар өз борттарынан Жерге ра
дио-
толқындар жіберіп, олардың қайтқандарын тіркеп, ауа райы қа-
лай өзгерсе де, күндіз де, түнде де Жер беті туралы объективті
деректер беріп отырады. Сондықтан оларды белсенді ғарыштық
аппараттар қатарына жатқызады. Радарлық ғарыштық аппараттар
электронды-оптикалы ғарыштық аппараттарға қарағанда ұтым ды
болғанымен, олардың түсірілімдерінің бағасы əлдеқайда қымбат.
Қазақстанның ЖҚЗ ғарыштық жүйесін жасау 2006 жыл-
дан басталған жұмыс. Ол екі ғарыштық аппараттар тобынан
тұрады деп жоспарланған. Олардың бірі жоғары (1 м), екіншісі
орта жітіліктегі (6,5 м) электронды-оптикалық аппараттар. Олар
орбитаға 2013-2014 жылдар аралығы шығарылады, ал ЖҚЗ
жерүсті сегментінің жоспары арнаулы сараптамадан өтті жəне
оның құрылысы да басталды.
Енді осы ЖҚЗ аппараттарынан алынатын түсірілімдерден
қандай пайда бар деген мəселеге тоқтамыз.
8.3-сурет. Жер бедерінің ғарыштық түрлі-түсті түсірілімі
149
8.2. Қашықтан зондтау деректерін табиғи-ресурстық
мониторингте пайдалану
Табиғи-ресурстық мониторинг – табиғи ресурстардың (атмос-
фералық ауа, су, топырақ, кен байлықтар, ау райы, өсімдіктер мен
жануарлар əлемі,т.б.) жағдайларын антропогендік факторлардың
əсерінен өзгеруін бақылау, бағалау жəне болжау жүйелері.
Республикамыздағы мониторингтік жұмыстар «Қазақстан Ре-
спубликасы ғарыштық мониторингінiң ұлттық жүйесi» (МҰЖ)
ғылыми-техникалық бағдарламасына сəйкес жүргізіледі.
1997-2009 жылдар аралығында бағдарлама бойынша мынадай
жұмыстар атқарылды:
- Қазақстан аумағында жүйелi ғарыштық түсiрулер жүргізу,
мұрағаттау жəне нəтижелерін өңдеудің ғылыми-техникалық
инфрақұрылым құрылды;
- жердi қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) деректерiн пайдалана
отырып, республикадағы салалар мен өңiрлердi бақылау жəне
тұрақты дамыту мəселелерін шешу үшін жедел қолданылатын
жаңа геоақпараттық технологиялар енгiзілді.
- Астана қаласында мүмкiндiгi жоғары ЖҚЗ деректерiн қа-
былдауға жəне өңдеуге бағытталған арыштық мониторинг ор-
талығы құрылды;
- Қазақстан аумағының цифрлық бейнелерiнiң ұлттық қоры
құрылды;
- Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар, ауыл шар-
уа
шылығы алқаптары, минералдық ресурстар жəне қоршаған
ор таны қорғауды ғарыштық мониторингтің аса басым бағытта-
рын шешу үшiн математикалық модельдерi, алгоритмдерi жəне
геоақпараттық технологиялары əзiрленіп, енгiзілуде;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару орган-
дарының, мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың сұра-
ныстарына сəйкес ғарыштық мониторинг нəтижелерiн таратуды
қамтамасыз ететiн корпоративтi ақпараттық желi құрылып, іске
қосылды;
- ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алқаптарын кар-
талау жəне бағалау; егiстердiң жай-күйiн бақылау; аурулар мен
зиянкестердiң таралу ошақтары мен аудандарын анықтау; негізгі
150
агротехникалық жұмыстарды жүргізу мерзiмi мен сапасын
бақылау; жыртылатын жерлердiң өнiмдiлiгiн кешендiк бағалау
жұмыстары жүзеге асуда;
- төтенше жағдайлар ғарыштық мониторингiнiң жүйесi тө-
тенше жағдайларды ерте табу технологиясын əзiрлеу мен құру,
апаттық аймақтардың картасын жасауды жүзеге асырды.
Қашықтықтан зондтау деректерiн қабылдау, мұрағаттау жə-
не тақырыптық өңдеу бойынша үлкен тəжiрибе жинақталған.
ҚР ҒЗИ-де «Қазақстанның аграрлық ресурстары», «Семей ядро-
лық полигоны», «Алматы», «Арал», «Каспий» геоақпараттық
жүйелерi (ГАЖ) əзiрленген. «Қашықтықтан зондтау жəне ға-
рыштық технологиялардың теориялық негіздерi» (1997-1999
жылдар), «Қашықтықтан зондтау деректерiн жəне ғарышта син-
тезделген материалдар қасиетiн талдау əдiстерiн əзiрлеу», «Жердi
қашықтықтан зондтау деректерiн сəулеленудi ауыстыру теория-
сы негізiнде атмосфералық түзетудiң математикалық үлгілерiн
əзiрлеу» (2000-2002 жылдар) iргелi зерттеулер бағдарламалары
шегінде ғылыми жобалар орындалды.
Осылайша, Қазақстанда ғарыштық мониторингтің ұлттық
жү йесiн дамытуға, əртүрлi мүмкiндiктегі қашықтықтан зондтау
деректерiн пайдалана отырып, аумақтар мен өңiрлердiң ғылымды
қажетсiнетiн технологияларды басқаруды тəжiрибеге енгiзу үшiн
ғылыми жəне материалдық-техникалық негiз құрылды.
Алғашқы табиғи-ресурстарды мониторингтеу жұмыстары
Қазақстанда 1997 жылы AMPS (Airborne Multisensor Pod System
жүйесі) жобасы бойынша өкіметаралық жəне Ғылым министрлігі
арасындағы келісімімен, Қазақстан ғылымдар Академиясы жəне
АҚШ-тың энергетика Департаментінің əртүрлі американдық
зертханалары мен компаниялар көмегімен жүргізіле баста-
ды. Мониторинг жүргізетін арнайы полигон ретінде Іле Ала-
тауы аралығындағы арық – Шілік-Шарын өзендерінің арасы
алынды. Полигонның географиялық координаталары N 42
о
30
′
-
40
о
30
′
, E 78
о
00
′
-81
о
00
′
. Аумақ үлкен əртүрлі экологиялық кон-
трасты тегіс жəне таулы үлгідегі экожүйелермен (шөл, жазық,
шабындық, орман) жəне өсімдіктерінің алуан түрлерімен сипат-
талады. Қашықтан зондтау полигонының, яғни ұшу профилдік
сызығының ұзындығы 20 км, ені 10 км тұрды.
Достарыңызбен бөлісу: |